Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Н. Боранкуловтың 2026 жылғы 19 мамырдағы өтініші, № 2 жер комиссиясының қорытындысы, сондай-ақ бекітілген жерге орналастыру жобасы (2026 жылғы 22 шілдедегі № KZ60VBG01803450 бұйрық) негізінде, Орал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Нұржан Максотович Боранкуловқа елді мекендердің жерлерінде кәріз құбырлары желісін жүргізу үшін Б. Момышұлы көшесі, 4-үй мекенжайында орналасқан, жалпы көлемі 0,0309 га бөлінбейтін жер учаскесіне 3 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (сервитут) құқығын бере отырып, қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Н. Боранкулов:
1) жер учаскесіне жер пайдалану құқығын куәландыратын құжатты ресімдесін;
2) Орал қаласы бойынша мемлекеттік кірістер органдарында салық төлеуші ретінде есепке тұрсын және салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін қамтамасыз етсін;
3) Батыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру және күтіп-ұстау, сондай-ақ жасыл екпелердің сақталуын қамтамасыз ету қағидалары талаптарының сақталуын қамтамасыз етсін.
3. Он жұмыс күні ішінде жер учаскесінің уақытша өтеулі жер пайдалану шартын жасасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Орал қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімі | М. Байменов |