Орал қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2026 жылғы 31 тамыздағы № 30-2 шешімі.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.10.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Орал қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Орал қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Орал қалалық мәслихатының төрағасы Е. Калиев

  Орал қалалық мәслихатының
2026 жылғы 31 тамыздағы
№ 30-2 шешіміне қосымша

Орал қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Есептік бірлік

Теңге (Қосылған құн салығысыз)

Жайлы үйлер

1 тұрғын айына

659,51

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын айына

672,49

Заңды тұлғалар үшін

1 м3

3 115,80

      Ескертпе. Осы қосымшаның 1 немесе 2-жолында көрсетілген тариф бойынша есептелген соманың 50% мөлшерінде әлеуметтік жеңілдік көзделген: а) атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын отбасыларға; б) қызмет көрсету шарты (дербес шот) бірінші топтағы мүгедектігі бар тұлғаның атына рәсімделген отбасыларға.

      Әлеуметтік жеңілдік бір дербес шот бойынша осы дербес шотта есепке алынған азаматтарға есептелген барлық сомаға тұтынушы растайтын құжаттарды қоса бере отырып өтініш жасаған күннен бастап қолданылады.

      Жеңілдік алу негіздері сәйкес келген жағдайда, жеңілдік бір рет қана қолданылады; АӘК алушылар үшін — атаулы әлеуметтік көмек алу кезеңінде.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады