"Шығыс Қазақстан облысының облыс орталығында, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларында, облыс кенттері мен ауылдық елді мекендерінде жеке меншікке берілетін жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы" бірлескен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 18 мамырдағы № 104 қаулысы және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 31 мамырдағы № 3/30-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы 20 тамыздағы № 207 бірлескен қаулысы және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2026 жылғы 27 тамыздағы № 30/264-VIII шешімі

      Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 18 мамырдағы № 104 қаулысы және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 31 мамырдағы № 3/30-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Шығыс Қазақстан облысының облыс орталығында, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларында, облыс кенттері мен ауылдық елді мекендерінде жеке меншікке берілетін жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы" бірлескен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 18 мамырдағы № 104 қаулысы және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 31 мамырдағы № 3/30-VIII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 8863-16 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімге 1-қосымшада орыс тіліндегі мәтінде "тенге" деген сөз "теңге" деген сөзбен ауыстырылсын, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      2. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысының әкімі Н. Сақтағанов
      Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Д. Рыпаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады