"Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданындағы Самар, Мариногорка, Палатцы және Аққала елді мекендерінің аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" Самар ауданы әкімінің 2026 жылғы 2 қыркүйектегі № 2 шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының әкімінің 2026 жылғы 3 қыркүйектегі № 3 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 8-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес, Самар ауданының төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның 2026 жылғы 3 қыркүйектегі № 4 кезектен тыс отырысының хаттамасы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. "Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданындағы Самар, Мариногорка, Палатцы және Аққала елді мекендерінің аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы әкімінің 2026 жылғы 2 қыркүйектегі № 2 шешімінің күші жойылсын.

      2. Шығыс Қазақстан облысының "Самар ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Самар ауданы әкімінің орынбасары М.Н. Байжуменовқа жүктелсін.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Жеңісов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады