БҰЙЫРАМЫН:
1. "Прокуратура органдары жүзеге асыратын міндеттерді атқару үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 69 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Прокуратура органдары жүзеге асыратын міндеттерді атқару үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесінде:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы және тіркелген жері (тіркелген жері мен тұрғылықты жерінің бұрынғы мекенжайы), тұрғылықты жері бойынша (бұрын тұрған жері бойынша) немесе мекендеген жері бойынша тіркелген күні;";
88) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"88) жеке тұлғаның жеке басын көзбен көру үшін бейнесурет туралы мәліметтер (портреттік деректер);".
2. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне электрондық түрде ресми жариялауға қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алу мүдделі субъектілеріне, Комитеттің аумақтық және оларға теңестірілген органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
| Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры | Б. Асылов |