ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2026 – 2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 10 желтоқсандағы № 1074 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 9-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мүдделі республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен бірлесіп тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізсін.
3. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 шілдедегі № 642 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 10 желтоқсандағы № 1074 қаулысына 9-қосымша |
Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларға кредит берудің сомаларын бөлу
Р/с | Облыстардың атауы | Сомасы, мың теңге |
Барлығы | 100 000 000 | |
1. | Ақмола облысы | 16 500 000 |
2. | Ақтөбе облысы | 3 000 000 |
3. | Атырау облысы | 4 000 000 |
4. | Шығыс Қазақстан облысы | 4 000 000 |
5. | Жамбыл облысы | 6 500 000 |
6. | Батыс Қазақстан облысы | 4 500 000 |
7. | Қарағанды облысы | 7 000 000 |
8. | Қостанай облысы | 10 500 000 |
9. | Қызылорда облысы | 4 000 000 |
10. | Маңғыстау облысы | 4 000 000 |
11. | Абай облысы | 7 000 000 |
12. | Жетісу облысы | 5 000 000 |
13. | Ұлытау облысы | 4 000 000 |
14. | Павлодар облысы | 5 000 000 |
15. | Солтүстік Қазақстан облысы | 9 000 000 |
16. | Түркістан облысы | 6 000 000 |