Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Шардара аудандық әкімдігінің 2026 жылғы 29 шілдедегі № 298 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағы 10) тармақшасына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "КаР-Тел" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Шардара ауданы, Алатау батыр ауылдық округі аумағындағы ауданның арнайы жер қорынан талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу үшін жалпы алаңы - 0,0314 гектар жер учаскесін жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан жер учаскелеріне уақытша өтеусіз қысқа мерзімге 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "КаР-Тел" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу жұмыстары аяқталғаннан кейін бұзылған жерді қалпына келтіру жұмыстарын бір ай мерзімінен кешіктірілмей жүргізуге және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптарды сақтай отырып жүргізу қамтамасыз етілсін.

      3. Түркістан облысы Шардара аудандық жер қатынастары бөлімі мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама жіне құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау енгізу үшін жіберілуін қамтамасыз етілсін.

      4. Осы қаулының қабылдануына байланысты, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізу Шардара аудандық жер қатынастары бөліміне (М.Исаевқа) жүктелсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Бердешовке жүктелсін.

      6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А.Карсыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады