2013 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің Техникалық ынтымақтастық бағдарламасына қатысты техникалық ынтымақтастық шоты туралы келісімге қосымша келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 4 маусымдағы № 466 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған 2013 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің Техникалық ынтымақтастық бағдарламасына қатысты техникалық ынтымақтастық шоты туралы келісімге қосымша келісімнің жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Асан Көбентайұлы Дарбаевқа 2013 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің Техникалық ынтымақтастық бағдарламасына қатысты техникалық ынтымақтастық шоты туралы келісімге қосымша келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы 4 маусымдағы
  № 466 қаулысымен
мақұлданған
Жоба

2013 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің Техникалық ынтымақтастық бағдарламасына қатысты техникалық ынтымақтастық шоты туралы келісімге қосымша келісім

      Осы Қосымша келісім (бұдан әрі – Қосымша келісім) жеке-жеке "Тарап" және бірлесіп "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі – Үкімет) мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі (бұдан әрі – ЕҚДБ немесе Банк) арасында Техникалық ынтымақтастық бағдарламасына қатысты Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЕҚДБ-ның Техникалық ынтымақтастық шоты (бұдан әрі – Шот) туралы жасалады.

      Себебі:

      (A) 2013 жылғы 1 шілдеде Тараптар Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің Техникалық ынтымақтастық бағдарламасына қатысты техникалық ынтымақтастық шоты туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы ынтымақтастық туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) жасасты, оған Тараптар арасындағы 2015 жылғы 25 сәуірдегі және 2016 жылғы 12 желтоқсандағы қосымша келісімдермен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді және оларға сәйкес Шот толықтырылды;

      (B) Тараптар Келісімге сәйкес техникалық ынтымақтастықты және басқа да консультациялық қолдауды табысты тарту және жүзеге асыру бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті, осыған орай бүгінде Шот қаражатынан 23350000 (жиырма үш миллион үш жүз елу мың) еуро тартылды, және осы мақсатта Тараптар Шот ресурстарын пайдалануға қатысты Келісімнің кейбір ережелеріне өзгерістер енгізуге ниетті, бұл ретте Үкімет Шотты толықтыру жолымен ынтымақтастықтың қосымша қаражатын беруге ниетті;

      (C) Тараптар Келісімнің кейбір ережелеріне өзгерістер енгізуге ниет білдірді және осы Қосымша келісімде төменде баяндалған көлемде және шарттарда Үкімет ұсынатын ынтымақтастықтың қосымша қаражаттарымен Шотты толықтыруға келіседі,

      Осыған байланысты Тараптар осы арқылы мыналар туралы уағдаласты:

1-бап. келісімге өзгерістер мен толықтырулар

      Қосымша келісімге қол қойған күннен бастап күшіне енуі тиіс мынадай өзгерістер Келісімге енгізілсін:

      1.1 5.1-бап (Шот ресурстарын пайдалану) мынадай редакцияда жазылсын:

      "5.1 Шоттың ресурстарын ЕҚДБ техникалық ынтымақтастық бойынша іс-шараларды қаржыландыру үшін пайдалана алады (бірлесіп "Тапсырмалар", ал жеке – "Тапсырма" деп аталады), атап айтқанда:

      (i) басқаларынан өзге ЕҚДБ басқаруымен немесе қадағалауымен жүзеге асырылатын институционалдық қолдауды, оқытуды және (немесе) консультациялық қызметтерді қоса алғанда, техникалық көмек көрсету бойынша іс-шаралар;

      (ii) саяси диалог шеңберіндегі консультациялар түріндегі техникалық көмек;

      (iii) ЕҚДБ келісімі мен функцияларына сәйкес келетін шамада Келісімге сәйкес бағдарламаларды, жобаларды немесе іс-шараларды іске асыру үшін техникалық көмек көрсету; және

      (iv) мұндай іс-шаралар осы Келісімге, сондай-ақ ЕҚДБ мақсаттары мен функцияларына сәйкес келген жағдайда, Тараптар арасында мезгіл-мезгіл жазбаша нысанда келісілуі мүмкін осындай басқа да іс-шаралар".

      1.2 1-қосымша (Қазақстан Республикасы Үкіметінің және ЕҚДБ техникалық ынтымақтастық бағдарламасы) осы Қосымша келісімге 1-қосымшаға (Қазақстан Республикасы Үкіметінің және ЕҚДБ техникалық ынтымақтастық бағдарламасы) сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2-бап. Шотты толтыру

      2.1 Келісімнің 20.2-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, Үкімет Шот шеңберінде бағдарлама бойынша Тапсырмалардың орындалуын қаржыландыру мақсатында Келісімнің 3.2-бабына сәйкес Шотты толықтыру ретінде 6000000 (алты миллион) еуро мөлшерінде қаражатты өтеусіз негізде береді ("Толықтыру").

      2.2 Толықтыру мынадай түрде бөлінеді:

      (i) Толықтыру 2000000 (екі миллион) еуроға дейін қолданыстағы редакциядағы серіктестік туралы Келісім шеңберінде Тапсырмаларды орындауды қаржыландыру мақсаттарына жіберіледі; және

      (ii) Толықтыру 4000000 (төрт миллион) еуроға дейін саяси диалог шеңберінде техникалық көмекті қаржыландыруға жіберіледі.

      2.3 Толықтыруды Үкімет ЕҚДБ-ға төлем талабында ЕҚДБ көрсеткен банк шотына үш бөлікпен қолма-қол ақшамен мынадай графикке сәйкес ұсынады:

      i. 2000000 (екі миллион) еуро 2027 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей;

      ii. 2000000 (екі миллион) еуро 2028 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей; және

      iii. 2000000 (екі миллион) еуро 2029 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей.

      2.4 Келісімнің (Әкімшілік алым) 10-бабына және донорлық қаражат бергені үшін алымдарға қатысты Банк қағидаларына сәйкес Банк Шотты басқаруға және әкімшілендіруге арналған шығыстарды өтеу есебіне Толықтыру сомасының 5 % мөлшерінде әкімшілік алымды шегеруге және ұстап қалуға құқылы. Мұндай әкімшілік алымды Банк Шотқа Толықтыру түскен кезде шегереді.

      2.5 Осы арқылы Тараптар Толықтыруға Келісімнің 16.1-бабынан 16.4-бабына дейін қоса алғанда (Есептілікке қойылатын талаптар) ережелерінің әрекеті қолданылуына келіседі.

      2.6 Келісімнің 16.5-бабына сәйкес ЕҚДБ Үкіметке ЕҚДБ есептілік форматына сәйкес Толықтыруды пайдалана отырып, қаржыландырылатын әрбір жеке Тапсырма бойынша жыл сайынғы есептер беретін болады.

3-бап. Жалпы ережелер

      3.1. Осы Қосымша келісім оған екі Тараптың соңғысы қол қойған күннен бастап күшіне енеді және 20-бапқа сәйкес Келісімнің қолданысы тоқтаған күннен бастап өз қолданысын тоқтатады (Қолданысын тоқтату).

      3.2. Осы Қосымша келісім Келісімде баяндалған, күшінде қалатын және қолданыста болып табылатын шарттармен реттеледі. Келісімнің талаптары осы Қосымша келісімге толық енгізілген және осы Қосымша келісімде баяндалған толықтырылған шарттар болып есептеледі.

      3.3 Келісімге барлық сілтемелер осы Қосымша келісіммен толықтырылған Келісімге сілтемелер болып есептеледі.

      3.4. Осы Қосымша келісімде пайдаланылатын, Келісімде анықтама берілген барлық терминдер, егер осы Қосымша келісімде тікелей өзгеше көзделмесе, Келісімде оларға берілген мағынаға ие болады.

      3.5. Осы Қосымша келісімнің Тараптары осы Қосымша келісімнің кез келген ережесін түсіндіру немесе қолдану кезінде немесе оған байланысты туындайтын барлық дауларды немесе келіспеушіліктерді немесе талап-арыздарды консультациялар мен келіссөздер барысында бейбіт келісім тәртібімен реттейді.

      3.6. Осы Қосымша келісімде ештеңе де Еуропа Қайта Құру және Даму Банкін құру туралы Келісімге, халықаралық шарттарға немесе кез келген қолданылатын заңнамаға сәйкес берілетін ЕҚДБ иммунитеттерінен, артықшылықтарынан немесе алып қоюлардан бас тарту, күшін жою немесе өзге де өзгерту ретінде түсіндірілмейді.

      3.7 Осы Қосымша келісімдегі ештеңе де Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ("Ұлттық Банк") меншік құқығында және (немесе) өзге құқық негізінде) тиесілі мүлікке және (немесе) Ұлттық Банктің сенімгерлік басқаруындағы мүлікке қатысты кез келген иммунитеттерден бас тарту ретінде түсіндірілмеуге тиіс.

      3.8 Осы Қосымша келісім орындауға міндетті болып табылады және Тараптардың ешқайсысы екінші Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Қосымша келісім бойынша өзінің құқықтарының немесе міндеттемелерінің барлығын немесе қандай да бір бөлігін беруге немесе өзге де жолмен беруге мүмкіндігі болмаған жағдайда, Тараптардың тиісті құқықтық мирасқорлары мен цессионарларының мүдделері үшін қолданылады.

      3.9 Жоғарыда 3.8-бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Қосымша келісім талаптарының ешқайсысы үшінші тұлғалардың талабы бойынша мәжбүрлеп орындалуға жатпайды.

      3.10 Осы Қосымша келісімге бірнеше данада қол қоюға болады, олардың әрқайсысы қол қойылған кезде түпнұсқаның телнұсқасын білдіреді, бұл ретте барлық даналар бірлесіп бір Келісімді құрайды.

      Жоғарыда айтылғандарды растау үшін, төменде қол қойғандар, өздерінің тиісті түрде уәкілетті өкілдері арқылы әрекет ете отырып, осы Қосымша келісімге қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде әрқайсысы қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде 3 (үш) түпнұсқа данада, 1 (бір) данасы – Үкімет үшін және 2 (екі) данасы ЕҚДБ үшін қол қойды. Үш тілдегі нұсқалар арасындағы сәйкессіздік немесе айырмашылық жағдайында, ағылшын тіліндегі нұсқа басым күшке ие болады.

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ ҮШІН
      Қолтаңбасы: _______________________
      ТАӘ: _______________________
      Лауазымы: _______________________
      Күні:_______________________
      ЕУРОПА ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ ҮШІН
      Қолтаңбасы: _______________________
      ТАӘ:_______________________
      Лауазымы: _______________________
      Күні: _______________________

  2013 жылғы 1 шілдедегі
Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Еуропа Қайта Құру
және Даму Банкі арасындағы
Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Еуропа Қайта Құру
және Даму Банкінің Техникалық
ынтымақтастық бағдарламасына
қатысты техникалық
ынтымақтастық шоты туралы
келісімге қосымша келісімге
1-қосымша

1-қосымша: Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЕҚДБ Техникалық ынтымақтастық бағдарламасы

      Осы 1-қосымшада (Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЕҚДБ Техникалық ынтымақтастық бағдарламасы) бас әріппен жазылған, бірақ осы құжатта айқындалмаған сөздер мен сөз тіркестерінің осы 1-қосымшада пайдалану кезіндегі түзетулермен 2013 жылғы 1 шілдедегі Техникалық ынтымақтастық бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі ынтымақтастық шотына қатысты Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы ынтымақтастық туралы Келісімдегідей ("Келісім") мәні бар (Бағдарламаның сипаттамасы).

      Тапсырманың бенефициары болып табылатын Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органы осындай Тапсырмаға сәйкес ұсынылған реформалар мен ұсынымдарды ілгерілетуге және іске асыруға ұмтылуға жауапты болады.

      Бағдарлама төменде аталған секторлардың бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттырудың ортақ мақсатына қол жеткізуге, сондай-ақ (а) реттеу жүйесін, шығыстардың өтелу көрсеткіштері мен ашықтығын жақсарту арқылы оларды шетелдік және отандық инвесторлар үшін тартымды етуге; (b) нарықтық негіздерді қолдау; (c) үздік салалық тәжірибелерді ілгерілету; (d) гендерлік және экономикалық инклюзивтілікті ілгерілетуге; және (e) Қазақстан экономикасын жаңғыртуға және әртараптандыруға ықпал ететін жеке сектордың рөлін күшейтуге жәрдемдесуге арналған.

      Бағдарламаға экономиканың мынадай салалары: қаржы ұйымдары; инфрақұрылым, көлік және логистиканы қоса алғанда; коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымы; электр энергетикасы және энергия тасымалдаушылар; қайта өңдеу өндірістері мен қызметтері; агроөнеркәсіптік кешен; телекоммуникациялар, БАҚ және технологиялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЕҚДБ екі Тарап үшін де стратегиялық басымдық деп санайтын және онда ЕҚДБ жұмыс тәжірибесі мен қажетті бейіндегі біліктілігі бар өзге де салалар сияқты экономика салаларындағы Тапсырмалар енгізілген.

      Үкімет Ұлттық экономика министрлігін (бұдан әрі – Министрлік) осы Келісім шеңберінде барлық коммуникациялар үшін, сондай-ақ оның атынан осы Бағдарламаның және Шоттың барысы мен нәтижелерін іске асыру және қадағалау процестерін үйлестіру бойынша уәкілетті орган ретінде тағайындады.

      Министрлік осы Бағдарламаға сәйкес ұсынылған экономикалық реформаларды іске асыруды үйлестіру және ілгерілету үшін мүмкіндіктері бар, әсіресе бірнеше мемлекеттік орган Тапсырманың бенефициарлары болып табылатын жағдайларда тәуелсіз және объективті өкілетті орган ретінде әрекет ететін болады.

      Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары төменде көрсетілген салаларда шоғырланатын болады:

      a. Көлік

      Инфрақұрылымға инвестициялар елдің экономикалық өсуін қамтамасыз ету мүддесінде донор қызметіндегі басымдықтардың бірі болып қала береді. Көлік саласындағы негізгі міндеттердің қатарына мыналар жатады:

      1) өңірлер арасындағы тұрақты байланысты қамтамасыз ету мақсатында автожол инфрақұрылымын жаңғырту және карбонсыздандыру;

      2) транзиттік әлеуетті арттыру мақсатында қатынас жолдары мен жылжымалы құрам инфрақұрылымын жаңғырту және кеңейту;

      3) негізгі көлік маршруттарында логистика орталықтары мен қойма үй-жайларын дамыту; және

      4) порттар мен әуежайлардың инфрақұрылымын жаңғырту.

      Бағдарламаға сәйкес Тараптар көлік саласында нақты қосалқы салалық сипатта болатын және олардың толық емес тізбесі төменде қысқаша берілген түрлі міндеттерді шешетін болады.

      Автожол саласы

      Капиталды көп қажет ететін инфрақұрылымды қаржыландыруға, әсіресе автожол секторында Үкімет мүмкіндігінше жеке капиталды тартуды жоспарлап отыр; сондай-ақ жол инфрақұрылымын неғұрлым сапалы қамтамасыз ету, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және автожол ведомстволарының институционалдық әлеуетін одан әрі нығайту маңызды аспектілер болып табылады. Осылайша, Тапсырмаларды іске асыру мыналарға бағытталуы мүмкін:

      1) жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсартуға және көлік инфрақұрылымын цифрландыруға байланысты әртүрлі мәселелерді шешу (құрылыс және жұптастырылған цифрлық технологиялар туралы ақпаратты модельдеу арқылы);

      2) автожол саласын реттейтін мемлекеттік ведомстволардың институционалдық әлеуетін арттыру;

      3) электромобильдерді зарядтауға арналған инфрақұрылымдық желіні дамыту;

      4) автожолдарды салу мен күтіп ұстауда мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) моделін неғұрлым ауқымды пайдалану; және

      5) әйелдер, жастар және басқа да нысаналы топтар үшін жұмыспен қамту және дағдыларға неғұрлым кең және қауіпсіз қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, инклюзивті сатып алуды ынталандыру.

      Теміржол

      Теміржол саласындағы реформалар процесі жүк тасымалын коммерциялық рельстерге ауыстыруды, теміржол инфрақұрылымына тең қолжетімділікті ашу және мүмкіндігіне қарай әлеуметтік жүктемесі бар жолаушылар тасымалына шарттар жасасу жүйесін енгізу арқылы бәсекелестік қағидаттарын енгізуді көздейді. Жүргізіліп жатқан реформалардың негізгі элементтері осы секторды реттеу жүйесін реформалау, онда тәуелсіз реттеуші құру болып табылады. Осы бағыттағы тапсырмалар мыналарға бағытталуы мүмкін:

      1) бар кемшіліктерді анықтау және теміржол саласын реттейтін мемлекеттік ведомстволардың институционалдық әлеуетін арттыру;

      2) тариф құру әдіснамасына ерекше назар аудара отырып, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру;

      3) энергия тиімділігі аудиттерін және техникалық-экономикалық зерттеулерді дайындау;

      4) жобаларды, оның ішінде сатып алу рәсімдері мен экологиялық және әлеуметтік шараларды қабылдау жоспарларын іске асыруды жетілдіру;

      5) корпоративтік басқару нормаларын жақсарту;

      6) техникалық-экономикалық зерттеулер дайындауды қоса алғанда, жобаларды дайындау және сараптау;

      7) акцияларды бастапқы ашық орналастыруға (бұдан әрі – IPO) шығу және мемлекеттік теміржол компанияларын жекешелендіру;

      8) Тараптар қажет деп санайтын өзге де іс-шараларды өткізу; және

      9) әйелдер, жастар және басқа да нысаналы топтар үшін жұмыспен қамту және дағдыларға неғұрлым кең және қауіпсіз қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, инклюзивті сатып алуды ынталандыру.

      Инфрақұрылымға, соның ішінде логистикалық орталықтарға, порттар мен әуежайларға басқа да инвестициялар

      Тапсырмалар техникалық-экономикалық зерттеулерді дайындауды қоса алғанда, жобаларды, оның ішінде порт және әуежай инфрақұрылымын пайдалануға жеке секторды тарту мәселелерінде қолдау көрсетуді көздейтін жобаларды дайындауға және сараптауға бағытталуы мүмкін.

      Осы Бағдарламаны орындау нәтижесінде Тараптар көлік секторында мыналарға қол жеткізуге ұмтылады:

      автожол саласында кемінде бір МЖӘ-нің табысты қаржылық аяқталуы;

      электромобильдерді пайдалануға дайын ақылды жол инфрақұрылымын дамыту;

      автожол басқармаларының қызметінде көбірек тәуелсіздікке және түпкі нәтижесінде автожолдардың жалпыұлттық желісін басқару жөніндегі қаржы және операциялық жоспарда мүлдем тәуелсіз автожол ведомствосын құру;

      теміржол саласын дамытуға, әсіресе инфрақұрылымдық желіні электрлендіруге және локомотив паркін жаңғыртуға инвестициялар көлемін ұлғайту; теміржол саласын реттеудің ашық және тәуелсіз жұмыс істейтін органының пайда болуы;

      Қазақстан аумағында, оның ішінде порттарда, әуежайларда және жеке секторда көлік жобаларының санын ұлғайту; және

      инклюзивті және гендерлік жауапты инфрақұрылым мен қызметтер.

      b. Телекоммуникация және ақпараттық технологиялар

      Қазіргі уақытта Қазақстан ел өңірлерінде, сондай-ақ оның басты қалалары – Астана мен Алматыда заманауи ақпараттық-коммуникациялық жүйелерді қолдану қажеттілігін терең сезінуде. Телекоммуникация саласындағы негізгі мақсаттар мен инвестициялық қажеттіліктерге мыналар жатады:

      1) жоғары жылдамдықты, сенімділікті, толық қамтуды және қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында аймақтық стационарлық (жер үсті) және ұялы кең жолақты жүйелер сияқты өңірлерде әлі де жақсы дамымаған инфрақұрылымға инвестициялар;

      2) деректер орталықтарының бейтарап операторларын, транзиттік операторларды, мұнара инфрақұрылымы операторларын және көтерме оптикалық талшыққа ашық қолжетімділікті қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, әлеуетті ашық қолжетімділігі бар жоғары сапалы жерасты инфрақұрылымына инвестициялар;

      3) өмірлік маңызы бар телекоммуникациялық қызметтерді үздіксіз және жоғары сапалы ұсынуды қолдау үшін қолданыстағы инфрақұрылымға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және техникалық жаңғырту бойынша жұмыстарға инвестициялар;

      4) ақпараттық технологиялар және көрсетілетін қызметтер вертикальдерінің өнімдері;

      5) электрондық коммерцияның инновациялық платформалары және электрондық шешімдер, соның ішінде, бірақ олармен шектелмей, электрондық ұтқырлық/жеткізу қызметтерін ұсыну, маркетплейстер, БАҚ, құпияландырылған ақпарат және т.б.;

      6) қаржылық-техникалық және төлем шешімдері;

      7) венчурлік капитал тарапынан қаржыландыруға қол жеткізуге жәрдемдесу; және

      8) мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру және коммерцияландыру.

      Бағдарлама одан әрі ырықтандыру, бәсекелестікті күшейту және жеке сектордың қатысуын жандандыру, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар секторына шетелдік инвестицияларды тарту міндеттерін шешуге бағытталған. Телекоммуникация саласындағы Тапсырмалар мыналарға бағытталған:

      1) телекоммуникация саласындағы өтпелі процестің міндеттеріне талдау жүргізу;

      2) телекоммуникация секторын реттеу мәселелерімен айналысатын мемлекеттік ведомстволардың кемшіліктерін анықтау және институционалдық әлеуетін арттыру;

      3) тариф белгілеу әдіснамаларына және басым операторлардың желілеріне қол жеткізу қағидаларына ерекше назар аудара отырып, секторды реттеудің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру;

      4) нарықтық конъюнктураға зерттеулер жүргізу және осы мақсат үшін іріктелген телекоммуникациялық компаниялар және (немесе) жобалар үшін даму стратегияларын әзірлеу;

      5) мемлекеттік телекоммуникациялық компанияларда жұмыс істейтін сатып алу жүйелерін жетілдіру;

      6) телекоммуникациялық компанияларда корпоративтік басқару стандарттарын арттыру;

      7) техникалық, коммерциялық, құқықтық және өзге де талап етілетін бағалау элементтерін ескере отырып, техникалық-экономикалық зерттеулер дайындауды қоса алғанда, жобаларды дайындау және сараптау;

      8) мемлекеттік телекоммуникациялық компаниялардың немесе олардың бөліктерінің IPO немесе қайта ұйымдастырылуы (беру/бөлімше арқылы);

      9) Қазақстан Республикасы арқылы телекоммуникациялық ағындардың транзитін дамыту мүмкіндіктерін анықтау тұрғысынан зерттеу жүргізу;

      10) телекоммуникация секторында гендерлік мәселелер мен жетіспейтін дағдыларды бағалау; және

      11) Тараптармен келісілген өзге де іс-шараларды өткізу.

      Осы бағдарламаны орындау нәтижесінде Тараптар телекоммуникация және ақпараттық технологиялар секторында мыналарға қол жеткізеді деп есептейді:

      интернет желісінің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту;

      телекоммуникация және ақпараттық технологиялар саласына инвестициялар көлемінің өсуі;

      телекоммуникациялық инфрақұрылымды, әсіресе өңірлер мен ауылдық жерлерде одан әрі дамыту;

      телекоммуникация және ақпараттық технологиялар көрсетілетін қызметтері нарығын кеңейту және телекоммуникациялық көрсетілетін қызметтердің, әсіресе кеңжолақты байланысты енгізу көрсеткіштерін арттыру;

      телекоммуникация және ақпараттық технологиялар саласындағы өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің жаңа түрлерін көрсету;

      халық үшін әмбебап және заманауи байланыс қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету;

      телекоммуникация саласындағы реттеуші және нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру.

      c. Электр энергетикасы және энергия тасымалдаушылар

      Қазақстанның электр энергетикасы және энергия тасымалдаушылары секторындағы cтратегия онда 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мақсатында Төмен көміртекті даму жолын (бұдан әрі – Жол) іске асыру жолымен қайта құрулар жүргізуге негізделеді, оны ЕҚДБ мен Энергетика министрлігі арасында 2021 жылғы 31 наурызда қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес 2022 жылғы тамызда Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі әзірлеп, қабылдады. Жол 2023 жылғы ақпанда бекітілген 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясына (бұдан әрі – КБҚС) сәйкес елдегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу үшін энергетика саласын дамытуға неғұрлым шектеулі бағытталған тәсілді белгілейді. Глазгодағы COP 26-да қабылданған міндеттемеге сәйкес Қазақстан көмірмен электр энергиясын өндіру үлесін 70 %-дан 40 %-ға дейін қысқартуы және 2030 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 15 %-ға дейін арттыруы тиіс.

      Бағдарлама шеңберінде Париж келісімінің мақсаттарына сәйкес жаңартылатын қуаттарды және қажетті инфрақұрылымды, оның ішінде жинақтағыштарды, энергия жүйелері мен желілерді, сондай-ақ икемді қуаттарды дамытуға қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар Бағдарлама жасыл сутегі өндірісін дамыту мен тұтынушылардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті инфрақұрылымды құруды қолдау мүмкіндігін көздейді және бұл үшін қолданыстағы газ тасымалдау құбырларын олардың сутегіге дайындығын қамтамасыз ете отырып жаңарту қажет болуы мүмкін. Бағдарлама шеңберінде келесі негізгі өлшемшарттарға сәйкес келетін жобаларға қолдау көрсетіледі:

      1) жаңартылатын энергия көздері бойынша жобаларды (жел, күн, гидро) және жаңартылатын энергия көздері бойынша рентабельді жобалар санын ұлғайту үшін қажетті нормативтік-құқықтық базаны әзірлеуді қолдау;

      2) жаңартылатын қуаты бар интеграцияланған жүйелерді қоса алғанда, электр энергиясын жинақтау жүйелерін (мысалы, аккумуляторлар, гидроаккумуляторлық жүйелер және т. б.) дамытуды қолдау;

      3) сутегіні тасымалдауды және қолданыстағы газ тасымалдау жүйесін сутегіге дейін жаңғыртуды қоса алғанда, жасыл сутегі өндіру бойынша қуаттар мен инфрақұрылымды дамытуды қолдау;

      4) жеткізілімдердің сенімділігін қамтамасыз ету, техникалық және коммерциялық шығындарды азайту және жаңа жаңартылатын қуаттарды қосу үшін Қазақстандағы электр энергиясының қолданыстағы желілері мен тарату жүйелерін жаңғыртуды және жаңаларын дамытуды қолдау;

      5) қолданыстағы электр станцияларды көмірден газға ауыстыруды және экономикалық бағалаудан өткен, оның ішінде көміртегінің құнын ескере отырып, ең үздік қолжетімді технологияларды (бұдан әрі – ЕҚТ) пайдалана отырып, энергетиканы дамыту үшін КБҚС-ке, Париж келісіміне, Жолға сәйкес жаңа икемді газ қуаттарын салуды қолдау. Таңдалған технология болашақта көміртекті бейтарап отынмен (мысалы, жасыл сутегі) жұмыс істеу үшін түрлендірілуі және бұғаттау қаупі төмен болуы тиіс; және

      6) әйелдер, жастар және басқа да нысаналы топтар үшін дағдыларға және жұмыспен қамтуға кеңірек қол жеткізуге жәрдемдесу.

      Негізгі міндет ЕҚДБ алдыңғы Тапсырмаларға енгізген жалпы сипаттағы ұсыныстарды орындау, сондай-ақ халықаралық практиканың білімі мен озық нормаларын пайдалану болуы тиіс.

      Жобалар бойынша негізгі Тапсырмаларға жобаларды дайындау, бағалау және іске асыру; техникалық-экономикалық, нарықтық, экономикалық, климаттық, әлеуметтік-экологиялық және басқа да жобалық зерттеулер; халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын енгізу; IPO-ға дайындау; сатып алу қағидаларын жетілдіру (ЕҚДБ сатып алу қағидаларына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін) және қолданыстағы және әлеуетті қарыз алушыларды мамандандырылған оқыту жатады. Шот қаражатын электр энергиясы мен жасыл сутегі сияқты жаңа өнімдерге арналған нормативтік-құқықтық базаны және нарықтық құрылымдарды дамыту үшін пайдалануға болады.

      Энергетика саласындағы ынтымақтастық нәтижесінде Тараптар мыналарға қол жеткізуге ұмтылады:

      КБҚС-да белгіленген карбонсыздандыру және саладағы парниктік газдар (ПГ) шығарындыларын азайту мақсаттары;

      Қазақстанда және шетелде тұтынушыларды электр энергиясымен және жасыл сутегімен орнықты және сенімді жабдықтау;

      табиғи ресурстарды (жел, күн, жер) кешенді және ұтымды пайдалану, бұл Қазақстанға жаңартылатын және жасыл сутектегі құн тізбегінде өз орнын алу үшін жаңа өнімдер мен дағдыларды әзірлеуге мүмкіндік береді.

      d. Муниципалды және экологиялық инфрақұрылым (бұдан әрі – МЭИ)

      Өтпелі процесті ілгерілету тұрғысынан ЕҚДБ-ның муниципалдық инфрақұрылым саласындағы басты мақсаты инвестициялар арқылы көрсетілетін коммуналдық қызметтердің тиімділігі мен сапасын арттыруға, коммерциялық қағидаттар негізінде және сенімді жұмыс істейтін және нарыққа бағытталған институционалдық-нормативтік реттеу базасы жағдайында тәуелсіз, жақсы басқарылатын және қаржылық тұрақты операциялық қызметті жолға қоюға жәрдемдесу болып табылады.

      ЕҚДБ-ның сектордағы өтпелі процеске әсер етуінің негізгі факторлары орталықсыздандыру, коммерцияландыру, энергия тиімділігі, қоршаған орта мен әлеуметтік саланың жай-күйін жақсарту болып табылады.

      Қазіргі уақытта Қазақстандағы МЭИ секторы мынадай бағыттарды қамтиды: сумен жабдықтау және су бұру, қалалық көлік, жол қозғалысын басқару, қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару, орталықтандырылған жылумен жабдықтау, көшелерді жарықтандыру және денсаулық сақтау объектілерін басқару. Оның қызметіндегі басты міндет жобаларды дайындау мен іске асыруға жәрдемдесу, әлеуетті дамыту және клиент деңгейінде және ұлттық деңгейде ұйымдық құрылымдарды қалыптастыру үшін техникалық ынтымақтастықтың ірі гранттық қорларын жұмылдыру мүмкіндігі болып табылады.

