Шығыс Қазақстан облысының жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2026 жылғы 29 қыркүйектегі № 31/275-VIII шешімі

      Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 628-бабына, Қазақстан Республикасының Су кодексінің 26-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шығыс Қазақстан облысының жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Д. Рыпаков

  Шығыс Қазақстан
облыстық мәслихатының
2026 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 31/275-VIII шешіміне
қосымша

Шығыс Қазақстан облысының жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері

№

Арнаулы су пайдалану түрі

Өлшем бірлігі

Төлемақы мөлшерлемелері, теңге

1

2

3

4

Ертіс өзені бассейні

1

Тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер

теңге/ 1000 есептегенде текше метр

294,965

2

Жылу энергетикасын қоса алғанда, өнеркәсіп

теңге/ 1000 есептегенде текше метр

844,456

3

Ауыл шаруашылығы

теңге/ 1000 есептегенде текше метр

237,875

4

Су көздерінен алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

теңге/ 1000 есептегенде текше метр

27,356

5

Гидроэнергетика

теңге /1000 квт.сағат

88,014

6

Су көлігі

теңге/ 1000 текше шақырым

33,302


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады