2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 51-бабы 1-тармағының 11 және 12-тармақшаларына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған Ерікті негізде қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 021/2011) техникалық регламенті талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды және зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 021/2011) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарлама бекітілсін.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Ерікті негізде қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 021/2011) техникалық регламенті талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды және зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 021/2011) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарлама туралы" 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 246 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 21 маусымдағы № 67 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Ерікті негізде қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 021/2011) техникалық регламенті талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды және зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 021/2011) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі БАҒДАРЛАМА
Р/с № | ХСС коды | Мемлекетаралық стандарт жобасының атауы. Жұмыстардың түрлері | Кеден одағы техникалық регламентінің элементтері | Әзірлеу мерзімі | Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет – жауапты әзірлеуші | |
басталуы | аяқталуы | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 67.080.10 | Жаңа піскен долана жемістері. Техникалық шарттар. МемСТ 3852-93 қайта қарау | 6-бап | 2022 жыл | 2023 жыл | Ресей федерациясы |
2 | 67.080.10 | Жаңа піскен итмұрын жемістері. Техникалық шарттар. МемСТ 1994-93 қайта қарау | 6-бап | 2022 жыл | 2023 жыл | Ресей федерациясы |
3 | 67.140.10 | Шай сусындары. Жалпы техникалық шарттар. МемСТ әзірлеу | 6-бап | 2021 жыл | 2022 жыл | Ресей федерациясы |
4 | 67.060 | Құрғақ таңғы ас. Жүгері және бидай қауыздары. Жалпы техникалық шарттар. МемСТ Р 50365-92, СТБ 922-94 және ҚР СТ 1425-2005 негізінде МемСТ әзірлеу | 6-бап | 2022 жыл | 2024 жыл | Қазақстан Республикасы |
5 | 67.080.10 | Тағамдық концентраттар. Тәтті тағамдар. Жалпы техникалық шарттар. МемСТ 18488-2000 қайта қарау | 6-бап | 2022 жыл | 2023 жыл | Ресей федерациясы |
6 | 67.080.10 | Жеміс және көкөніс жартылай фабрикаттары. Жалпы техникалық шарттар. СТБ 760-2003 негізінде МемСТ әзірлеу | 6-бап | 2022 жыл | 2023 жыл | Беларусь Республикасы |
7 | 67.060 | Торттар мен тәтті нандар. Жалпы техникалық шарттар. СТБ 961-2005, KMC 738:2007 (KMC 738:2018) және ҚР СТ 985-2013 негізінде МемСТ әзірлеу | 6-бап | 2022 жыл | 2024 жыл | Қазақстан Республикасы |
8 | 67.040 | Қоғамдық тамақтану. Халыққа сатылатын кулинариялық өнім. Жалпы техникалық шарттар. МемСТ 30390-2013 қайта қарау | 6-бап | 2022 жыл | 2023 жыл | Ресей федерациясы |
9 | 67.080.10 | Консервілер. Үгілген немесе ұсақталған жемістер. Жалпы техникалық шарттар. МемСТ 22371-77 қайта қарау | 6-бап | 2022 жыл | 2023 жыл | Беларусь Республикасы |
10 | 67.060 | Майқоспалы бидай кепкен наны. Техникалық шарттар. МемСТ 8494-96 қайта қарау | 6-бап | 2024 жыл | 2025 жыл | Ресей федерациясы |
11 | 67.060 | Кептірілген нан ұнтағы. Жалпы техникалық шарттар. МемСТ 28402-89 қайта қарау | 6-бап | 2024 жыл | 2025 жыл | Ресей федерациясы |
12 | 67.060 | Қара бидай, қара бидай-бидай және бидай-қара бидай наны. Техникалық шарттар. МемСТ 2077-84 қайта қарау | 6-бап | 2024 жыл | 2025 жыл | Ресей федерациясы |
13 | 67.060 | Сұлы жармасы. Техникалық шарттар. МемСТ 3034-75 қайта қарау | 6-бап | 2019 жыл | 2021 жыл | Ресей федерациясы |
14 | 67.060 | Қарақұмық жармасы. Техникалық шарттар. МемСТ 5550-74 қайта қарау | 6-бап | 2019 жыл | 2021 жыл | Ресей федерациясы |
15 | 67.060 | Арпа жармасы. Техникалық шарттар. МемСТ 5784-60 қайта қарау | 6-бап | 2021 жыл | 2022 жыл | Ресей федерациясы |
16 | 67.060 | Жүгері жармасы. Техникалық шарттар. МемСТ 6002-69 | 6-бап | 2021 жыл | 2022 жыл | Ресей федерациясы |
17 | 67.060 | Жүгері ұны. Техникалық шарттар. МемСТ 14176-69 қайта қарау | 6-бап | 2021 жыл | 2022 жыл | Ресей федерациясы |
18 | 67.080.10 67.050 | Жеміс-көкөніс, жеміс-жидек және өсімдік өнімдері. Санитарлық-паразитологиялық сараптама әдістері. ҚР СТ 2780-2015 негізінде МемСТ әзірлеу | 7-баптың 11-бөлігі | 2022 жыл | 2023 жыл | Қазақстан Республикасы |
19 | 67.060 | Бидай және қара бидай диеталық кебектері. Техникалық шарттар. МемСТ Р 53496-2009 негізінде МемСТ әзірлеу | 6-бап | 2021 жыл | 2022 жыл | Ресей федерациясы |
20 | 67.140.10 | Хош иістендіргіштер және/немесе өсімдіктерден алынған өнімдер қосылған еритін шай. Жалпы техникалық шарттар. МемСТ Р 55327-2012 негізінде МемСТ әзірлеу | 6-бап | 2021 жыл | 2022 жыл | Ресей федерациясы |
21 | 67.060 | Ұннан жасалған шығыс тәттілері. Жалпы техникалық шарттар. МемСТ Р 50228-92 негізінде МемСТ әзірлеу | 6-бап | 2021 жыл | 2022 жыл | Ресей федерациясы |
22 | 67.060 |
Тағамдық концентраттар. Ұннан жасалған өнімдердің жартылай фабрикаттары. Жалпы техникалық шарттар. | 6-бап | 2021 жыл | 2022 жыл | Ресей федерациясы |
23 | 67.080.20 |
Консервілер. Маринадталған, тұздалған және пісірілген саңырауқұлақтар. Жалпы техникалық шарттар. | 6-бап | 2021 жыл | 2022 жыл | Ресей федерациясы |
24 | 67.140.10 | Сұйық шай концентраты. Жалпы техникалық шарттар. МемСТ Р 55325-2012 негізінде МемСТ әзірлеу | 6-бап | 2021 жыл | 2022 жыл | Ресей федерациясы |
25 | 67.080.20 | Консервілер. Тұздық құйылған зәйтүндер. Техникалық шарттар. МемСТ Р 55464-2013 негізінде МемСТ әзірлеу | 6-бап | 2021 жыл | 2022 жыл | Ресей федерациясы |
26 | 67.160.20 | Сергітетін алколгольсіз сусындар. Жалпы техникалық шарттар. МемСТ Р 52844-2007 негізінде МемСТ әзірлеу | 6-бап | 2021 жыл | 2022 жыл | Ресей федерациясы |
27 | 67.080.20 | Қолдан өсірілетін жаңа піскен қозықұйрық саңырауқұлақтары. Техникалық шарттар. CODEX STAN 38-1981 ескере отырып, МемСТ Р 56827-2015 негізінде МемСТ әзірлеу | 6-бап | 2021 жыл | 2022 жыл | Ресей федерациясы |
28 | 67.180.10 | Сағыз. Жалпы техникалық шарттар. МемСТ Р 51561-2000 негізінде МемСТ әзірлеу | 6-бап | 2021 жыл | 2022 жыл | Ресей федерациясы |
29 | 65.020.20 | Жаңа піскен банан. Техникалық шарттар. CODEX STAN 205-1997 ескере отырып, МемСТ Р 51603-2000 негізінде МемСТ әзірлеу | 6-бап | 2021 жыл | 2022 жыл | Ресей федерациясы |
30 | 67.140.20 | Тағамдық концентраттар. Еритін кофе сусындары. Техникалық шарттар. МемСТ Р 50364-92 негізінде МемСТ әзірлеу | 6-бап | 2021 жыл | 2022 жыл | Ресей федерациясы |
31 | 67.180.20 | Жүгері глютені. Техникалық шарттар. МемСТ Р 55489-2013 негізінде МемСТ әзірлеу | 6-бап | 2021 жыл | 2022 жыл | Ресей федерациясы |
32 | 67.080.20 | Қолдан өсірілетін жаңа піскен аспа саңырауқұлақтары. Техникалық шарттар. CODEX STAN 38-1981 ескере отырып, МемСТ Р 56636-2015 негізінде МемСТ әзірлеу | 6-бап | 2021 жыл | 2022 жыл | Ресей федерациясы |
33 | 67.050 67.220.20 | Функциялық тағам өнімдері. Пробиотикалық микроорганизмдерді анықтау және есептеу әдістері. МемСТ Р 56139-2014 негізінде МемСТ әзірлеу | 7-баптың 12-бөлігі | 2021 жыл | 2022 жыл | Ресей федерациясы |
34 | 67.160.20 | Сергітетін алкогольсіз және аздаған алкоголь бар сусындар. Сынау әдістері. МемСТ Р 53185-2008 негізінде МемСТ әзірлеу | 9-бап | 2021 жыл | 2022 жыл | Ресей федерациясы |
35 | 67.120.10 | Ет және ет өнімдері. Микробиологиялық талдаудың жалпы талаптары мен әдістері. МемСТ Р 54354-2011 негізінде МемСТ әзірлеу | 1 және 2-қосымшалар | 2021 жыл | 2022 жыл | Ресей федерациясы |
36 | 67.100.10 | Функциялық тағам өнімдері. Микробиологиялық талдау әдістері. МемСТ Р 56145-2014 негізінде МемСТ әзірлеу | 1 және 5-қосымшалар | 2021 жыл | 2022 жыл | Ресей федерациясы |
37 | 67.140.10 | Сұйық шай концентраты. Талдау үшін сынама іріктеу. МемСТ Р 55326-2012 негізінде МемСТ әзірлеу | 3 және 9-қосымшалар | 2021 жыл | 2022 жыл | Ресей федерациясы |
38 | 67.100.20 | Сүт майы, сиыр сүтінен алынған май және май пастасы. Қабылдау қағидалары, сынамаларды іріктеу және бақылау әдістері. МемСТ Р 55361-2012 негізінде МемСТ әзірлеу | 3 және 9-қосымшалар | 2021 жыл | 2022 жыл | Ресей федерациясы |
39 | 67.040 | Сусымалы тағам өнімдері. Ферроқоспалардың бар-жоғын операциялық, экстполяцияланатын бөліп алудың тәжірибелік-есептік магниттік әдісісен анықтау. МемСТ Р 55575-2013 негізінде МемСТ әзірлеу | 3-қосымша | 2021 жыл | 2022 жыл | Ресей федерациясы |
40 | 67.120.30 | Балық, балықтан басқа объектілер және олардан жасалған өнімдер. Гельминт дернәсілдерінің тіршілікке қабілетін анықтау әдістері. МемСТ Р 54378-2011 негізінде МемСТ әзірлеу | 6-қосымша | 2020 жыл | 2021 жыл | Ресей федерациясы |
41 | 67.180.10 | Табиғи бал. Антибиотиктерді анықтау әдісі. МемСТ Р 54655-2011 негізінде МемСТ әзірлеу | 3-қосымша | 2021 жыл | 2022 жыл | Ресей федерациясы |
42 | 67.140.20 | Еритін цикорий. Техникалық шарттар. МемСТ Р 55512-2013 негізінде МемСТ әзірлеу | 6-бап | 2021 жыл | 2022 жыл | Ресей федерациясы |
43 | 67.060 | Макарон өнімдері үшін қатты бидайдан алынған ұн. Техникалық шарттар. МемСТ 31463-2012 өзгерістер енгізу | 6-бап | 2023 жыл | 2024 жыл | Ресей федерациясы |
44 | 67.120 | Сұйық жұмыртқа және тағамдық құрғақ қоспалар. Жалпы техникалық шарттар. МемСТ 31464-2012 өзгерістер енгізу | 6-бап | 2023 жыл | 2024 жыл | Ресей федерациясы |
45 | 67.060 | Макарон өнімдері үшін жұмсақ бидайдан алынған ұн. Техникалық шарттар. МемСТ 31491-2012 өзгерістер енгізу | 6-бап | 2023 жыл | 2024 жыл | Ресей федерациясы |
46 | 67.160.20 | Квастар. Жалпы техникалық шарттар. МемСТ 31494-2012 өзгерістер енгізу | 6-бап | 2023 жыл | 2024 жыл | Ресей федерациясы |
47 | 67.060 | Балалар тағамына арналған ұн. Техникалық шарттар. МемСТ 31645-2012 өзгерістер енгізу | 6-бап | 2023 жыл | 2024 жыл | Ресей федерациясы |
48 | 67.120.20 | Тағамдық тауық жұмыртқасы. Техникалық шарттар. МемСТ 31654-2012 өзгерістер енгізу | 6-бап | 2023 жыл | 2024 жыл | Ресей федерациясы |
49 | 67.120.20 | Тағамдық жұмыртқа (күркетауықтың, мысыр тауығының, бөдененің, түйеқұстың). Техникалық шарттар. МемСТ 31655-2012 өзгерістер енгізу | 6-бап | 2023 жыл | 2024 жыл | Ресей федерациясы |
50 | 67.080.10 | Джемдер. Жалпы техникалық шарттар. CODEX STAN 296-2009 ескере отырып, МемСТ 31712-2012 өзгерістер енгізу | 6-бап | 2023 жыл | 2024 жыл | Ресей федерациясы |
51 | 67.080.20 | Консервілер. Қияр, кәді, самсар, көк шөп қосылып, тұздық құйылған. Техникалық шарттар. МемСТ 31713-2012 өзгерістер енгізу | 6-бап | 2023 жыл | 2024 жыл | Ресей федерациясы |
52 | 67.190 | Шоколад. Жалпы техникалық шарттар. МемСТ 31721-2012 өзгерістер енгізу | 6-бап | 2023 жыл | 2024 жыл | Ресей федерациясы |
53 | 67.180.20 | Бидай глютені. Техникалық шарттар. МемСТ 31934-2012 өзгерістер енгізу | 6-бап | 2023 жыл | 2024 жыл | Ресей федерациясы |
54 | 67.060 | Армиялық кепкен нан. Техникалық шарттар. МемСТ 686-83 қайта қарау | 6-бап | 2025 жыл | 2026 жыл | Ресей федерациясы |
55 | 67.060 | Бидай жармасы (Полтавская, "Артек"). Техникалық шарттар. МемСТ 276-60 қайта қарау | 6-бап | 2020 жыл | 2021 жыл | Ресей федерациясы |
56 | 67.060 |
Аз сақталатын, спиртпен консервіленген қара бидай және қара бидай-бидай наны. Техникалық шарттар. | 6-бап | 2027 жыл | 2028 жыл | Ресей федерациясы |
57 | 67.080.10 | Фундук жаңғағы. Техникалық шарттар. МемСТ 16834-81 қайта қарау | 6-бап | 2022 жыл | 2023 жыл | Ресей федерациясы |
58 | 67.080.10 | Тәтті бадам өзегі. Техникалық шарттар. ЕЭК ООН DDP-06 стандартын ескере отырып, МемСТ 16831-71 қайта қарау | 6-бап | 2022 жыл | 2023 жыл | Ресей федерациясы |
59 | 67.060 | Ресей наны. Техникалық шарттар. МемСТ 26985-86 қайта қарау | 6-бап | 2025 жыл | 2026 жыл | Ресей федерациясы |
60 | 67.060 | Жеңсік нан. Техникалық шарттар. МемСТ 26986-86 қайта қарау | 6-бап | 2026 жыл | 2027 жыл | Ресей федерациясы |
61 | 67.060 | Ұзақ сақтауға арналған, спиртпен консервіленген кәдімгі қара бидай және кәдімгі қара бидай-бидай наны. Техникалық шарттар. МемСТ 12582-67 қайта қарау | 6-бап | 2027 жыл | 2028 жыл | Ресей федерациясы |
62 | 67.060 | Ұзақ сақтауға арналған, жылумен сатылап стерильдеуді қолдана отырып консервіленген кәдімгі қара бидай наны. Техникалық шарттар. МемСТ 12583-67 қайта қарау | 6-бап | 2026 жыл | 2027 жыл | Ресей федерациясы |
63 | 67.060 | Наубайханаға арналған, фортификацияланған (байытылған) бидай ұны. Жалпы техникалық шарттар. МемСТ әзірлеу | 6-бап | 2022 жыл | 2023 жыл | Ресей федерациясы |
64 | 67.120.10 | Құс етінен жасалған жартылай ысталған шұжық өнімдері. Техникалық шарттар. ҚР СТ 2253-2012 негізінде МемСТ әзірлеу | 6-бап | 2021 жыл | 2022 жыл | Қазақстан Республикасы |
65 | 67.180.10 | Аналық ара сүті бар табиғи бал. Техникалық шарттар. KMC 1103:2007 негізінде МемСТ әзірлеу | 6-бап | 2023 жыл | 2025 жыл | Қырғыз республикасы |
66 | 67.230 | Жаңғақтар, бөлшектеп оралған күнбағыс тұқымы. Жалпы техникалық шарттар. KMC 1159:2009 негізінде МемСТ әзірлеу | 6-бап | 2023 жыл | 2025 жыл | Қырғыз республикасы |
67 | 67.180.10 | Кондитерлік бұйымдар. Жаңғақ пастасы мен кремі. Жалпы техникалық шарттар. KMC 1207:2017 негізінде МемСТ әзірлеу | 6-бап | 2023 жыл | 2025 жыл | Қырғыз республикасы |
68 | 67.220.20 | Бидай ұнын байытуға арналған премикстер. Жалпы техникалық шарттар. KMC 1248:2017 негізінде МемСТ әзірлеу | 6-бап | 2023 жыл | 2025 жыл | Қырғыз республикасы |
69 | 67.080.20 | Консервілер. Көкөніс ассортиі. Техникалық шарттар. KMC 443:2020 негізінде МемСТ әзірлеу | 6-бап | 2022 жыл | 2024 жыл | Қырғыз республикасы |
70 | 67.080.20 | Жабайы өсетін, жаңа піскен бөріқарақат. Техникалық шарттар. KMC 625:2009 (KMC 1329:2018) негізінде МемСТ әзірлеу | 6-бап | 2022 жыл | 2024 жыл | Қырғыз республикасы |
71 | 67.080.20 | Жаңа піскен құрма. Техникалық шарттар. KMC 950:2004 (KMC 1333:2018) негізінде МемСТ әзірлеу | 6-бап | 2022 жыл | 2024 жыл | Қырғыз республикасы |
72 | 67.080.20 | Консервіленген қарбыз. Техникалық шарттар. KMC 1006:2020 негізінде МемСТ әзірлеу | 6-бап | 2022 жыл | 2024 жыл | Қырғыз республикасы |
73 | 67.080.20 | Астық шикізатынан алынған қытырлақтар. Жалпы техникалық шарттар. KMC 1161:2018 негізінде МемСТ әзірлеу | 6-бап | 2022 жыл | 2024 жыл | Қырғыз республикасы |
74 | 67.080.20 | "Жупка" ұлттық тағам өнімі. Техникалық шарттар. KMC 1273:2020 негізінде МемСТ әзірлеу | 6-бап | 2022 жыл | 2024 жыл | Қырғыз республикасы |
75 | 67.080.20 | "Сумолок" ұлттық тағам өнімі. Техникалық шарттар. KMC 1275:2020 негізінде МемСТ әзірлеу | 6-бап | 2022 жыл | 2024 жыл | Қырғыз республикасы |
76 | 67.080.20 | Картоп қытырлақтары. Жалпы техникалық шарттар. KMC 923:2009 негізінде МемСТ әзірлеу | 6-бап | 2022 жыл | 2024 жыл | Қырғыз республикасы |
77 | 67.060 | Жылдам мұздатылған құлақнан. Техникалық шарттар. KMC 845:2012 негізінде МемСТ әзірлеу | 6-бап | 2022 жыл | 2024 жыл | Қырғыз республикасы |
78 | 67.080.20 | Талкан. Жалпы техникалық шарттар. KMC 1027:2006 (KMC 1027:2017) негізінде МемСТ әзірлеу | 6-бап | 2022 жыл | 2024 жыл | Қырғыз республикасы |
79 | 67.080.20 | Консервілер. Бұқтырылған көкөністер. Техникалық шарттар. СТБ 159-94 негізінде МемСТ әзірлеу | 6-бап | 2022 жыл | 2024 жыл | Қазақстан Республикасы |
80 | 67.080 | Консервілер. Салаттар. Жалпы техникалық шарттар. СТБ 425-98 негізінде МемСТ әзірлеу | 6-бап | 2022 жыл | 2024 жыл | Қазақстан Республикасы |
81 | 67.080.20 | Консервілер. Көкөніс рагу. Техникалық шарттар. СТБ 719-94 негізінде МемСТ әзірлеу | 6-бап | 2022 жыл | 2024 жыл | Қазақстан Республикасы |
82 | 67.220.20 | Биологиялық белсенді тағамдық қоспалар. Макронутриенттерді анықтау әдістері. Р 4.1.1672-03 негізінде МемСТ әзірлеу | 8-баптың 14-бөлігі | 2023 жыл | 2024 жыл | Ресей федерациясы |
83 | 67.220.20 | Биологиялық белсенді тағамдық қоспалар. Макронутриенттерді анықтау әдістері. Р 4.1.1672-03 негізінде МемСТ әзірлеу | 8-баптың 14-бөлігі | 2023 жыл | 2024 жыл | Ресей федерациясы |
84 | 67.050 | Тағам өнімдері. Жұқа қабықты хроматография және газды хроматография әдістерімен азық-түліктегі хлорорганикалық пестицидтерді анықтау. МУ 2142-80 негізінде МемСТ әзірлеу | 3-қосымша | 2023 жыл | 2024 жыл | Ресей федерациясы |
85 | 67.060 | Сұлы қауызы. Техникалық шарттар. МемСТ 21149-93 қайта қарау | 6-бап | 2021 жыл | 2022 жыл | Ресей федерациясы |
86 | 67.060 | Майқоспалы нан-тоқаш өнімдері. Техникалық шарттар. МемСТ 24557-89 қайта қарау | 6-бап | 2023 жыл | 2024 жыл | Ресей федерациясы |
87 | 67.060 | Диеталық нан-тоқаш өнімдері. Техникалық шарттар. МемСТ 25832-89 қайта қарау | 6-бап | 2023 жыл | 2024 жыл | Ресей федерациясы |
88 | 67.060 | Әуесқойлық нан. Техникалық шарттар. МемСТ 26982-86 қайта қарау | 6-бап | 2025 жыл | 2026 жыл | Ресей федерациясы |
89 | 67.060 | Астаналық нан. Техникалық шарттар. МемСТ 26984-86 қайта қарау | 6-бап | 2023 жыл | 2024 жыл | Ресей федерациясы |
90 | 67.060 | Жоғарғы, бірінші және екінші сұрыптағы бидай ұнынан жасалған ақ нан. Техникалық шарттар. МемСТ 26987-86 қайта қарау | 6-бап | 2022 жыл | 2023 жыл | Ресей федерациясы |
91 | 67.060 | Тоқаш өнімдері. Техникалық шарттар. МемСТ 27844-88 қайта қарау | 6-бап | 2022 жыл | 2023 жыл | Ресей федерациясы |
92 | 67.060 | Тағамдық, шикі азық-түлік өнімдері. Масс-спектрометриялық детекторы бар тиімділігі жоғары сұйықтық хроматографияның көмегімен сульфаниламидтердің, нитроимидазолдардың, пенициллиндердің, амфениколдардың қалдық құрамын анықтау әдісі. МемСТ 34533-2019 өзгерістер енгізу (клотримазол мен аминитризолдың қалдық санын бақылау әдісімен толықтыру) | 7-баптың 5-бөлігі | 2023 жыл | 2024 жыл | Ресей федерациясы |
93 | 67.050 | Тағамдық, шикі азық-түлік өнімдері. Масс-спектрометриялық детекторы бар тиімділігі жоғары сұйықтық хроматографияның көмегімен седативті препараттар мен адреноблокаторлардың қалдық құрамын анықтау әдісі. МемСТ 34139-2017 өзгерістер енгізу (балдағы аминазиннің (хлорпромазиннің) қалдық санын бақылау әдісімен толықтыру) | 7-баптың 5-бөлігі | 2023 жыл | 2024 жыл | Ресей федерациясы |
94 | 67.050 | Жабық бутербродтар (сэндвичтер). Техникалық шарттар. KMC 947:2012 негізінде МемСТ әзірлеу | 6-бап | 2023 жыл | 2025 жыл | Қырғыз республикасы |
95 | 67.040 | "Максым" және "Жарма" ұлттық сусындары. Техникалық шарттар. KMC 980:2005 негізінде МемСТ әзірлеу | 6-бап | 2022 жыл | 2024 жыл | Қырғыз республикасы |
96 | 67.160.20 | "Бозо" ұлттық сусындары. Техникалық шарттар. KMC 1067:2007 негізінде МемСТ әзірлеу | 6-бап | 2022 жыл | 2024 жыл | Қырғыз республикасы |
97 | 67.160.20 | "Фын-Тез" крахмалынан жасалған кеспе. Техникалық шарттар. KMC 1219:2011 негізінде МемСТ әзірлеу | 6-бап | 2022 жыл | 2024 жыл | Қырғыз республикасы |
98 | 67.060 | Тағамдық өнімдер, азық-түлік шикізаты, жемшөп, жемшөп қоспалары. Дәлдігі жоғары хромато-масс-спектрометрия әдісімен диоксиндердің массалық үлесін анықтау. МемСТ 34449-2018 өзгерістер енгізу | 3-қосымша | 2021 жыл | 2023 жыл | Ресей федерациясы |
99 | 67.220 67.050 | Печенье. Жалпы техникалық шарттар. МемСТ 24901-2014 қайта қарау | 6-бап | 2022 жыл | 2023 жыл | Ресей федерациясы |
100 | 67.180.10 | Қант. Сахарозаны анықтау әдісі. МемСТ 12571-2013 өзгерістер енгізу | 6-бап | 2022 жыл | 2023 жыл | Ресей федерациясы |
101 | 67.060 | Ет консервілері. Желедегі тауық рагу. Техникалық шарттар. ҚР СТ 2124-2011 негізінде МемСТ әзірлеу | 6-бап | 2022 жыл | 2023 жыл | Қазақстан Республикасы |
102 | 67.120 | Тағамдық мақсаттағы бидай ұрығы қауыздары. Техникалық шарттар. ҚР СТ 2482-2014 негізінде МемСТ әзірлеу | 6-бап | 2021 жыл | 2022 жыл | Ресей федерациясы |
103 | 67.060 | Жент. Техникалық шарттар. ҚР СТ 1104-2002 негізінде МемСТ әзірлеу | 6-бап | 2021 жыл | 2022 жыл | Қазақстан Республикасы |