"Ақтөбе" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 8 қаңтардағы № 3 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 31 шілдедегі № 687 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ақтөбе" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 8 қаңтардағы № 3 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Ақтөбе" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Ақтөбе" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) Ақтөбе облысында Ақтөбе қаласының оңтүстік бөлігіндегі "Оңтүстік айналма жол" айналма тасжолының бойында Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежайын, сондай-ақ Ақтөбе облысы Алға, Байғанин, Мұғалжар және Хромтау аудандарындағы қосалқы аймақтарды қоса алғанда, 1610 гектар аумақта осы Ережеге қосымшаға сәйкес шекарада орналасқан.

      АЭА порттық арнайы экономикалық аймақ болып табылады.

      АЭА аумағы Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.";

      ережеге қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Ақтөбе" арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы 31 шілдедегі
№ 687 қаулысына
1-қосымша
"Ақтөбе" арнайы экономикалық
аймағы туралы ережеге
1-қосымша

"Ақтөбе" арнайы экономикалық аймағы шекарасының жоспары

      "Ақтөбе" АЭА негізгі аумағы Ақтөбе облысында Ақтөбе қаласының оңтүстік бөлігіндегі "Оңтүстік айналма жол" айналма тасжолының бойында Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежайын қоса алғанда 858 гектар аумақта орналасатын болады.

      "Ақтөбе" АЭА субаймақтарының аумақтары төмендегі кестеге сәйкес ұсынылған.

     


Аймақтардың атауы:

Ауданы, гектар

1.

Ақтөбе

858

2.

Байғанин

15

3.

Хромтау

120

4.

Алға

80

5.

Қандыағаш

137

6.

Жаңажол

400


Барлығы:

1610

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы 31 шілдедегі
№ 687 қаулысына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
  2025 жылғы 8 қаңтардағы
№ 3 қаулысымен
бекітілген

"Ақтөбе" арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары

Р/с №

Мақсаттар, міндеттер және көрсеткіштер

Өлшем бірлігі*

2025 жылға қарай нысаналы индикаторға қол жеткізу

2030 жылға қарай нысаналы индикаторға қол жеткізу

2035 жылға қарай нысаналы индикаторға қол жеткізу

2040 жылға қарай нысаналы индикаторға қол жеткізу

2049 жылға қарай нысаналы индикаторға қол жеткізу

1

2

3

4

5

6

7

8

1.

Инвестициялардың жалпы көлемі, оның ішінде:

млрд теңге

0,5

155,7

311,4

370,7

370,7

1.1

шетелдік
инвестиция көлемі

млрд теңге

0,05

50,2

100,2

140,5

140,5

1.2

отандық инвестиция көлемі

млрд теңге

0,45

105,5

211,2

171,2

171,2

2.

"Ақтөбе" арнайы экономикалық аймағы аумағында тауарлар және көрсетілетін қызметтер (жұмыстар) өндірісінің көлемі

млрд теңге

0,0

108,5

167,4

367,3

497,5

3.

Қатысушылар (компаниялар) саны

бірл.

0

33

48

48

48

4.

Қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыратын адамдардың саны

адам

0

7

10

12

15

5.

"Ақтөбе" арнайы экономикалық аймағы аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны

адам

0

3 686

5 445

5 662

5 872

6.

"Ақтөбе" арнайы экономикалық аймағы аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі

%

15%

30%

40%

50%

65%

7.

Кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейі

%

1,9

2,4

3,1

4

5

      * - индикаторлардың көрсеткіштері өсу қорытындысымен келтірілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады