Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2021 жылға және 2022-2024 жылдар аралығындағы кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының ресми болжамдарын әзірлеу үшін болжамдардың сыртқы параметрлерінің интервалдық сандық мәндерін бекіту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 29 маусымдағы № 73 шешімі

      Келісілген макроэкономикалық саясатты жүргізу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №14 қосымша) 4-тармағының 5-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2021 жылға және 2022-2024 жылдар аралығындағы кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының ресми болжамдарын әзірлеу үшін болжамдардың сыртқы параметрлерінің интервалдық сандық мәндері бекітілсін.

      2.  Осы Шешім ол ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
міндетін уақытша атқарушы
В. Назаренко

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2021 жылғы 29 маусымдағы
№73 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2021 жылға және 2022-2024 жылдар аралығындағы кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының ресми болжамдарын әзірлеу үшін болжамдардың сыртқы параметрлерінің интервалдық сандық мәндері


Өлшем бірлігі

Болжам

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

2024 жыл

1. Әлемдік экономиканың даму қарқыны болжамдарының интервалды сандық мәндері (сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі бойынша есептеу)

өткен жылға пайызбен

4,0 – 6,0

3,5 – 5,2

3,0 – 3,8

3,0 – 3,8

2. Brent маркалы мұнай бағасы болжамдарының интервалды сандық мәндері

барреліне АҚШ долларымен

50,0 – 66,3

50,0 – 66,0

45,0 – 70,0

45,0 – 75,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады