"Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Инновациялық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағының атауы "Almaty Innovation & Financial Zone" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – "Almaty Innovation & Financial Zone" АЭА) деп өзгертілсін.
2. "Almaty Innovation & Financial Zone" АЭА-ның жұмыс істеу мерзімі осы қаулымен бекітілген нысаналы индикаторларға қол жеткізу шартымен 2049 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылсын.
3. Қоса беріліп отырған:
1) "Almaty Innovation & Financial Zone" АЭА туралы ереже;
2) "Almaty Innovation & Financial Zone" АЭА нысаналы индикаторлары бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 22 маусымдағы № 538 қаулысымен бекітілген |
"Almaty Innovation & Financial Zone" арнайы экономикалық аймағы туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Almaty Innovation & Financial Zone" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) осы Ережеге қосымшаға сәйкес шекарада Алматы қаласының аумағында орналасқан.
АЭА аумағы 256,05 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.
2. АЭА:
1) өнімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті заманауи өндірістерді жедел дамыту, көрсетілетін қызметтерді ұсынудың жаңа сапалық деңгейін қалыптастыру, экономика және өңір салаларына инвестициялар тарту, жаңа технологияларды ендіру, сондай-ақ халықтың жұмыспен қамтылуын арттыру;
2) өңдеу өнеркәсібін дамыту және қосылған құны жоғары өнімдерді өндіру;
3) ұтымды географиялық орналасуын көлік пен логистиканы дамыту үшін пайдалану;
4) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, телекоммуникация мен байланысты, электроника мен аспап жасауды, жаңартылатын энергия көздерін, ресурстарды үнемдеу мен табиғатты тиімді пайдалануды, сондай-ақ түрлі мақсаттағы материалдарды жасау және қолдану, мұнай мен газды өндіру, тасымалдау және қайта өңдеу саласындағы технологияларды қоса алғанда, салаларды технологиялық дамыту мақсатында құрылады.
3. АЭА қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Заң) және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен реттеледі.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамада қамтылғаннан өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
4. АЭА аумағында арнайы құқықтық режим белгіленеді.
2-тарау. "Almaty Innovation & Financial Zone" арнайы экономикалық аймағын басқару
5. АЭА-ны басқару Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
3-тарау. "Almaty Innovation & Financial Zone" арнайы экономикалық аймағының аумағында салық салу
6. АЭА аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.
4-тарау. Кедендік реттеу
7. АЭА аумағында немесе оның бір бөлігінде еркін кеден аймағының кедендік рәсімі қолданылады.
8. Еркін кеден аймағының кедендік рәсімі қолданылатын АЭА аумағы кедендік бақылау аймағының болып табылады. АЭА аумағы кедендік бақылау жүргізу мақсатында жайластырылуы тиіс. АЭА аумағын жайластыруға қойылатын талаптарды, оның ішінде осындай аумақтың периметрін қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
5-тарау. Шетел азаматтарының "Almaty Innovation & Financial Zone" арнайы экономикалық аймағының аумағында болу тәртібі
9. АЭА аумағында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ олардың көлік құралдарының Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімдерде белгіленген кіру, шығу, транзитпен өту және болу тәртібі қолданылады.
6-тарау. Қорытынды ережелер
10. Осы Ережеде белгіленген шарттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен өзгертілуі мүмкін.
11. АЭА Заңда көзделген негіздер бойынша таратылады.
12. АЭА құрылған мерзімнің аяқталуына байланысты оны таратқан кезде Алматы қаласының әкімдігі:
1) көрсетілген мерзім өткенге дейін кемінде үш айдан кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында АЭА-ның алдағы таратылуы, оның таратылуына байланысты өтініштер мен наразылықтарды қабылдау тәртібі мен мерзімдері туралы хабарландыру жариялайды;
2) қызметін АЭА аумағында жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға аумағында орналасқан тауарларды өзге кедендік рәсіммен қайта рәсімдеу тәртібін түсіндіруді қамтамасыз етеді;
3) АЭА таратылғаннан кейін бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасының Үкіметіне АЭА қызметінің нәтижелері туралы есепті ұсынады.
13. АЭА Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен мерзімінен бұрын таратылған кезде рәсім осы Ереженің 12-тармағында көзделген рәсімдер сақтала отырып, алты ай мерзімнен кешіктірілмей аяқталуға тиіс.
14. АЭА-ның осы Ережемен реттелмеген қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
| "Almaty Innovation & Financial Zone" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге қосымша |
"Almaty Innovation & Financial Zone" арнайы экономикалық аймағы шекарасының жоспары

Р/с | Аймақтардың атауы: | Ауданы, гектар |
1. |
Өнеркәсіптік аймақ | 182,52 |
2. | "Almaty Financial & Business District" қосалқы аймағы | 73,53 |
Жиыны: | 256,05 |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 22 маусымдағы № 538 қаулысымен бекітілген |
"Almaty Innovation & Financial Zone" арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары
Р/с | Мақсаттар, міндеттер және көрсеткіштер | Өлшем бірлігі* | Базалық кезең (2025 жыл) | 2030 жылға қарай нысаналы индикаторға қол жеткізу |
2035 |
2040 |
2049 |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 9 |
1. | Инвестициялардың жалпы көлемі, оның ішінде: | млрд теңге | 302,6 | 1120 | 1850 | 2000 | 2120 |
1.1. | шетелдік инвестициялар көлемі |
млрд | 12 | 120 | 300 | 450 | 636 |
1.2. | отандық инвестициялар көлемі |
млрд | 290,6 | 800 | 1 000 | 1 200 | 1484 |
2. | АЭА аумағында тауарларды және көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі |
млрд | 1227,5 | 1250 | 1280 | 1300 | 1370 |
3. | Қатысушылар (компаниялар) саны | бірл. | 193 | 190 | 210 | 230 | 280 |
4. | Қызметтің қосалқы түрін жүзеге асыратын адамдардың саны | адам | 5 | 2000 | 6700 | 10500 | 17000 |
5. | АЭА аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны | адам | 7258 | 13100 | 20600 | 28000 | 43000 |
6. | АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі | % | 50 | 55 | 60 | 65 | 70 |
* - индикаторлардың көрсеткіштері өсу қорытындысымен келтірілген.