Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2001 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы мен Норвегия Корольдігі арасындағы Табыс пен капиталға қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Төкешұлы Такиевке 2001 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы мен Норвегия Корольдігі арасындағы Табыс пен капиталға қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы | |
| Үкіметінің | |
| 2026 жылғы 29 шілдедегі | |
| № 667 қаулысымен | |
| мақұлданған Жоба |
2001 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы мен Норвегия Корольдігі арасындағы Табыс пен капиталға қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Норвегия Корольдігінің Үкіметі
2001 жылғы 3 сәуірде Ослода қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Норвегия Корольдігі арасындағы Табыс пен капиталға қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға (бұдан әрі – Конвенция) өзгерістер мен толықтырулар енгізуге ниет білдіре отырып,
төмендегілер туралы уағдаласты:
Конвенцияның атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы мен Норвегия Корольдігі арасындағы табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды жою және салық салуды болғызбау мен одан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция".
Конвенцияның кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Норвегия Корольдігінің Үкіметі
өздерінің экономикалық қатынастарын одан әрі дамытуға және салық мәселелерінде ынтымақтастықты кеңейтуге ниет білдіре отырып,
салық төлеуді болғызбау немесе одан жалтару арқылы (оның ішінде, үшінші елдердің резиденттерінің жанама пайдасы үшін осы Конвенцияда көзделген жеңілдіктерді алуға бағытталған уағдаластықтарды пайдалану арқылы) салық салмауға немесе төмендетілген салық салуға мүмкіндіктер жасамай, табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды жою туралы конвенция жасасуға ниет білдіре отырып,
төмендегілер туралы уағдаласты:".
Конвенцияның 1-бабы (Конвенция қолданылатын тұлғалар) мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
"2. Осы Конвенция осы Конвенцияның 9-бабының 2-тармағына, 18-бабының 2-тармағына және 19, 20, 24, 25 және 28-баптарына сәйкес берілетін жеңілдіктерді қоспағанда, Уағдаласушы Мемлекеттің резиденттеріне қатысты салық салуға әсер етпейді.".
Конвенцияның 2-бабы (Конвенция қолданылатын салықтар) мынадай редакцияда жазылсын:
Конвенция қолданылатын салықтар
1. Осы Конвенция Уағдаласушы Мемлекеттің немесе оның өңірлік немесе жергілікті билік органының атынан алынатын табысқа салынатын салықтарға, оларды алу әдісіне қарамай қолданылады.
2. Жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті иеліктен шығарудан алынған табыстарға салынатын салықтарды, кәсіпорындар төлейтін еңбекақының немесе жалақының жалпы сомасына салынатын салықтарды, сондай-ақ капитал құнының өсіміне салынатын салықтарды қоса алғанда, табыстың жалпы сомасына немесе табыстың жекелеген элементтеріне салынатын салықтардың барлық түрі табысқа салынатын салықтар деп есептеледі.
3. Конвенция қолданылатын қолданыстағы салықтар, атап айтқанда, мыналар болып табылады:
а) Қазақстан жағдайында:
(i) корпоративтік табыс салығы;
(ii) жеке табыс салығы;
(бұдан әрі "Қазақстан салығы" деп аталады);
b) Норвегия жағдайында:
(i) табысқа салынатын ұлттық салық;
(ii) табысқа салынатын аймақтық муниципалдық салық;
(iii) табысқа салынатын муниципалдық салық;
(iv) су асты мұнай ресурстарын барлау мен игеруден, мұнай өнімдерін құбырмен тасымалдауды қоса алғанда, соларға байланысты әрекеттер мен жұмыстардан алынатын табысқа қатысты ұлттық салық; және
(v) резидент емес әртістердің сыйақыларына салынатын ұлттық алымдар;
(бұдан әрі "Норвегия салығы" деп аталады).
4. Конвенция осы Конвенцияға қол қойылған күннен кейін қолданылып жүрген салықтарға қосымша немесе олардың орнына Уағдаласушы Мемлекеттердің әрқайсысы алатын бірдей немесе мәні бойынша ұқсас кез келген салықтарға да қолданылады.".
Конвенцияның 4-бабының (Резидент) 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Егер осы баптың 1-тармағының ережелеріне сәйкес жеке тұлғадан өзге тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердің екеуінің де резиденті болса, Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті органдары оның тиімді басқару орнын, инкорпорация немесе құрылған жерін және кез келген басқа да тиісті факторларды ескере отырып, осы Конвенцияның мақсаттары үшін осындай тұлға резиденті болып есептелетін Уағдаласушы Мемлекетті өзара келісу бойынша айқындауға тырысады. Мұндай келісім болмаған жағдайда, Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті органдарымен келісілген жағдайларды қоспағанда, мұндай тұлғаның осы Конвенцияда көзделген қандай да бір жеңілдіктерге немесе салық төлеуден босатылуға құқығы жоқ.".
Конвенцияның 5-бабы (Тұрақты мекеме) мынадай редакцияда жазылсын:
1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшін "тұрақты мекеме" термині кәсіпорынның ол арқылы толық немесе ішінара кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұрақты қызмет орнын білдіреді.
2. "Тұрақты мекеме" термині, атап айтқанда мыналарды:
а) басқару орнын;
b) бөлімшені;
с) офисті;
d) фабриканы;
е) шеберхананы, және
f) шахтаны, мұнай немесе газ ұңғымасын, карьерді немесе табиғи ресурстар өндірілетін кез келген басқа да кен орнын қамтиды.
3. "Тұрақты мекеме" термині, сондай-ақ мыналарды:
а) бірақ егер мұндай алаң немесе объект алты айдан астам уақыт бойы жұмыс істесе немесе мұндай қызметтер алты айдан астам уақыт бойы көрсетілсе ғана құрылыс алаңын немесе құрылыс, монтаждау немесе құрастыру объектісін немесе соларға байланысты байқау қызметтерін;
b) бірақ егер осындай пайдалану алты айдан астам уақыт бойы созылса немесе мұндай қызметтер алты айдан астам уақыт бойы көрсетілсе ғана табиғи ресурстарды барлау үшін пайдаланылатын қондырғыны немесе құрылысжайды немесе оларға байланысты байқау қызметтерін немесе бұрғылау қондырғысын;
с) бірақ егер осындай сипаттағы қызмет ел шегінде алты айдан астам уақытқа жалғасса консультациялық қызметтерді қоса алғанда, қызметшілер немесе осындай мақсаттар үшін жалданған басқа да персонал арқылы қызметтер көрсетуді қамтиды.
4. Осы баптың алдыңғы ережелеріне қарамастан "тұрақты мекеме" термині мыналарды:
а) құрылысжайларды, кәсіпорынға тиесілі тауарларды немесе бұйымдарды сақтау, көрсету не жеткізу мақсаттары үшін ғана пайдалануды;
b) кәсіпорынға тиесілі тауарлар немесе бұйымдар қорын тек сақтау, көрсету немесе жеткізу мақсаттары үшін ғана ұстауды;
с) кәсіпорынға тиесілі тауарлар немесе бұйымдар қорын тек басқа да кәсіпорынның қайта өңдеу мақсаттары үшін ғана ұстауды;
d) тұрақты қызмет орнын тек тауарлар немесе бұйымдар сатып алу мақсаттары үшін немесе кәсіпорынға арналған ақпарат жинау үшін ғана ұстауды;
е) тұрақты қызмет орнын тек кәсіпорын үшін даярлық немесе көмекші сипаттағы кез келген басқа да қызметті жүзеге асыру үшін ғана ұстауды;
f) осындай амал нәтижесінде туындаған тұрақты қызмет орнының жиынтық қызметі даярлық немесе көмекші сипатта болған жағдайда, тұрақты қызмет орнын а) тармақшасынан е) тармақшасына дейін көрсетілген қызмет түрлерінің кез келген амалын жүзеге асыру үшін ұстауды қамтиды деп қарастырылмайды.
5. Осы баптың 4-тармағы кәсіпорын пайдаланатын немесе күтіп-ұстайтын тұрақты қызмет орнына, егер осы кәсіпорын немесе онымен тығыз байланысты кәсіпорын кәсіпкерлік қызметті сол Уағдаласушы Мемлекеттегі осы немесе басқа да орын арқылы жүзеге асырса және,
а) осы баптың ережелеріне сәйкес осы орын немесе басқа да орын кәсіпорын немесе онымен тығыз байланысты кәсіпорын үшін тұрақты мекеме болса немесе
b) екі кәсіпорын осы орын арқылы немесе дәл осы кәсіпорын немесе тығыз байланысты кәсіпорындар екі орын арқылы жүзеге асыратын қызмет түрлерінің амалдары нәтижесінде алынған жиынтық қызметтің даярлық немесе көмекші сипаты болмаса,
екі кәсіпорын осы орын арқылы немесе дәл осы кәсіпорын немесе тығыз байланысты кәсіпорындар екі орын арқылы жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызмет жалпы кәсіпкерлік қызметтің бір бөлігі болып табылатын өзара толықтыратын функцияларды білдіруі шартымен, қолданылмайды.
6. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелеріне қарамастан, бірақ осы баптың 7-тармағының ережелері ескеріле отырып, егер тұлға Уағдаласушы Мемлекетте кәсіпорын атынан әрекет етсе және осылайша әдетте шарттар жасасса немесе әдетте кәсіпорын тарапынан елеулі өзгерістерсіз жасалатын келісімшарттарды жасасуда басты рөл атқарса және бұл келісімшарттар:
a) кәсіпорын атынан немесе
b) осы кәсіпорынға тиесілі немесе кәсіпорынның пайдалану құқығы бар мүлікке меншік құқығын беру немесе пайдалану құқығын беру үшін немесе
c) осы кәсіпорынның қызмет көрсетуі үшін қолданылса,
осы тұлға кәсіпорын үшін жүзеге асыратын кез келген қызметке қатысты, егер осындай тұлғаның қызметі осы баптың 4-тармағында айтылған, тіпті, тұрақты қызмет орны (осы баптың 5-тармағы қолданылатын тұрақты қызмет орнынан басқа) арқылы жүзеге асырғанда да бұл тұрақты қызмет орнын аталған тармақтың ережелеріне сәйкес тұрақты мекемеге айналдырмайтын қызмет түрлерімен шектелмесе ғана, осы кәсіпорын осы Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесі бар ретінде қарастырылуға тиіс.
7. Егер Уағдаласушы Мемлекетте екінші Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны атынан әрекет ететін тұлға бірінші аталған Уағдаласушы Мемлекетте тәуелсіз агент ретінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырса және өзінің әдеттегі қызметі шеңберінде кәсіпорын атынан әрекет етсе, осы баптың 6-тармағы қолданылмайды. Егер тұлға өзі өзара тығыз байланысты бір немесе бірнеше кәсіпорын атынан әрекет етсе, бұл тұлға кез келген осындай кәсіпорынға қатысты осы тармақтың мәні шегінде тәуелсіз агент ретінде қарастырылмауға тиіс.
8. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияның екінші Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын немесе осы екінші Мемлекетте кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын компанияны бақылауы немесе оның бақылауында болу (тұрақты мекеме арқылы не болмаса өзгедей жолмен) фактісі өздігінен осы компаниялардың бiрiн екiншiсiнiң тұрақты мекемесiне айналдырмайды.
9. Осы баптың мақсаттары үшін, егер барлық тиісті фактілер мен
мән-жайлардың негізінде бірі екіншісін бақылайтын болса немесе сол бір тұлғалардың немесе кәсіпорындардың бақылауында болса, тұлға немесе кәсіпорын кәсіпорынмен тығыз байланысты болады. Кез келген жағдайда, тұлға немесе кәсіпорын, егер олардың бірі екіншісінің 50 процентінен астам бенефициарлық үлесін тікелей немесе жанама түрде иеленсе (немесе компания жағдайында, жиынтық дауыс берудің және компания акциялары құнының немесе компанияға бенефициарлық қатысу үлесінің 50 проценттен астамын) немесе егер басқа тұлға немесе кәсіпорын тұлғаның және кәсіпорынның немесе екі кәсіпорынның 50 проценттен астам бенефициарлық үлесіне тікелей немесе жанама түрде ие болса (немесе компания жағдайында, жиынтық дауыс берудің және компания акциялары құнының немесе компанияға бенефициарлық қатысу үлесінің 50 процентінен астамын), кәсіпорынмен тығыз байланысты деп есептеледі.".
1. Конвенцияның 9-бабының (Қауымдасқан кәсіпорындар) қолданыстағы ережесі 1-тармақ болып нөмірленсін.
2. Конвенцияның 9-бабы (Қауымдасқан кәсіпорындар) мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
"2. Егер Уағдаласушы Мемлекет екінші Уағдаласушы Мемлекет кәсіпорнының осы екінші Мемлекетте салық салынатын пайдасын осы Мемлекет кәсіпорнының пайдасына қосса әрі тиісінше оған салық салса және осылайша қосылған пайда екі кәсіпорынның арасындағы өзара қарым-қатынастар тәуелсіз кәсіпорындардың арасындағыдай болғанда бірінші аталған Мемлекеттің кәсіпорнына есептелетін пайда болса, онда осы екінші Мемлекет осындай пайдадан алынатын салық сомасына тиісті түзету жасайды. Мұндай түзетуді айқындау кезінде осы Конвенцияның басқа да ережелері ескерілуге тиіс және Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті органдары қажет болған кезде бір-біріне консультация беруге тиіс.".
Конвенцияның 10-бабы (Дивидендтер) 2-тармағының а) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"a) егер дивидендтерді төлеу күнін қоса алғандағы 365 күн ішінде дивидендтер төлейтін компания капиталының кем дегенде 10 процентін тікелей иеленетін компания іс жүзіндегі иеленуші болып табылса, дивидендтердің жалпы сомасының 5 процентінен аспайды (осы кезеңді есептеу мақсатында акцияларға иелік ететін немесе дивидендтер төлейтін компанияны біріктіру немесе бөліп қайта ұйымдастыру сияқты корпоративтік қайта ұйымдастыру нәтижесінде тікелей туындауы мүмкін меншік иесінің өзгеруі назарға алынбайды);".
Конвенцияның 11-бабының (Проценттер) 8-тармағы мен 12-бабының (Роялти) 9-тармағы алып тасталсын.
Конвенцияның 21-бабының (Оффшорлық қызмет) 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Конвенцияның 29-бабының ережелерін ескере отырып, осы баптың ережелері осы Конвенцияның басқа ережелеріне қарамастан қолданылады.".
Конвенцияның IV тарауы (Капиталға салық салу) алып тасталсын.
Конвенцияның 24-бабы (Қосарланған салық салуды болдырмау) мынадай редакцияда жазылсын:
Уағдаласушы Мемлекеттер заңдарының ережелеріне сәйкес және шектеулерін (уақыт өткен сайын, олардың негізгі қағидаларын өзгертпей, түзетулер енгізіліп отыруы мүмкін) ескере отырып:
а) егер Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес екінші Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін табыс тапса, бірінші аталған Уағдаласушы Мемлекет осы резиденттің табысына салынатын салықтан екінші Уағдаласушы Мемлекетте төленетін табыс салығына тең соманы шегеруге рұқсат етеді.
Алайда, мұндай шегерім, қандай жағдайда да, табыс салығының екінші Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін табысқа қатысты шегерім берілгенге дейін есептелген бөлігінен аспауға тиіс;
b) Егер Конвенцияның кез-келген ережесіне сәйкес Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті алған табыс осы Мемлекетте салықтан босатылған болса, онда осы Мемлекет, қалай болғанда да осындай резиденттің қалған табысына салынатын салық сомасын есептеген кезде салықтан босатылған табысты есепке алуы мүмкін.".
Конвенцияның 27-бабы (Ақпарат алмасу) мынадай редакцияда жазылсын:
1. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары осы Конвенцияның ережелерiн орындау немесе әкiмшiлендiру немесе салық салу Уағдаласушы Мемлекеттердiң немесе олардың саяси бөлімшелерінің немесе жергiлiктi билiк органдарының атынан осы Конвенцияға қайшы келмейтiндей шамада алынатын кез келген түрдегi және сипаттағы салықтарға қатысты ұлттық заңнамасын қолдану үшiн қажетті ақпарат алмасады. Ақпарат алмасу осы Конвенцияның 1 және 2-баптарымен шектелмейдi.
2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес Уағдаласушы Мемлекет алған кез келген ақпарат осы Мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес алынған ақпарат сияқты құпия болып саналады және осы баптың 1-тармағында аталған салықтарға қатысты бағалаумен немесе жинаумен, мәжбүрлеп өндіріп алумен немесе сот қудалауымен немесе апелляцияларды қараумен қатар жоғарыда көрсетілгендердің барлығын қадағалаумен де айналысатын тұлғаларға немесе органдарға (соттарды және әкімшілік органдарды қоса алғанда) ғана ашылады. Мұндай тұлғалар немесе органдар ақпаратты осындай мақсаттар үшін ғана пайдалана алады. Олар ақпаратты ашық сот отырысы барысында немесе сот шешімдерін қабылдаған кезде аша алады. Жоғарыда айтылғанға қарамастан Уағдаласушы Мемлекет алған ақпарат, егер мұндай ақпарат екі Мемлекеттің де заңнамаларына сәйкес осындай басқа мақсаттар үшін пайдаланылуы мүмкін болса және ақпаратты ұсынатын Мемлекеттің құзыретті органы осындай пайдалануға келісім берсе, басқа да мақсаттар үшін пайдаланылуы мүмкін. Уағдаласушы Мемлекет екінші Уағдаласушы Мемлекетке ұсынған ақпаратты соңғысы бірінші аталған Мемлекеттің құзыретті органының алдын ала рұқсатымен үшінші юрисдикцияға беруі мүмкін.
3. Ешқандай жағдайда осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелері Уағдаласушы Мемлекетке:
a) осы немесе екінші Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамасы мен әкімшілік практикасына қайшы келетін әкімшілік шараларды қолдану;
b) осы немесе екінші Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамасы бойынша немесе әдеттегі әкімшілендіру барысында алуға болмайтын ақпаратты беру;
c) қандай да бір сауда, кәсіпкерлік, өнеркәсіптік, коммерциялық немесе кәсіптік құпияны немесе сауда процесін ашуы мүмкін ақпаратты немесе ашылуы мемлекеттік саясатқа (ordre public) қайшы келуі мүмкін ақпаратты беру міндеттемелерін жүктейтіндей мағынада түсіндірілмейді.
4. Егер бір Уағдаласушы Мемлекет осы бапқа сәйкес ақпаратты сұратса, егер мұндай ақпарат, тіпті, екінші Уағдаласушы Мемлекетке өзінің салықтық мақсаттары үшін талап етілмесе де, осы екінші Мемлекет сұратылған ақпаратты жинау бойынша шаралар қабылдайды. Алдыңғы сөйлемде қамтылған міндеттеме осы баптың 3-тармағының шектеуі аясына түседі, бірақ мұндай шектеулер Уағдаласушы Мемлекетке осындай ақпаратқа ішкі мүдделіліктің болмауы себебінен ғана ақпарат беруден бас тартуға рұқсат беру ретінде түсіндірілмейді.
5. Осы баптың 3-тармағының ережелері ақпарат иеленуші болып банк, басқа қаржы мекемесі, номиналды ұстаушы немесе агент немесе сенім білдірілген өкіл ретінде әрекет ететін тұлға болып табылатындығы себебінен ғана немесе ақпарат меншік иесі ретіндегі тұлғаға қатысты болу себебіне байланысты, Уағдаласушы Мемлекетке ақпаратты беруден бас тартуға рұқсат беру ретінде түсіндірілмейді.
6. Осы Конвенцияның күші тоқтатылған жағдайда Уағдаласушы Мемлекеттер осы Конвенция бойынша алынған кез келген ақпаратқа қатысты осы Конвенцияның 26-бабының 2-тармағында көзделген құпиялылық туралы ережелермен байланысты болып қалады.".
Конвенция мынадай мазмұндағы 29-баппен (Жеңілдіктерді шектеу) толықтырылсын:
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, Уағдаласушы Мемлекет резидентінің егер мұндай резидент осы баптың 2-тармағында айқындалғандай жеңiлдiк берілген кезде "бiлiктi тұлға" болып табылмаса, осы Конвенцияда өзгеше түрде берілетін (осы Конвенцияның 4-бабының 3-тармағына, 9-бабының 2-тармағына немесе 25-бабына сәйкес жеңілдіктерді қоспағанда) жеңілдікті алуға құқығы жоқ.
2. Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті жеңілдік керісінше осы Конвенциямен берілген болса, сол сәтте, егер осы резидент осы сәтте:
a) жеке тұлға;
b) осы Уағдаласушы Мемлекет, оның саяси бөлімшесі немесе жергілікті билік органы, осы Мемлекеттің, оның саяси бөлімшесінің немесе жергілікті билік органының агенттігі немесе мемлекеттік институты;
c) егер олардың акцияларының негізгі сыныбы тұрақты түрде бір немесе бірнеше танылған қор биржаларында сатылатын болса, компания немесе басқа тұлға;
d) құзыретті органдармен келісілген жеке тұлғадан өзге тұлға болып табылатын коммерциялық емес ұйым;
e) егер осы уақытта және осы уақытты қамтитын он екі айлық кезең күндерінің кемінде жартысында осы Уағдаласушы Мемлекеттің резиденттері болып табылатын және осы Конвенция бойынша жеңілдіктерге құқығы бар тұлғалар а) - d) тармақшаларына сәйкес тұлға акцияларының кемінде 50 процентін тікелей немесе жанама түрде иеленетін болып табылса, білікті тұлға болып табылады.
3. а) Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті, егер резидент бірінші аталған Мемлекетте белсенді кәсіпкерлік қызметпен айналысатын және екінші Мемлекетте алынған табыс осындай қызметтен құрылса немесе онымен байланысты болса, резиденттің білікті тұлға болу-болмауына қарамастан, осы Конвенцияға сәйкес екінші Уағдаласушы Мемлекетте алынған табыстың бабына қатысты жеңілдіктерге құқығы болады. Осы баптың мақсаттары үшін "белсенді кәсіпкерлік қызмет" термині мынадай қызмет түрлерін немесе олардың кез келген үйлесімін қамтымайды:
(i) холдингтік компания түрінде жұмыс істеу;
(ii) компаниялар тобын жалпы қадағалауды немесе басқаруды қамтамасыз ету;
(iii) топтық қаржыландыруды ұсыну (ақша қаражатын біріктіруді қоса алғанда); немесе
(iv) егер осы қызмет түрлерін банк, сақтандыру компаниясы немесе бағалы қағаздар бойынша тіркелген дилер өздерінің әдеттегі қызметі барысында жүзеге асырмайтын болса, инвестицияларды жүзеге асыру немесе басқару.
b) Егер Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті осы резидент екінші Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметтен табыс түрін алса немесе онымен байланысты тұлғадан екінші Уағдаласушы Мемлекетте туындайтын табыс түрін алса, а) тармақшасында сипатталған шарттар, егер осы табыс түрі тиесілі бірінші аталған Мемлекетте резидент жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызмет осы резидент немесе осындай байланысты тұлға екінші Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асыратын ұқсас немесе қосымша қызметке қатысты маңызды болып табылса ғана, осындай табыс түріне қатысты орындалған болып саналады. Кәсіпкерлік қызмет осы тармақшаның мақсаттары үшін маңызды болып табылатын-табылмайтын барлық фактілер мен мән-жайлардың негізінде айқындалады.
с) Осы тармақты қолдану мақсаттары үшін байланысты тұлғалар осы Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне қатысты жүзеге асыратын қызмет осындай резидент жүзеге асыратын қызмет болып саналады.
4. Уағдаласушы Мемлекеттің білікті тұлға болып табылмайтын резиденті, солай болса да, егер осындай жеңілдік өзгеше түрде ұсынылатын кездегі сәтте осы уақытты қамтитын кез келген он екі айлық кезең күндерінің кемінде жартысында балама бенефициарлар болып табылатын тұлғалар резидент акцияларының кемінде 75 процентін тікелей немесе жанама түрде иеленсе, табыс түріне қатысты осы Конвенция өзгеше түрде ұсынылуы ықтимал жеңілдікке құқылы болады.
5. Егер Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті осы баптың 2-тармағының ережелеріне сәйкес білікті тұлға болып табылмаса және осы баптың 3 және
4-тармақтарына сәйкес жеңілдіктер алуға құқығы болмаса, осы баптың алдыңғы ережелеріне сәйкес жеңілдік беруден бас тартқан Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органы, солай болса да, осы Конвенция бойынша жеңілдіктерді немесе осы Конвенцияның мақсаттары мен міндеттерін назарға ала отырып, табыстың нақты түріне қатысты жеңілдіктерді, егер осы резидент мұндай құзыретті органға өзінің оны құрғаны да, сатып алғаны да немесе ұстағаны да, оның қызметін жүргізгені де осы Конвенция бойынша жеңілдіктер алуды негізгі мақсат етпегеніне дәлелдемелер ұсынған жағдайда ғана ұсына алады. Осы тармаққа сәйкес екінші Мемлекеттің резиденті сұрау салу берген Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органы сұрау салуды қанағаттандырудан немесе қабылдамаудан бұрын осы екінші Мемлекеттің құзыретті органымен кеңеседі.
6. а) Егер:
i) Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны екінші Уағдаласушы Мемлекеттен табыс алатын болса және бірінші аталған Мемлекет мұндай табысты кәсіпорынның үшінші юрисдикцияда орналасқан тұрақты мекемесіне тиесілі деп қарайтын болса; және
ii) осындай тұрақты мекемеге тиесілі пайда бірінші аталған Мемлекетте салықтан босатылса,
осы Конвенцияда көзделген жеңілдіктер, егер мұндай тұрақты мекеме бірінші аталған Мемлекетте орналасқан болса, үшінші юрисдикциядағы салық осындай табыс түрінің 10 процентінен азын және бірінші аталған Мемлекетте осы табыс түрінен өндіріп алынатын салықтың кемінде 60 процентін құрайтын қандай да бір табыс түріне қолданылмайды. Мұндай жағдайда осы тармақтың ережелері қолданылатын кез келген табысқа осы Конвенцияның кез келген басқа да ережелеріне қарамастан, екінші Мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес салық салынуға тиіс болады.
b) егер екінші Мемлекетте алынған табыс тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырылатын белсенді кәсіпкерлік қызметпен (мұндай қызметке банк, сақтандыру ұйымы немесе тіркелген бағалы қағаздар дилері тиісінше жүзеге асыратын банктік көрсетілетін қызметтер, сақтандыру немесе бағалы қағаздарды басқаруға жатқызылатын жағдайларды қоспағанда, ұйымның өз шотындағы инвестицияларды жүзеге асыру, басқару немесе қарапайым иелену жөніндегі қызметтен басқа) құрылса немесе онымен байланысты болса, осы тармақтың алдыңғы ережелері қолданылмайды.
c) егер Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті алған табыс түріне қатысты осы тармақтың алдыңғы ережелеріне сәйкес осы Конвенцияда көзделген жеңілдіктерді алудан бас тартылса, екінші Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органы осыған қарамастан, егер осындай резиденттің сұрау салуына сәйкес осы құзыретті орган мұндай жеңілдіктерді беру осындай резидент осы тармақтың талаптарына (мысалы, залалдарының болуы) сәйкес келмеу себептеріне байланысты негізделген деп тапса, осы табыс түріне қатысты мұндай жеңілдіктерді беруі мүмкін.
7. Осы баптың осы және алдыңғы тармақтарының мақсаттары үшін:
a) "танылған қор биржасы" термині:
i) кез келген Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамасына сәйкес осылайша құрылған және реттелетін кез келген қор биржасын; сондай-ақ
ii) Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті органдарымен келісілген кез келген басқа қор биржасын білдіреді;
b) компания болып табылмайтын тұлғаларға қатысты "акциялар" термині акциялармен салыстырмалы үлестерді білдіреді;
c) "акциялардың негізгі сыныбы" термині компанияның немесе ұйымның жиынтығының дауыстар санының көпшілігін және құнын білдіретін компания немесе ұйым акцияларының сыныбын немесе сыныптарын білдіреді;
d) егер екі тұлғаның бірі басқасына қатысу үлестерінің кемінде 50 процентін (немесе компанияға қатысты дауыс беру құқығын беретін және оның құнын білдіретін акцияларының ең болмаса 50 процентін) тікелей немесе жанама иеленсе немесе үшінші тұлға әрбір тұлғаға қатысу үлестерінің кемінде 50 процентін (немесе компанияға қатысты дауыс құқығын беретін және оның құнын білдіретін акцияларының ең болмаса 50 процентін) тікелей немесе жанама иеленсе, екі тұлға "байланысты тұлғалар" деп саналады. Егер іске қатысы бар барлық фактілер мен мән-жайларды негізге ала отырып, олардың бірі басқасын бақыласа немесе екеуі де бір тұлғаның немесе тұлғалардың бақылауында болса, кез келген жағдайда да тұлға басқа тұлғамен байланысты деп есептеледі.
e) "баламалы бенефициар" термині, осы Уағдаласушы Мемлекеттің ішкі заңнамасына, осы Конвенцияға немесе кез келген басқа да халықаралық келісімге сәйкес Уағдаласушы Мемлекет беретін табыс түріне қатысты, осы Конвенцияға сәйкес осы табыс түріне қатысты берілетін жеңілдіктерге қарағанда балама немесе неғұрлым тиімді жеңілдіктер алуға құқығы болатын кез келген тұлғаны білдіреді. Тұлғаның компания алған дивидендтерге қатысты баламалы бенефициар болып табылу-табылмауын айқындау мақсаттары үшін, бұл тұлға компания болып саналады және дивидендтерге қатысты жеңілдіктер алуға үміткер компанияның капиталымен бірдей дивидендтер төлейтін компанияның капиталына иелік етеді.
8. Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті органдары осы бапты қолдану тәсілін өзара келісу арқылы айқындай алады.
9. Осы Конвенцияның кез келген ережесіне қарамастан, егер барлық тиісті фактілер мен мән-жайларды ескере отырып, осы жеңілдікті алу кез келген уағдаластықтың немесе мәміленің тікелей немесе жанама түрде осындай жеңілдікке алып келген негізгі мақсаттарының бірі болды деп пайымдауға қисынды негіз болса, егер тек осындай мән-жайларда мұндай жеңілдікті берудің осы Конвенцияның тиісті ережелерінің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетіні анықталмаса, осы Конвенцияға сәйкес жеңілдік табыс түріне қатысты берілмейді.".
Конвенция мынадай мазмұндағы 30-баппен (Өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі) толықтырылсын:
Өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
Уағдаласушы Мемлекеттердің өзара келісуі бойынша осы Конвенцияға оның ажырамас бөлігі болып табылатын және жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар осы Конвенцияның 31-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді."
1. Конвенцияның қолданыстағы V (Қосарланған салық салуды болдырмау әдістері), VI (Арнаулы ережелер), VII (Қорытынды ережелер) тарауларының нөмірленуі тиісінше IV, V, VI болып өзгертілсін.
2. Конвенцияның қолданыстағы 25-бабының (Кемсітпеу), 26-бабының (Өзара келісу рәсімі), 28-бабының (Салықтарды жинауға көмектесу), 29-бабының (Дипломатиялық миссиялардың және консульдық бекеттердің мүшелері), 30-бабының (Күшіне енуі) нөмірленуі тиісінше 24, 25, 27, 28,31-баптар болып өзгертілсін.
1. Конвенцияның қолданыстағы 31-бабының (Күшін тоқтатуы) нөмірленуі
32-бап болып өзгертілсін.
2. Конвенцияның қолданыстағы 31-бабының (Күшін тоқтатуы) бірінші абзацында "немесе капиталға" деген сөздер алып тасталсын.
1. Уағдаласушы Мемлекеттердің әрқайсысы, осы Хаттаманың күшіне енуі үшін басқасын дипломатиялық арналар арқылы оның заңнамасымен талап етілетін рәсімдердің аяқталғаны туралы хабардар етеді.
2. Осы Хаттама осындай хабарламалардың соңғысы алынған күннен бастап күшіне енеді және:
а) дивидендтерге, проценттерге немесе роялтиге салынатын, төлем көзінен ұсталатын салықтарға қатысты, осы Хаттама күшіне енген айдан кейінгі екінші айдың бірінші күнінен бастап немесе одан кейін төленетін немесе есепке жатқызылатын сомаларға қатысты;
б) осы Хаттама күшіне енген жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың бірінші қаңтарынан бастап немесе одан кейiн басталатын салық салу кезеңіне қарасты басқа да салықтарға қатысты қолданылады.
Осыны куәландыру үшін Үкіметтері тиісінше уәкілеттік берген төменде қол қоюшылар осы Хаттамаға қол қойды.
жылғы [күні айы] [......] қаласында қазақ, норвег, орыс және ағылшын тiлдерiнде екi данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей. Мәтiндерді түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда ағылшын тіліндегі мәтiн айқындаушы болып табылады.
| Қазақстан Республикасының | Норвегия Корольдігінің |
| Үкіметі үшін | Үкіметі үшін |