"Стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың, оның ішінде мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін құрылысжайлардың тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 23 тамыздағы № 671 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 27 тамыздағы № 776 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың, оның ішінде мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін құрылысжайлардың тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 23 тамыздағы № 671 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың, оның ішінде мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін құрылысжайлардың тізбесінде:

      1-тармақта:

      11) тармақша алынып тасталсын;

      36) тармақша алынып тасталсын;

      65) тармақша алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 91-1), 91-2), 91-3), 91-4), 91-5), 91-6), 91-7), 91-8) және 91-9) тармақшаларымен толықтырылсын:

      "91-1) Шағалалы өзеніндегі Шағалалы су қоймасы;

      91-2) Күрті өзеніндегі Күрті су қоймасы;

      91-3) Қарақоңыз өзеніндегі Қарақоңыз су қоймасы;

      91-4) Қақпатас өзеніндегі Қақпатас су қоймасы;

      91-5) Шабақты өзеніндегі Ынталы су қоймасы;

      91-6) Бүркітті өзеніндегі Бүркітті су қоймасы;

      91-7) Тамды өзеніндегі Жартас су қоймасы;

      91-8) Желқуар өзеніндегі Желқуар су қоймасы;

      91-9) Бесарық су қоймасы (таудағы жылғада);";

      2-тармақта:

      29) тармақшаға орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      33) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "33) Қонаев;";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы 1-11) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-11) Түркістан облысы Ордабасы ауданында Боралдай өзеніндегі Боралдай су қоймасы;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады