"Біріктірілген ЭнергоСервистік Компаниясы" акционерлік қоғамына жер учаскелеріне шектеулі пайдалану құқығын (көпшілік сервитут) белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімінің 2026 жылғы 14 қыркүйектегі № 1 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасын, 69-бабының 3, 4-тармақтарын, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасын басшылыққа ала отырып:

      1. "Біріктірілген ЭнергоСервистік Компаниясы" акционерлік қоғамына жер учаскелеріне 1 жыл мерзімге шектеулі пайдалану құқығы (көпшілік сервитут) белгіленсін:

      1) Глубокое кентіндегі КТП-21-ден бұрыннан бар 0,4 кВ ӘЖ-ні пайдалану және реконструкциялау үшін ұзындығы 3,0 км, ауданы 1,2 га;

      2) Глубокое кентіндегі ТП-20-дан бұрыннан бар 0,4 кВ ӘЖ-ні пайдалану және реконструкциялау үшін ұзындығы 3,219 км, ауданы 1,2876 га.

      2. "Біріктірілген ЭнергоСервистік Компаниясы" акционерлік қоғамына жұмыстар аяқталғаннан кейін жер учаскелерін оларды одан әрі нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру ұсынылсын.

      3. Жер қазу жұмыстарын жүргізу жоспарланған жер учаскелеріне тиісті құқық белгілейтін құжаттары бар жер пайдаланушылармен, жер иеленушілермен, жер учаскелерінің меншік иелерімен және жалға алушылармен жер қазу және абаттандыру жұмыстарын жүргізу келісілсін (қажет болған жағдайда). Жер қазу жұмыстарын жүргізу жоспарланған жер учаскелеріне меншік, иелік ету, пайдалану, билік ету құқығы бар тұлғалар тобын анықтау бойынша жауапкершілік жер қазу жұмыстарын жүзеге асыруға рұқсат алатын тұлғаға жүктеледі.

      4. Осы шешім қол қойылған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Р. Асанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады