Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі 16-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған цифрлық деректерді басқару жөніндегі талаптар бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Деректерді басқару жөніндегі талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қарашадағы № 925 қаулысы;
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 14 шілдедегі № 615 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларының 75-тармағы.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы | |
| Үкіметінің | |
| 2026 жылғы " " | |
| № қаулысымен бекітілген |
Цифрлық деректерді басқару жөніндегі талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Цифрлық деректерді басқару жөніндегі талаптар (бұдан әрі – талаптар) Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі 16-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және цифрлық деректерді басқару жөніндегі талаптарды айқындайды.
2. Талаптардың ережелері арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда, мемлекеттік органдарға, мемлекеттік заңды тұлғаларға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне (бұдан әрі – ұйымдар) қолданылады.
Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі 31-бабының 2-тармағына сәйкес цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларының жұмыс істеу қағидаларын сақтай отырып, цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформасында орналастырылатын цифрлық деректердің өнімдерін қалыптастыру кезінде мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар және квазимемлекеттік сектор субъектілері құрылымына, сапасына және метадеректеріне қатысты талаптарды ескереді.
3. Осы талаптар:
мемлекеттік функцияларды жүзеге асырған және олардан туындайтын қызметтерді көрсеткен кезде цифрлық деректерді бір мәрте ұсыну және бірнеше мәрте пайдалану мүмкіндігін;
цифрлық деректерді басқару қызметін жүзеге асырған кезде цифрлық инфрақұрылым мен ұйымдардың өзара іс-қимыл жасау тәсілдерінің тұтастығын;
ұсынылған цифрлық деректердің сапасына дербес жауапкершілікті;
жеке және заңды тұлғалардың жалпыға қолжетімді ақпаратқа жататын цифрлық деректерге кемсітушіліксіз қол жеткізуін;
цифрлық деректерді оларға тән сипаттамаларының ұқсастығы немесе айырмашылығы бойынша ретке келтіруді, цифрлық деректердің құрылымдық элементтері мен оларды ұсыну форматтарының біріздендірілуін;
цифрлық деректер сипаты мен олардың арасындағы байланыстарды жүйелеуді;
цифрлық объектілерді интеграциялау процесінде цифрлық деректерді алу (ұсыну) құқықтарын есепке алуды;
цифрлық деректерді үйлестіру арқылы ұқсас цифрлық деректерге сәйкес келтіруді;
негізінен цифрлық деректерді басқарудың электрондық тәсілдерін пайдалануды;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген иеленушілердің құқықтарын, құпия ақпаратқа жатқызылған деректерге және заңмен қорғалатын өзге де деректерді қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі құпияға қол жеткізуге шектеулердің сақталуын;
цифрлық деректерді пайдалану тәртібінің этикалық нормаларға сәйкестігін;
цифрлық деректер сапасын бақылауды;
"цифрлық үкімет" цифрлық объектілерінде қамтылған цифрлық деректердің онтологиялық бірлігін;
цифрлық деректерді өңдеудің цифрлық технологияларын уақтылы ендіру мен жеке өмірге, жеке және отбасылық құпияға қолсұғылмаушылық құқықтарын қорғау арасындағы теңгерімді;
шешім қабылдаудың алқалы болуын және цифрлық деректерді басқару жөніндегі іс-қимылдың келісілуін ескере отырып, деректерді басқаруды орталықтандыруды;
цифрлық деректердің өмірлік циклін басқару тәсілдерінің икемділігін;
цифрлық деректерді пайдаланушыға бағдарлануды;
әкімшілік цифрлық деректердің сапасын айқындауды қамтамасыз етуге бағытталған.
4. Осы талаптарды қолдану мақсаттары үшін мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) аналитикалық дашборд – цифрлық деректерді талдау нәтижелерін визуалдандырудың ақпараттық тақтасы, "Smart Data Ukimet" цифрлық талдау жүйесінің құралдары оның бірыңғай деректер қоймасы негізінде қалыптастырады;
2) аналитикалық дашбордтар тізілімі – мемлекеттік органдар мен ұйымдардағы барлық қолданыстағы дашбордтар туралы ақпарат жинақталған және құрылымдалған орталықтандырылған тізбе;
3) архитектуралық-үйлестіруші орталық (бұдан әрі – орталық) – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;
4) атрибут – болмыстың оны сәйкестендіруге, сипаттауға немесе өлшеуге мүмкіндік беретін сипаттамасы (физикалық деңгейде болмыстың атрибутына кестедегі, ұсынымдағы, құжаттағы, бағандағы немесе файлдағы бағанша, жол, тег немесе түйін (қиылысқан тұс) сәйкес келуі мүмкін;
5) әкімшілік дерек – бастапқы статистикалық және балама деректерді қоспағанда, әкімшілік көздер жинайтын және (немесе) өңдейтін және (немесе) қалыптастырылатын жеке немесе заңды тұлға жөніндегі жеке-дара сандық (сандар көмегімен өлшенетін) және (немесе) сапалық (белгілі бір қағидат және (немесе) белгі бойынша құрылған) деректер және шаруашылық бойынша есепке алу деректері, әкімшілік цифрлық деректер әкімшілік дерек болуы мүмкін;
6) әкімшілік цифрлық деректер – мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, квазимемлекеттік сектор субъектілері және оларға жүктелген мемлекеттік функцияларды орындау және мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде субъектілер қалыптастыратын цифрлық деректер;
7) әкімшілік цифрлық деректер сапасын айқындау – цифрлық деректердің, оның ішінде әкімшілік цифрлық деректердің сапасын бағалау нәтижелерін талдау процесі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес цифрлық деректердің пайдалануға жарамдылық дәрежесін белгілейді;
8) деректер – өңдеуге жарамды, ресімделген түрдегі ақпарат;
9) дерекнама – жасанды интеллект модельдерін оқып-үйренуге жарамды, құрылымдалған және (немесе) топтастырылған деректер жиынтығы;
10) дерекнаманың бақылау жиынтығын қалыптастыру – дерекнаманың құрамы негізінде хэш-функция немесе арнайы алгоритм көмегімен бірегей цифрлық кодты жасау процесі, оның тұтастығын тексеру және бұрмалануды анықтау үшін пайдаланылады;
11) дерекқор (бұдан әрі – ДҚ) – цифрлық технологиялар арқылы өңдеуге жарамды, жүйеленген деректер жиынтығы;
12) деректерді интеграциялау тәсілдері: "шығару", "түрлендіру", "жүктеу" (Extract, Transform, Load) (бұдан әрі – ETL) – деректерді дереккөзден деректер қоймасына шығаруға, түрлендіруге және жүктеуге негізделген процесс;
13) деректерді интеграциялау тәсілі: "өзгерістер туралы деректерді жинау" (Change Data Capture) (бұдан әрі – CDC) – ДҚ-ға енгізілген өзгерістерді сәйкестендіруге, тіркеуге және жеткізуге негізделген процесс;
14) домен деректерінің тұжырымдамалық моделі – түйінді атрибуттарымен және олардың арасындағы байланыстарымен доменнің негізгі болмысы түрінде ұсынылған домен деректерінің моделі;
15) жасанды интеллектінің ұлттық платформасының операторы (бұдан әрі – ЖИҰП операторы) – жасанды интеллектінің ұлттық платформасын дамыту мен оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген заңды тұлға;
16) мемлекеттің цифрлық объектілерінің архитектуралық порталы – цифрландыру саласындағы мониторинг, талдау және жоспарлау үшін мемлекеттік органдардың одан әрі пайдалануы мақсатында мемлекеттің цифрлық объектілері, мемлекеттің цифрлық архитектурасы, платформалық бағдарламалық өнімдер туралы мәліметтерді есепке алуды, сақтауды және жүйелеуді жүзеге асыруға арналған цифрлық объект;
17) ұлттық тіркелім – "цифрлық үкімет" архитектурасы шеңберінде айқындалған және мемлекеттік функцияларды орындау, мемлекеттік қызметтер көрсету, ведомствоаралық өзара іс-қимыл және мемлекеттік статистика үшін анық ақпараттың бірыңғай көзі ретінде пайдаланылатын, эталондық цифрлық деректерді қамтитын цифрлық ресурс;
18) цифрланбаған деректер – цифрлық объектілерде қамтылмаған қағаз түріндегі деректер;
19) цифрлық деректер – цифрлық нысанда берілген және оны алу тәсіліне және цифрлық беру нысанына қарамастан, автоматтандырылған және (немесе) аналитикалық жинауға, сақтауға, өңдеуге, пайдалануға, беруге, таратуға немесе алып тастауға жарамды ақпарат;
20) цифрлық деректер аналитикасы – шешім қабылдау үшін ақпарат пен тұжырым алу мақсатында цифрлық деректерді өңдеу процесі;
21) цифрлық деректер аналитикасына тапсырыс беруші – мемлекеттік органдар мен ұйымдар;
22) цифрлық деректер сапасы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес деректердің пайдалануға жарамдылық дәрежесін көрсететін сипаттама;
23) цифрлық деректер сапасын бағалау – цифрлық деректердің цифрлық деректер сапасының өлшемшарттарына сәйкестігін өлшеу, оның ішінде әкімшілік цифрлық деректердің ұлттық тіркелімдеріне сәйкестігін белгілеу;
24) цифрлық деректер сапасының өлшемшарттары – цифрлық деректер сапасының дәлдік, толықтық, өзара байланыстылық, салыстырмалылық, өзектілік, бірегейлік, дәйектілік, уақтылылық, айқындылық, қолжетімділік сияқты аса маңызды өлшемшарттарын бағалау және бақылау үшін пайдаланылатын цифрлық деректер сапасының жалпы қабылданған өлшемшарттары;
25) цифрлық деректерді басқару – цифрлық деректерді айқындауға, жасауға, жинауға, жинақтауға, сақтауға, таратуға, жоюға, қолдауға, сондай-ақ олардың аналитикасын, сапасын, қолжетімділігін, қорғалуын қамтамасыз етуге байланысты процесс;
26) цифрлық деректерді басқару жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – цифрлық деректерді басқару жөніндегі басшылықты және салааралық үндестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
27) цифрлық деректерді жинау – цифрлық деректерді алуға бағытталған іс-қимыл;
28) цифрлық деректерді иесіздендіру – жасалу нәтижесінде сипаттау объектісін сәйкестендіру мүмкін болмайтын іс-қимыл;
29) цифрлық деректерді өңдеу – деректерді жинақтауға, сақтауға, өзгертуге, толықтыруға, пайдалануға, таратуға, иесіздендіруге, бұғаттауға, архивтеуге және жоюға бағытталған іс-қимыл;
30) цифрлық деректерді пайдаланушы – цифрлық деректерді сұрататын және (немесе) пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
31) цифрлық деректерді сақтау – цифрлық деректердің тұтастығын, құпиялылығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл;
32) "цифрлық үкімет" операторы (бұдан әрі – оператор) – "цифрлық үкімет" цифрлық объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;
33) эталондық цифрлық деректер – шешім қабылдауға негіз болатын бейінді сала объектілерін бастапқы есепке алудың құрылымдалған цифрлық деректері;
34) "Smart Data Ukimet" цифрлық талдау жүйесі (бұдан әрі – SDU) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметі бойынша аналитикалық ақпарат беру мақсаттары үшін мемлекеттік органдардың, мемлекеттік заңды тұлғалардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің құрылымдалмаған және құрылымдалған деректерінің бірыңғай қоймасын қалыптастыруға арналған цифрлық объект.
Бюджет қаражаты есебінен құрылатын, жинақталатын және иелікке алынатын, сондай-ақ "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 19-бабында белгіленген тәсілдермен мемлекеттік органдар алған деректер мемлекеттік болып табылады.
5. Деректер электрондық және қағаз жеткізгіштерде тіркеледі. Ұйымдар цифрлық деректерді басқару шеңберінде мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру және мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті деректер мен олардың аналитикаларын электрондық нысанға аударуды қамтамасыз етеді.
6. Цифрлық деректерді басқару мынадай түрлерге бөлінеді:
мазмұны бойынша:
1) метадеректер – деректердің құрылымы мен сипаттамаларын сипаттайтын деректер.
Метадеректер мынадай түрлерге бөлінеді:
функционалдық метадеректер: деректердің сапасын қамтамасыз ету кезінде пайдаланылатын мәліметтерді қоса алғанда, ұйым қызметінің ерекшелігіне тікелей қатысы бар деректердің мазмұны мен жай-күйін сипаттайды;
техникалық метадеректер: деректер мен оларды сақтау жүйелерінің техникалық сипаттамаларын сипаттайды;
операциялық метадеректер: цифрлық деректерді өңдеу мен оларға қол жеткізуді басқару процестерін сипаттайды (деректер қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде пайдаланылатын мәліметтер);
2) анықтамалық деректер – ұлттық анықтамалық ақпараттың элементтері;
3) транзакциялық деректер – уақыттың белгілі бір сәтіне қатысты деректердің өзгеру нәтижесін көрсететін, болашақта өзгермейтін мәліметтер;
деректердің ұйымдастырылу сипаты бойынша:
1) құрылымдалмаған деректер – формаға келтірілмеген, күрделі немесе өңдеуге жарамсыз түрдегі деректер;
2) құрылымдалған деректер – өңдеуге жарамды реттелген деректер.
7. Цифрлық деректердің өмірлік циклі мынадай кезеңдерден тұрады:
цифрлық деректерді жасау (жинау);
цифрлық деректерді сақтау және оларды жүргізу;
цифрлық деректерді пайдалану;
цифрлық деректер сапасын басқару;
цифрлық деректерді архивтеу (немесе оларды жою).
8. Цифрлық деректерді басқару мақсатында ұйымдар:
1) жетекшілік ететін саладағы цифрлық деректерді, стратегиялық бағыттарды басқаруға және цифрлық деректерді басқару саясатын айқындауға жауапты тұлғаларды;
2) функциясына:
осы талаптардың сақталуын және ұйымның цифрлық деректерді басқару саясатын мониторингтеу;
тиісті жауапты тұлғалардың ДҚ-ның өзекті, толық және теңтүпнұсқалы мәліметтермен уақтылы толықтырылуын үйлестіру;
"цифрлық үкімет" цифрлық объектілерінде орналастырылған осындай цифрлық деректермен SDU цифрлық деректерінің дәлме-дәлдігі тұрғысынан ішкі бақылауды жүргізу;
интеграция арқылы көрсеткіштер (салалық деректер) бойынша мәліметтердің SDU-ға уақтылы енгізілуін мониторингтеу және көрсеткіштерге верификация жүргізу;
интеграциялық сервистерді сервистер тізілімінде орналастыруды қамтамасыз ету;
цифрлық объектілерінің деректер паспорттарын (бұдан әрі – деректер паспорты) толтыру, цифрлық деректер түрлерін, олардың деректерін сипаттау жөніндегі жұмысты үйлестіру;
цифрлық деректерді басқару жөніндегі ішкі актілерді әзірлеу және келісу;
цифрлық объектілерін жасауға және дамытуға арналған жобалық және техникалық құжаттаманың осы талаптарға сәйкестігін тексеру;
цифрлық деректерді басқару бөлігінде қызметкерлерді оқыту және олардың біліктілік деңгейін жоғарылату жөнінде іс-шаралар өткізу;
ұйымға тиесілі ДҚ-ның іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
цифрлық деректерді басқару технологияларын ендіруді қамтамасыз ету;
цифрлық деректердің бүкіл өмірлік циклі шеңберінде деректерді қорғау талаптарының сақталуын ұйымдастыру кіретін цифрлық деректерді басқаруға жауапты тұлғаларды (деректер менеджері) айқындауды қамтамасыз етеді.
2-тарау. Цифрлық деректерді айқындауға, жасауға, жинауға, өңдеуге және жинақтауға қойылатын талаптар
1-параграф. Цифрлық деректерді айқындауға қойылатын талаптар
9. Ұйымдардың ДҚ-да қамтылған цифрлық деректерін айқындау мақсатында цифрлық деректер түрлері және олардың арасындағы байланыстар туралы мәліметтердің жүйеленген тізбесі болып табылатын цифрлық деректер каталогы (бұдан әрі – каталог) қалыптастырылады және жүргізіледі.
Каталог цифрлық деректердің құрылымы және (немесе) дереккөздері өзгерген сайын өзектілендірілуге тиіс.
10. Уәкілетті орган ұйымдар қалыптастырған каталогтағы негізгі (мастер) деректер туралы мәліметтер тізбесін келісуді жүзеге асырады.
11. Каталогты қалыптастыру және жүргізу мақсаттары:
ұйымның цифрлық деректерінің құрамы мен құрылымы туралы бірыңғай ақпарат көзін қалыптастыру;
мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау шеңберінде ұйымдардың цифрлық деректерді бірлесіп пайдалануы үшін жағдайлар жасау;
цифрлық деректерді құрылымдау;
цифрлық деректер сапасын қамтамасыз ету;
ұйымның цифрлық деректеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін құқықтық жағдай жасау;
цифрлық деректер аналитикасын жүргізу;
цифрлық объектілерді интеграциялау жолымен эталондық цифрлық деректер туралы мәліметтерді қоса алғанда, каталогта ескерілген цифрлық деректер туралы мәліметтерді іздеу және тексеру;
ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректер тізбесін қалыптастыру;
сипаттау объектілері бойынша цифрлық бейіндер қалыптастыру;
үйлестіру жолымен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес цифрлық деректерді ұқсас түрдегі деректерге сәйкес келтіру.
12. Каталогты орталық пен ұйымдар осы талаптарға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша цифрлық объектілердің цифрлық деректерінің паспорттарын қалыптастыру жолымен мемлекеттің цифрлық объектілерінің архитектуралық порталында қалыптастырады. Цифрлық деректердің құрылымы, деректер көздері, көрсеткіштерді есептеу формулалары және цифрланбаған деректердің сипаты өзгерген кезде объектінің паспорты өзектілендірілуге тиіс.
Цифрлық деректер паспортын және цифрланбаған деректердің сипаттамасын цифрлық деректер менеджері мен орталық келіседі.
Құрылатын және (немесе) дамытылатын цифрлық объектілер бойынша цифрлық деректердің паспортын қалыптастыру, цифрланбаған деректердің сипаттамасы және оларды келісу ұйымдардың цифрлық объектісі өнеркәсіптік пайдалануға енгізілгенге дейін жүзеге асырылады.
13. Каталогты мемлекеттің цифрлық объектілерінің архитектуралық порталында орталық жүргізеді.
Каталогты жүргізу деп оны жүргізу үшін ұйымдастырушылық және техникалық жағдайларды қамтамасыз ету түсініледі.
14. Үкіметтің цифрлық архитектурасын қалыптастыру шеңберінде орталық:
мемлекеттің цифрлық объектілерінің архитектуралық порталында цифрлық деректер паспорттарын қалыптастыру мен жүргізудің және цифрланбаған деректерді сипаттаудың техникалық мүмкіндігін;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға (бұдан әрі – БТ) сәйкес каталогта қамтылған мәліметтерді қорғауды;
мемлекеттің цифрлық объектілерінің архитектуралық порталында цифрлық деректер паспорттарын қалыптастыру және цифрланбаған деректерді сипаттау мәселелері бойынша техникалық, әдіснамалық және ақпараттық қолдауды;
сипаттама объектілері бойынша цифрлық бейіндерді қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Орталық операторға каталогты оқуға қол жеткізу мүмкіндігімен цифрланбаған деректердің қалыптасқан цифрлық деректер паспорттары мен сипаты туралы хабарлайды.
15. Ұйымдар (салалық сарапшылар) орталықпен бірлесіп цифрлық деректерді цифрлық объектілерге, ДҚ-ға егжей-тегжейлі беруді сипаттай отырып, бизнес-процестерге талдау жүргізе отырып, эталондық цифрлық деректер көздерін қалыптастырады.
16. Цифрлық объектілерде басқа цифрлық объектіде көзделген эталондық цифрлық деректерді айқындауға жол берілмейді.
17. Ұлттық тіркелімдердің тізбесін, олардың құрылымын, эталондық цифрлық деректердің құрамын, сондай-ақ оларды жүргізуге және өзектілендіріп тұруға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі 19-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша цифрландыру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Ұлттық тіркелімдер үшін цифрлық деректерді ұстаушылар немесе деректер көзі болып табылатын цифрлық объектілердің меншік иелері және (немесе) иеленушілері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұлттық тіркелімдерде қамтылған цифрлық деректердің сапасын қамтамасыз етеді.
18. Эталондық цифрлық деректер цифрлық объектілердегі деректер мен эталондық цифрлық деректер арасындағы қайшылықтардың бар-жоғын айқындау және белгілеу және кейіннен қайшылықтарды жою мақсатында цифрлық деректердің осындай түрін олармен салыстыру үшін пайдаланылады.
19. Каталогта қамтылған мәліметтер ұйымдарға өтеусіз негізде ұсынылады.
Ашық деректер нысанында орналастырылатын жалпыға қолжетімді ақпарат болып табылатын мәліметтер негізінде каталогта қалыптастырылған цифрлық деректердің түрлері туралы мәліметтерді жеке және заңды тұлғалар өтеусіз негізде ала алады.
Дербес деректерді және заңмен қорғалатын өзге де ақпаратты қамтитын каталог мәліметтері Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау саласындағы заңнамасында белгіленген талаптар мен ерекшеліктер есепке алына отырып жүзеге асырылады.
20. Цифрланбаған деректерді сипаттау осы талаптарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.
Ұйымдардың деректері қағаз түрінде, электрондық кестелерде, тізілімдерде цифрланбаған деректер сипатына енгізіледі және толтырылады.
Цифрланбаған деректерді сипаттау үш кезең бойынша жүзеге асырылады:
1) ұйымдардың қазіргі деректерін талдау және Қазақстан Республикасының заңнамасына талдау жүргізу негізінде цифрланбаған деректерді қалыптастыру;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасын талдаудан алынған деректер субъектілері мен объектілері бойынша эталондық цифрлық деректерді қалыптастыру, болмысын айқындау, әрбір болмыс үшін атрибуттардың бірегей жиынын айқындау;
3) түйінді атрибуттары бар доменнің негізгі болмысы және олардың арасындағы байланыс түрінде ұсынылған домен деректерінің тұжырымдамалық моделін құру үшін болмыстар арасындағы өзара байланысты қалыптастыру.
2-параграф. Цифрлық деректерді жасауға, жинауға, өңдеуге және жинақтауға қойылатын талаптар
21. Ұйымдардың цифрлық деректерді жасауы, жинауы, өңдеуі және жинақтауы оларға жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау үшін қажетті әрі жеткілікті көлемде жүзеге асырылады.
22. Цифрлық деректерді басқару кезінде ұйымдар цифрлық деректерді пайдалану мен қайта пайдалануды (қажетті өзгерістерді ескеріп), цифрлық деректер аналитикасы негізінде түпкілікті тұтынушылардың мұқтажына байланысты цифрлық деректерді жасау мен пайдаланудың жаңа тәсілдерін қамтамасыз етеді, бұл ретте цифрлық деректер "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерінде бар болса, оларды қайта жинауға жол берілмейді.
Жеке және заңды тұлғалардан жиналатын немесе талап етілетін цифрлық деректер "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерінде болмаса, мұндай жинау және талап ету автоматтандыру арқылы жүзеге асырылады.
23. Цифрлық деректерді жасау, жинау, өңдеу және жинақтау "цифрлық үкімет" цифрлық объектісінің, олардағы цифрлық деректердің, интеграцияның, цифрлық деректерді басқару тәсілдері мен құралдарының сипаты ретіндегі "цифрлық үкімет" архитектурасының қабаты болып табылатын цифрлық деректер архитектурасына сәйкес жүзеге асырылады.
24. Цифрлық деректерді жасау, жинау, өңдеу және жинақтау кезінде мемлекеттік органдар мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның цифрлық объектісінде ұлттық анықтамалық ақпараттың элементтерін жүргізуді жүзеге асырады.
25. Жеке және заңды тұлғалардан цифрлық деректер жинаған кезде ұйымдар ақпарат беретін тұлғалар тобын сәйкестендіруді және ұлттық анықтамалық ақпараттың элементтерін қолдануды қамтамасыз етеді.
26. Цифрлық деректер архитектурасын Орталық цифрлық деректер паспорттары мен цифрланбаған деректердің сипатын қоса алғанда, каталог негізінде қалыптастырады.
27. Домен цифрлық деректерінің тұжырымдамалық моделін осы жобалау домендердің архитектурасын цифрлық деректердің паспорттары негізінде Орталық ұйымдармен бірге қалыптастырған кезде жүзеге асырылады.
Ұйымдар ай сайын, есепті айдан кейінгі әр айдың 5-і күні, доменнің цифрлық деректерінің тұжырымдамалық моделіндегі мәліметтердің өзектілігін тексеруді жүзеге асырады және каталогқа тиісті өзгерістер енгізеді.
Каталогқа өзгерістер енгізуді цифрлық деректер менеджері және Орталық келіседі.
Цифрлық деректер архитектурасына өзгерістер енгізуді Орталық Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 69-бабына сәйкес жүзеге асырады.
28. "Цифрлық үкімет" архитектурасына сәйкес ұйымдар цифрлық деректерді "цифрлық үкімет" платформасына береді (көшіреді).
Ұйымдар деректердің аналитикасын жүзеге асыру үшін "цифрлық үкімет" операторына цифрлық деректерге және цифрлық жазбаларға қол жеткізуді ұсынады.
3-тарау. Цифрлық деректердің сапасы мен оларды қолдауға қойылатын талаптар
1-параграф. Цифрлық деректер сапасын басқаруды ұйымдастыру
29. Цифрлық деректер сапасын басқару цифрлық деректер сапасының мынадай өлшемшарттарын бақылау бойынша келісілген қызметті ұйымдастыруды көздейді:
дәлдік (цифрлық деректердің сапа өлшемшарты, цифрлық деректерді нақтылаудың қажетті деңгейін айқындайды);
толықтық (цифрлық деректердің сапа өлшемшарты, цифрлық деректер жиынтығы мен олардың атрибуттарын толтырудың жеткіліктілігін айқындайды);
өзара байланыстылық (цифрлық деректердің сапа өлшемшарты, байланысты әртүрлі цифрлық деректер жиынтығындағы цифрлық деректердің қаншалықты қайшылықсыз екенін айқындайды);
салыстырмалылық (цифрлық деректердің сапа өлшемшарты, түрлі көздерден немесе түрлі уақыт кезеңінде алынған цифрлық деректерді қаншалықты салыстыруға және пайдалануға болатынын айқындайды);
өзектілік (цифрлық деректердің сапа өлшемшарты, белгілі бір уақытта модельденетін сала цифрлық деректерінің сәйкестік дәрежесін айқындайды);
бірегейлік (цифрлық деректердің сапа өлшемшарты, цифрлық деректердің қайталанбауын айқындайды);
дұрыстық (цифрлық деректердің сапа, өлшемшарты цифрлық деректердің модельденетін саланы қаншалықты дұрыс сипаттайтынын айқындайды);
уақтылылық (цифрлық деректердің сапа өлшемшарты, қажетті уақытта пайдаланушыға цифрлық деректердің қолжетімділігін айқындайды);
айқындық (цифрлық деректердің сапа өлшемшарты, пайдаланушының түсінуі мен пайдалануының жеңілдігін айқындайды);
қолжетімділік (цифрлық деректердің сапа өлшемшарты, цифрлық деректерге еркін қолжетімділіктің бар-жоғын айқындайды).
Айқындық және қолжетімділік өлшемшарттары бойынша цифрлық деректер сапасын айқындау тек мемлекеттік статистика органдарына қатысты жүзеге асырылады.
Әкімшілік цифрлық деректердің сапасын айқындау кезінде мемлекеттің цифрлық объектілерінің архитектуралық порталында метадеректері, паспорттары және деректер каталогтары болмаған кезде әкімшілік цифрлық деректердің сапасын айқындау саласындағы уәкілетті орган оларды ұйымдардан мемлекеттік құпиялар және Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпия туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарды сақтай отырып сұратады.
Цифрлық деректердің сапа өлшемшарттарының біріне цифрлық деректердің сәйкес келмеуі оларды дұрыс емес деп айқындауға негіз болып табылады.
30. Оператор тоқсан сайынғы негізде "цифрлық үкімет" цифрлық объектілерінің меншік иелерімен және (немесе) иеленушілерімен бірлесіп "цифрлық үкімет" цифрлық объектілерінде орналастырылған ұқсас цифрлық деректермен SDU-дағы цифрлық деректер мен цифрлық жазбалардың теңтүпнұсқалығы тұрғысынан цифрлық деректерді верификациялауды жүзеге асырады.
31. Цифрлық деректер сапасын қамтамасыз ету және арттыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу үш кезеңде жүзеге асырылады:
1) цифрлық деректер сапасын қамтамасыз ету және арттыру жөніндегі іс-шараларды жоспарлау;
2) цифрлық деректер сапасын қамтамасыз ету және арттыру жөніндегі іс-шараларды өткізу;
3) цифрлық деректер сапасын қамтамасыз ету және арттыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу тиімділігін бағалау.
32. "Дәлдік" сапа өлшемшарты бойынша цифрлық деректер сапасын арттыру жөніндегі іс-шаралар:
цифрлық деректердің дұрыстығына қойылатын талаптардың орындалуы бөлігінде цифрлық деректер сапасын қамтамасыз ету мен арттыру мақсатында ұйым "Дәлдік" өлшемшартына қатысты цифрлық деректер сапасы индикаторларының талаптарға сәйкес келмейтін мәндеріне әсер ететін себептерді жою (немесе әсерін қысқарту) шараларын ұйымдастырады және өткізеді, олар:
бірыңғай әдістер мен құралдарды пайдалануды қоса алғанда, цифрлық деректерді жинау, енгізу және өңдеу үшін стандарттық операциялық рәсімдерді әзірлеуге және ендіруге;
цифрлық деректердің өмірлік циклінің барлық кезеңдеріндегі цифрлық деректерді тексеру және валидациялау рәсімдерін ендіруге;
әдеттен тыс мәндерді айқындау үшін цифрлық деректерді тексеруді жүзеге асыруға бағытталған.
33. "Толықтық" өлшемшарты бойынша цифрлық деректер сапасын арттыру жөніндегі іс-шаралар:
цифрлық деректердің дұрыстығына қойылатын талаптардың орындалуы бөлігінде цифрлық деректер сапасын қамтамасыз ету және арттыру мақсатында ұйым "Толықтық" көрсеткішіне жататын цифрлық деректер сапасы индикаторларының талаптарға сәйкес келмейтін мәндеріне әсер ететін себептерді жою (немесе олардың әсерін қысқарту) жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді, олар:
толтырылуы міндетті цифрлық деректердің атрибуттарын нақтылауға және цифрлық деректердің сапасын бақылаудың тиісті тәртібін нақтылауға;
цифрлық деректердің толтырылмаған атрибуттарын мезгіл-мезгіл тексеруге және айқындауға, "цифрлық үкімет" цифрлық объектілерінде айқындалған қателер мен цифрлық деректердің сәйкессіздіктерін жоюға;
"цифрлық үкімет" цифрлық объектілерінде цифрлық деректерді өңдеу кезінде цифрлық деректер атрибуттарының толықтығын бақылау бөлігінде форматты-логикалық бақылауды жетілдіруге (күшейтуге), цифрлық деректерді жинау мен өңдеуді жүзеге асыратын "цифрлық үкімет" цифрлық объектісінің цифрлық деректерін енгізу нысандарын дамытуға (пысықтауға);
цифрлық деректерді толықтыруға (байытуға) және цифрлық деректерді белгіленген цифрлық деректер көздерімен үндестіруді (толықтыруды) жүргізуге мүмкіндік беретін цифрлық деректер көздерін белгілеуге;
цифрлық деректерді өңдеу процестерін оңтайландыруға (цифрлық деректерді қолмен енгізуді қысқартуға) бағытталған.
34. "Өзара байланыстылық" өлшемшарты бойынша цифрлық деректер сапасын арттыру жөніндегі іс-шаралар:
цифрлық деректердің дұрыстығына қойылатын талаптардың орындалуы бөлігінде цифрлық деректер сапасын қамтамасыз ету және арттыру мақсатында ұйым "Өзара байланыстылық" өлшемшартына жататын цифрлық деректер сапасы индикаторларының талаптарға сәйкес келмейтін мәндеріне әсер ететін себептерді жою (немесе олардың әсерін қысқарту) жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді, олар:
цифрлық деректердің өзара қайшылықсыз болуына;
эталондық цифрлық деректер көздерін белгілеуге;
цифрлық деректерді белгіленген цифрлық деректер көздерімен үндестіруге;
цифрлық деректерді ұлттық анықтамалық ақпараттың өзекті элементтерімен үйлестіруге бағытталған.
35. "Салыстырмалылық" сапа өлшемшарты бойынша цифрлық деректер сапасын арттыру жөніндегі іс-шаралар:
цифрлық деректердің дұрыстығына қойылатын талаптардың орындалуы бөлігінде цифрлық деректер сапасын қамтамасыз ету мен арттыру мақсатында ұйым "Салыстырмалылық" өлшемшартына қатысты цифрлық деректер сапасы индикаторларының талаптарға сәйкес келмейтін мәндеріне әсер ететін себептерді жою (немесе әсерін қысқарту) жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді, олар:
эталондық цифрлық деректерді пайдалануға;
уақыт бөлінісінде, өңірлік және салалық бөліністерде цифрлық деректерді салыстыруға;
цифрлық объектілерді интеграциялауға;
ұлттық анықтамалық ақпараттың өзекті элементтерін пайдалануға бағытталған.
36. "Өзектілік" сапа өлшемшарты бойынша цифрлық деректер сапасын арттыру жөніндегі іс-шаралар:
цифрлық деректердің дұрыстығына қойылатын талаптардың орындалуы бөлігінде цифрлық деректер сапасын қамтамасыз ету мен арттыру мақсатында ұйым "Өзектілік" өлшемшартына жататын цифрлық деректер сапасы индикаторларының талаптарға сәйкес келмейтін мәндеріне әсер ететін себептерді жою (немесе олардың әсерін қысқарту) жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді, олар:
өзектілендіруді талап ететін цифрлық деректерді анықтау тәртібін белгілеуге (мысалы, цифрлық деректердің ескіру мерзімін айқындауға) және цифрлық деректерді өзектілендірудің тәртібі мен кезеңін айқындауға;
цифрлық деректердің ресми статистикалық ақпарат өндірісінде пайдаланудың қазіргі және ықтимал қажеттігіне сәйкестік дәрежесін айқындауға;
тұрақты негізде цифрлық объектілерінен өзекті цифрлық деректерді алуға бағытталған.
Цифрлық объектілерде цифрлық деректерді толтыруға жауапты ұйымдар мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру және мемлекеттік қызметтер көрсету үшін пайдаланылатын цифрлық деректердің өзектілігін үнемі қамтамасыз етеді.
37. "Бірегейлік" сапа өлшемшарты бойынша цифрлық деректер сапасын арттыру жөніндегі іс-шаралар:
цифрлық деректердің дұрыстығына қойылатын талаптардың орындалуы бөлігінде цифрлық деректер сапасын қамтамасыз ету мен арттыру мақсатында ұйым "Бірегейлік" өлшемшартына жататын цифрлық деректер сапасы индикаторларының талаптарға сәйкес келмейтін мәндеріне әсер ететін себептерді жою (немесе олардың әсерін қысқарту) жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді, олар:
мәндерінің қайталануына жол берілмейтін (бірегейлік) цифрлық деректер атрибуттарын (атрибуттар тобын) нақтылауға және қайталанатын жазбаларды анықтауға (жазбаларды салыстыруға), қайталанатын жазбаларды анықтаудың және оларды жоюдың (цифрлық деректерді біріктіру немесе жою) кезеңдерін нақтылауға;
қайталанатын жазбаларды (дубльдерді) анықтау тәртібін ендіру бөлігінде цифрлық деректерді өңдеу кезіндегі форматты-логикалық бақылауды жетілдіруге (күшейтуге) бағытталған.
38. "Дұрыстық" өлшемшарты бойынша цифрлық деректер сапасын арттыру жөніндегі іс-шаралар:
цифрлық деректердің дұрыстығына қойылатын талаптардың орындалуы бөлігінде цифрлық деректер сапасын қамтамасыз ету мен арттыру мақсатында ұйым "Дұрыстық" өлшемшартына жататын цифрлық деректер сапасы индикаторларының талаптарға сәйкес келмейтін мәндеріне әсер ететін себептерді жою (немесе олардың әсерін қысқарту) жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді, олар:
цифрлық деректер атрибуттарының мәндерін бақылау тәртібін нақтылауға (мысалы, әдеттен тыс мәндерді анықтау, интервалдық мәндерді бақылау, ендіру бүркемелеріне сәйкестік, қайшылықтарды анықтау) және "цифрлық үкімет" цифрлық объектілерінде цифрлық деректерді өңдеу кезіндегі форматты-логикалық бақылауды жетілдіруге (күшейтуге);
цифрлық деректерді салыстырып тексеруге, эталондық цифрлық деректер көздерін айқындауға мүмкіндік беретін цифрлық деректер көздерін белгілеуге;
цифрлық деректерді эталондық цифрлық деректер көздерімен, ұлттық анықтамалық ақпаратпен үндестірудің тәртібі мен кезеңін қалыптастыруға;
цифрлық деректердегі сәйкессіздіктерді анықтауға және анықталған сәйкессіздіктерді жою мақсатында цифрлық деректерді белгіленген цифрлық деректер көздерімен салыстыру тәртібі мен кезеңін қалыптастыруға бағытталған.
39. "Уақтылылық" сапа өлшемшарты бойынша цифрлық деректер сапасын арттыру жөніндегі іс-шаралар:
цифрлық деректердің дұрыстығына қойылатын талаптардың орындалуы бөлігінде цифрлық деректер сапасын қамтамасыз ету мен арттыру мақсатында ұйым "Уақтылылық" өлшемшартына жататын цифрлық деректер сапасы индикаторларының талаптарға сәйкес келмейтін мәндеріне әсер ететін себептерді жою (немесе олардың әсерін қысқарту) жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді, олар:
цифрлық деректердің өзара қайшылықсыз болуына;
эталондық цифрлық деректер көздерін белгілеуге;
цифрлық деректерді белгіленген цифрлық деректер көздерімен үндестіруге;
әкімшілік цифрлық деректерді белгіленген мақсаттарға сәйкес мерзімдерде алуға;
цифрлық деректердің пайдаланушыға қажетті уақытта қолжетімді болуына;
мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүргізу үшін әкімшілік цифрлық деректерді ұсынуға бағытталған.
40. "Айқындық" сапа өлшемшарты бойынша цифрлық деректер сапасын арттыру жөніндегі іс-шаралар:
цифрлық деректердің дұрыстығына қойылатын талаптардың орындалуы бөлігінде цифрлық деректердің сапасын қамтамасыз ету мен арттыру мақсатында ұйым "Айқындық" өлшемшартына жататын цифрлық деректер сапасы индикаторларының талаптарға сәйкес келмейтін мәндеріне әсер ететін себептерді жою (немесе әсерін қысқарту) жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және жүзеге асырады, олар:
цифрлық деректерді оқуға ыңғайлы және құрылымдалған нысанда ұсынуға (кестелер, графиктер, диаграммалар);
цифрлық деректердің мағыналарын және оларды пайдалану мәнмәтінін түсіндіретін аннотациялар мен метадеректерді қосуға;
цифрлық деректерді визуализациялау әдістерін қолдануға (диаграммалар, интерактивті және ақпараттық тақталары);
цифрлық деректердің нысаналы аудитория үшін қолжетімділігі мен түсініктілігі тұрғысынан тестілеуді жүргізуге (фокус-топтар, сауалнамалар) бағытталған.
41. "Қолжетімділік" сапа өлшемшарты бойынша цифрлық деректер сапасын арттыру жөніндегі іс-шаралар:
цифрлық деректердің дұрыстығына қойылатын талаптардың орындалуы бөлігінде цифрлық деректер сапасын қамтамасыз ету мен арттыру мақсатында ұйым "Қолжетімділік" өлшемшартына жататын цифрлық деректер сапасы индикаторларының талаптарға сәйкес келмейтін мәндеріне әсер ететін себептерді жою (немесе олардың әсерін қысқарту) жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және жүргізеді, олар:
цифрлық деректерді алудың қарапайымдылығына және берудің жеңілдігіне;
цифрлық деректердің қауіпсіздігі мен құпиялылығын қамтамасыз етуге;
цифрлық деректерді жүйелі түрде жаңартуға және архивтеуге бағытталған.
42. Цифрлық деректердің сапасын қамтамасыз ету мен арттыру жөніндегі іс-шараларды жүргізуді жоспарлау цифрлық деректердің сапасын бағалау нәтижелерін, соның ішінде әкімшілік цифрлық деректердің сапасын анықтауды мониторингтеу және талдау негізінде жүзеге асырылады.
43. Цифрлық деректер сапасын қамтамасыз ету мен арттыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу цифрлық деректер сапасы индикаторларының мәндерінің төмендеуіне әсер ететін себептерді жою немесе қысқарту мақсатында үнемі жүзеге асырылады.
44. Цифрлық деректер сапасын басқару шеңберінде ұйымдар CDC арқылы эталондық ДҚ-лардағы цифрлық деректердің өзгеруін қадағалап тұру бөлігінде ДҚ логтарын қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
45. Цифрлық деректер сапасын арттыру мақсатында Орталық ұйымдар қалыптастыратын деректерге талдау жүргізеді және цифрлық деректер сапасын арттыру бойынша ұйымдардың орындауы үшін ұсынымдар береді.
46. Цифрлық деректер сапасының мониторингіне ұйым қабылдаған тексеру және цифрлық деректер сапасын қамтамасыз ету тәртібіне сәйкес ұйымның цифрлық деректерді өңдеуге қатысатын барлық персоналы жұмылдырылады.
47. Цифрлық деректер сапасын бағалау объектісі цифрлық объектіде қамтылған және каталогқа енгізілген цифрлық деректер тізбесіне сәйкес келетін деректер болып табылады.
48. Ұйымдағы цифрлық деректер сапасын ішкі бағалауды ұйым қабылдаған, мыналарды:
1) цифрлық деректер сапасы өлшемшарттарының ағымдағы мәндерін анықтауды;
2) цифрлық деректер сапасы өлшемшарттарының алынған мәндерін бағалауды;
3) цифрлық деректер сапасын ішкі бағалау нәтижелерін тіркеуді;
4) айқындалған цифрлық деректер сапасының өлшемшарттарына сәйкессіздіктерді жоюды көздейтін цифрлық деректерді тексеру және олардың сапасын қамтамасыз ету тәртібіне сәйкес цифрлық деректер жөніндегі менеджер жүзеге асырады.
49. Цифрлық деректер сапасын бағалауды цифрлық деректерді пайдаланушылар бастамашылық тәртіппен жүзеге асырады.
50. Цифрлық деректер сапасын бағалау ұйымда жүргізіледі, тексерудің белгіленген тәртібі ескеріліп және тұрақты бағалау жүргізу жиілігі (кезеңділігі) мен тәсіліне қойылатын осы талаптардың сапасы қамтамасыз етіліп, цифрлық деректердің әрбір түріне қатысты ұдайы жүзеге асырылады.
51. Цифрлық деректер сапасының ішкі бағалау нәтижелері орталықта талданады және әкімшілік цифрлық деректердің сапасын әкімшілік цифрлық деректер сапасын айқындау саласындағы уәкілетті орган айқындайды, сондай-ақ цифрлық деректер сапасын арттыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін бастапқы цифрлық дерек болады.
2-параграф. Цифрлық деректерді қолдауға қойылатын талаптар
52. Цифрлық деректер сапасын қолдау мақсатында ұйым мынадай іс-шараларды регламенттейді, ұйымдастырады және өткізеді:
1) мыналарға:
цифрлық деректер сапасының оқыс оқиғаларын пысықтауға;
цифрлық деректер қателері мен сәйкессіздіктерін айқындауға;
цифрлық деректерді өңдеу кезіндегі форматты-логикалық бақылауды жетілдіруге (күшейтуге);
цифрлық деректерді өңдеу процестерін оңтайландыруға;
цифрлық деректерді жүйелеуге және үндестіруге бағытталған цифрлық деректер сапасының тұрақты мониторингі;
2) цифрлық деректерді өңдеуге қатысатын персоналды оқыту (біліктілігін арттыру);
3) цифрлық деректер сапасын бағалауды ұйымдастыру.
53. Цифрлық деректердегі қателер деп мыналар түсініледі:
техникалық қате – жаңылыс, грамматикалық немесе арифметикалық қате не цифрлық деректерді жинау мен өңдеу кезінде жіберілген және цифрлық объектідегі мәліметтердің цифрлық объектісіне мәліметтер енгізуге негіз болған құжаттардағы мәліметтерге сәйкес келмеуіне әкеп соққан қате;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген және цифрлық деректерді жинау мен өңдеу процестерін регламенттейтін талаптарға жататын цифрлық деректердің сәйкес келмеуі.
54. Техникалық қате:
ұйым және (немесе) пайдаланушылар мемлекеттік функцияларды орындау және мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ведомствоаралық өзара әрекеттестік шеңберінде цифрлық деректерді жинау және өңдеу процесінде;
әкімшілік цифрлық деректер сапасын айқындау саласындағы уәкілетті орган әкімшілік цифрлық деректер сапасын айқындау кезінде;
оператор деректер аналитикасын жүргізген кезде анықталады.
55. Техникалық қателерді жою осы Қағидалардың 57-тармағында көрсетілген тұлғалардың (бұдан әрі – өтініш беруші) өтініші негізінде, сондай-ақ белгіленген мерзімде заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
56. Айқындалған немесе айқындалатын тұлғаға, оның мүлкіне немесе құқықтарына қатысты цифрлық деректерде техникалық қателер, қайшылықтар анықталған немесе цифрлық деректер толық болмаған кезде ол анықталған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде мұндай тұлға қағаз немесе электрондық нысанда ұйымға цифрлық деректердегі қателерді түзету немесе ұйымдар басқаратын цифрлық деректерді толықтыру туралы өтініш жібереді.
Цифрлық деректерді жинау мен өңдеуді қамтамасыз ету кезінде ұйым цифрлық деректердің қателері мен толық болмауын өз бетінше түзетеді.
Өтініш берушінің заңды мүддесіне зиян келтірілген немесе ол бұзылған болса, қатені түзету тиісті уәкілетті органдарға өтініш бойынша жүргізіледі.
Техникалық қателерді түзетуге байланысты туындайтын, сотқа дейінгі тәртіппен реттелмеген даулар сот тәртібімен қаралады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде анықталған цифрлық деректерді түзету "цифрлық үкімет" веб-порталы, "цифрлық үкіметтің" мобильді қосымшасы және халыққа қызмет көрсету орталықтарының интеграцияланған цифрлық жүйесі арқылы жіберілген өтініш негізінде жүзеге асырылады.
Ұйым техникалық қатені түзеткен сәттен бастап өтініш берушіге және цифрлық деректерді пайдаланушы – қарым-қатынасқа тиісті қатысушыларға цифрлық деректердегі техникалық қатенің түзетілгені туралы хабарлайды.
57. Цифрлық деректердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты цифрлық деректердегі қателер түрлерге бөлінеді және анықталған қателіктердің тиісті түрі бойынша оқыс оқиғаларда тіркеледі:
жабу (қамту) бойынша – цифрлық деректерде талап етілетін (сұратылатын) сипаттау объектісі немесе сипаттау объектілерінің тобы туралы жазбалардың болмауына байланысты қателерді тіркейтін оқыс оқиға түрі;
толықтық бойынша – міндетті санатқа жататын атрибуттардың цифрлық деректер түрінің жазбаларында толтырылмауына немесе толық толтырылмауына байланысты қателерді тіркейтін оқыс оқиға түрі;
дәлдік пен қайшылық бойынша – берілген цифрлық деректердің пайдалану мақсаттарына немесе эталондық көзден алынған цифрлық деректерге және өлшеу нәтижесінде алынған цифрлық деректерге сәйкес келмеуіне байланысты қателерді тіркейтін оқыс оқиға түрі (оқыс оқиға түрлі цифрлық объектілерден алынған мәліметтерде қайшылықтар (сәйкессіздіктер) анықталған кезде қалыптасады);
уақтылылық бойынша – ұсынылған цифрлық деректердің белгіленген немесе ерікті уақыт сәттеріне қатысты өзекті күйге сәйкес келмеуіне байланысты қателерді тіркейтін оқыс оқиға түрі;
бірегейлік бойынша – ұсынылған бірегей цифрлық деректерде жазбалардың дубльдерінің болуына байланысты қателерді тіркейтін оқыс оқиға түрі;
келісімділік бойынша – ұсынылған цифрлық деректердің белгіленген ұсыну және белгілеу тәртібімен толық немесе ішінара сәйкес келмеуіне, тиісті талаптардан немесе стандарттардан ауытқуына байланысты қателерді тіркейтін оқыс оқиға түрі;
тұтастық бойынша – ұсынылған цифрлық деректерде цифрлық деректер (жазбалар және цифрлық деректердің агрегаттары) арасындағы дұрыс емес байланыстардың болуына байланысты қателерді тіркейтін оқыс оқиға түрі;
басқалары – осы талаптарда сәйкестендірілмеген қателерді тіркейтін оқыс оқиға түрі.
58. Цифрлық деректердегі қателерді айқындау шеңберінде автоматтандырылған форматты-логикалық бақылау жүзеге асырылады, ол мыналарды тексеруді көздейді:
цифрлық деректердің цифрлық деректер паспортында берілген сипаттау объектісін сипаттайтын цифрлық деректер атрибуттарының мәндеріне қойылатын қосымша талаптарға және цифрлық деректер атрибуттарының базалық қасиеттеріне сәйкестігі:
берілген цифрлық деректер құрамының сұрау салуға сәйкестігі;
толтырылмаған міндетті атрибуттардың болмауы – міндетті санатқа жататын цифрлық деректер түрінің барлық атрибуттары цифрлық деректермен толтырылуға тиіс;
сәйкестендіргіш ретінде айқындалған атрибуттарда дубльдердің болмауы – цифрлық деректер массивінде сәйкестендіргіштердің дубльдерін, яғни цифрлық деректер түрінің бірдей сәйкестендіргіштерін қамтитын екі немесе одан көп жазбаларды жою қажет;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар, жазылу және цифрлық деректер бойынша сұрау салу бойынша цифрлық деректерді уақтылы ұсыну.
59. Ұйым цифрлық деректердегі қателік фактісін растаған кезде цифрлық деректер түріне жататын цифрлық деректерге қол жеткізу құқығы бар пайдаланушыларға тиісті оқыс оқиға туралы хабарлама жіберіледі.
Цифрлық деректер түрінде қателік белгіленсе және эталондық цифрлық деректер бар болса, хабарламада цифрлық деректердегі қателік жойылғанға дейін осындай цифрлық деректермен (мәндер бөлігінде) үндестіруді тоқтата тұру туралы талап белгіленеді.
60. Ұйым қателіктің пайда болу себебін анықтайды және оны жою үшін дереу шаралар қабылдайды.
Цифрлық деректердегі қателіктерді жоюға байланысты жазбаларға түзету енгізу нәтижелері бойынша цифрлық деректер өнім берушілері цифрлық деректерге қол жеткізу құқығы бар пайдаланушыларға хабарлама, цифрлық деректердегі қателіктердің жойылғаны және цифрлық деректерге енгізілген түзетулер туралы хабарлама, цифрлық деректерді үндестіру жөніндегі шектеудің алып тасталғалы туралы хабарлама жібереді.
Цифрлық деректерді пайдаланушы (өтініш беруші) цифрлық деректердің қателігі туралы оқыс оқиғаға бастама жасаған кезде оқыс оқиғаны шешу нәтижесі цифрлық деректерді пайдаланушыға (өтініш берушіге) жіберіледі.
Оқыс оқиғаны пысықтау нәтижесіне қанағаттанған кезде цифрлық деректерді пайдаланушы оқыс оқиғаны жабады, бұл туралы оқыс оқиғалар журналында белгі қояды.
Цифрлық деректерді пайдаланушы (өтініш беруші) және цифрлық деректерді цифрлық деректер өнім берушілері келісімге келмеген болса, цифрлық деректерде анықталған қателікке байланысты оқыс оқиға деректерді пайдаланушы, цифрлық деректер беруші ұйым, Орталық, уәкілетті орган өкілдерінің қатысуымен келісу кеңесінде талқыланады.
Келісу кеңесін өткізу нәтижелері бойынша оқыс оқиғаны жою жөніндегі шешімдердің тізбесі бар хаттама жасалады.
4-тарау. Цифрлық деректердің қолжетімділігі мен таратылуына қойылатын талаптар
61. Цифрлық объектілердің ақпараттық өзара тиімді іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында ұйымдар Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 83-бабы 3-тармағына сәйкес цифрландыру саласындағы уәкілетті орган бекіткен "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерін интеграциялау қағидаларына сәйкес цифрлық объектілерді интеграциялауды жүргізеді.
62. Мемлекеттік функцияларды жүзеге асырған және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсеткен кезде мемлекеттік органдардың "цифрлық үкімет" цифрлық объектілеріндегі деректерге қол жеткізуге келісімі талап етілмейді.
63. Ұйымдар мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді өтеусіз негізде көрсету мақсатында цифрлық деректерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Құпия ақпаратқа жатқызылған цифрлық деректерге қол жеткізу және оларды тарату Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңға сәйкес жүзеге асырылады.
5-тарау. Цифрлық деректердің аналитикасына қойылатын талаптар
64. Цифрлық деректер аналитикасын ұйымдар өз бетінше және (немесе) өнім берушілерді тарту жолымен жүзеге асырады.
Құпия ақпаратқа жатқызылған цифрлық деректер аналитикасы ұйымдардың оларды иесіздендіру шартымен жүзеге асырылады.
Цифрлық деректер аналитикасына оны жүргізу жөніндегі есеп-қисаптардың бекітілген әдіснамасы болған кезде ғана рұқсат етіледі.
65. Аналитикалық дашборд құру және ендіру кезінде ұйым:
1) аналитикалық дашбордты құру мен ендірудің орындылығын айқындайтын уәкілетті органның келісімі бойынша осы талаптарға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кейс паспортын қалыптастырады және бекітеді;
2) аналитикалық дашбордтарды құру және ендіру үшін қажетті цифрлық жүйелер арасындағы өзара іс-қимыл регламентін SDU (бұдан әрі – өзара іс-қимыл регламенті) қалыптастырады және қол қояды (қажет болған жағдайда).
66. Ұйым аналитикалық дашбордтарды құру, ендіру және сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді сатып алуды, оның ішінде оператордан сатып алуды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
67. Ұйым операторға бекітілген кейс паспортын, аналитикалық дашбордтарды құру, ендіру және сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсету шартын, аналитикалық дашбордтарды құру және ендіру үшін қажетті цифрлық жүйелер арасындағы өзара іс-қимыл регламентін (бар болса) жібереді.
68. Оператор осы талаптардың 70-тармағында көрсетілген құжаттарды алғаннан кейін цифрлық деректер алдын ала өңделмей, сондай-ақ тазартылмай, бастапқы кодта түсетін және сақталатын қойма болып табылатын цифрлық деректердің нөлдік витриналарын қалыптастырады және сынақтан өткізеді, цифрлық деректер инженерлері үшін техникалық тапсырма әзірлейді.
69. Оператор қажетті цифрлық деректер көздерін қосуды цифрлық деректердің көздері мен витриналарын жаңартудың кезеңділігін белгілей отырып жүзеге асырады.
70. Қажеттілік туындаған кезде оператор аналитикалық дашбордтарды құру, ендіру және сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді көрсету шарты бойынша орындаушыларға SDU құралдарына қолжетімділік ұсынады.
71. SDU құралдарына қолжетімділік алғаннан кейін орындаушы аналитикалық дашбордтарды құру, ендіру және сүйемелдеу жөнінде қызметтер көрсету шарты бойынша нөлдік емес деңгейдегі цифрлық деректер витриналарын қалыптастыруды жүзеге асырады және аналитикалық дашбордты қалыптастырады.
72. Аналитикалық дашборд құрылғаннан және ендірілгеннен кейін ұйым оны одан әрі сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.
73. Цифрлық деректер аналитикасын жүзеге асыру үшін цифрлық деректерді жинауды, өңдеуді, сақтауды, беруді жүзеге асыру мақсатында ұйымдар операторды тартады.
Цифрлық деректерді иесіздендіруді ұйым өз бетінше жүзеге асыра алмаған кезде оператор жүргізеді.
Оператор айқындаған ұйымдармен ұйымдардың цифрлық объектісімен өзара іс-қимылының регламенті жасалады.
Оператор бес жұмыс күні ішінде ұйымнан цифрлық жүйе туралы жалпы мәліметтерді жинау үшін кестелердің, ДҚ жолдарының сипатын сұратады.
Оператор бес жұмыс күні ішінде ұйымның цифрлық жүйесімен өзара іс-қимылы туралы регламентті әзірлейді, келіседі, бекітеді және ұйымға жібереді.
Ұйым бес жұмыс күні ішінде өзара іс-қимыл регламентін келіседі және бекітеді.
"Цифрлық үкімет" платформасында цифрлық деректер болса, ұйыммен өзара іс-қимыл регламентін жасау талап етілмейді.
Цифрлық деректерді келісу, иесіздендіру және беру мынадай жағдайларда жүргізіледі:
1) оператор ұйыммен бірге иесіздендірілетін цифрлық деректердің тізбесін айқындайды және келіседі;
2) оператор ұйымға ДҚ типтері бойынша кері қалпына келтіру мүмкіндігінсіз біржақты шифрлау үшін әзірленген алгоритмдер (іс-қимыл дәйектілігі) мен иесіздендіру жөніндегі нұсқаулықты береді;
3) ұйым цифрлық деректерді иесіздендіруді жүргізеді және оператормен келісілген құрылым бойынша цифрлық деректерді операторға береді;
4) цифрлық деректерді иесіздендіруді жүргізбейтін ұйымдар үшін оператор ETL арқылы иесіздендіру рәсімін баптайды, бұл ретте SDU-да тек иесіздендірілген цифрлық деректер сақталады;
5) оператор цифрлық деректердің дұрыстығын, цифрлық деректерді иесіздендірудің дұрыстығын тексереді және оларды SDU-ға жүктейді.
Ұйымдар операторға цифрлық деректер мен цифрлық жазбаларды береді және оларға қолжетімділік береді. Одан әрі оператор ETL арқылы олардың сапасын жақсарту мақсатында цифрлық деректердегі қателер мен сәйкессіздіктерді айқындау және жою, форматтар мен кодтауды қосу, түрлендіру жұмыстарын жүргізеді.
Оператор ұйымдармен бірлесіп өз цифрлық деректерін іздеу және одан әрі басқару үшін метадеректердің орталықтандырылған қоймасы болып табылатын оператордың цифрлық деректер каталогында ұйымдардың ДҚ-дан алынған цифрлық деректер құрылымы репликациясының мынадай техникалық шешімі мен тәсілдерін ендіреді:
цифрлық деректерді сақтау жүйесі деңгейінде блоктық репликация;
ДҚ басқару жүйелері деңгейіндегі физикалық репликация;
ДҚ басқару жүйелері деңгейіндегі логикалық репликация.
ДҚ-дан цифрлық деректерді жүктеп салу үшін ұйымдар өзара іс-қимыл регламентіне сәйкес желілік қолжетімділікті баптауды жүзеге асырады.
Ұйым белгілі бір цифрлық деректерді оқу үшін ДҚ-да пайдаланушының (оператордың белгілі бір тұлғасына тіркемей SDU үшін) есептік жазбасын жасайды, SDU серверлері үшін серверде белгілі бір порттар бойынша қолжетімділік ашады.
Цифрлық деректер аналитикасына тапсырыс беруші уәкілетті органға жіберген цифрлық деректер бойынша сұрау салуға сәйкес оператор әртүрлі ДҚ-дан алынған және өзара біріктірілген цифрлық деректерді ұсыну мерзімдері мен көлемін уәкілетті органмен келіседі.
Оператор 30 (отыз) жұмыс күні ішінде цифрлық деректер аналитикасына тапсырыс беруші кейіннен аналитика үшін уәкілетті органға жіберген цифрлық деректер бойынша сұрау салуға сәйкес әртүрлі ДҚ-дан алынған және өзара біріктірілген цифрлық деректерді ұсынады.
Жиналған цифрлық деректер (егжей-тегжейлі деректер, өңделген цифрлық деректер, аналитикалық шешімдердің нәтижелері) SDU-да сақталады және жаңартылады. Цифрлық деректерді жаңартуды оператор өзара іс-қимыл регламентіне сәйкес автоматты режимде жүзеге асырады.
Жаңартылған цифрлық деректердің кесіндісін айқындау белгісін ұйым ұсынады.
Цифрлық деректерді жаңартудың жиілігін жоғарылатуға қажеттілік туындаған кезде оператор CDC арқылы регламенттік жаңартуды баптайды. Өз кезегінде ұйым CDC жұмыс істеуі үшін қажетті техникалық жұмыстарды жүргізуі қажет.
Оператор цифрлық деректер аналитикасына тапсырыс берушіге сұратылған цифрлық деректердің сәйкестігін тексеру үшін дайындалып, өңделген цифрлық деректерге қолжетімділік береді.
Цифрлық деректер аналитикасына тапсырыс беруші бес жұмыс күні ішінде операторға тексеру нәтижелері туралы ақпарат береді. Нәтижелер теріс болған, қажетті цифрлық деректер болмаған және (немесе) жеткіліксіз болған кезде оператор өзара іс-қимыл регламентінде белгіленген мерзімде цифрлық деректерді қайта өңдеуді жүзеге асырады.
Сұратылған цифрлық деректердің сәйкестікті тексеру нәтижесінің оң болуы цифрлық деректер аналитикасын жүргізуге ықпал етеді, оны цифрлық деректер аналитикасына тапсырыс беруші өзі және (немесе) өнім берушіні тарту арқылы өз қаржы қаражаты есебінен жүзеге асырады.
SDU-да иесіздендірілген түрде сақталатын аналитиканың нәтижелерін оператор мүдделі ұйымдарға уәкілетті органмен келісу бойынша иесіздендірілген түрде өтеулі негізде береді.
6-тарау. Цифрлық деректерді беруге және қорғауға қойылатын талаптар
74. Цифрлық деректерді қорғау мақсатында ұйымдар:
цифрлық объектілердің сыныптауышына сәйкес олардың ауқымына, тұтастығына және маңыздылығына сәйкес тағайындалатын цифрлық деректер класына байланысты цифрлық деректерді қорғау қажеттігінің дәрежесін айқындауды;
ұйымдағы киберқауіпсіздіктің жай-күйі туралы цифрлық деректерді жинауды және талдауды;
цифрлық деректердің тарап кетуі (жария етілуі), бұрмалануы, жойылуы (жоғалуы) мүмкін болса, тәуекелдерді бағалауды және тәуекелдерді өңдеу жөніндегі шараларды жоспарлауды;
тиісті бақылау тетіктерін іске асыру мен ендіруді, рөлдер мен жауапкершілікті бөлуді, қызметкерлерді оқытуды, қорғау іс-шараларын жүзеге асыру бойынша жедел жұмысты;
бақылау тетіктерінің жұмыс істеу мониторингін, олардың тиімділігін бағалауды және түзету мақсатында тиісті ықпал етуді;
БТ-ның және осы талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.
75. Мемлекеттік деректердің резервтік көшірмесін дайындауды қамтамасыз ету ұйымдар үшін міндетті болып табылады.
Мемлекеттік цифрлық деректерді қамтитын резервтік көшірмені дайындау және сақтау әдісі оның сақталуын, тұтастығын, құпиялылығын, өзектілігін және келесі резервтік көшірме дайындалғанға дейін онда сақталған деректерге қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік цифрлық деректерді резервтік көшірудің кезеңділігі "цифрлық үкімет" цифрлық объектісіне арналған техникалық құжаттамамен белгіленеді.
76. Иесіздендірілген цифрлық деректер сәйкестендірілетін сипаттау объектісі туралы ақпарат ретінде қаралады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ерекшеліктерге сәйкес қорғалады.
Сәйкестендірілетін сипаттау объектісін белгілеу мақсатында цифрлық деректерді өңдеген кезде қолжетімді болатын тәсілдер (осы сипаттау объектісіне қатысты жазбаларды алу), оларға қатысты сипаттау объектісін тікелей немесе жанама сәйкестендіру мақсатында үшінші тұлғалардың пайдалану ықтималдығы бар технологиялар ескеріледі.
77. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жауапкершілік пен функциялардың аражігін ажырату мақсатында ұйымда құрылымдық бөлімшелерден оқшауланған құрылымдық бөлімше болып табылатын киберқауіпсіздік бөлімшесі құрылады және (немесе) БТ-да және Қазақстан Республикасының цифрландыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты тұлға айқындалады.
78. Ұйымдардың цифрлық деректерді бір тұлғадан екінші тұлғаға беру функциясын жүзеге асыратын провайдерлер арқылы цифрлық деректерді беруі осы провайдерлердің осы тарауда белгіленген талаптарға сай болуы қамтамасыз етілгенде жүзеге асырылады.
Цифрлық деректерді беру кезінде ұйымдар:
ақпарат алмасуға қатысушыларды сәйкестендіруді және аутентификациялауды;
цифрлық деректерді беру операцияларын тіркеуді және есепке алуды;
ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын қолдануды, қорғалған ақпарат беру хаттамаларын, тұтастығын бақылауды қоса алғанда, цифрлық деректердің құпиялылығы мен тұтастығын;
берілетін цифрлық деректердің Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес сақталуын және киберқауіпсіздігін қамтамасыз етудің техникалық және технологиялық шаралары бойынша цифрлық деректер провайдерлерінің міндетін көздейтін шарттар немесе келісімдер жасауды қамтамасыз етеді.
7-тарау. Цифрлық деректерді сақтауға, архивтеуге және жоюға қойылатын талаптар
79. Цифрлық деректерді одан әрі пайдалану қажеттігінің болмауы туралы шешімді ұйым "цифрлық үкімет" цифрлық объектісі интеграцияланған "цифрлық үкімет" цифрлық объектілерінің меншік иелерін және (немесе) иеленушілерін, Орталықты цифрлық деректерді пайдалануды тоқтатудың тәртібі мен мерзімдері туралы хабардар ете отырып қабылдайды.
80. Цифрлық деректерді одан әрі пайдалану қажеттігінің болмауы каталогтағы мәліметтерді өзгертуге әкеп соғады.
81. Цифрлық деректерді сақтау мерзімі оларды жинау және өңдеу мақсатына қол жеткізілген күні айқындалады.
82. Пайдаланылуы тоқтатылған цифрлық деректер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес архивтелуге және архивке берілуге тиіс.
83. Сақтау мерзімі өткеннен кейін цифрлық деректер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жойылуға тиіс.
84. Ұйымдар аналитикалық дашбордтардың тізілімін өзектілендіруді қамтамасыз ету мақсатында:
1) осы талаптарға 4-қосымшаға сәйкес аналитикалық дашбордтың сипаттамасын мемлекеттің цифрлық объектілерінің архитектуралық порталында орналастырады;
2) аналитикалық дашбордтар туралы ақпараттың өзектілігін, дұрыстығын және толықтығын қамтамасыз етеді;
3) аналитикалық дашбордты пайдаланудан шығару және (немесе) жаңа аналитикалық дашбордты құру кезінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттің цифрлық объектілерінің архитектуралық порталы арқылы аналитикалық дашбордты жою және (немесе) аналитикалық дашбордтар тізіліміне аналитикалық дашбордты қосу қажеттігі туралы хабардар етеді;
4) өздерінің жауапкершілік аймағындағы аналитикалық дашбордтардың жұмыс қабілеттілігі мен қолжетімділігіне мониторингті жүзеге асырады;
5) ресми хат арқылы уәкілетті органды жоспарлы жұмыстар немесе аналитикалық дашбордтың уақытша қолжетімсіздігі туралы хабардар етеді.
85. Ұйымдар:
1) жасанды интеллект модельдерін және платформалық бағдарламалық өнімдерді оқыту мақсатында машина оқитын нысанда дерекнамалар дайындауды;
2) осы талаптарға 5-қосымшаға сәйкес деректернамалар паспортын жасауды;
3) метадеректерді қалыптастыруды;
4) дерекнамалардың бақылау сомасын қалыптастыруды;
5) дерекнаманың сапасына бастапқы валидация жүргізуді қамтамасыз етеді.
86. Пайдаланылуы қолжетімділік шектеулеріне, субъектілердің келісіміне және (немесе) лицензиялық шарттарға қайшы келетін цифрлық деректер дерекнамаға енгізілмейді.
Дербес деректердің және (немесе) құпия ақпараттың деректерін дерекнамаға енгізу қажет болған жағдайда ұйымдар оларды операторға бергенге дейін иесіздендіруді қамтамасыз етеді.
Деректерді иесіздендіруді ұйымдардың өздері жүзеге асыруы мүмкін болмаған жағдайда иесіздендіруді оператор жүргізеді.
Иесіздендіру әдісі және иесіздендірілетін дерекнама атрибуттарының тізбесі дерекнама паспортында көрсетіледі.
87. Дерекнама қалыптастыруға арналған қажетті деректерге қосылу SDU арқылы жүзеге асырылады, әрі қарай оператор ЖИҰП операторына оларға ақылы негізде қолжетімділік береді.
88. ЖИҰП операторы дерекнаманы орналастыру кезінде бақылау сомасын тексеруді және дерекнаманың дерекнама паспортының мәліметтеріне сәйкестігін жүзеге асырады.
Сәйкессіздіктер анықталған жағдайда ЖИҰП операторы анықталған сәйкессіздіктерді көрсете отырып, ұйымның дерекнамасын қайта пысықтау үшін қайтарады.
89. Ұйым:
1) дерекнаманың қалыптасуы мен сапасына жауапты адамды тағайындайды;
2) дерекнама нұсқаларын басқарады;
3) дерекнама құрылымы, дерекнама қалыптастыру көздері, дерекнамада сақталатын параметрлер көрсеткіштерін есептеу формулалары өзгерген кезде дерекнаманы, дерекнама паспортын, метадеректерді және бақылау сомасын өзектілендіруді жүзеге асырады.
| Цифрлық деректерді басқару жөніндегі талаптарға 1-қосымша Нысан |
Цифрлық объектілердің цифрлық деректерінің паспорты
1. Жалпы бөлім
1) ұйымның атауы:
ұйымның толық атауы көрсетіледі;
мысалы: "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі" мемлекеттік мекемесі;
2) цифрлық деректерді жинау мен өңдеуді жүзеге асыратын цифрлық объектінің атауы:
цифрлық деректерді жинау мен өңдеуді жүзеге асыратын цифрлық объектінің толық атауы көрсетіледі (тиісті нормативтік құқықтық актілерде (бұдан әрі – НҚА) бекітілгендей, бар болса);
мысалы: жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімі;
3) цифрлық деректерді ведомствоаралық пайдалану деңгейі:
мынадай ықтимал баламалардың бірін таңдау арқылы цифрлық деректерді ведомствоаралық пайдалану деңгейі көрсетіледі: республикалық; жергілікті; ведомствоаралық деңгейдегі цифрлық деректер пайдаланылмайды;
4) жүргізу тәсілі:
жүргізудің мынадай тәсілдерінің бірі көрсетіледі: қағаз түрінде (электрондық түрге ауыстырылмаған деректер үшін көрсетіледі); электрондық түрде (электрондық түрде ұсынылған деректер үшін көрсетіледі); аралас (ішінара электрондық түрге ауыстырылған деректер үшін көрсетіледі);
5) цифрлық деректер нысаны:
мынадай цифрлық деректер нысандарының біреуі немесе бірнешеуі көрсетіледі: бастапқы цифрлық деректер; біріктірілген цифрлық деректер;
6) цифрлық деректердің қолжетімділігі:
цифрлық деректердің қолжетімділік деңгейі көрсетіледі: шектеулі қолжетімділік (дербес деректер, коммерциялық құпия, қызметтік құпия және Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын деректер болған кезде көрсетіледі); шектеусіз қолжетімділік (ашық деректер үшін көрсетіледі) (цифрлық деректердің жекелеген бөліктеріне қол жеткізу деңгейі әртүрлі болса, бұл жолда жоғарыда аталған екі нұсқа да егжей-тегжейлі мәліметтермен қойылады);
7) НҚА-ға сәйкес цифрлық деректерді пайдаланушылар:
егер пайдаланушылар шеңбері интеграция алған НҚА-да айқындалса, НҚА-ға сәйкес цифрлық деректерді пайдаланушылар атауларының толық тізбесі көрсетіледі;
8) НҚА-ға сәйкес цифрлық деректердің дереккөзі:
НҚА-ға сәйкес цифрлық объектінің толық тізбесі көрсетіледі.
НҚА болмаған жағдайда "НҚА-да айқындалмаған" деп көрсетіледі.
9) нақты цифрлық деректердің дереккөзі:
цифрлық объектінің нақты тізбесі көрсетіледі.
Егер нақты цифрлық дереккөздердің құрамы НҚА-ға сәйкес цифрлық дереккөздердің құрамымен сәйкес келсе, "Нақты дереккөздердің тізбесі көзделген НҚА-мен сәйкес келеді" деп көрсетіледі;
10) сипаттау объектісі:
сипаттау объектілері көрсетіледі, оларға: жеке тұлғалар; заңды тұлғалар; қолма-қол ақша мен құжаттандырылған бағалы қағаздарды қоса алғанда, қолма-қол емес ақшалай қаражатты, құжатсыздандырылған бағалы қағаздарды, мүліктік құқықтарды қоса алғанда, мүлік, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер нәтижелері; зияткерлік қызметтің қорғалатын нәтижелері және оларға теңестірілген дараландыру құралдары (зияткерлік меншік); материалдық емес игіліктер жатады;
11) жаңарту кезеңділігі:
цифрлық деректерді жаңарту кезеңділігінің мынадай нұсқаларының бірі көрсетіледі: жаңарту кезеңділігі белгіленбеген; қажетіне қарай жаңарту; цифрлық деректердің келіп түсуіне қарай жаңарту; үздіксіз жаңарту (цифрлық деректер легі); жаңарту кезеңділігі НҚА-да белгілеген (НҚА атауы мен жаңарту кезеңділігін көрсету);
12) жаңарту графигі:
цифрлық деректерді жаңарту ерекшеліктеріне байланысты көрсетіледі: соңғы жаңартылған сәттен бастап межелі уақыт аралығы; жоспарлы күнтізбелік күндердің тізбесі; жаңарту графигін регламенттейтін НҚА деректемелері (цифрлық деректерді жаңарту графигі болмаса, "Анықталмаған" деп көрсетіледі);
13) жаңарту тәртібі:
цифрлық деректерді жаңарту тәртібі және оның ерекшеліктері көрсетіледі (мысалы, НҚА-ға қол қою/келісу қажеттігі) (егер тәртіп НҚА-да белгіленсе, онда мұндай НҚА-ның атауы көрсетіледі);
14) НҚА тізбесі, цифрлық деректерді жинау мен өңдеуді жүзеге асыратын цифрлық объектіні құру:
цифрлық деректерді жинау мен өңдеуді регламенттейтін НҚА тізбесі (ережелер, ақпараттық өзара іс-қимыл регламенттері көрсетіледі, егер цифрлық деректер қағаз түрінде жүргізілсе, бөлім толтырылмайды);
15) цифрлық деректерді жинау мен өңдеуді регламенттейтін НҚА тізбесі:
ұйымның есепке алу объектісін немесе цифрлық деректерді жүргізу функциялары бар НҚА тізбесі көрсетіледі;
16) цифрлық деректерді енгізу мен тұтынуды, цифрлық деректерге қол жеткізуді шектеу мен бөлуді регламенттейтін НҚА тізбесі:
цифрлық деректердің жұмыс істеу, оларды енгізу немесе беру қағидаларын, цифрлық деректерге қол жеткізу және осы цифрлық деректерді пайдалану қағидаларын, цифрлық деректерге қол жеткізуді саралау қағидаларын айқындайтын НҚА тізбесі көрсетіледі;
17) цифрлық деректер класы;
18) жасалған күні – цифрлық деректер паспорты жасалған күн.
2. Цифрлық деректердің өмірлік циклінің сипаты:
1) есепке алу объектісі туралы мәліметтер жасау:
есепке алу объектісі туралы цифрлық деректерді бастапқы қалыптастыру тәртібі көрсетіледі, бұл ретте: цифрлық деректер бастапқы болып табылатыны/табылмайтыны немесе бекітілмеген көздерден ұсынылатын цифрлық деректер негізінде қалыптастырылатыны/қалыптастырылмайтыны көрсетіледі (егер есепке алу объектісі туралы жазба қалыптастырған кезде әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтер пайдаланылса, онда оларды тиісті НҚА көрсете отырып тізбелеу қажет);
2) есепке алу объектісі туралы мәліметтерді пайдалану:
есепке алу объектісі туралы цифрлық деректерді пайдалану тәртібі туралы мәліметтер көрсетіледі, есепке алу объектісі туралы цифрлық деректер (барлығы немесе олардың бір бөлігі) бастапқы көз болып табыла ма; цифрлық деректерді берудің қолданыстағы тетіктері (мысалы, цифрлық деректерді файлдық беру; цифрлық деректерді интеграциялық сервис арқылы беру); есепке алу объектісі туралы цифрлық деректерді бизнес өкілдері пайдалана ма (цифрлық деректерді кім және не үшін пайдаланатынын сипаттай отырып); цифрлық деректердің қолжетімділік деңгейі (цифрлық деректерді пайдалануға құқықтық шектеулер бар ма);
3) есепке алу объектісін өзгерту, есепке алу объектісі туралы мәліметтерді жою – есепке алу объектісі цифрлық деректерінің өмірлік циклін табу кезеңінің көрсеткіші немесе сипаты:
цифрлық деректерді жасау (жинау);
цифрлық деректерді сақтау және оларды жүргізу;
цифрлық деректерді пайдалану;
цифрлық деректерді басқару;
цифрлық деректерді архивтеу (немесе оларды жою).
3. Цифрлық деректер құрылымының сипаты
кестеде деректер атрибутының реттік нөмірі (id)
цифрлық объектісінің атауы (information_system_name);
деректер қорының жүйелік атауы (bd_name);
деректер қорындағы схема атауы (schema_name);
деректер қоры кестесінің атауы (table_name);
деректер қорының кесте мақсатындағы сипаттамасы (table_description);
деректер қоры кестесінің типін көрсету (table_type);
деректер қоры кестесіндегі бағанның реттік нөмірі (column_id);
деректер қоры кестесіндегі бағанның атауы (column_name);
деректер қоры кестесіндегі бағанның деректер типі (column_type);
деректер қоры кестесіндегі бағанның мақсаты (column_description);
басқа деректер қоры кестесіне сілтеме, бар болса, (reference_tbl_clmn);
деректер қоры кестесіндегі бағанның шектеуі (flk);
деректер қоры кестесіндегі баған кілтінің түрі (clmn_key_type);
семантикалық тегтер сөздігі (teg);
деректер мастері (isMD);
мемлекеттік көрсетілетін қызмет (isGosService).
| Цифрлық деректерді басқару жөніндегі талаптарға 2-қосымша |
|
| Нысан |
Цифрланбаған деректердің сипаты
1. Цифрланбаған деректер объектісінің түрі (мысалы: субъект, объект, құжат).
2. Цифрланбаған деректер субъектісі немесе объектісі болмысының атаулары (мысалы: жолаушы, тасымалдаушы, пациент, дәрігер, зейнеткер, ғимарат, жер учаскесі, көлік құралы).
3. Цифрланбаған деректер объектісінің сипаты (цифрлық деректерді жинау мен өңдеуді регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердің атауын көрсету).
4. Атрибут атауы (мысалы: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, құжат нөмірі, көлік нөмірі).
5. Ұлттық анықтамалық ақпарат.
| Цифрлық деректерді басқару жөніндегі талаптарға 3-қосымша |
|
| Нысан |
Кейс паспорты
1. Ұйым ________________________________________________________.
2. Кейс атауы ___________________________________________________.
3. Мақсат қойылуы _______________________________________________.
4. Сипаты ______________________________________________________.
5. Дашборд қандай сұрақтарға жауап беруге тиіс ______________________.
6. Көрсеткіштер (бөліністі, қалыптастыру әдістемелерін/формулаларын, дереккөзін
ескере отырып):
6.1. Көрсеткіштің сипаты:
Р/с | Көрсеткіш | Бөлінісі | Дереккөз | Жаңарту кезеңділігі |
6.2. Көрсеткішті есептеу әдістемесі _________________________________
7. Қажетті аналитиканың сипаты: (сипаттамалық талдау, "егер-немесе" талдау,
болжамды талдау) ______________________________________________.
8. Дашбордтың KPI (бақылауды қажет ететін түйінді тиімділік көрсеткіштері (KPI):
_________________________________________________.
9. Нәтижені көрсету үшін жоспарланған графиктер (келісілген диаграмма макеті)
_____________________________________________________________.
10. Кейсті іске асыру кезінде келісілген болжамдар ____________________.
11. Тараптардың келісуі __________________________________________.
| Цифрлық деректерді басқару жөніндегі талаптарға 4-қосымша |
|
| Нысан |
Мемлекеттің цифрлық объектілерінің архитектуралық порталындағы аналитикалық дашбордтың сипаты
1. Дашбордтың атауы: _______________________________________________
(қысқаша және түсінікті атау)
2. Мақсаты/міндеті: _________________________________________________
(мысалы: өңірдің түйінді көрсеткіштерін мониторингтеу, бюджеттің орындалуын
бақылау және тағы басқа)
3. Мемлекеттік орган/ұйым: __________________________________________
(дашборд иесі/әзірлеушісі)
4. Жауапты бөлімше және байланыс жасайтын тұлға:
___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, e-mail, телефон)
5. Сайт мекенжайы немесе ведомстволық платформаға сілтеме:
___________________________________________________________________
6. Контур: __________________________________________________________
(мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы /Интернет)
7. Деректерді жаңарту жиілігі: _________________________________________
(күн сайын / апта сайын / тоқсан сайын / жарты жылда бір рет / жылына бір рет /
деректердің келіп түсуіне қарай және тағы басқа)
8. Дереккөздер тізбесі: _______________________________________________
(цифрлық жүйенің, деректер базасының атауы)
9. Көрсеткіштер тізбесі: ______________________________________________
10. Деректерді жаңарту әдісі: _________________________________________
(автоматты / жартылай автоматты / қолмен)
11. Визуализация құралы: ____________________________________________.
| Цифрлық деректерді басқару жөніндегі талаптарға 5-қосымша Нысан |
Дерекнама паспорты
1. Жалпы ережелер
1) құжаттың мақсаты;
2) қолданылу саласы (модельді оқыту, модельді қосымша оқыту, база бойынша іздеу, тестілеу, сапаны бағалау, пайдалану);
3) терминдер мен анықтамалар;
4) дерекнаманың атауы мен нұсқасы;
5) дерекнама иесінің атауы;
6) дерекнама өнім берушісінің және дерекнаманы нақты қалыптастыратын оның құрылымдық бөлімшесінің атауы;
7) дерекнаманы орналастыратын ұйымның атауы;
8) дерекнамамен өзара іс-қимыл жасайтын цифрлық объектіні әзірлеуді жүзеге асыратын ұйымның атауы;
9) дерекнаманы қалыптастыру негізі (нормативтік құқықтық актінің, тапсырманың, шарттың, хаттаманың, хаттың атауы мен деректемелері);
10) дерекнама иесі тарапынан жауапты тұлғалар туралы мәліметтер, оның ішінде:
деректер бойынша менеджердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
деректер сапасына жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
киберқауіпсіздікке жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
деректерді шығару алу мен интеграциялауды іске асыратын қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, бөлімшесі, байланыс деректері;
11) дерекнама паспортын дерекнама иесі тарапынан келісуді жүзеге асыратын тұлғалар туралы мәліметтер, оның ішінде:
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
лауазымы;
келісу күні;
келісу құжатының деректемелері.
2. Дерекнаманы пайдалану мақсаттары мен сценарийлері
1) дерекнаманы пайдаланатын компоненттің атауы (жасанды интеллект жүйесі, жасанды интеллект ұлттық платформасының платформалық бағдарламалық өнімі, жасанды интеллектінің моделі, білім беру базасын қалыптастыру модулі, сыныптау модулі, құжаттарды генерациялау модулі, аналитикалық модуль және тағы басқа);
2) дерекнаманы пайдалану мақсаттары (оқыту, қосымша оқыту, тестілеу, бағалау, пайдалану, білім беру базасын қалыптастыру, эталондық деректер жиынтығын қалыптастыру);
3) дерекнаманы пайдаланудың түйінді сценарийлері (кемінде 3 (үш), 10 (он) артық емес).
3. Деректердің құрамы және сыныпталуы
1) деректердің типтері (құрылымдалған деректер (кестелер немесе деректер витриналары), мәтіндік деректер; құрылымдалмаған деректер (сканерленген құжаттар, кескіндер, аудио), ұлттық анықтамалық ақпарат, эталондық деректер жиынтығы);
2) дерекнаманы қалыптастыру көлемі мен қамту кезеңі;
3) дерекнама құжаттарының тілі.
4. Деректер көзі және шығу тегі
1) деректер көзінің тізбесі, оның ішінде мынадай мәліметтер:
цифрлық жүйенің, тізілімнің, қойманың, архивтің атауы;
деректер көзі иесінің атауы;
деректерге иелік етудің құқықтық негізі;
деректер типі;
деректерді шығарып алу тәсілі (қолданбалы бағдарламалық интерфейс (бұдан әрі – API), деректерді пакеттік жүктеу (бұдан әрі – ETL), деректердегі өзгерістерді лекпен беру (бұдан әрі – CDC), жүктеп шығару);
жаңарту кезеңділігі;
2) деректерді пайдалануға тыйым салуға, деректерді жүктеп шығаруға, атрибуттарды алып тастауға немесе оларды иесіздендіруге байланысты көздер бойынша шектеулер;
3) бастапқы эталондық көздің атауы;
4) эталондық деректер жиынтығының әрбір элементі үшін күтілетін дұрыс нәтиже.
5. Деректер форматтары
1) мәтіндік деректер форматтарының тізбесі;
2) құрылымдалмаған деректер форматтарының тізбесі;
3) құрылымдалған деректер форматтарының тізбесі.
6. Деректер құрылымының сипаттамасы және метадеректер
1) дерекнама схемасы мыналарды қамтиды:
кестенің атауы;
кестенің мақсаты;
кесте түрі (негізгі, анықтамалық, оқиғалар журналы, деректер витринасы);
кесте типі (бастапқы кілтті немесе сыртқы кілтті қамтиды);
жаңарту кезеңділігі;
2) кесте құрылымының сипаттамасы мыналарды қамтиды:
кестенің атауы;
кесте өрісінің атауы;
дерекқор типі;
деректер форматы типінің белгісі (сандық, мәтіндік, санат, күн және уақыт, логикалық, географиялық);
кесте өрісінде деректердің болуының міндеттілігі (Not Null шектеуі);
қабылданатын рұқсат етілген мәндер;
бастапқы немесе сыртқы кілтті айқындайтын шектеудің атауы;
жасанды интеллект ұлттық платформасының операторының өзге де дерекнаманы қалыптастыру мақсатында деректерді одан әрі пайдалануға рұқсат беру (иә немесе жоқ);
3) метадеректер құрылымының сипаттамасы мыналарды қамтиды:
құжаттың бірегей идентификаторы;
деректер көзінің атауы;
құжат түрі;
құжаттың тілі;
құжат контентін сипаттайтын бет тақырыбы;
құжат жасалған немесе өзектілендірілген күн;
құжаттың мәртебесі (бекітілген, күші жойылған, жоба);
құжаттың бақылау сомасы;
құжатта дербес деректердің немесе құпия сипаттағы мәліметтердің бар-жоғы туралы мәліметтер;
құжаттың мәтіндік ақпараты.
7. Деректерді дайындау тәртібінің сипаты (ETL, CDC, тазалау, түрлендіру)
1) деректер бағытының сипаты мынадай реттілікпен:
деректер көзі;
шығарып алу тәсілі;
деректерді қабылдау аймағы (өңдеуге дейін деректерді уақытша сақтауға арналған аймақ немесе нөлдік деректер витринасы);
түрлендіру, тазалау тәсілі;
витринаның немесе каталогтың атауы;
дерекнаманы пайдаланатын компоненттің атауы;
2) түрлендіру қағидаларының сипаттамасы (күн форматтарын немесе кодтауды қалыпқа келтіру, телнұсқаларды жою қағидалары, бос мәндерді өңдеу қағидалары, ұлттық анықтамалық ақпаратпен салыстыру қағидалары, тыйым салынған атрибуттарды алып тастау қағидалары);
3) деректердегі өзгерістерді айқындау тетігінің сипаты.
8. Деректер сапасы және деректер сапасын бақылау тетіктері
1) сапа өлшемшарттары тізбесінің сипаты (дәлдік, толықтық, өзара байланыстылық, салыстырмалылық, өзектілік, бірегейлік, анықтығы, уақтылылығы);
2) деректерді форматтық-логикалық бақылауды іске асыруға арналған тексерудің сипаты (Not Null шектеуі бойынша міндетті атрибуттардың толтырылуы, деректер типтерінің, деректер мәндері ауқымдарының, қолданылатын маскалардың сәйкестігі, кілттер мен идентификаторлардың телнұсқалық мәндерінің болмауы, бастапқы және сыртқы кілттердің мәндері бойынша кестелер арасындағы байланыстардың дұрыстығы, ұлттық анықтамалық ақпараттағы рұқсат етілген мәндердің дұрыстығы, жаңарту мерзімдерінің сақталуы);
3) деректер сапасын тексеру нәтижелерінің сипаты, оның ішінде:
деректер көлемі;
міндетті өрістер бойынша бос мәндердің үлесі (пайызбен);
анықталған телнұсқалы деректердің үлесі (пайызбен);
форматтық-логикалық бақылау бұзушылықтарының саны;
аса маңызды ақаулардың тізбесі;
4) сапа ақауларын өңдеу тәртібінің сипаттамасы, оның ішінде:
оқыс оқиғаларды тіркеу тәсілі;
анықталған оқыс оқиғаға ден қою мерзімдері;
оқыс оқиғаны өңдеуге жауапты тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
дерекнама қалыптастыру үшін түзетілген деректерді қайта беру тәртібі.
9. Дерекнаманы тестілеуге арналған эталондық деректер жиынтығы
1) эталондық деректер жиынтығының сипаты, оның ішінде:
эталондық деректер жиынтығының мақсаты;
эталондық деректер жиынтығын пайдалану сценарийлері;
эталондық деректер жиынтығының көлемі;
қамтуы;
2) эталондық деректер жиынтығы форматының сипаты, оның ішінде:
эталондық деректер жиынтығының идентификаторы;
пайдалану сценарийі;
кіріс деректерінің түрі (сұрау салу, құжат, өрістер жиынтығы);
күтілетін дұрыс нәтиже;
өту қағидалары;
эталондық деректер жиынтығының көзі.
10. Деректерді қорғау тетіктерінің сипаты
1) деректерге қол жеткізу режимі мен қол жеткізу рөлдерінің сипаты (ашық немесе шектеулі);
2) құпия және (немесе) дербес деректердің болуының және оларды өңдеуге байланысты өзге де шектеулердің сипаты;
3) деректерді иесіздендіру тәсілінің сипаты (қажет болған жағдайда), оның ішінде:
иесіздендіруге жататын атрибуттың атауы;
әдістің сипаты (жасыру, хэштеу, агрегаттау, жою);
иесіздендіру орны;
иесіздендіру дұрыстығын бақылау тәсілі мен нәтижесі;
4) оқиғаларды журналға енгізудің сипаты, оның ішінде:
журналға енгізілетін оқиға типі (қол жеткізу, өзгерту);
оқиғалар журналын сақтау мерзімі мен орны.
11. Дерекнаманы қалыптастыру үшін деректерді ұсыну тәртібі және жеткізу форматы
1) деректерді ұсыну тәсілінің сипаты (API, ETL, CDC, қорғалған файлдық беру, "тек оқу үшін" мәртебесі бар дерекқор);
2) деректерді жеткізу жиынтығының сипаты, оның ішінде мынадай мәліметтер:
деректер көлемі мен деректер форматы;
метадеректердің бар-жоғы;
эталондық деректер жиынтығы бойынша деректерді форматтық-логикалық бақылауды іске асыру нәтижелері сипатының бар-жоғы (сапаны бағалауға қойылатын талаптар болған кезде);
берілген деректер файлдарының немесе жүктеп шығарудың бақылау жиынтығы;
3) деректерді жеткізу кезеңділігінің сипаттамасы және SLA параметрлері, оның ішінде:
деректерді жеткізу жиілігі (кезеңділігі);
деректерді жеткізудің рұқсат етілетін кідірісі,
қызмет көрсету терезесінің уақыты.