Көше атауларын беру туралы

Жаңа

Түркістан облысы Түлкібас ауданы Келтемашат ауылдық округі әкiмiнiң 2026 жылғы 17 қыркүйектегі № 124 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Түркістан облыстық ономастика комиссиясының 2026 жылғы 07 тамыздағы қорытындысы негізінде, ШЕШІМ ЕТЕМІН:

      1. Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Келтемашат ауылдық округі, Кершетас ауылындағы атауы жоқ көшеге "Исабай Жолдасұлы" көшесі және Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Келтемашат ауылдық округі, Жиынбай ауылындағы атауы жоқ көшеге "Мұқалбек Медетбеков" көшесі деп атау берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзырыма қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Келтемашат ауылдық округ әкімі М. Бердалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады