Ұлан аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 ақпандағы № 129 "Ұлан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын және мөлшерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы мәслихатының 2026 жылғы 10 қыркүйектегі № 333 шешімі

      Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ұлан аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 ақпандағы № 129 "Ұлан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын және мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26958 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1 қосымшасында:

      5 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігінде 2024 жылы 31 мамырда № 344 болып тіркелген Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, кәсіподақтардың (қызметкерлердің) облыстық және жұмыс берушілер бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) арасындағы 2024 - 2026 жылдарға арналған облыстық келісімнің 3.32 тармағына сәйкес мөлшерінде көрсетіледі.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат төрағасы Г. Калиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады