ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту" ұлттық жобасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 1102 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту" ұлттық жобасында (бұдан әрі – Ұлттық жоба):
"Паспорт" деген 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Паспорт
1. | Атауы | "Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту" ұлттық жобасы |
2. | Әзірлеу үшін негіз | Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының тармақтарын орындау бойынша бақылауды бекітудің 27-тармағы |
3. | Ұлттық жобаны әзірлеудің мақсаты | Халыққа коммуналдық қызметтерді сенімді әрі сапалы көрсетуді және ел экономикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасында энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды (желілер мен объектілерді) жаңғырту |
4. | Іске асыру мерзімі | 2025 – 2029 жылдар |
Күтілетін әлеуметтік-экономикалық әсер, игілік алушылар үшін пайда | Қазақстан Республикасының энергетикалық және коммуналдық секторларын жаңғырту | |
Күтілетін экономикалық әсер (сапа мен сан түрінде) |
Энергетикалық және коммуналдық секторлардың қолданыстағы активтерін жаңғырту және жаңарту, оның ішінде: | |
5. | Күтілетін әлеуметтік әсер (сапа мен сан түрінде) | Авариялар деңгейін 20 %-ға, энергетикалық және коммуналдық активтердің тозу деңгейін ел бойынша орта есеппен 40 %-ға дейін төмендету |
6. | Ұлттық жобаны іске асыру үшін қажетті қаржыландыру көлемі |
Барлық инвестиция – 13588 млрд теңге, оның ішінде: |
7. | Ұлттық жобаны әзірлеушінің атауы | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі |
8. | Ұлттық жобаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың атауы |
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі |
9. | Ұлттық жобаның жетекшісі және кураторы |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев |
";
"Ағымдағы жағдай" деген 2-тармақтың "Газбен жабдықтау" деген бөлімінің үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұдан басқа, абоненттік базаға қызмет көрсетуге және биллинг процестеріне жұмсалатын шығын жыл сайын ұлғаюда, бұл тұтынушылар санының өсуімен, қолеңбек режимінде басқарылатын операциялар ауқымына және ескірген цифрлық жүйелерді үнемі сүйемелдеу қажеттігіне байланысты. Бұл ретте қолданыстағы тарифтерге көрсетілген шығыстардың бәрі бірдей енгізілмеген, бұл қосымша қаржылық жүктеме тудырады және газ тарату ұйымдарының орнықты жұмыс істеуін қиындатады.";
"Халыққа әлеуметтік көмек көрсету" деген бөлімнің бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2024 жылдан бері тұрғын үй көмегі табысы аз 6196 отбасыға тағайындалды, оның жалпы сомасы 140 млн теңгеден астам, өтініш қабылдау "Цифрлық үкімет" порталы және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүргізіледі. 2025 жылғы пилоттық жобаны сынақтан өткізуді аяқтау қорытындысы бойынша ӨҚМ Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларына тиісті өзгерістер енгізетін болады, бұл мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу рәсімін жеңілдете отырып, тұрғын үй көмегін автоматтандырылған режимде көрсетуге мүмкіндік береді.";
"Мақсат, міндеттер және нәтижелер көрсеткіштері" деген 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мақсат, міндеттер және нәтижелер көрсеткіштері
Р/с | Міндет, нәтиже көрсеткіштері | Өлшем бірлігі | Ақпарат көзі | Өткен жылғы факт | Ағымдағы жылға бағалау | Нәтиже көрсеткіштері (жоспар), жылдар бойынша | |||||||
2025 | 2026 | 2027 | 2028 | 2029 | |||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | |||
Мақсат: 2025 – 2029 жылдары халыққа коммуналдық қызметтерді сенімді әрі сапалы көрсету және ел экономикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін электрмен және жылумен жабдықтау (жылу энергиясын өндіру, беру және өткізу), сумен жабдықтау және су бұру желілері мен объектілерін жаңартуды қамтитын энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін Ұлттық жобаны іске асыруда 5 міндетті іске асыру көзделген 4 түйінді бағыт бойынша жүзеге асырылатын болады | |||||||||||||
1-бағыт. Энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және салу | |||||||||||||
1-міндет. Энергетикалық және коммуналдық секторлардың инфрақұрылымын (желілері мен объектілерін) жаңғырту және салу | |||||||||||||
1-көрсеткіш. Жылумен жабдықтау желілерінің тозу деңгейі | % | ЭМ, ЖАО, ҰЭМ | 54 % | 52 % | 50 % | 48 % | 45 % | 43 % | 42 % | ||||
2-көрсеткіш. Электрмен жабдықтау желілерінің тозу деңгейі | % | ЭМ, ЖАО, ҰЭМ | 76 % | 74 % | 67 % | 62 % | 57 % | 52 % | 45% | ||||
3-көрсеткіш. Сумен жабдықтау желілерінің тозу деңгейі | % | ӨҚМ, ЖАО, ҰЭМ | 40 % | 39 % | 38 % | 37 % | 35 % | 34 % | 33 % | ||||
4-көрсеткіш. Су бұру желілерінің тозу деңгейі | % | ӨҚМ, ЖАО, ҰЭМ | 56 % | 55 % | 53 % | 49 % | 44 % | 42 % | 41 % | ||||
5-көрсеткіш. Жаңа энергетикалық қуаттарды іске қосу көлемі | МВТ | ЭМ, ЖАО | - | 36 | 2 554 | 3 279 | 5 039 | 7 309 | |||||
6-көрсеткіш. Жаңа кәріздік тазарту құрылысжайларын енгізу | бірлік | ӨҚМ, ЭТРМ, ЖАО | - | 0 | 3 | 23 | 15 | 4 | |||||
2-міндет. Цифрландырудың кешенді бағдарламасын әзірлеу және іске асыру | |||||||||||||
1-көрсеткіш. Ұлттық жоба жобаларының жаңғыртылатын және салынып жатқан энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылым объектілерін электр энергиясын, жылу энергиясын, сумен жабдықтау мен су бұруды есепке алу аспаптарымен және автоматтандырылған жүйелерімен қамту | % | ӨҚМ, ЭМ, ЖАО | 100 % | 100 % | 100 % | 100 % | 100 % | ||||||
2-көрсеткіш. Деректер қашықтан берілетін есепке алу аспаптарымен жарақтандырылған электр энергиясын есепке алу нүктелерінің үлесі | % | ЭМ | 17 % | 32 % | 51 % | 76 % | 100 % | ||||||
3-көрсеткіш. Деректер қашықтан берілетін есепке алу аспаптарымен жарақтандырылған жылу энергиясын есепке алу нүктелерінің үлесі | % | ЭМ | 17 % | 22 % | 30 % | 50 % | 75 % | 100 % | |||||
4-көрсеткіш. Деректер қашықтан берілетін есепке алу аспаптарымен жарақтандырылған сумен жабдықтауды есепке алу нүктелерінің үлесі | % | ӨҚМ | 71 % | 77 % | 83 % | 88 % | 94 % | 100 % | |||||
5-көрсеткіш. ТП БАЖ жабдықталған коммуналдық-энергетикалық инфрақұрылым объектілерінің үлесі | % | ЭМ | 22 % | 27 % | 40 % | 90 % | 80 % | 100 % | |||||
6-көрсеткіш. "Energy tech" салалық киберқауіпсіздік орталығымен қамтылған субъектілердің үлесі | % | ЖИЦДМ, ЭМ | 10 % | 20 % | 40 % | 60 % | 100 % | ||||||
7-көрсеткіш. "Water Tech" салалық киберқауіпсіздік орталығымен қамтылған субъектілердің үлесі | % | ЖИЦДМ, ӨҚМ | 10 % | 20 % | 40 % | 60% | 100 % | ||||||
8-көрсеткіш. Зияткерлік энергия жүйесімен (SmartGrid) қамтамасыз етілген жүйелік оператордың цифрлық инфрақұрылым объектілерінің үлесі | % | ЭМ, ЖИЦДМ | 43,6 % | 50 % | 60 % | 70% | 80% | 90 % | |||||
2-бағыт. Энергетикалық және коммуналдық секторлардың инвестициялық тартымдылығын арттыру | |||||||||||||
3-міндет. Қаржыландырудың орнықты және қолжетімді тетігін құру | |||||||||||||
1-көрсеткіш. Ұлттық жобаның талаптарына сәйкес келетін және қаржыландырушы ұйымға құжаттардың толық топтамасын ұсынған ТМС жобаларының жеңілдікті қаржыландырумен қамтамасыз етілу деңгейі | % | ҰЭМ, Қаржымині, ҚНРДА (келісу бойынша), ҰБ (келісу бойынша), "Бәйтерек" ҰИХ" АҚ (келісу бойынша), ЖАО | - | - | 100 % | 100 % | 100 % | 100 % | 100 % | ||||
3-бағыт. Елішілік құндылықты арттыру | |||||||||||||
4-міндет. ОТӨ өнімінің барынша пайдаланылуын қамтамасыз ету | |||||||||||||
1-көрсеткіш. Ұлттық жоба жобалары шеңберінде өнім берушілердің жалпы санындағы ОТӨ үлесі | % | ӨҚМ | - | - | 20 % | 30 % | 40 % | 50 % | 60 % | ||||
4-бағыт. Тарифтер көтерілген кезде халықтың шығыстарын өтеу тетіктері | |||||||||||||
5-міндет. Халық шығысына тарифтік жүктеменің әсерін жұмсарту | |||||||||||||
1-көрсеткіш. Өтінім бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерге өтемақы төлеу бөлігінде табысы аз тұрғындарды тұрғын үй көмегі арқылы қамту үлесі | % | ӨҚМ, Еңбекмині | 100 % | 100 % | 100 % | 100 % | 100 % | ||||||
";
"Әлеуметтік-экономикалық тиімділік, игілік алушылар үшін пайда" деген 4-кестеде:
1.1-жолда орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
2.1-жолда орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
"Ресурстар" деген 5-кестенің тақырыбында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
"Жауаптылық пен өкілеттіктерді бөлу" деген 6-тармақтың "Цифрландырудың кешенді бағдарламасын әзірлеу және іске асыру" деген 2-міндетінде:
реттік нөмірлері 12, 13 және 14-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
12 | 6-көрсеткіш. "Energy tech" салалық киберқауіпсіздік орталығымен қамтылған субъектілердің үлесі | Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Гиззат Сейдахметович Байтұрсынов, Республикасының Энергетика вице-министрі Сұңғат Қуатұлы Есімханов | ЖИЦДМ, ЭМ – үйлестіру, мониторинг, түзету бойынша ұсыныстар енгізу, есептілікті дайындау |
13 | 7-көрсеткіш. "Water Tech" салалық киберқауіпсіздік орталығымен қамтылған субъектілердің үлесі | Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Гиззат Сейдахметович Байтұрсынов, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Жұмабекұлы Қажкенов | ЖИЦДМ, ӨҚМ – үйлестіру, мониторинг, түзету бойынша ұсыныстар енгізу, есептілікті дайындау |
14 | 8-көрсеткіш. Зияткерлік энергия жүйесімен (SmartGrid) қамтамасыз етілген жүйелік оператордың цифрлық инфрақұрылым объектілерінің үлесі | Республикасының Энергетика вице-министрі Сұңғат Қуатұлы Есімханов, Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Гиззат Сейдахметович Байтұрсынов | ЭМ, ЖИЦДМ – үйлестіру, мониторинг, түзету бойынша ұсыныстар енгізу, есептілікті дайындау |
";
"Шешу жолдары: энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және салу жөніндегі жобаларды іске асыру тәртібі мен тетіктері" деген бөлімнің "Энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және салу" деген 1-бағытында:
"Энергетикалық және коммуналдық секторлардың инфрақұрылымын (желілері мен объектілерін) жаңғырту және салу" деген 1-міндетте:
"Техникалық оператор" деген бөлімнің алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Техникалық оператор жобаларды іске асыру кезінде киберқауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.";
"Қаржы операторы" деген бөлімнің үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұдан бөлек, қаржы операторы еншілес ұйымдары арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 385 қаулысымен бекітілген астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алу мақсаттарының тізбесіне сәйкес ЖАО-ның облигациялық қарыздары арқылы ТМС-ны тікелей қаржыландыру және ТМС-ны қаржыландыру тетіктерін іске асыру жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.";
"Энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және салу жөніндегі жобаларды іске асыру тәртібі" деген бөлімнің "Жобаға бастама жасау" деген 1-тармағының он үшінші және он төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"Киберқауіпсіздік талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілген жүйелерді жобалау, құру және пайдалану кезінде ескерілуге тиіс.
Халыққа тұрғын үй көмегін көрсету процестерін автоматтандыруға, мемлекеттік платформалар арқылы коммуналдық инфрақұрылымды басқаруға және Бірыңғай дерекқормен интеграциялауға байланысты жобалар шеңберінде цифрлық жүйелерді әзірлеу және енгізу кезінде азаматтардың дербес деректерінің қорғалуын қамтамасыз ету қажет.";
"Цифрландырудың кешенді бағдарламасын әзірлеу және іске асыру" деген 2-міндетте:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Түпкілікті тұтынушыларда деректер қашықтан берілетін есепке алу аспаптарын орнату жөніндегі жобалар толық аяқталғанға дейін (2 жылдан 5 жылға дейін) газды, суды, жылу мен электр энергиясын есепке алудың интеграцияланған бірыңғай цифрлық жүйесінде механикалық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін қабылдау функционалын іске асыру мүмкіндігін көздеу қажет.";
жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Энергия тұтыну деңгейін талдау үшін инженерлік желілер бойынша МҚКҚ ААЖ-бен және "Мемлекеттік энергетикалық тізілім" ААЖ-бен интеграциялау қамтамасыз етіледі, сондай-ақ барлық процестерді цифрландыру жүргізіліп, суды, газды, жылу мен электр энергиясын есепке алудың интеграцияланған бірыңғай цифрлық жүйесінің архитектурасын құру жөнінде шаралар қабылданады.";
"Энергетикалық және коммуналдық секторлардың инвестициялық тартымдылығын арттыру" деген 2-бағыттың "Тұрақты және қолжетімді қаржыландыру тетігін құру" деген 3-міндетінде:
"Тетіктер бойынша қаржыландыру шарттары" деген бөлімнің "ТМС-ны тікелей кредиттеу" деген 1-тетігінде:
"ҚДБ" АҚ ТМС-ны мынадай шарттармен қаржыландыратын болады:" деген кестеде:
реттік нөмірі 4-жолда орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
реттік нөмірі 7-жолда орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
9 | Қарыз алушының өзінің қатысу мөлшері |
жоба құнының 10 %-ына дейін |
";
реттік нөмірлері 11, 12 және 13-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
11 | "ҚДБ" АҚ комиссиясы | қолданылмайды |
12 | Қарыз алушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету | "ҚДБ" АҚ талаптарына сәйкес қамтамасыз етумен толық қамту |
13 | Қарыз алушы тарапынан міндеттемелер | "ҚДБ" АҚ талабы бойынша "ҚДБ" АҚ, қарыз алушы және агент банк арасында "ҚДБ" АҚ талаптарына сәйкес қарыз алушының шығыс операцияларының жасалуын бақылау туралы келісім жасасу |
";
"ҚТК" АҚ арқылы ЖАО МБҚ сатып алу тетігі есебінен ТМС (мемлекеттік, коммуналдық және квазимемлекеттік секторға тиесілі) қаржыландыру" деген 2-тетікте:
"ЖАО шығарған МБҚ-ны "ҚТК" АҚ мынадай шарттармен сатып алатын болады:" деген кестеде:
реттік нөмірі 8-жолда орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
реттік нөмірі 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
11 | Мониторинг | ЖАО ай сайынғы негізде ТМС-дан деректерді (қаражаттың игерілуі, құрылыс барысы және өзге де ақпарат туралы мәліметтер) алуды және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен "ҚТК" АҚ цифрлық жүйесіне деректер енгізуді қамтамасыз етеді. Бұл ретте деректерді енгізу құрылыс кезеңінде де (қаражаттың игерілуі, құрылыс барысы және т.б. туралы мәліметтер), сондай-ақ пайдалану кезеңінде де қамтамасыз етіледі. ЖАО осы талапты орындамаған жағдайда "ҚТК" АҚ уәкілетті органмен келісу бойынша облигациялық қарыздарды одан әрі беруді шектейді |
";
"ТМС инфрақұрылымдық облигацияларын жеке сектордан сатып алуы" деген 6-тетікте:
реттік нөмірі 7-жолда орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) цифрлық жүйеге тұтынылатын көрсетілетін қызметтердің көлемі бойынша әрбір абонент туралы деректерді енгізуді қамтамасыз ету;";
"Заңнамалық реттеу" деген бөлімде:
"Процесті цифрландыру" деген 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Процесті цифрландыру
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және өзге де заңнамада, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерде мынадай бөлігінде:
процесті регламенттеу;
энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту кезінде бизнес-процестерді автоматтандыруды қамтамасыз ету;
аспап орнатуды және цифрландыруды қамтамасыз ету ерекшеліктерін бекіту;
энергия ресурстарын тұтынуды есепке алудың автоматтандырылған жүйелерімен деректерді қашықтан беру аспаптарын енгізу;
цифрлық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің және технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің киберқауіпсіздігі;
мыналарға:
энергетикалық және су ресурстарын тұтынуды есепке алудың автоматтандырылған жүйелеріне қосылған деректерді қашықтан беретін есепке алу аспаптарынан деректерді алуды қамтамасыз ететін цифрлық жүйелерге;
деректерді қашықтан беретін есепке алу аспаптарын орнату және энергетикалық және су ресурстарын тұтынуды есепке алудың автоматтандырылған жүйелеріне қосу кезінде байланыс сапасына талаптарды белгілеу;
Ұлттық жоба бойынша техникалық және қаржы операторларын айқындау;
Ұлттық жобаны іске асыру үшін қажетті өзге де түзетулер.";
Ұлттық жобаға 1-қосымшада:
реттік нөмірі 132-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
132 | "Smart Turmys" АЖ шеңберінде барлық процестерді "Мемградкадастр" ААЖ-бен, "Мемлекеттік энергетикалық тізілім" ААЖ-бен, "EnergyTech", "Water Tech", БЕО-мен және басқа да деректер базасымен интеграциялай отырып, цифрландыру жүргізумен суды, жылуды және электр энергиясын есепке алудың бірыңғай интеграцияланған цифрлық жүйесінің архитектурасын құру | млн теңге | ӨҚМ | 2029 жыл | 500 | 500 | 200 | 200 | 200 | 1 600 | 1 600 |
";
реттік нөмірлері 139, 140, 141, 142, 143, 144, 145, 146 және 147-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
139 | Суды тұтынуды есепке алудың автоматтандырылған жүйесінен деректерді шоғырландыру үшін сумен жабдықтауды басқарудың цифрлық жүйесін (WaterTech) құру және сүйемелдеу | млн теңге | ӨҚМ | 2029 жыл | 500 | 500 | 200 | 200 | 200 | 1 600 | 1 600 | ||||
140 | Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы "МЭТ" ААЖ-ды бірыңғай АЖ-ге трансформациялау | млн теңге | ӨҚМ, "ҰЭҮО" АҚ | 2027 жыл | 450 | 150 | 150 | 750 | 750 | ||||||
6-көрсеткіш. "Energy tech" салалық киберқауіпсіздік орталығымен қамтылған субъектілердің үлесі | % | ЖИЦДМ, ЭМ | 2029 жыл | 10% | 20% | 40% | 60% | 100% | |||||||
141 | Салалық киберқауіпсіздік орталығын құру | млн теңге | ЖИЦДМ, ЭМ | 2027 жыл | 1 050 | 1 050 | 1 400 | 3 500 | 3 500 | ||||||
142 | Цифрлық инфрақұрылым операторын құру | млн теңге | ЖИЦДМ, ЭМ | 2029 жыл | 5 250 | 5 250 | 5 250 | 5 250 | 5 250 | 26 250 | 26 250 | ||||
143 | Цифрлық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің және технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің киберқауіпсіздігі және олардың сақталуын тиімді бақылау әдістері бойынша нормативтік құқықтық актілер мен стандарттарды әзірлеу | млн теңге | ЖИЦДМ, ЭМ | 2026 жыл | 510 | 340 | 850 | 850 | |||||||
7-көрсеткіш. "Water Tech" салалық киберқауіпсіздік орталығымен қамтылған субъектілердің үлесі | % | ЖИЦДМ, ӨҚМ | 2029 жыл | 10% | 20% | 40% | 60% | 100% | |||||||
144 | Салалық киберқауіпсіздік орталығын құру | млн теңге | ЖИЦДМ, ӨҚМ | 2027 жыл | 1 050 | 1 050 | 1 400 | 3 500 | 3 500 | ||||||
145 | Цифрлық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің және технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің киберқауіпсіздігі және олардың сақталуын тиімді бақылау әдістері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу | млн теңге | ЖИЦДМ, ӨҚМ | 2026 жыл | 510 | 340 | 850 | 850 | |||||||
8-көрсеткіш. Зияткерлік энергия жүйесімен (SmartGrid) қамтамасыз етілген жүйелік оператордың цифрлық инфрақұрылым объектілерінің үлесі | % | ЭМ, ЖИЦДМ | 2030 жыл | 43,6% | 50 % | 60 % | 70 % | 80 % | 90 % | ||||||
146 | Технологиялық цифрлық жүйелерді (SCADA/EMS, ЭЭТНЖ, WAMS/WACS, ЖҚАР, МжБЖ және т.б.) құру және жаңғырту | млн теңге | ЭМ, ЖИЦДМ | 2030 жыл | 1 545 | 694 | 4 927 | 6 088 | 6 192 | 19 446 | 19 446 | ||||
147 | Жүйелік оператордың цифрлық инфрақұрылым объектілерін құру және жаңғырту | млн теңге | ЭМ, ЖИЦДМ | 2030 жыл | 5 235 | 2 539 | 6 691 | 5 968 | 4 759 | 25 192 | 25 192 |
";
"Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуында" 9-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"ЖАО – астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары";
2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Ұлттық жобаны іске асыруға жауапты орталық, жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар (келісу бойынша):
1) Ұлттық жобаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне Ұлттық жобаның орындалу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.
4. Осы қаулы:
2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының төртінші, бесінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, қырқыншы, қырық бірінші, қырық екінші, қырық үшінші, елуінші, елу бірінші, елу бесінші, елу алтыншы, жетпіс сегізінші және жетпіс тоғызыншы абзацтарын;
2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, елу екінші, елу үшінші, елу жетінші, елу сегізінші, елу тоғызыншы, алпысыншы, алпыс бірінші, алпыс екінші, алпыс үшінші, алпыс төртінші, алпыс бесінші, алпыс алтыншы, алпыс жетінші, алпыс сегізінші, алпыс тоғызыншы, жетпісінші, жетпіс бірінші, жетпіс екінші, жетпіс үшінші, жетпіс төртінші, жетпіс бесінші, жетпіс алтыншы және жетпіс жетінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 1 шілдедегі № 566 қаулысына қосымша "Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту" ұлттық жобасына 2-қосымша |
Өтпелі ережелер
Өтпелі кезең жобаларының тізбесіне енгізу үшін 2025 жылы мәлімделген жобалар ұсынылған материалдардың толықтығы, сондай-ақ осы қаулыда және оған қосымшада көзделген құжаттардың, оның ішінде:
1) қажет болған жағдайда жобалау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосылуға арналған техникалық шарттарды, сондай-ақ техникалық қарап-тексеру нәтижелері бойынша қорытындыны қамтитын ЖСҚ-ның;
2) ЖСҚ-ның кешенді ведомстводан тыс сараптамасының оң қорытындысының;
3) ақаулық актілерінің және аварияларды тіркеу журналдарының көшірмелері қоса беріліп, жылдар бойынша көрсете отырып, соңғы үш жыл ішінде орын алған авариялар, технологиялық бұзушылықтар және ажырату жағдайлары туралы мәліметтердің;
4) қажет болған жағдайда – табиғи монополия субъектісі (бар болса), жобаның маңыздылығы, инфрақұрылымның тозу дәрежесі туралы мәліметтерді, сондай-ақ отандық өндіріс өнімінің қолданылуы және (немесе) шетелде шыққан материалдар туралы деректерді қамтитын түсіндірме жазбаның;
5) жеке сипаттамалары мен іске асырылу ерекшеліктері ескеріле отырып, жобаны қарау барысында ұсынылуы қажет деп танылуы мүмкін өзге де құжаттардың болуы тұрғысынан қаралуға тиіс.
Өтпелі кезең жобаларының тізбесіне енгізу үшін 2025 жылы мәлімделген жобаларды қарау "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, сондай-ақ қолданыстағы құрылыс нормаларын, стандарттары мен қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
2025 жылы ЖСҚ әзірленіп, ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы алынған жобалар қаралуға тиіс.
ЖАО балансындағы объектілерге қатысты ТМС ұсынған өтінімдер де қарауға қабылданады.
Қаржы операторы Ұлттық жобаны іске асыру мақсатында өтінімдерді "Бәйтерек" ҰИХ" АҚ bgov.kz ішкі жүйесі, қаржы институтының жеке кабинеті, ішкі электрондық құжат айналымы жүйесі, электрондық пошта арқылы ("Самұрық-Қазына Контракт" ЖШС базасында электрондық платформа пайдалануға берілгенге дейінгі уақытша шара ретінде), сондай-ақ қағаз жеткізгіште қабылдайды.
Бұл ретте жобаларды салу және іске асыру процестерін жеделдету мақсатында көрсетілген өтпелі кезеңде өтінімдерді қарау тәртібі Ұлттық жобаның бекітілген құжаттамасында белгіленген рәсімдерден өзгеше болады.
Мемлекеттік бағалы қағаздар (бұдан әрі – МБҚ) есебінен қаржыландыру
МБҚ тетігі бойынша қаржыландыру қаржы операторының жолдауын алғаннан кейін жүзеге асырылады:
ӨҚМ және ЭМ жолданатын жобаларды бөлу;
техникалық оператордың және тарифтік реттеушінің оң қорытындыларын алу.
Бұған қоса, кейіннен өтпелі кезеңде іске асыруды жалғастыра отырып, 2025 жылы қаржыландыру ЖАО МБҚ сатып алу тетігі арқылы басталған жобаларға қатысты ЖАО және (немесе) коммуналдық және квазимемлекеттік секторларға жататын ТМС тапсырыс берушінің сарқынды суларды тазарту құрылысжайларының кешендерін, сондай-ақ сумен, электрмен, жылумен жабдықтау (жылу энергиясын өндіру, беру және өткізу) және су бұру желілері мен жүйелерін қаржыландыру, реконструкциялау және (немесе) күрделі жөндеу бойынша функцияларын жүзеге асыруға құқылы.
Көрсетілген қызмет Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес және энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту бойынша жобаларды іске асыруды жеделдету мақсатында нарықтық жағдайларда орналастырылатын облигациялық қарыздар есебінен жүзеге асырылады.
Жобаларды облигациялық қарыздарды нарықтық жағдайларда орналастыру арқылы тартылатын қаражат есебінен қаржыландыруды ЖАО және (немесе) коммуналдық және квазимемлекеттік секторларға жататын ТМС жүзеге асырады.
ЖАО және (немесе) ТМС Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тазарту құрылысжайлары кешендерін, сондай-ақ сумен, электрмен, жылумен жабдықтау (жылу энергиясын өндіру, беру және өткізу) және су бұру желілері мен жүйелерін қаржыландыру, реконструкциялау және (немесе) күрделі жөндеу бойынша тапсырыс берушілер болуға құқылы.
ЖАО-ға ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы бар ЖСҚ-да көзделген құн шегінде шығыстардың бір бөлігін жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қоса қаржыландыруды жүзеге асыру құқығы беріледі.
ЖАО "ҚТК" АҚ акционерлік қоғамы алдындағы нарықтық жағдайларда орналастырылатын МБҚ бойынша міндеттемелердің, оның ішінде ТМС тарапынан міндеттемелер орындалмаған жағдайларда толық және уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді.
Тазарту құрылысжайлары кешендерін, сумен жабдықтау және су бұру желілері мен жүйелерін реконструкциялауды және (немесе) күрделі жөндеуді қоса алғанда, жобаларды және қаржыландыру көлемін келісуді ЖАО құрылыс саласындағы уәкілетті орган бекітетін бөлуге сәйкес бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару саласындағы уәкілетті органдар тиісті қаржы жылына белгілеген борыш лимиттері шегінде жүзеге асырады.
Сол сияқты электрмен және жылумен жабдықтау (жылу энергиясын өндіру, беру және өткізу) желілері мен жүйелеріне қатысты жобаларды келісу энергетика саласындағы уәкілетті орган бекітетін бөлуге сәйкес, сондай-ақ борыштың бекітілген лимиттері шегінде жүргізіледі.
ТМС мен табиғи монополияларды реттеу саласындағы уәкілетті орган арасында тарифтің қолданылу кезеңіне жыл сайынғы өсуі туралы жасалған келісім болмаған жағдайда, сондай-ақ Республикалық бюджет комиссиясының қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін жабу үшін субсидиялар бөлу туралы шешімі болмаған кезде ЖАО жергілікті бюджет қаражатын пайдалану мүмкіндігін қоса алғанда, МБҚ бойынша міндеттемелердің тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.
ЖАО МБҚ шығару тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 271 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36181 болып тіркелген) Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидаларында айқындалған.
Қазақстанның Даму Банкі (бұдан әрі – ҚДБ) арқылы қаржыландыру
"ҚДБ" АҚ арқылы қаржыландыру қаржы операторының жолдауын және техникалық оператор мен тарифтік реттеушінің қорытындысын алғаннан кейін "ҚДБ" АҚ-ға жіберілетін өтінімдер негізінде жүзеге асырылады.
Бұл ретте қаржыландыруға берілген жобалардың бір бөлігі белгіленген іріктеу өлшемшарттарына, абоненттік база деңгейіне қойылатын талаптарға, Ұлттық жоба шеңберінде қарау рәсімдеріне және EPC немесе EPC+F шарттарының талаптарына сәйкес келмеген, бұл мынадай факторларға:
дайын өнім берушілер мен мердігерлік ұйымдардың болуына;
ЖСҚ-ның әзір болуына;
жылыту маусымы басталғанға дейін шұғыл шаралар қабылдау қажеттігіне байланысты.
Көрсетілген жобалар іске асырылу мерзімдері, техникалық әзірлігі және орындау басымдылығы ескеріле отырып, жеке тәртіппен қаралуға тиіс.
Республикалық бюджет комиссиясының қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін ішінара өтеу үшін субсидиялар бөлу туралы шешімі болмаған жағдайда ТМС сыйақының субсидияланбайтын бөлігін төлеуді қоса алғанда, қаржы институттары алдындағы міндеттемелерінің уақтылы әрі толық орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.
Ұлттық жобаны іске асыру мақсатында "ҚТК" АҚ субсидиялауға арналған өтінімдерді ішкі электрондық құжат айналымы жүйесімен электрондық пошта арқылы, сондай-ақ "Самұрық-Қазына Контракт" ЖШС базасында электрондық платформаны пайдалануға бергенге дейін уақытша шара ретінде қағаз түрінде қабылдайды.
Жобалардың тізбесі:
Р/с | Атауы | Өңір | Табиғи монополия субъектісінің атауы | Өлшем бірлігі | Қаржыландырудың барлығы |
2025 | 2026 жыл | 2027 жыл | 2028 жыл | 2029 жыл |
1 | Павлодар қаласында ЖЭО-1 – НО-52 учаскесінде өткізу қабілетін ұлғайта отырып (Ду1000 дейін), жаңа ТМ-20А жылу магистралін салу | Павлодар облысы | "Павлодар жылу желілері" ЖШС | млн теңге | 9 743 | 9 743 | ||||
2 | "Қарағанды Су" ЖШС су тазарту кешенінің 2, 3-кезегінің негізгі құрылысжайлары блоктарын реконструкциялау | Қарағанды облысы | "Қарағанды су" ЖШС | млн теңге | 15 130 | 2 458 | 5 107 | 5 107 | 2 458 | |
3 | Теміртау қаласының Амангелді көшесі бойында 6-шағын ауданның № 7 үйінен Теміртау көшесіндегі ЖК-4А-ға дейін ЖМ-2А жылу желілерін реконструкциялау | Қарағанды облысы | "Теміртау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ | млн теңге | 1 891 | 1 891 | ||||
4 | Теміртау қаласының Мичурин көшесі бойында ЖМ-3 жылу желілерін ВК "Мука-Сахар" (Қарағанды көшесі) – ТП-34-ке дейін реконструкциялау | Қарағанды облысы | "Теміртау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ | млн теңге | 6 227 | 4 999 | 1 228 | |||
5 | М2 жылу магистралін № 2 сорғы станциясынан № 2 сорғы станциясымен ЖК-728-ге дейін реконструкциялау | Қарағанды облысы | "Теплотранзит" ЖШС | млн теңге | 10 558 | 5 000 | 5 558 | |||
6 | Орал қаласында ЖМ-6-ны 1 нүктеден Гагарин және Ружейников көшелерінің қиылысындағы ЖК-6-ға дейін жылу желілерін реконструкциялау (жылу желілері) | Батыс Қазақстан облысы | "Жайықжылуқуат" АҚ | млн теңге | 1 681 | 504 | 1 177 | |||
7 | Орал қаласында ТМ-7-ні ТК-2-27-ден ТК-7-14-ке дейін реконструкциялау (жылу желілері) | Батыс Қазақстан облысы | "Жайықжылуқуат" АҚ | млн теңге | 2 585 | 775 | 1 810 | |||
8 | Орал қаласында Құрылысшы шағын ауданында ТОП-28, ТОП-33-тен шығатын орамішілік желілерді реконструкциялау | Батыс Қазақстан облысы | "Жайықжылуқуат" АҚ | млн теңге | 1 840 | 920 | 920 | |||
9 | Бөрлі, Шыңғырлау, Қаратөбе аудандарының 10 кВ ӘЖ, 0,4 кВ ӘЖ мен 10/0,4 кВ КТҚ-ны реконструкциялау | Батыс Қазақстан облысы | "Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы" ЖШС | млн теңге | 4 838 | 1 451 | 3 387 | |||
10 | Жәнібек ауданында 35 кВ "Жақсыбай-Таловка" ӘЖ (10 кВ-ге ауыстыру), Тасқала ауданында 35 кВ "Паника-ҚКСР-ның 40 жылдығы" ӘЖ, 35 кВ "Пятимар-Жаңаталап" ӘЖ ("Мортық" қосалқы станциясынан кіріс-шығыс бөлігін орындау) реконструкциялау және Жаңақала ауданында 35 кВ "Жаңақала-Мәштексай" ӘЖ салу (түзету) | Батыс Қазақстан облысы | "Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы" ЖШС | млн теңге | 1 584 | 475 | 1 109 | |||
11 | Орал қаласында 0,4 кВ ӘЖ реконструкциялау | Батыс Қазақстан облысы | "Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы" ЖШС | млн теңге | 3 605 | 1 081 | 2 523 | |||
12 | Орал қаласындағы КСС-1 ғимаратын реконструкциялау, | Батыс Қазақстан облысы | "Батыс су арнасы" ЖШС | млн теңге | 2 336 | 701 | 1 635 | |||
13 | Орал қаласындағы КСС-29 реконструкциялау | Батыс Қазақстан облысы | "Батыс су арнасы" ЖШС | млн теңге | 1 788 | 536 | 1 252 | |||
14 | Орал қаласының КСС-20- сорғы жабдығының және су өткізгіштің қуатын Д 300-ден Д 500-ге дейін ұлғайта отырып реконструкциялау | Батыс Қазақстан облысы | "Батыс су арнасы" ЖШС | млн теңге | 1 104 | 331 | 773 | |||
15 | Орал қаласының жерасты су көзін кеңейту үшін 5 су тарту ұңғымасын салу (бұрғылау) | Батыс Қазақстан облысы | "Батыс су арнасы" ЖШС | млн теңге | 605 | 181 | 424 | |||
16 | Теміржол шағын ауданының жылу трассасын жаңғырту | Солтүстік Қазақстан облысы | "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ | млн теңге | 765 | 765 | ||||
17 | Степногорск қаласының жылу магистральдарын реконструкциялау | Ақмола облысы | "Степногорск Теплотранзит" ЖШС | млн теңге | 5 830 | |||||
18 |
110 кВ "ГРЭС-2-Қарағайлы" ӘЖ-нің 1, 2 тізбегін реконструкциялау: – ӘЖ-110 кВ "Карбышевка" ҚС – "Қарағайлы" ҚС (39 км реконструкциялау); 110 кВ "Астаховка-Шоқай" ӘЖ реконструкциялау (19,2 км реконструкциялау); | Қарағанды облысы | "Қарағанды Жарық" ЖШС | млн теңге | 18 552 | |||||
19 | 35 кВ "ЛҚайтпас" ӘЖ АС сымын композиттік өзекшесі бар жоғары температураға төзімді сымға ауыстыру арқылы реконструкциялау; 0,4 кВ ӘЖ СИП қолдану арқылы реконструкциялау | Шымкент қаласы | "Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС | млн теңге | 2 400 | |||||
20 | Электр желілерін жаңғырту және реконструкциялау | Жетісу облысы | "Талдықорған акционерлік көлік-электр желілері компаниясы" АҚ | млн теңге | 8 770 | |||||
21 | ЖЭО-2-ден Батыс жылу кешеніне дейін толық ауыстырылатын жылу магистралін реконструкциялау | Алматы қаласы | "Алматы электр станциялары" АҚ | млн теңге | 46 498 | 7 320 | 11 988 | 10 985 | 16 205 | |
22 | Ақсу қаласындағы Ленин көшесі бойындағы жылумен жабдықтау желілерін реконструкциялау | Павлодар облысы | "Теплосервис-Ақсу" КМК | млн теңге | 2 337 | |||||
23 | Ақсу қаласындағы Астана көшесі бойындағы магистральдық желілерді реконструкциялау | Павлодар облысы | "Теплосервис-Ақсу" КМК | млн теңге | 602 | |||||
24 | Көтеру сорғы станциясын сала отырып, Қарағанды-Теміртау су құбырын реконструкциялау (түзету) | Қарағанды облысы | "Окжетпес Т" ЖШС | млн теңге | 9 982,5 | |||||
Барлығы | * | 15 | млн теңге | 161 251,5 | 30 891 | 34 223 | 18 015 | 13 443 | 16 205 |
"Бәйтерек" ҰИХ АҚ" – "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі акционерлік қоғамы
ЖАО – жергілікті атқарушы орган
ЖСҚ – жобалау-сметалық құжаттама
ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік
"ҚДБ" АҚ – "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы
"ҚТК" АҚ – "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" акционерлік қоғамы
МБҚ – мемлекеттік бағалы қағаздар
ММ – мемлекеттік мекеме
ӨҚМ – Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
ТМС – табиғи монополия субъектісі
"Теплосервис-Ақсу" КМК – "Теплосервис-Ақсу" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі