Сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 28 шілдедегі № 2773 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Н.Боранкуловтың 2026 жылғы 19 мамырдағы өтініші, № 2 жер комиссиясының оң қорытындысы, сондай-ақ бекітілген жерге орналастыру жобасы (2026 жылғы 22 шілдедегі № KZ88VBG01803431 бұйрық) негізінде, Орал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Нұржан Максотович Боранкуловқа елді мекендердің жерлері санатындағы су құбыры желісін өткізу үшін 3 жыл мерзімге Б. Момышұлы көшесі, 4-үй мекенжайындағы көлемі 0,0051 га бөлінбейтін жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану (сервитут) құқығы берілсін.

      2. Н.Боранкулов:

      1) жер учаскесіне жер пайдалану құқығына сәйкестендіру құжатын ресімдеуден өткізсін;

      2) Орал қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеуші ретінде есепке алынсын және қаражаттың бюджетке түсуін қамтамасыз етсін;

      3) Батыс Қазақстан облысының қалалар мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру және жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларының сақталуын қамтамасыз етсін.

      3. Он жұмыс күні ішінде жер учаскесінің уақытша өтеулі жер пайдалану шартын жасасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Орал қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі М. Сатқанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады