Келісілген макроэкономикалық саясатты жүргізу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №14 қосымша) 4-тармағының 5-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2021 жылға және 2022-2024 жылдар аралығындағы кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының ресми болжамдарын әзірлеу үшін болжамдардың сыртқы параметрлерінің интервалдық сандық мәндері бекітілсін.
2. Осы Шешім ол ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы міндетін уақытша атқарушы |
В. Назаренко |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 29 маусымдағы №73 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2021 жылға және 2022-2024 жылдар аралығындағы кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының ресми болжамдарын әзірлеу үшін болжамдардың сыртқы параметрлерінің интервалдық сандық мәндері
Өлшем бірлігі | Болжам | ||||
2021 жыл | 2022 жыл | 2023 жыл | 2024 жыл | ||
1. Әлемдік экономиканың даму қарқыны болжамдарының интервалды сандық мәндері (сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі бойынша есептеу) | өткен жылға пайызбен | 4,0 – 6,0 | 3,5 – 5,2 | 3,0 – 3,8 | 3,0 – 3,8 |
2. Brent маркалы мұнай бағасы болжамдарының интервалды сандық мәндері | барреліне АҚШ долларымен | 50,0 – 66,3 | 50,0 – 66,0 | 45,0 – 70,0 | 45,0 – 75,0 |