Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасының уәкілетті немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен және онымен келісілген техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген босату бағасының деңгейінен аспайтын тарифтерді және техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес оның қолданылу мерзімдерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 419 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 29 шілдедегі № 673 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.07.2026 № 673 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 2-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасының уәкілетті немесе жергілікті аткарушы орган бекіткен және онымен келісілген техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген босату бағасының деңгейінен аспайтын тарифтері және техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес оның қолданылу мерзімдері бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 29 сәуірдегі
№ 419 қаулысымен
бекітілген

Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші
ұйымдар үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін
салу жобасының уәкілетті немесе жергілікті атқарушы орган
бекіткен және онымен келісілген техникалық-экономикалық
негіздемесінде белгіленген босату бағасының деңгейінен аспайтын
тарифтері және техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес оның
қолданылу мерзімдері

      Ескерту. Мерзімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.02.2015 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с №

Объектінің/ұйымның атауы

Тариф шамасы, теңге/кВт сағ. (ҚҚС-сіз)

Тарифтің әрекет ету мерзімінің аяқталуы

Тарифтің жыл сайынғы индекстелуі, %

1

Алматы облысы Сарқант өзеніндегі Мелис Разбеков атындағы Саркант ГЭС ("Фирма Тамерлан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі)

11,80

22.07.2021 ж.

4

2

Алматы облысы Лепсі өзеніндегі Антоновск ГЭС ("Қайнар-АКБ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі)

15,05

01.12.2023 ж.

-

3

Алматы облысы Орта тентек өзеніндегі Успеновск ГЭС ("Қайнар-АКБ" жауапкершілігі шектсулі ееріктестігі)

15,11

25.11.2021 ж.

-

4

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.02.2015 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

5

Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы Қарақыстақ өзеніндегі ГЭС ("ЭнергоСтрой Проект" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі)

12,5

16.06.2020 ж.

7

6

Жамбыл облысы Отар елді мекені ауданында КЭС ("КазЭкоВатт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі)

20,89

28.12.2024 ж.

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады