"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 68 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесінде 15-тармақ мынадай тармақшалармен толықтырылсын:
31) жетекшілік ететін салада цифрлық технологияларды дамыту;
32) мемлекеттік орган қызметкерлерінің цифрлық сауаттылығы мен ақпараттық қауіпсіздігін арттыру үшін жағдай жасау;
33) жетекшілік ететін салаға инвестициялар тарту үшін жағдай қалыптастыру.
2. Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шығыс Қазақстан облысы әкімінің көлік және автомобиль жолдары мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
| Шығыс Қазақстан облысының әкімі | Н. Сақтағанов |