"Бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсутектер қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 5 желтоқсандағы № 1049 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 11 қыркүйектегі № 816 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсутектер қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 5 желтоқсандағы № 1049 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсутектер қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер мөлшерлемелерінде:

      "1-тармақтың бірінші абзацында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді, 1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      Аб = 38 134 + (Бортө – 214 584/1,12) * 95%, мұндағы:";

      2-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аб = 38 634 + (Бортө – 214 584/1,12) * 95%, мұндағы:";

      3-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аб = 35 726 + (Бортө – 284 350/1,12) * 95%, мұндағы:";

      4-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аб = 35 786 + (Бортө – 284 350/1,12) * 95%, мұндағы:".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады