Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 69-бабына сәйкес Жәнібек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты оптикалық байланыс желісін жүргізу үшін Жәнібек ауданынан (Жәнібек аулы – 0,3415 га, босалқы жерлер – 0,6618 га) орналасқан алаңы 1,0033 гектар жер учаскесіне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан 2029 жылы 26 тамызға дейінгі мерзімге жария сервитут белгіленсін.
2. "Жәнібек ауданық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны ресми жариялауға жіберуді;
2) Жәнібек ауданы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Т. Шиниязов |