      Бағдарламаны іске асыру арқылы Тараптар коммуналдық көрсетілетін қызметтер саласындағы коммерциялық негізделген МЖӘ схемаларына орай одан әрі коммерцияландыру, бәсекелестікті күшейту және жеке сектордың қатысуын жандандыру, шетелдік инвестицияларды тарту міндеттерін шешетін болады. Тапсырмалар келесі негізгі бағыттарда қызметті жүзеге асыруға бағытталатын болады:

      техникалық-экономикалық зерттеулер жүргізуді қоса алғанда, коммуналдық инфрақұрылым саласындағы МЖӘ жобаларын дайындау, Қазақстан Республикасының заңнамасына және озық халықаралық практикаға сәйкес МЖӘ туралы келісімдер мен тендерлік құжаттаманы дайындау;

      муниципалдық инфрақұрылым көрсетілетін қызметтеріне қатысты МЖӘ саласын құқықтық реттеудің ұлттық базасын жетілдіру, оның ішінде муниципалдық көрсетілетін қызметтерге ұзақ мерзімді тарифтерді белгілеу;

      озық халықаралық практика нормаларын қолдану негізінде саланы жаңғырту стратегияларын әзірлеу (мысалы, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және кәдеге жарату саласында);

      алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттарды қолдану және жобаларды іске асыру негізінде банк өлшемшарттарына жауап беретін қаржыландыру мен коммерциялық рентабельді жобаларды дайындауда қалалық әкімшілікке және коммуналдық кәсіпорындарға қолдау көрсету;

      жобаларды іске асыру кезінде, оның ішінде сатып алу және тендерлер кезеңдерінде, экологиялық және әлеуметтік іс-шаралар жоспарларын, гендерлік және инклюзивтілікке байланысты шараларды іске асыру кезінде қала әкімшіліктерін қолдау, сондай-ақ корпоративтік даму саласындағы әлеуетті арттыру және тарифтік реформаларды қолдау;

      қалаларға өздерінің орнықты даму проблемаларын тұжырымдауға және қалаларды неғұрлым жасыл парадигмаларға көшіру үшін инвестициялар мен саясаттың саяси және экономикалық негізделген жоспарын әзірлеуге көмектесетін "Жасыл қалалар" ЕҚДБ бағдарламасы (бұдан әрі – GCAP) бойынша іс-шаралар жоспарларын әзірлеу кезінде қалаларды/әкімшіліктерді қолдау; және

      Тараптардың келісуі бойынша өзге де іс-шараларды өткізу.

      Осы Бағдарламаны орындау нәтижесінде Тараптар мыналарға қол жеткізеді деп есептейді:

      Қазақстан аумағында МЭИ саласындағы банк өлшемшарттарына сай келетін жобаларды қаржыландыру санын ұлғайту;

      коммуналдық көрсетілетін қызметтер саласына жеке инвестициялар тарту;

      МЭИ саласына инвестициялар көлемінің өсуі;

      МЭИ секторының коммерциялық рентабельділігін қамтамасыз ету мүддесінде нормативтік-құқықтық базаны одан әрі дамыту;

      коммуналдық қызмет көрсету сапасын арттыру;

      экологиялық және әлеуметтік қорғау стандарттарын және тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету нормаларын арттыру;

      экологиялық және климаттық проблемаларды шешетін жобалар санын ұлғайту; және

      сенімді жұмыс істейтін және нарыққа бағдарланған институционалдық-нормативтік базаны құру.

      e. Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша мақсаттарын қолдау

      Қаражат болған кезде және оның саясаты мен рәсімдеріне сәйкес ЕҚДБ мақұлдаған кезде, осындай саясат пен нұсқамалар Келісімге, ЕҚДБ мақсаттары мен функцияларына сәйкес келген жағдайда Үкіметтің 2023 жылғы 19 сәуірдегі № 313 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының ұлттық деңгейде айқындалатын салымдарына қол жеткізу үшін қажетті саясат пен нұсқамаларды әзірлеу бойынша ЕҚДБ техникалық көмек көрсетеді.

      f. Өнеркәсіп және қызмет көрсету саласы

      Қазақстан азық-түлік емес тауарлардың елеулі импортын ауыстыру үшін өз экономикасын әртараптандыру және елдегі өнеркәсіп пен қызмет көрсету саласының өсуін ілгерілету мақсаттарын алға қояды. Өнеркәсіп пен қызмет көрсету саласының негізгі мақсаттары мен инвестициялық қажеттіліктеріне мыналар жатады:

      1) шетелдік және жергілікті демеушілер тарапынан тауарлар өндірісін дамытуға бағытталған жаңа жобаларға немесе қосылған құнның тиісті тізбегіне салым ретінде инвестицияларды қолдау;

      2) сала деңгейінде де, компания деңгейінде де СО2 шығарындылары жоғары қолданыстағы компаниялар үшін тұрақты карбонсыздандырудың жол карталарын әзірлеу және енгізу;

      3) өңірлік хабтар құру және тасымалдау уақыты мен құнын қысқарту мақсатында қойма инфрақұрылымына инвестициялау;

      4) ашық жеке өндірушілерге іріктеп қолдау көрсету; және

      5) ЕҚТ енгізу және құн тізбегіне инвестициялау есебінен қолданыстағы қуаттарды кеңейту.

      Бағдарлама шеңберінде Тараптар бәсекелестікті және жеке сектордың қатысуын арттыруға, сондай-ақ салалық стандарттарды арттыруға қол жеткізетін болады. Өнеркәсіптік сектордағы Тапсырмалар мыналарға негізделген:

      1) белгілі бір салалар мен компаниялардың ерекшеліктерін ескере отырып, олар үшін орнықты карбонсыздандыру бойынша жол карталарын әзірлеу;

      2) нарықтық жағдайды талдау және өнімге сұранысты бағалау;

      3) жеке өндірістік компанияларды корпоративтік басқарудың экологиялық стандарттарын жетілдіру;

      4) техникалық-экономикалық зерттеуді дайындауды қоса алғанда, жобаларды дайындау және бағалау;

      5) әйелдер, жастар және басқа да нысаналы топтар үшін "жасыл" және цифрлық дағдыларға және жұмыспен қамтуға кеңірек қол жеткізуге жәрдемдесу; және

      6) Тараптардың келісуі бойынша қызметтің басқа да түрлері.

      Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде Тараптар өнеркәсіп секторында (бөлшек сауданы қоса алғанда) мыналарға қол жеткізеді деп күтіледі:

      Қазақстан аумағында жобалар санын ұлғайту; шетелдік және жергілікті демеушілер тарапынан салаға инвестициялар көлемін ұлғайту;

      жаңа өнімдерді енгізу және өндірістік секторды дамыту;

      құн тізбегі бойынша инвестициялардың үлкен көлемі;

      шығарындылары жоғары компаниялардың CO2 шығарындыларын айтарлықтай төмендетуі; және

      инклюзивті және гендерлік аспектілерді ескеретін көрсетілетін қызметтер мен практикалар.

      g. Агроөнеркәсіптік кешен

      Қазақстан ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндірісіндегі өз әлеуетін елдің бүкіл аумағында осы саладағы инфрақұрылымды жақсарту жолымен одан әрі арттыруы, шығарылатын өнім номенклатурасын әртараптандыруы, еңбек өнімділігі мен сапа стандарттарын арттыруы қажет. Агроөнеркәсіптік кешендегі негізгі мақсаттар мен инвестициялық қажеттіліктерге мыналар жатады:

      1) агрохимиялық өнім, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу өнімдерінің заманауи өндірісі, буып-түю материалдары және бөлшек сауда кәсіпорындары сияқты өндірістік-өткізу тізбегінің барлық сегменттеріне инвестициялар;

      2) ашық жұмыс істейтін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге және бастапқы ауыл шаруашылығы өнімдерін сататын фирмаларға, сондай-ақ тамақ өнімдері мен алкогольсіз сусындар өндірушілерге іріктеу тәртібімен қолдау көрсету; және

      3) инфрақұрылымдық жобаларға инвестициялардың көмегімен агроөнеркәсіптік қызметті нығайтуға бағытталған бастамаларды іске асыруға (мысалы, астық терминалдарын, логистикалық және дистрибьюторлық орталықтарды, қойма үй-жайларын немесе электр энергиясын өндіруге арналған биомассаны кәдеге жаратушылар, бірлесіп пайдаланылатын су тазарту құрылыстары және т.б. сияқты ортақ пайдаланылатын табиғат қорғау объектілерін салу), сондай-ақ цифрландыру мен жаңа технологиялар (мысалы, AgriTech/ FoodTech) енгізуге жәрдемдесу.

      Бағдарламаның көмегімен Тараптар бәсекелестікті күшейтуге, салаға жеке капиталды тартуға, сала қызметінің стандарттарын арттыруға қол жеткізе алады. Агроөнеркәсіптік кешендегі Тапсырмалар мыналарға бағытталуы мүмкін:

      1) саладағы өтпелі процестің проблемаларына талдау жүргізу;

      2) нарықтық конъюнктураға талдамалық зерттеулер жүргізу және агроөнеркәсіптік компаниялардың және (немесе) жобалардың даму стратегияларын әзірлеу;

      3) агроөнеркәсіптік кешен компанияларының корпоративтік басқару стандарттарын арттыру;

      4) техникалық-экономикалық зерттеулер дайындауды қоса алғанда, жобаларды дайындау және сараптау;

      5) әйелдер, жастар және басқа да нысаналы топтар үшін "жасыл" және цифрлық дағдыларға және жұмыспен қамтуға кеңірек қол жеткізуге жәрдемдесу; және

      6) Тараптардың келісуі бойынша қызметтің басқа да түрлері.

      Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде Тараптар агроөнеркәсіптік секторда (оның ішінде азық-түлік және бөлшек сауда кәсіпорындарында) мыналарға қол жеткізеді деп есептейді:

      Қазақстан аумағында іске асырылатын жобалар санының ұлғаюы; салаға инвестициялар көлемінің өсуі;

      дәнді-дақылдар, жемістер мен көкөністер, сондай-ақ ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу өнімдері өндірісінің инфрақұрылымын одан әрі дамыту;

      өнімнің жаңа түрлерін шығару, сондай-ақ шығарылатын өнімнің сапа стандарттарын арттыру; және

      инклюзивті және гендерлік аспектілерін ескеретін көрсетілетін қызметтер мен жұмыс әдістері.

      h. Қаржы секторы

      ЕҚДБ-ның қаржы секторындағы қызмет стратегиясы орнықты жұмыс істейтін қаржы моделіне қол жеткізуге, оның ішінде мемлекеттің банк жүйесіне қатысу ауқымын қысқарту, меншік иелерінің ашықтығы мен сапасын арттыру, сондай-ақ корпоративтік басқаруды жақсарту арқылы, көміртегі шығарындылары төмен деңгейдегі "жасыл" экономикаға көшуді ынталандыруға, қаржы секторы арқылы мүмкіндіктердің теңдігін қамтамасыз ету үшін инклюзивті экономикалық дамуды ынталандыруға және қаржы секторын "болашаққа дайындай отырып", оның сын-қатерлерге ден қоюға дайындығын нығайтуға бағытталған.

      Банк секторы ЕҚДБ қаражатын микро, шағын және орта бизнес (бұдан әрі – ШОБ) клиенттерін, атап айтқанда, басшылары әйелдер болып табылатын және энергия тиімділігін арттыру, климаттық өзгерістерге қарсы күрес жөніндегі жобаларды қаржыландыру мақсаттарына бағыттаудың басты арнасы болып қала береді. Қазақстанның қаржы жүйесі осы функцияны тұрақты орындай алуы үшін ЕҚДБ сонымен қатар макро және микро деңгейде (жобаларға байланысты) техникалық көмек ұсыну арқылы институционалдық әлеуетті арттыра отырып, осы процеске банктік емес қаржы ұйымдарды – делдалдарды (бұдан әрі – БҚҰД) тарту арқылы жергілікті валютаның дамуына және елде капитал нарықтарын құру процестеріне одан әрі жәрдемдесу мен қолдау көрсетуді мақсат қояды.

      Атап айтқанда, ЕҚДБ кредиттік қаражатты тарту көздеріне қосымша тәуекелдік капиталдың жеткілікті қорларын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанда дамып келе жатқан тікелей жеке инвестициялар секторына одан әрі қолдау көрсететін болады. Бұдан басқа, ЕҚДБ микроқаржы және лизингтік ұйымдарға одан әрі қолдау көрсететін болады.

      Негізгі стратегиялық басымдықтардың қатарына серіктес банктердің 1-ші және 2-ші деңгейлерінің капиталдарын нығайту үшін қолдау көрсету, жоғарыда көрсетілген басымдықтарды ескере отырып, мерзімді кредиттеу және сауда кредиті желілерін ашу және жергілікті капитал нарықтарының дамуына өз үлесін қоса отырып, қаржы секторын қайта құруға жәрдемдесу шаралары жатады. Жоспарланған Тапсырмалар мыналарға бағытталуы мүмкін:

      1) серіктес банктердің, микроқаржы ұйымдарының, лизингтік компаниялардың және БҚҰД әлеуетін арттыру (тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқару мәселелерінде);

      2) қаржы реттеушісіне корпоративтік басқаруды, тәуекелдерді басқаруды және қаржы секторын реттеудің басқа да аспектілерін жетілдіру, сондай-ақ кредиттеудің инклюзивті практикасын, қаржы мекемелерінің цифрлық шешімдерін, экологиялық, әлеуметтік басқару аспектілерін және климаттық тәуекелдерді басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша консультация беру;

      3) нормативтік-құқықтық базаға қатысты стратегиялық мәселелер бойынша консультация беру арқылы проблемалық кредиттерді (бұдан әрі – ПК) реттеу жөніндегі күш-жігер (мысалы, ПК нарықтарына жеке сектордың қатысуы үшін жағдайлар жасау);

      4) ақша мен капиталдың белсенді және тиімді нарығын ілгері дамыту;

      5) цифрлық сауданы қаржыландыруды қоса алғанда, Саудаға жәрдемдесу бағдарламасын кеңейту;

      6) "жасыл" экономиканы қаржыландыруды (бұдан әрі – ЖЭҚ) ұлғайту және (і) "жасыл" қаржы өнімдерін әзірлеу мен іске қосуда, (ii) "жасыл" жобаларды сәйкестендіру мен бағалауда, (iii) әсер ету мониторингінде, сондай-ақ (iv) климатқа бағдарланған корпоративтік климатты басқарудың (бұдан әрі – КБКБ) озық халықаралық тәжірибесін және TCFD ұсынымдарына сәйкес климаттық тәуекелдерді басқаруды енгізуде қолдау көрсету жолымен серіктес ұйымдардан тыс ЖЭҚ инфрақұрылымын пайдалану;

      7) әйелдер басқаратын ШОБ кәсіпорындарын қолдау үшін консультациялық қызметтер көрсетуді жалғастыру.

      i. Табиғи ресурстар

      Қазақстан экономикасының негізгі қозғаушы күштері мұнай-газ және тау-кен өндіру салалары болып табылады. Бұл салаларда негізінен ірі компаниялар қызмет етеді және бірқатар кен орындарында ескірген технологиялардың қолданылуына байланысты қоршаған ортаға үлкен зиян келтірілуде. ЕҚДБ-ның осы салалардағы басты міндеттері бәсекелестікті дамытуға қолдау көрсету, оларға жеке және тәуелсіз компанияларды тарту; экологиялық тұрғыдан қауіпсіз, тиімділігі мен өнімділігі жоғары технологияларды енгізу; орнықты нормативтік-құқықтық және реттеуші базаны қалыптастыруға қолдау көрсету; қосылған құнды қалыптастыру тізбегін ұлғайтуға жәрдемдесу, осы салалардағы жеткізушілер мен қызмет көрсетушілерге көмек көрсету болып табылады.

      Бағдарлама шеңберінде Тараптар одан әрі ырықтандыруға, бәсекелестікті күшейтуге және өндіруші салаларға жеке секторды және шетелдік инвестицияларды неғұрлым белсенді тартуға арналған курс жүргізетін болады. Тапсырмалар мыналарға бағытталуы мүмкін:

      1) осы салалардағы өтпелі процестің міндеттеріне талдау жүргізу;

      2) жер қойнауын пайдалану объектілерін іріктеудің жаңа қағидаларын әзірлеуге және кейіннен жер қойнауын пайдалану шарттары базасында жаңа кен орындарын игеруге ерекше назар аудара отырып, өндіруші салаларды реттеудің нормативтік-құқықтық режимін жетілдіру;

      3) салаларда және жекелеген компанияларда карбонсыздандыру бойынша жол карталарын әзірлеу және енгізу;

      4) жер қойнауын пайдаланушы компанияларда корпоративтік басқару стандарттарын арттыру;

      5) Өндіруші салалардың ашықтық бастамасын іске асыруға елді толыққанды қосуға дайындау;

      6) әйелдер, жастар және басқа да нысаналы топтар үшін "жасыл" және цифрлық дағдыларға және жұмыспен қамтуға неғұрлым кең қолжетімділікті ұсыну;

      7) Тараптардың келісімі бойынша қызметтің басқа түрлері.

      Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде Тараптар өндіруші салаларда мыналарға:

      жер қойнауын пайдаланушылар санының артуына;

      осы секторда және инвестициялар көлемінің бүкіл өндірістік-өткізу тізбегінде өсуіне;

      карбонсыздандырудың маңыздылығы туралы сала мүшелерінің хабардарлығының артуына;

      парниктік газдар шығарындыларының азаюына;

      сала ашықтығының артуына;

      инклюзивті және гендерлік аспектілерді ескеретін саясат пен тәжірибеге қол жеткізуді көздейді.

      j. Шағын және орта кәсіпкерлікті (бұдан әрі – ШОБ) дамыту

      Бүгінгі күні Қазақстан экономикасында әлі де ірі компаниялар үстемдік етуде, бұл ретте көптеген салалар шамадан тыс шоғырланудан және нарыққа жаңа, неғұрлым майда ойыншылардың шығуы үшін кедергілерден зардап шегуде. Көптеген ірі ойыншылар – "Самұрық-Қазына" холдингіне кіретін мемлекеттік компаниялар және т.б.

      Шағын кәсіпорындар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды қоса алғанда, ШОБ секторы экономикадағы жұмыс орындарының негізгі көзі болып қала береді. Бұл ретте ШОБ басым көпшілігінің үлесіне шағын сауданы, саудаға қатысы жоқ көрсетілетін қызметтерді және дәстүрлі фермерлікті қоса алғанда, экономикадағы ең аз өнімді қызмет тиесілі. ШОБ-тың орташа сегменті, әсіресе өндіріс және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы стартаптарды алғанда жеткілікті деңгейде тез дамымайды. Қаржыландыруға қол жеткізу әр түрлі мемлекеттік қолдау бағдарламалары шеңберінде жеңілдетілген қаржыландыру мен кредиттік кепілдіктерге қолжетімділік бар екенін ескере отырып, проблеманың аз ғана бөлігі болып табылады.

      Басқа проблемаларға дағдылардың жетіспеушілігі (кәсіпкерлік және техникалық), үйлестірудегі ақаулар (әсіресе ШОБ мемлекеттік және жеке өндіруші және өнеркәсіптік салалардағы инфрақұрылым мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігіне сүйенуге тиіс құнның фрагменттелген тізбектері шеңберінде қызметтің жаңа түрлерін бастау және тиімділікті арттыру мәселесінде) және Үкімет пен мемлекеттік кәсіпорындардың (бұдан әрі – МК) сатып алуларында (олардың экономиканың елеулі үлесін құрайтынын ескере отырып) ашықтықтың жоқтығы кіреді.

      ЕҚДБ Қазақстанда ШОБ-ты қаржыландыру және дамытудың заманауи бағдарламасын (бұдан әрі – ШОБ ҚжД) іске асырады, ол ШОБ-ты қаржыландыруды (тікелей және жанама, серіктес банктер арқылы) және сертификатталған жергілікті және халықаралық консультанттар ұсынатын консультациялық қызметтерді біріктіреді. COVID-19 пандемиясы басталғаннан бері ЕҚДБ-ның консультациялық қызметі жеткізу мен мазмұнға қатысты өте күшті цифрлық аспектіге ие болды (компанияларға заманауи АТ шешімдерін бейімдеуге және электрондық коммерция мүмкіндіктерін алуға көмектесу). Жекелеген компанияларға бағытталған көрсетілетін консультациялық қызметтерден басқа, ЕҚДБ жеткізу тізбегін дамытуға және сүт өнімдері өндірісі сияқты қолданыстағы қосылған құн тізбегіне интеграциялауға бағытталған таңдамалы техникалық көмек көрсетеді.

      ЕҚДБ-ны тікелей қаржыландыру және ШОБ-қа арналған кредиттік желілер қосымша басымдықтарды ескере отырып ұсынылады, олардың қатарына жастар мен әйелдер басқаратын компанияларды қолдау, экологиялық тұрғыдан таза және энергия тиімді шешімдерді ілгерілету кіреді. Сонымен, ЕҚДБ ШОБ-пен стратегиялық диалогқа белсенді қатысады (қолданыстағы қолдау саясатын жетілдіруге, сондай-ақ олардың мәлімделген мақсаттарға жететініне және тиімді екеніне көз жеткізуге, ШОБ статистикасын жақсартуға және тиісті мониторинг пен бағалау жүйесін құруға ұмтылады).

      Бұл бағдарлама мынадай параметрлерге бағытталған:

      1) ШОБ үшін стратегиялық негізді жетілдіру:

      Мақсат қою. Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау сияқты фискалдық шығыны жоғары схемалар қажетті экономикалық нәтижелерге қол жеткізуге бағытталуға тиіс, оларды жүзеге асыру үшін субсидиялар қажет (нарықтағы кемшіліктерді жою). Бүкіл салаларды (мысалы, ауыл шаруашылығы) қолдаудың орнына, мақсат – инновацияға (өнімге немесе процеске) инвестицияларды қолдау, ШОБ қызметіне, инклюзивтілікке (әйелдер басқаратын ШОБ, жастарды қолдау, біліктілікті арттыру бағдарламалары) кедергі келтіретін үйлестіру мен ақпарат проблемаларын шешу немесе қоршаған ортаға жағымсыз сыртқы әсерлерді жоюға бағытталған "жасыл" инвестицияларды қолдау болуы керек. Қаражатты мақсатына сай пайдалану инвестициялардың осы түрлеріне байланысты болуға тиіс.

      Субсидиялар төлеуге байланысты жобалардың нәтижелерін тәуелсіз және объективті бағалау жүйесін құру тиімділікті қамтамасыз ету үшін түйінді мәнге ие болады. Субсидияларды төлеуді жобалар, ex-post аяқталғаннан кейін, олардың нәтижелерін мұқият бағалау негізінде жүзеге асырған жөн. Бұл ЕҚДБ кәсіпорындардың энергия тиімділігін арттыру бойынша кредиттік желілерге қатысты тәжірибесі. Жобаны іске асыру басталғанға дейін субсидиялар төлеу, ex-ante, субсидия алушылардың нәтижелерге қол жеткізуі үшін ынталандырулардың әлсіреуіне және жобаларды іске асыруға байланысты әкімшілік шығыстардың ұлғаюына әкеледі. Тараптар ШОБ-ты қолдаудың үздік халықаралық тәжірибелерін енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ олардың тиімділігін мониторингілеу және бағалау мақсатында ШОБ-ты қолдау шараларының нәтижелілігіне, сондай-ақ жобаларды мониторингілеу мен бағалаудың қолданыстағы тетіктеріне мезгіл-мезгіл бірлескен талдау жүргізе алады.

      Консультациялық қолдау. Жоғарыда аталған қажетті мақсаттарға қол жеткізуді жеңілдету үшін ШОБ біріктірілген қаржылық және консультациялық қолдаудың пайдасын көре алады. Бұл ШОБ қаржыландырумен қатар қажет болған жағдайда техникалық ноу-хауды алуын қамтамасыз етеді, бұл сәтсіздік тәуекелін төмендетеді. ЕҚДБ-да дәлелденген модель және жұмыс тәжірибесі бар, әсіресе "жасыл" инвестициялар саласында, сондай-ақ қарауға болатын басқа салаларда (мысалы цифрландыру, инновация, инклюзивтілік, экспорттық әлеуетті кеңейту және т.б.). Кешенді тәсіл (қаржыландыруға қол жеткізумен қатар көрсетілетін консультациялық қызметтер) ШОБ өсуін жеделдетуді қамтамасыз етеді.

      Кредиттер бойынша мемлекеттік кепілдіктер. Пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялаудың орнына қаржыландырудың неғұрлым ауқымды мақсаттары үшін кепілдіктерді (яғни, жергілікті банктер үшін жалған ынталандыруға әкелуі мүмкін портфельдік тәсіл емес, әрбір жекелеген кредиттің 10 %-на дейінгі мөлшерде бірінші шығын кепілдіктері, мысалы, 2015 жылдан бастап ЕҚДБ басқаратын қолданыстағы "Бизнестегі әйелдер" бағдарламасы) пайдалану мүмкіндігін қарауға болады. Схемаға байланысты кепілдіктер әдетте шығыны аз болып, нарықтық шешім қабылдау процесіне анағұрлым сәйкес келеді. Банктердің кредиттік өтінімдерді келісілген өлшемшарттарға сәйкестігін тексеруге күшті ынталандыруларға ие болуын қамтамасыз ету үшін Үкімет (Даму) және коммерциялық банктер арасындағы тәуекелдерді бөлу туралы келісімдерді қайта қарау пайдалы болар еді. Бұл тұрғыда негізгі осал тұсы Даму-дың банктерден өтінімдерді жеке өңдеу мүмкіндігі болуы мүмкін. ЕҚДБ тәуекелдерді бөлу бойынша өз тәжірибесімен бөлісе алады.

      Қамтамасыз етілген мәмілелер үшін нормативтік-құқықтық базаны қайта қарау. Қамтамасыз ету ШОБ-тың қаржыландыруға қол жеткізуін жеңілдетудің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады, өйткені ол тәуекелдерді азайтады, бұл өз кезегінде пайыздық мөлшерлемелердің төмендеуіне әкеледі. Бұл тұрғыда Үкімет өзекті тізілімдермен қамтамасыз етілген икемді және сенімді қамтамасыз ету нұсқаларын қамтамасыз ететін құқықтық базаны құру арқылы маңызды рөл атқара алады. Қиындықтарды анықтау үшін Қазақстандағы қолданыстағы жүйеге (ашық тіркеу, бағалау практикасы, коммерциялық банктер қабылдайтын кепіл түрлері) талдау жүргізуге болады. Кредиттік есеп беру тәжірибесін қайта қарау мәселесін де қарауға болады. ЕҚДБ-ның қамтамасыз етілген мәмілелерді реформалауда үкіметтерге қолдау көрсетуі бойынша мол тәжірибесі бар.

      2) ШОБ өнімдері мен көрсетілетін қызметтеріне сұранысты күшейту

      Бұл ішкі және сыртқы сұранысты нығайту шараларын қамтуы мүмкін.

      МК, мемлекеттік мекемелердің сатып алу тәжірибесін талдау. МК немесе ШОБ өнімдерін/көрсетілетін қызметтерін мемлекеттік сатып алу ішкі сұраныстың ірі көзі бола алады. Сатып алу процестерін ШОБ қатысуын жеңілдететін, ШОБ-қа бизнес мүмкіндіктерін және қажетті өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін инновацияларға күшті ынталандыруды қамтамасыз ететіндей ұйымдастыруға болады. Бұған жұртшылықтың хабардарлығын арттыру және ШОБ-қа бағдарланған ақпарат беру жөніндегі науқандармен сүйемелденуге тиіс. Шағын және орта бизнестің қатысуын ынталандыруға бағытталған мемлекеттік сатып алудың жақсы мысалы Ұлыбританиядағы Cross-rail болып табылады.

      ШОБ пен шетелдік инвесторларды қоса алғанда, жеке сектордың ірі сатып алушылары (бөлшек сауда желілері, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары сияқты жеке сектордың ірі сатып алушылары) арасында неғұрлым инклюзивті жеткізу тізбегін (кері факторинг) құру үшін ұзақ мерзімді келісімшарттар мен сатылас интеграциялауды ынталандыру.

      ШОБ-тың экспорттық нарықтарға қол жеткізуін жеңілдету жөніндегі шараларды іске асыру (ірілендіру, логистика, брендинг, сертификаттау және сапаны бақылау, сауданы қаржыландыру). Мысал ретінде Украинадағы ЕҚДБ брендинг бағдарламасын келтіруге болады. Израильдің жемістер, көкөністер мен жаңа кесілген гүлдерді еуропалық және басқа нарықтарға экспорттауы 50 жылдан астам уақыт бойы Agrexco МЖӘ арқылы бірыңғай брендпен (Carmel) жүзеге асырылды.

      3) Қосылған құн тізбегін нығайту

      ШОБ-ты қолданыстағы (немесе жаңа) қосылған құн тізбектеріне интеграциялау олардың қаржыландыру үшін тартымдылығын арттыру және өнім стандарттарын/сапасын арттыру арқылы олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыра алады. Қазіргі уақытта өте аз ШОБ экспортқа бағдарланған агрегаторлармен орнықты байланыстарды дамыта алады, бұл шағын компаниялардың негізгі бөлігі шағын жергілікті нарықтарда бір-бірімен бәсекелеседі. Сонымен қатар халықаралық қосылған құн тізбегі үшін сертификаттау сияқты маңызды аспект ШОБ үшін қымбат құнды болуы мүмкін. ЕҚДБ операциялары елдерінде және одан тыс жерлерде бірқатар мысалдардан сабақ алуға болады, соның ішінде:

      Кластерлерді қалыптастыру/шағын өндірушілерді біріктіру. Бұл шағын өндірушілерге ірі сатып алушылардың жеткізу желілеріне қатысуға, сертификаттар сатып алуға, өндірісте, маркетингте, қаржыға қолжетімділікте, көлік пен логистикада масштабтауға қол жеткізуге мүмкіндік беретін өте пайдалы тәсіл болуы мүмкін. Бірлестік оқыту мен топтық консультацияларды тиімді жүргізуге көмектесе алады (ЕҚДБ-ның қазіргі тәжірибесі).

      Бүкіл құн тізбегі бойынша жеке сектордың инвестицияларын бұғаттаудан шығару үшін ҒЗТКЖ-ға мемлекеттік инвестициялар немесе инфрақұрылымның негізгі элементтері. Мысалы, Тайвань қант өнеркәсібі әлемдік бағаның төмендеуінен зардап шеккенде, Үкімет әлемдік деңгейдегі орхидея өсіру индустриясын дамыту үшін 65 миллион АҚШ долларын құрайтын инвестициялық бағдарламамен жауап берді. Инвестиция салуды немесе салмауды қарайтын жекелеген фермерлер өздерінің жылыжайларына қажетті инфрақұрылым мен денсаулық сақтау жүйелері қызмет көрсететініне және гүлдерін нарыққа жеткізу үшін заманауи тоңазытқыштар желісі болатынына сенімді болуы керек еді. Бұл мәселені шешу үшін Тайвань Үкіметі орхидея өсіру экожүйесінің негізгі элементтеріне, мысалы, генетикалық зертхана, карантиндік учаске, жөнелту және орау үшін арнайы аймақтар құруға инвестиция салды. Тайвань орхидеялары индустриясы осы инвестициялардың арқасында дамыды, 2019 жылы шамамен 200 миллион АҚШ долларын экспорттады, бұл елдің жалпы гүлдер мен көшеттер экспортының шамамен 90 % құрайды. ЕҚДБ жеке сектордың инвестицияларын әлеуетті түрде іске қосу үшін мемлекеттік сектордың көрсетілетін қызметтері бойынша консультациялық қызметтерді әлеуетті түрде ұсына алатын еді.

      Табысты бизнес-модельдерді (автомобиль жасау, бөлшек сауда, қонақ үй бизнесі, қоғамдық тамақтану, білім беру және т.б.) кеңейту және көрсетілетін қызметтер мен өнімдердің сапа стандарттарын жақсарту құралы ретінде отандық франчайзингті құруға және қаржыландыруға көмектесу. ЕҚДБ Орталық Азияда және басқа елдерде тиісті тәжірибеге ие.

      Консультациялық және технологиялық қолдау арқылы жергілікті және сыртқы нарықтарда отандық брендтерді дамыту мен ілгерілетуді қолдау.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады