"Квазимемлекеттік сектор субъектілері мен мемлекеттік меншік объектілерін оңтайландырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 894 қаулысына өзгерістер мен толықтырлар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 17 қыркүйектегі № 824 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Квазимемлекеттік сектор субъектілері мен мемлекеттік меншік объектілерін оңтайландырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 894 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген жекешелендірілуге тиіс мемлекеттік активтер тізбесіне объектілерді қосу және одан алып тастау жөніндегі әдістемеде:

      2-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;

      3-тармақтың 6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Мемлекеттік комиссия оң шешім қабылдаған жағдайда объектіні тізбеге қосу туралы мәселені Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізу;

      7) Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі негізінде объектіні тізбеге қосуды көздейтін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына енгізу.";

      11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мемлекеттік комиссияның оң ұсынымы болған кезде мәселе Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізіледі.

      12. Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі негізінде тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган тиісті қаулы жобасын әзірлейді және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентіне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына енгізуді қамтамасыз етеді.

      Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі әртүрлі мемлекеттік органдардың қарамағындағы бірнеше объектіге қатысты болған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының тиісті жобасын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына енгізеді.";

      14-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Мемлекеттік комиссия оң шешім қабылдаған жағдайда мәселені Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізу;";

      19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Мемлекеттік комиссия оң ұсыным берген кезде мәселе Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізіледі.

      20. Қазақстан Республикасы Президенті шешімі негізінде тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының тиісті жобасын әзірлейді және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентіне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына енгізуді қамтамасыз етеді.

      Қазақстан Республикасының Президенті әртүрлі мемлекеттік органдардың қарамағындағы бірнеше объектілерге қатысты шешім шығарған жағдайда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының тиісті жобасын әзірлейді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына енгізеді.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Мемлекеттік комиссия не жұмыс тобы оң ұсыным берген кезде мәселе Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізіледі.";

      көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:

      ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың бәсекелес ортаға беру және тарату ұсынылатын еншілес, тәуелді ұйымдарының тізбесінде:

      "Samruk-Kazyna Construction" акционерлік қоғамы" деген бөлімнен кейін мынадай мазмұндағы бөлімдермен толықтырылсын:

      "

"QazaqGaz" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

15-1.

1.

"GPC Investment" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

тікелей атаулы сату

2026 – 2027 жылдар

"Samruk-Kazyna Ondeu" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

15-2.

1.

"ХИМ-плюс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

екі кезеңді ашық конкурс / электрондық конкурс, аукцион / тікелей атаулы сату

2026 – 2027 жылдар

      ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады