Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Созақ ауданы Құмкент ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 10 тамыздағы № 11 шешімі

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35 бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Созақ ауданының Құмкент ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Созақ ауданы, Құмкент ауылдық округі, Қызылкөл елді мекеніне газ құбыры желісін салу үшін жалпы көлемі 0,816 гектар жер учаскелеріне жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан уақытша өтеусіз 5 (бес) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Құмкент ауылдық округі әкімі Е.Балықбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады