Шардара ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 14 қазандағы №256 "Мемлекеттік мекемелердің ережелерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Түркістан облысы Шардара ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 27 тамыздағы № 314 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес, Шардара ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шардара ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 14 қазандағы №256 "Мемлекеттік мекемелердің ережелерін бекіту туралы" қаулысымен бекітілген 20-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сай жаңа редакцияда бекітілсін.

      2. Шардара ауданы әкімдігінің "Шардара аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Махашев мемлекеттік мекеменің Ережесін қолданыстағы заңға сәйкес Әділет органдарында тіркеуден өткізсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Каратуновқа жүктелсін.

      Аудан әкімі А.Карсыбаев

  Шардара ауданы әкімдігінің
  2026 жылғы 27 тамыздағы
  № 314 қаулысына қосымша

Шардара ауданы әкімдігінің "Шардара аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Шардара ауданы әкімдігінің "Шардара аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) мемлекеттік басқаруды заңнамада көзделген шекте құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқару мен бақылау функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті, Қазақстан Республикасының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.

      2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.

      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Бөлімге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Шардара аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Шардара аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Tүркістан облысы, Шардара ауданы, 161400, Шардара қаласы, С.Әшіров көшесі, 38.

      10. Осы ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

      12. Бөлім кәсіпкерлік субъектілерімен өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер бөлім заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      Шардара ауданында құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      өзінің қызметін орындау үшін қажетті ақпараттарды мемлекеттік органдардан және лауазым иелерінен, басқа ұйымдар мен азаматтардан белгіленген тәртіппен сұратып алады, бөлім құзырына қатысты мәселелерді әзірлеуге қатысуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу қатысуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмысшы топтарын құрады;

      белгілі құзіреті шегінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарға тапсырмалар береді;

      өз құзіреті шегінде бұйрықтар шығарады;

      бюджет заңдылықтары негізінде бюджет қаражаттарын қайтарады және қаржыландыруды тоқтатады;

      өз құзырына жататын мәселелер бойынша әкім шешімінің, өкімінің, аудан әкімдігінің қаулысының, сонымен қатар, мәслихаттың шешімдерінің жобаларын дайындайды;

      осы ережемен және заңдылықтармен, облыстың және аудандық жергілікті атқарушы органдармен бекітілген өзге де уәкілеттіктерді жүзеге асырады.

      2) міндеттері:

      Шардара ауданында құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

      15. функциялары:

      аудан аумағында жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;

      аудандық маңызы бар тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтауды және олардың күтіп ұсталуына (қолданылуына, пайдалануына) бақылау жүргізуді ұйымдастыру;

      елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын бекіту және іске асыру;

      өзінің өкілеттілігі аясындағы мәселелерді талқылап және шешімдер қабылдай отырып, олардың орындалуы тиісті орындардан және жауапты тұлғалардан талап ету;

      белгіленген тәртіппен қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті ақпарат және материалдар алу;

      ауданның елді мекендеріндегі құрылыс салу, аудандық жобаға және жоспарға сәйкес атқарылуына бақылау жасау;

      мемлекеттік тауарларды сатып алу мен қызмет көрсету жұмыстары бойынша конкурс ұйымдастыру және тапсырыс берушілердің потенциалды жеткізушілер арасындағы тендерлік шарттардың сақталу жұмыстарын үйлестіру;

      қоғамдық және өндірістік жайлар мен тұрғын-үй құрылысы және оны көріктендіру сапасына бақылау жасау;

      ауданның елді мекендеріндегі құрылыс салу аудандық жобада және жоспарында көрсетілгендей атқарылуына бақылау жасау;

      заңдарда белгіленген тәртіппен бекітілген аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын), ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;

      құрылыс индустриясы заман талабына сай келмейтін жағдайда, жобаға түзетулер енгізілуін қамтамасыз ету;

      жаңа құрылыс жайларын, бұрыннан бар обьектілерді кеңейту және қайта өңдеу, инженерлік құрылыс жүйелерін таңдау мен анықтайтын комиссия жұмысына қатысу;

      ауданның елді мекендерінде көріктендіру және құрылыс салу ережелерінің сақталуына тексеру жүргізу;

      аудандық маңызы бар құрылыс, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған обьектілер құрылысын тоқтатып қою, обьектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;

      пайдалануға берілетін обьектілерді (кешендерді) заңдарда белгіленген тәртіппен қабылдау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      салынып жатқан (салынуы белгіленген) обьектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізу;

      ауданның елді мекендерінде құрылыс салу ережелерінің сақталуына тексеру жүргізу;

      пайдалануға беріліетін объектілерді (кешендерді) заңдарда белгіленген тәртіппен қабылдау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;

      ведомствалық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру және заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдау;

      қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) туралы шешімдер қабылдау;

      Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

3. Бөлімнің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Бөлімнің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Мемлекеттік органның бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;

      2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;

      3) сенімхаттар береді;

      4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;

      5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;

      6) мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;

      7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызметі туралы" Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;

      9) рұқсат алмай не заңсыз тұрғызылатын (тұрғызылған) құрылыс объектілерін сүру туралы, сол сияқты елді мекеннің (елді мекеннің құрамдас бөліктерінің) сәулеттік келбетін бекітілген талаптарға сәйкес келтіру, тарихи-мәдени мұра объектілерін және (немесе) ландшафтарды сақтау туралы сотқа талап қоюларға бастамашылық ету жүктеледі.

      10) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;

      11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады;

      12) Бөлімде бірінші басшы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4. Мемлекеттік органдағы жұмыс тәртібі

      21. Мемлекеттік органның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

5. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

      Шардара ауданы әкімдігінің "Шардара аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі және Шардара ауданы әкімдігінің "Шардара аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, Шардара ауданы әкімдігінің "Шардара аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып қосылуына байланысты барлық мүліктік құқықтары мен міндеттерінің құқықтық мирасқоры болып табылады.

6. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Бөлім қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

О внесении изменения в постановление акимата Шардараинского района от14 октября 2024 года №256 "Об утверждении положений государственных учреждений"

Постановление акимата Шардараинского района Туркестанской области от 27 августа 2026 года №314

      В соответствии со статьей 37 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" акимат Шардаринского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить приложение 20, утвержденное постановлением акимата Шардаринского района от 14 октября 2024 года №256 "Об утверждении положений государственных учреждений" в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Руководителю государственного учреждения "Отдел строительства, архитектуры и градостроительства Шардаринского района" акимата Шардаринского района А.Махашеву обеспечить регистрацию Положения государственного учреждения в органах юстиции в соответствии с действующим законодательством.

      3. Контроль за выполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Е.Каратунова.

      Аким района А.Карсыбаев

  Приложение к постановлению
  акимата Шардаринского района
  от 27 августа 2026 года № 314

ПОЛОЖЕНИЕ о государственном учреждении "Отдел строительства, архитектуры и градостроительства Шардаринского района" акимата Шардаринского района

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел строительства, архитектуры и градостроительства Шардаринского района" акимата Шардаринского района (далее – Отдел) является исполнительным органом, финансируемым из местного бюджета Республики Казахстан, уполномоченным на осуществление государственной политики и государственных управленческих и контрольных функций в сфере строительства, архитектуры и градостроительства в пределах, предусмотренных законодательством.

      2. Отдел не имеет ведомств.

      3. Отдел осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Отдел является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати с символикой и знаками различия (при наличии), государственный герб Республики Казахстан и штампы с наименованием на казахском и русском языках, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.

      5. Отдел создает гражданско-правовые отношения от своего имени.

      6. Отдел вправе выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства при условии его уполномоченного в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Отдел по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Отдел строительства, архитектуры и градостроительства Шардаринского района" и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Отдел строительства, архитектуры и градостроительства Шардаринского района" утверждаются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.утверждаются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      9. Местонахождение юридического лица: Республика Казахстан, Туркестанская область, Шардиринский район, 161400, город Шардара, улица С.Аширова, 38.

      10. Настоящее положение является учредительным документом отдела.

      11. Финансирование деятельности отдела осуществляется из республиканского и местных бюджетов, бюджета (сметы расходов) Национального Банка Республики Казахстан в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      12. Отдел запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями.

      Если отделу законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доход деятельность, то полученный доход направляется в государственный бюджет, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

2. Задачи и полномочия государственного органа

      13. Задачи:

      - Осуществление государственной политики в области строительства, архитектуры и градостроительства Шардаринского района.

      14. Полномочия:

      1) права:

      запрашивать и получать соответствующую информацию от государственных органов и других организаций для выполнения функций, возложенных на отдел;

      дает указания организациям, финансируемым из местного бюджета, в пределах определенных компетенций;

      издает приказы в пределах своей компетенции;

      возвращает бюджетные средства на основании бюджетного законодательства и прекращает финансирование;

      готовит проекты решений, распоряжений акима, постановлений акимата района, а также решений маслихата по вопросам, относящимся к его компетенции;

      осуществляет иные полномочия, утвержденные настоящими правилами и законодательством, местными исполнительными органами области и области.

      2) обязанности:

      Реализация государственной политики в сфере строительства, архитектуры и градостроительства в Шардаринском районе.

      15. функции:

      информирование населения о планируемом строительстве или других изменениях в градостроительстве на территории района;

      организация хранения жилья районного значения, коммуникаций, памятников истории и культуры и контроль за их содержанием (эксплуатацией, использованием):

      согласование и реализация градостроительных проектов, разработанных для разработки утвержденных генеральных планов (схем территориального развития) населенных пунктов

      требовать от соответствующих мест и ответственных лиц за их выполнение, обсуждение и принятие решений в пределах своих полномочий

      получение информации и материалов, необходимых для выполнения служебных обязанностей в установленном порядке

      строительство в населенных пунктах района, контроль за его выполнением в соответствии с проектом и планом района

      организация тендеров на закупку общественных товаров и услуг и согласование соблюдения условий тендера между потенциальными поставщиками заказчиков

      контроль качества строительства и благоустройства общественных и производственных помещений и жилья

      контроль за осуществлением строительства в населенных пунктах района, предусмотренных районным проектом и планом;

      согласование мероприятий по реализации комплексной схемы градостроительства территории (проект районной планировки), генеральных планов сельских территорий, утвержденных в установленном законодательством порядке;

      обеспечение внесения изменений в проект в случае несоответствия строительной отрасли современным требованиям;

      участие в работе комиссии по выбору и определению площадок для нового строительства, расширения и ремонта существующих объектов, инженерных систем строительства;

      проверка соблюдения правил благоустройства и строительства в населенных пунктах района;

      принятие решения о строительстве районного значения, инженерной подготовке территории, благоустройстве и озеленении, приостановлении строительства недостроенных объектов, проведении комплекса работ по дальнейшей утилизации объектов;

      организация работ по приемке и регистрации сданных в эксплуатацию объектов (комплексов) в порядке, установленном законодательством;

      мониторинг объектов (строящихся комплексов) в порядке, установленном Правительством Республики Казахстан;

      проверка соблюдения правил строительства в населенных пунктах района;

      организация работ по приемке и регистрации сданных в эксплуатацию объектов (комплексов) в порядке, установленном законодательством;

      организация разработки и представление на утверждение районного маслихата схем градостроительного развития территории района, а также проектов генеральных планов городов районного значения, поселков и иных сельских населенных пунктов;

      принятие решений о выборе, выделении и изъятии земельных участков для строительства или иной городской застройки на подведомственной территории для общественного пользования в случаях, предусмотренных законом.

      принятие решения о реконструкции (перепланировке, переоборудовании, перепрофилировании) существующих зданий;

      Осуществляет иные полномочия, установленные законодательством Республики Казахстан.

3. Статус, полномочия первого руководителя отдела

      16. Руководство отделом осуществляет первый руководитель, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных задач и осуществление им своих полномочий.

      17. Первый руководитель отдела назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      18. Первый руководитель отдела имеет заместителей, которые назначаются на должности и освобождаются от должностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      19. Полномочия первого руководителя Государственного органа:

      1) утверждает планы работы государственного учреждения;

      2) действует от имени Государственного учреждения;

      3) выдает доверенности;

      4) в установленном законодательством порядке поощряет и налагает дисциплинарные взыскания на работников государственного учреждения;

      5) в пределах своей компетенции издает приказы, подписывает служебные документы;

      6) утверждает внутреннюю трудовую дисциплину государственного учреждения;

      7) осуществляет контроль за соблюдением в государственном учреждении Закона Республики Казахстан "О государственной службе";

      8) осуществляет личный прием граждан;

      9) инициирование исков в суд о сносе самовольно либо незаконно возводимых (возведенных) строительных объектов, равно как о приведении архитектурного облика населенного пункта (составных частей населенного пункта) в соответствие с утвержденными требованиями, сохранении объектов историко-культурного наследия и (или) ландшафтов.

      10) осуществляет полномочия, предусмотренные законодательными актами Республики Казахстан;

      11) несет персональную ответственность за исполнение антикоррупционного законодательства;

      12) Полномочия первого руководителя в период его отсутствия в отделе осуществляет лицо, его замещающее в соответствии с действующим законодательством.

      20. Первый руководитель определяет полномочия своих заместителей в соответствии с действующим законодательством.

4. Порядок работы в государственном органе

      21. Режим работы государственного органа устанавливается правилами внутреннего трудового распорядка и не должен противоречить нормам трудового законодательства Республики Казахстан

5. Имущество государственного органа

      22. Отдел может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество отдела формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      23. Имущество, закрепленное за отделом, относится к коммунальной собственности.

      24. Отдел не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

      Является правопреемником всех имущественных прав и обязанностей акимата Шардаринского района в связи с его присоединением к государственному учреждению "Отдел строительства Шардаринского района" и государственному учреждению "Отдел архитектуры и градостроительства Шардаринского района" акимата Шардаринского района, государственному учреждению "Отдел строительства, архитектуры и градостроительства Шардаринского района"

6. Реорганизация и упразднение государственного органа

      25. Реорганизация и упразднение государственного органа осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.