Орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні кеңінен ендіруге бағытталған шаралардың 2026 – 2029 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 18 тамыздағы № 733 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні кеңінен ендіруге бағытталған шаралардың 2026 – 2029 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.

      2. Кешенді жоспарды орындауға жауапты Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары, мүдделі ұйымдары (келісу бойынша):

      1) Кешенді жоспардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

      2) оқу жылының қорытындысы бойынша 1 маусымнан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі оқу жылының қорытындысы бойынша 15 маусымнан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы 18 тамыздағы
№ 733 қаулысымен
бекітілген

Орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні кеңінен ендіруге бағытталған шаралардың 2026 – 2029 жылдарға арналған кешенді жоспары

Паспорт

1.

Атауы

Орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні кеңінен ендіруге бағытталған шаралардың 2026 – 2029 жылдарға арналған кешенді жоспары

2.

Әзірлеу үшін негіздеме

"Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 12 мамырдағы № 1274 Жарлығының 1-тармағының 1) тармақшасы

3.

Іске асыру мерзімдері

2026 – 2029 жылдар

4.

Әзірлеуші мемлекеттік органның және бірлесіп орындаушылардың атауы

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы "Талдау" ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы" акционерлік қоғамы (келісу бойынша), "Өрлеу" АҚ – "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" акционерлік қоғамы (келісу бойынша), "Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (келісу бойынша), "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы (келісу бойынша)

5.

Негізгі проблемалар мен оларды шешу міндеттерін көрсете отырып Кешенді жоспарды қабылдау қажеттілігі туралы қысқаша ақпарат

Орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні кеңінен ендіруге бағытталған шаралардың 2026 – 2029 жылдарға арналған кешенді жоспарын қабылдау орта білім беру жүйесіне жасанды интеллект технологияларын ендіру қажеттілігіне негізделген. Білім беру сапасы мен заманауи білім алу мүмкіндіктеріне қол жеткізудегі сақталып отырған теңсіздік орта білім берудің сапасын, қолжетімділігін және тиімділігін арттыру үшін жасанды интеллект технологияларын кезең-кезеңімен ендіруді талап етеді


Р/с
№

Атауы

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Қаржыландыру көлемі, млн теңге

Қаржыландыру көздері


1

2

3

4

5

6

7

Күтілетін нәтижелер:

1) кемінде 500 пилоттық ШЖМ-де кейіннен Ұлттық білім беру ЖИ-платформасының құрамына кіретін ЖИ модулін "Математика", "Цифрлық сауаттылық", "Қазақ тілі" немесе "Орыс тілі" пәндері бойынша пайдалану (2026 жылғы қыркүйек-желтоқсан – кемінде 10 мектеп, 2027 жылғы қаңтар-наурыз – кемінде 50 мектеп, 2027 жылғы сәуір-мамыр – кемінде 440 мектеп);
2) Ұлттық білім беру ЖИ-платформасын құру және пайдалануға беру – 2028 жылғы шілде;
3) ЖИ-ассистенттерді ендіру және білім беру процестерін цифрландыру есебінен педагогтердің әкімшілік жүктемесін төмендету (2026 жыл – кемінде 5%, 2027 жыл – кемінде 15%, 2028 жыл – кемінде 25%, 2029 жыл – кемінде 30%).
Әкімшілік жүктеменің төмендеуі базалық кезеңмен салыстырғанда әкімшілік міндеттерді орындауға жұмсалатын уақытты үнемдеу пайызы ретінде айқындалады;
4) пилоттық жобаға қатысатын қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты қысқарту (2026 – 2027 жылдар – кемінде 5%, 2027 – 2028 жылдар – кемінде 10%, 2028 – 2029 жылдар – кемінде 15%)

1-бағыт. Ұлттық білім беру ЖИ-платформасын жобалау

1.1

Уәкілетті органдардың салалық қорытындыларын ала отырып, Ұлттық білім беру ЖИ-платформасын құруға арналған техникалық тапсырманы және мемлекеттік инвестициялық жобаны жобалау, оның ішінде әзірлеу (қолданыстағы білім беру процестерін, мектептердің цифрлық инфрақұрылымын, пайдаланылатын цифрлық жүйелерді, деректердің сапасын, кадрлық даярлықты, интернетке қосылу деңгейін және ЖИ-шешімдерді ендіруге қатысты ағымдағы шектеулерді қамти отырып, орта білім беру жүйесін қарап-тексеру; білім беру процестерінің реинжинирингін жүргізу және оларды цифрлық трансформациялаудың нысаналы моделін жобалау, ЖИ-ді қолдану жағдайында педагогтің, мектептің, әдіскердің, өңірдің және ОМ-нің рөлін айқындауды, нысаналы процестерді қалыптастыруды, қолмен орындалатын артық операцияларды анықтауды, ағымдағы процестерді сипаттауды қоса алғанда, инфрақұрылымға, киберқауіпсіздікке, дербес деректерді қорғауға және іс-әрекеттерді журналдауға қойылатын талаптарды, пайдаланушылар контурларын, деректер моделін, интеграциялауды сипаттауды қоса алғанда, Ұлттық білім беру ЖИ-платформасының нысаналы сәулеттік, функционалдық және интеграциялық моделін қалыптастыру)

уәкілетті органдармен келісілген мемлекеттік инвестициялық жоба мен техникалық тапсырма

ОМ, ЖИЦДМ, ҰЭМ, "Өрлеу" АҚ (келісу бойынша), "Талдау" АҚ (келісу бойынша), Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА (келісу бойынша)

2026 жылғы желтоқсан

көзделген қаражат шегінде

РБ

1.2

ЖИ модульдеріне арналған лицензияларды сатып алу және орнату (баптау) бойынша көрсетілетін қызмет

лицензияларды қабылдау-тапсыру актісі

ОМ, ЖИЦДМ, "Өрлеу" АҚ (келісу бойынша), "Талдау" АҚ (келісу бойынша)

2026 жылғы желтоқсан

көзделген қаражат шегінде

РБ

1.3

Ұлттық білім беру ЖИ-платформасын өндірістік пайдалануға ендіру

өндірістік пайдалануға ендіру актісі

ОМ, "Өрлеу" АҚ (келісу бойынша), "Талдау" АҚ (келісу бойынша), ЖИЦДМ

2027 жылғы шілде

талап етілмейді

-

2-бағыт. Ұлттық білім беру ЖИ-платформасының пилоттық жобасын ендіру

2.1

Пилоттық мектептер педагогтерінің ЖИ модульдерін пайдалануын ұйымдастыру және оқыту

оқытудан өткені туралы сертификат

ОМ, "Өрлеу" АҚ (келісу бойынша), "Талдау" АҚ (келісу бойынша), ЖАО

2026 жылғы қыркүйек- 2027 жылғы мамыр

талап етілмейді

-

2.2

"Математика", "Цифрлық сауаттылық", "Қазақ тілі" немесе "Орыс тілі" пәндері бойынша 10 пилоттық ШЖМ-де Ұлттық білім беру ЖИ-платформасы пилоттық жобасының бірінші кезеңін іске қосу

аналитикалық есеп

ОМ, "Өрлеу" АҚ (келісу бойынша), "Талдау" АҚ (келісу бойынша), ЖАО, "Қазақтелеком" АҚ (келісу бойынша)

2026 жылғы қыркүйек-желтоқсан

талап етілмейді

-

2.3

"Математика", "Цифрлық сауаттылық", "Қазақ тілі" немесе "Орыс тілі" пәндері бойынша 50 пилоттық ШЖМ-де Ұлттық білім беру ЖИ-платформасы пилоттық жобасының екінші кезеңін іске қосу

аналитикалық есеп

ОМ, "Өрлеу" АҚ (келісу бойынша), "Талдау" АҚ (келісу бойынша), ЖАО, "Қазақтелеком" АҚ (келісу бойынша)

2027 жылғы қаңтар-наурыз

талап етілмейді

-

2.4

"Математика", "Цифрлық сауаттылық", "Қазақ тілі" немесе "Орыс тілі" пәндері бойынша 440 пилоттық ШЖМ-де Ұлттық білім беру ЖИ-платформасы пилоттық жобасының үшінші кезеңін іске қосу

аналитикалық есеп

ОМ, "Өрлеу" АҚ (келісу бойынша), "Талдау" АҚ (келісу бойынша) ЖАО, "Қазақтелеком" АҚ (келісу бойынша)

2027 жылғы сәуір-мамыр

талап етілмейді

-

2.5

Ұлттық білім беру ЖИ-платформасы пилоттық жобасының іске асырылу тиімділігін бағалау және талдау, оның ішінде білім сапасын, білім алушылардың қатысу белсенділігін, қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім беру алшақтығының қысқаруын, цифрлық құралдар мен ЖИ-шешімдерді ендіру нәтижелерін талдау, сондай-ақ Ұлттық білім беру ЖИ-платформасын дамыту және масштабтау бойынша ұсыныстар әзірлеу

пилоттық жобаны жүргізу нәтижелері туралы қорытынды

ОМ, ЖАО, Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА (келісу бойынша), "Өрлеу" АҚ (келісу бойынша), "Талдау" АҚ (келісу бойынша)

2027 жылғы шілде

талап етілмейді

-

3-бағыт. Жобалық басқару және үйлестіру

3.1

Ұлттық білім беру ЖИ-платформасын ендіру үшін жобаның бірыңғай басшысын, республикалық және өңірлік деңгейлердегі академиялық және техникалық үйлестірушілерді айқындауды көздейтін жауапты тұлғаларды бекіту

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ, "Өрлеу" АҚ (келісу бойынша), "Талдау" АҚ (келісу бойынша), ЖАО

2026 жылғы қыркүйек

талап етілмейді

-

3.2

Кешенді жоспарды іске асыру бойынша Ұлттық жобалық кеңсе құру

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ, ЖАО, ЖИЦДМ, "Өрлеу" АҚ (келісу бойынша), "Талдау" АҚ (келісу бойынша), Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА (келісу бойынша)

2026 жылғы қыркүйек

талап етілмейді

-

3.3

Орта білім беру жүйесінде ЖИ орталығын құру және күтіп-ұстау

Қазақстан Республикасы Үкіметіне ақпарат

ОМ, Қаржымині, ЖИЦДМ, "Өрлеу" АҚ (келісу бойынша), "Талдау" АҚ (келісу бойынша), Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА (келісу бойынша)

2026 жылғы желтоқсан

қаржылық-экономикалық есептеулер мен негіздемелерге сәйкес

РБ

4-бағыт. Нормативтік қамтамасыз ету

4.1

Білім беру контентін генерациялауды және оқу нәтижелерін бағалауды, сондай-ақ білім беру мекемелерінде жасанды интеллект құралдарын пайдалануды реттеу мақсатында академиялық адалдыққа кепілдіктер беруді қоса алғанда, орта білім беру жүйесінде ЖИ қолдану стандарттарын бекіту

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

ОМ, "Өрлеу" АҚ (келісу бойынша), Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА (келісу бойынша), ЖИЦДМ, ЖАО

2026 жылғы қыркүйек

талап етілмейді

-

5-бағыт. Тиімділігін мониторингтеу, талдау және бағалау

5.1

ЖИ көмегімен жасалған цифрлық контенттің сапасын бағалау, оқу процесін және ЖИ-дің этикалық стандарттарын сақтау әдіснамасын әзірлеу

әдістемелік ұсынымдар

ОМ, "Өрлеу" АҚ (келісу бойынша), ЖИЦДМ, Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА (келісу бойынша), ЖАО

2027 жылғы маусым

талап етілмейді

-

5.2

ЖИ-ассистенттерді ендіру және білім беру процестерін цифрландыру есебінен педагогтердің әкімшілік жүктемесін төмендету бойынша мониторинг және талдау жүргізу (2026 жыл – кемінде 5%, 2027 жыл – кемінде 15%, 2028 жыл – кемінде 25%, 2029 жыл – кемінде 30%)

Қазақстан Республикасы Үкіметіне аналитикалық анықтама

ОМ, "Өрлеу" АҚ (келісу бойынша), Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА (келісу бойынша), ЖАО

2026-2029 жылдар

талап етілмейді

-

5.3

Пилоттық жобаға қатысатын қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты қысқарту бойынша мониторинг және талдау жүргізу (2026 – 2027 жылдар – кемінде 5%, 2027 – 2028 жылдар – кемінде 10%, 2028 – 2029 жылдар – кемінде 15%)

Қазақстан Республикасы Үкіметіне аналитикалық анықтама

ОМ, "Өрлеу" АҚ (келісу бойынша), Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА (келісу бойынша), ЖАО

2026-2029 жылдар

талап етілмейді

-

      Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ЖАО – астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары

      ЖИ – жасанды интеллект

      ЖИЦДМ - Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

      "Қазақтелеком" АҚ – "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      ОМ – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

      "Өрлеу" АҚ – "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" акционерлік қоғамы

      РБ – республикалық бюджет

      "Талдау" АҚ – "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы "Талдау" ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы" акционерлік қоғамы

      ҰМЭ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      ШЖМ – шағын жинақты мектеп

      Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА – "Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады