Қазақстан Республикасының атом саласы үшін кадр даярлаудың 2027 – 2031 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 23 қыркүйектегі № 835 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының атом саласы үшін кадр даярлаудың 2027 – 2031 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.

      2. Кешенді жоспарды орындауға жауапты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мүдделі ұйымдар:

      1) Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етсін;

      2) жыл қорытындысы бойынша, 15 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігіне Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі (келісу бойынша) жыл қорытындысы бойынша, 15 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігіне жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Қазақстан Республикасының атом саласы үшін кадр даярлаудың 2027 – 2031 жылдарға арналған кешенді жоспары Паспорт

1.

Атауы

Қазақстан Республикасының атом саласы үшін кадр даярлаудың 2027 – 2031 жылдарға арналған кешенді жоспары


2.

Әзірлеу үшін негіздеме

Мемлекет басшысының атом саласы үшін кадрлар даярлау туралы 2025 жылғы 31 қаңтардағы № 25–32–16.57 тапсырмасы

3.

Іске асыру мерзімі

2027–2031 жылдар

4.

Әзірлеуші мемлекеттік органның және бірлесіп орындаушылардың атаулары

Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі;
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі;
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі;
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі;
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі;
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;
Алматы қаласының әкімдігі;
Алматы облысының әкімдігі;
Жамбыл облысының әкімдігі;
Қарағанды облысының әкімдігі;
Павлодар облысының әкімдігі;
Абай облысының әкімдігі;
Жетісу облысының әкімдігі;
Ұлытау облысының әкімдігі;
"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің "Ядролық физика институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
"Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы;
"Қазақстандық атом электр станциялары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары.

5.

Негізгі проблемалар мен оларды шешу міндеттері көрсетілген кешенді жоспарды қабылдау қажеттілігі туралы қысқаша ақпарат

Кешенді жоспарды қабылдау қажеттілігі АЭС салу жобаларын іске асырумен негізделген, олар атом саласы объектілерін жобалау мен салудан бастап оларды пайдалануға, ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуге және объектілерді пайдаланудан шығаруға дейінгі толық тіршілік циклі үшін кадр даярлаудың тұрақты жүйесін қалыптастыруды талап етеді.
Келешекте үш АЭС салуды ескере отырып, пайдалану персоналының жиынтық қажеттілігі шамамен 6000 адамды құрауы мүмкін. Бұл ретте Қазақстан Республикасында 10 жоғары оқу орны мен 2 ғылыми ұйымды қамтитын білім беру және ғылыми база бар, алайда кадр даярлаудың қолданыстағы жүйесі одан әрі дамытуды және атом саласының талаптары мен халықаралық стандарттарға бейімделуін талап етеді.
Негізгі проблемалар - кадр қажеттілігін кешенді болжаудың болмауы, салалық біліктілік жүйесінің жетілмегендігі, АЭС-ті салу және пайдалануда практикалық тәжірибесі бар мамандардың тапшылығы, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық және зертханалық базасының шектеулі болуы, пайдалану персоналын лицензиялау және сертификаттау жүйесінің жоқтығы, сондай-ақ практикалық даярлық пен ерте кәсіптік бағдар беру деңгейінің жеткіліксіздігі.
Аталған проблемаларды шешу міндеттері: атом саласы үшін кадр даярлау жөніндегі институционалдық және нормативтік базаны қалыптастыру, атом саласы үшін білікті кәсіби кадр даярлау, атом саласы үшін кадр даярлауды жүзеге асыратын ұйымдардың материалдық-техникалық базасын қалыптастыру, сондай-ақ атом саласы үшін кадр даярлау жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
Кешенді жоспарды іске асыру халықаралық талаптарға сәйкес келетін кадр даярлаудың тұрақты жүйесін қалыптастыруға, атом саласын білікті отандық мамандармен қамтамасыз етуге және АЭС-ті салу және пайдалану кезінде шетелдік кадрға тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді.


Р/с
№

Атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімі

Қаржыландыру көлемі

Қаржыландыру көздері

     

1

2

3

4

5

6

7

Күтілетін нәтижелер:

1. Кемінде 20 (жиырма) кәсіп карточкасын қамтитын атом саласындағы кәсіптік стандарттарды бекіту.

2. Жоғары оқу орындарында кемінде 5 (бес) жаңартылған білім беру бағдарламалары.

3. Жоғары оқу орнында жаңартылған материалдық-техникалық база.

4. "Болашақ" бағдарламасы шеңберінде атом саласы қызметкерлерін даярлау, тағылымдамадан өткізу, олардың біліктілігін арттыру, күтілетін қамту көлемі – 2031 жылға қарай 100 (жүз) адам.

5. Жыл сайын атом саласының инженерлік-техникалық кәсіптері бойынша кемінде 1000 (мың) оқушы мен талапкерді кәсіптік бағдар беру жұмысымен қамту.

1-бағыт. Атом саласы үшін кадр даярлау жөніндегі институционалдық және нормативтік базаны қалыптастыру

1.

Қажеттіліктерді анықтау мақсатында еңбек нарығына және кадрлық әлеуетке егжей-тегжейлі талдау жүргізу

Қазақстан Республикасы Үкіметіне ақпарат

АЭА (келісу бойынша), Еңбекмині, ОМ, ҒЖБМ, ҚАЭС (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

2027 жылғы 2-тоқсан

талап етілмейді

талап етілмейді

2.

АЭС салу жоспарланған орындарға жақын орналасқан өңірлерде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадр даярлауды жоспарлау

АЭА-ға ақпарат

ОМ, Алматы қаласы, Алматы, Қарағанды, Жамбыл, Павлодар, Абай, Жетісу, Ұлытау, облыстарының әкімдіктері, ҚАЭС (келісу бойынша)

2027 жылғы 2-тоқсан

талап етілмейді

талап етілмейді

3.

Қолданыстағы кәсіп карточкаларын өзектендіруді және жаңасын әзірлеуді қоса алғанда, кәсіптік стандарттарды әзірлеу және бекіту

АЭА бұйрығы

АЭА (келісу бойынша), Еңбекмині, ҚАЭС (келісу бойынша), ҰЯО (келісу бойынша), ЯФИ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

2027 жылғы 2-тоқсан

талап етілмейді

талап етілмейді

4.

Кәсіптік стандарттар негізінде қолданыстағы білім беру бағдарламаларын өзектілендіру, жаңасын әзірлеу және енгізу

бекітілген білім беру бағдарламалары

ҒЖБМ, ОМ, АЭА (келісу бойынша), ЖЖОКБҰ (келісу бойынша), ҚАЭС (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

2027 жылғы 4-тоқсан

талап етілмейді

талап етілмейді

5.

Атом саласының кадрлық қажеттілігін қамтамасыз ету үшін ядролық білім беретін жоғары оқу орындарының Қазақстан – Ресей консорциумын құру

консорциумдық келісім

ҒЖБМ, АЭА (келісу бойынша), ЖЖОКБҰ (келісу бойынша), ЯФИ (келісу бойынша), ҰЯО (келісу бойынша), ҚАЭС (келісу бойынша), мердігер

2027 жылғы 4-тоқсан

талап етілмейді

талап етілмейді

6.

Отандық және/немесе шетелдік ғылыми ұйымдармен ЖЖОКБҰ бірлескен және қос дипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу

бекітілген бірлескен білім беру бағдарламалары

ҒЖБМ, АЭА (келісу бойынша), ЖЖОКБҰ (келісу бойынша), ЯФИ (келісу бойынша), ҰЯО (келісу бойынша), ҚАЭС (келісу бойынша)

2029 жылғы 1-тоқсан

талап етілмейді

талап етілмейді

7.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышына жаңа мамандықтар мен біліктіліктерді енгізу

ОМ бұйрығы

ОМ, АЭА (келісу бойынша), ҚАЭС (келісу бойынша), ЯФИ (келісу бойынша), ҰЯО (келісу бойынша)

2028 жылғы 4-тоқсан

талап етілмейді

талап етілмейді

8.

Атом саласының кәсіпорындары мен ұйымдарының базасында ЖЖОКБҰ білім алушыларының кәсіптік практикасын қаржылық қамтамасыз ету тетігін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасы Үкіметіне ұсыныстар

АЭА (келісу бойынша), ЯФИ (келісу бойынша), ҰЯО (келісу бойынша)

2027 жылғы 4-тоқсан

талап етілмейді

талап етілмейді

9.

Атом саласы кәсіпорындары қызметкерлерінің жалақысын арттыру, әлеуметтік қамтамасыз етілуін жақсарту және оларға ынталандыру шараларын қолдану жөнінде ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметіне ұсыныстар

АЭА (келісу бойынша), Қаржымині, ҰЭМ, Еңбекмині, ЯФИ (келісу бойынша), ҰЯО (келісу бойынша), ҚАЭС (келісу бойынша)

2028 жылғы 1-тоқсан

талап етілмейді

талап етілмейді

10.

Атом саласының инженерлік-техникалық мамандықтарын дәріптеу мақсатында оқушылар арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу

АЭА-ға ақпарат

ОМ, ҒЖБМ, ЖЖОКБҰ (келісу бойынша), ЯФИ (келісу бойынша), ҰЯО (келісу бойынша), ҚАЭС (келісу бойынша)

2027–2031 жылдар

талап етілмейді

талап етілмейді

2-бағыт. Атом саласы үшін білікті кәсіби кадр даярлау

11.

Атом энергетикасы объектілерінде қызметті жүзеге асыру үшін қажетті рұқсат құжаттарын алу үшін құрылыс саласы кадрының біліктілігін арттыру және қайта даярлау

оқыту жоспары

АЭА (келісу бойынша), ҒЖБМ, ҚАЭС (келісу бойынша)

2027–2031 жылдар

бөлінген қаражат шеңберінде*

бюджеттен тыс қаражат

12.

Атом саласы үшін сұранысқа ие білім беру бағдарламарының топтары бойынша кадр қажеттілігіне қарай мемлекеттік білім беру гранттарын бөлу

ҒЖБМ бұйрығы

ҒЖБМ, Қаржымині, ҰЭМ, АЭА (келісу бойынша), ЯФИ (келісу бойынша), ҰЯО (келісу бойынша), ҚАЭС (келісу бойынша)

2027–2031 жылдар

бөлінген қаражат шеңберінде*

РБ қаражаты

13.

Атом саласының кадрын, оның ішінде "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде мақсатқа сай даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау

АЭА-ға ақпарат

ҒЖБМ, Қаржымині, ҰЭМ, ХБО (келісу бойынша), ҚАЭС (келісу бойынша)

2027–2031 жылдар

бөлінген қаражат шеңберінде*

РБ қаражаты

14.

ЖЖОКБҰ профессор-оқытушылар құрамының және колледж педагогтерінің, оның ішінде "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде тағылымдамадан өтуі, біліктілігін арттыру және қайта даярлау

АЭА-ға ақпарат

ҒЖБМ, ОМ, Қаржымині, ҰЭМ, ХБО (келісу бойынша), ҚАЭС (келісу бойынша)

2027–2031 жылдар

бөлінген қаражат шеңберінде*

РБ қаражаты

15.

Бас мердігермен бірлесіп АЭС персоналын даярлауды қамтамасыз ету

EPC келісімшарты

АЭА (келісу бойынша), ҚАЭС (келісу бойынша)

2027 жылғы 4-тоқсан

талап етілмейді

талап етілмейді

16.

Ядролық және радиациялық оқыс оқиғаларға ден қоюдың алғашқы дайындығын қамтамасыз ететін кадр даярлау

Қазақстан Республикасы Үкіметіне ақпарат

АЭА (келісу бойынша), ҒЖБМ, Қаржымині, ҰЭМ, ТЖМ, Қорғанысмині, ЯФИ (келісу бойынша), ҰЯО (келісу бойынша), ҚАЭС (келісу бойынша)

2029 жылғы 4-тоқсан

бөлінген қаражат шеңберінде*

бюджеттен тыс қаражат

17.

Атом саласында сұранысқа ие даярлық бағыттары бойынша отандық ЖЖОКБҰ арасында білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлық бағдарламаларын іске асыру

АЭА-ға ақпарат

ҒЖБМ, ЖЖОКБҰ (келісу бойынша)

2027–2031 жылдар

талап етілмейді

талап етілмейді

3-бағыт. Атом саласы үшін кадр даярлауды жүзеге асыратын ұйымдардың материалдық-техникалық базасын қалыптастыру

18.

Атом саласында кадр даярлаумен айналысатын ЖЖОКБҰ материалдық базасына қойылатын талаптарды өзектендіру

АЭА-ға ақпарат

ҒЖБМ, ЖЖОКБҰ (келісу бойынша)

2027–2031 жылдар

талап етілмейді

талап етілмейді

19.

Ғылыми ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жаңғырту мен жаңартуды қамтамасыз ету (заманауи зертханалармен және практика базаларымен жарақтандыру)

тауарларды қабылдау-беру актісі (жүкқұжат)

АЭА (келісу бойынша), ҒЖБМ, ЯФИ (келісу бойынша), ҰЯО (келісу бойынша), ҚАЭС (келісу бойынша)

2028–2031 жылдар

бөлінген қаражат шеңберінде*

бюджеттен тыс қаражат

20.

ЖЖОКБҰ материалдық-техникалық базасын жаңғырту мен жаңартуды қамтамасыз ету (заманауи зертханалармен және практика базаларымен жарақтандыру)

тауарларды қабылдау-беру актісі (жүкқұжат)

АЭА (келісу бойынша), ҒЖБМ, ЖЖОКБҰ

2028–2031 жылдар

бөлінген қаражат шеңберінде*

бюджеттен тыс қаражат

21.

ТжКББ материалдық-техникалық базасын жаңғырту мен жаңартуды қамтамасыз ету (заманауи зертханалармен және практика базаларымен жарақтандыру)

тауарларды қабылдау-беру актісі (жүкқұжат)

АЭА (келісу бойынша), ОМ, ТжКББ

2028–2031 жылдар

бөлінген қаражат шеңберінде*

бюджеттен тыс қаражат

4-бағыт. Атом саласы үшін кадр даярлау жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту

22.

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) INEAS (Integrated Nuclear Education Advisory Services) миссиясы – ядролық білім беру жүйесіне талдау жүргізуі

МАГАТЭ ұсынымдары

АЭА (келісу бойынша), ҒЖБМ, СІМ, ҚАЭС (келісу бойынша), ЯФИ (келісу бойынша), ҰЯО (келісу бойынша), ЖЖОКБҰ (келісу бойынша)

2027 жылғы 2-тоқсан

бөлінген қаражат шеңберінде*

МАГАТЭ техникалық ынтымақтастық бағдарламасы шеңберінде

23.

МАГАТЭ-нің INMA (International Nuclear Management Academy) миссиясы – ядролық менеджмент бойынша магистрлік бағдарламаларды әзірлеу

МАГАТЭ ұсынымдары

АЭА (келісу бойынша), ҒЖБМ, СІМ, ҚАЭС (келісу бойынша), ЯФИ (келісу бойынша), ҰЯО (келісу бойынша)

2029 жылғы
4-тоқсан

бөлінген қаражат шеңберінде*

МАГАТЭ техникалық ынтымақтастық бағдарламасы шеңберінде

24.

Қазақстандық жетекші университеттер базасында атом энергетикасы бағыты бойынша шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашудың орындылығын талдау

АЭА-ға ақпарат

ҒЖБМ, СІМ, Қаржымині, ҰЭМ

2028 жылғы 4-тоқсан

талап етілмейді

талап етілмейді

25.

ЖЖОКБҰ студенттеріне арналған семинарлар мен оқыту бағдарламаларын өткізу үшін атом саласындағы шетелдік жетекші мамандарды, оқытушылар мен сарапшыларды тарту

шарт

ҒЖБМ, АЭА (келісу бойынша), Қаржымині, СІМ, ЖЖОКБҰ (келісу бойынша), ЯФИ (келісу бойынша), ҰЯО (келісу бойынша), ҚАЭС (келісу бойынша)

2027–2031 жылдар

бөлінген қаражат шеңберінде*

РБ қаражаты

      Ескертпе:

      * қаражат көлемі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған бюджетті бекіту кезінде нақтыланатын болады;

      аббревиатуралардың толық жазылуы:

      "Атамекен" ҰКП – "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

      АЭА – Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі

      АЭС – атом электр станциясы

      ҒЖБМ – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі

      Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      ЖЖОКБҰ – Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары: "Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, "Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, "Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, "Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, "Шәкәрім университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, "Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, "Торайғыров университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, "Қазақстан-Британ техникалық университеті" акционерлік қоғамы

      Кешенді жоспар – Қазақстан Республикасының атом саласы үшін кадр даярлаудың 2027 – 2031 жылдарға арналған кешенді жоспары

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      ҚАЭС – "Қазақстандық атом электр станциялары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

      Қорғанысмині – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

      ОМ – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

      СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

      РБ – республикалық бюджет

      ТЖМ – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      ҰЯО – Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

      ХБО – "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы

      ЯФИ – Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің "Ядролық физика институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Об утверждении Комплексного плана по подготовке кадров для атомной отрасли Республики Казахстан на 2027 – 2031 годы

Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 сентября 2026 года № 835.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      Утвердить прилагаемый Комплексный план по подготовке кадров для атомной отрасли Республики Казахстан на 2027 – 2031 годы (далее – Комплексный план).

      Центральным государственным и местным исполнительным органам, а также заинтересованным организациям, ответственным за исполнение Комплексного плана:

      1) обеспечить своевременную реализацию мероприятий, предусмотренных Комплексным планом;

      2) по итогам года, не позднее 15 января, представлять информацию о ходе реализации Комплексного плана в Агентство Республики Казахстан по атомной энергии.

      Агентству Республики Казахстан по атомной энергии (по согласованию) по итогам года, не позднее 15 февраля, представлять сводную информацию о ходе выполнения Комплексного плана в Правительство Республики Казахстан.

      Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Агентство Республики Казахстан по атомной энергии.

      Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
О. Бектенов

  Утвержден
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 23 сентября 2026 года № 835_

Комплексный план по подготовке кадров для атомной отрасли Республики Казахстан на 2027 – 2031 годы Паспорт

1.

Наименование

Комплексный план по подготовке кадров для атомной отрасли Республики Казахстан на 2027 – 2031 годы

2.

Основание для разработки

Поручение Главы государства о подготовке кадров для атомной отрасли от 31 января 2025 года № 25–32–16.57

3.

Сроки реализации

2027 – 2031 годы

4.

Наименования государственного органа-разработчика и соисполнителей

Агентство Республики Казахстан по атомной энергии;
Министерство науки и высшего образования Республики Казахстан;
Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан;
Министерство финансов Республики Казахстан;
Министерство обороны Республики Казахстан;
Министерство просвещения Республики Казахстан;
Министерство иностранных дел Республики Казахстан;
Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан;
Министерство национальной экономики Республики Казахстан;
акимат города Алматы;
акимат Алматинской области;
акимат Жамбылской области;
акимат Карагандинской области;
акимат Павлодарской области;
акимат области Абай;
акимат области Жетісу;
акимат области Ұлытау;
Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан "Атамекен";
республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Национальный ядерный центр Республики Казахстан" Агентства Республики Казахстан по атомной энергии;
республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт ядерной физики" Агентства Республики Казахстан по атомной энергии;
акционерное общество "Центр международных программ";
товарищество с ограниченной ответственностью "Казахстанские атомные электрические станции";
организации высшего и послевузовского образования.

5.

Краткая информация о необходимости принятия Комплексного плана с указанием основных проблем и задач по их решению

Необходимость принятия Комплексного плана обусловлена реализацией проектов строительства АЭС, требующих формирования устойчивой системы подготовки кадров для полного жизненного цикла объектов атомной отрасли (от проектирования и строительства до эксплуатации), обеспечения ядерной и радиационной безопасности, обращения с радиоактивными отходами и вывода объектов из эксплуатации.
С учетом перспективного строительства трех АЭС совокупная потребность в эксплуатационном персонале может составить порядка 6000 человек. При этом в Республике Казахстан имеется образовательная и научная база, включающая 10 высших учебных заведений и 2 научные организации, однако действующая система подготовки кадров требует дальнейшего развития и адаптации к требованиям атомной отрасли и международным стандартам.
Основными проблемами являются отсутствие комплексного прогнозирования кадровой потребности, несовершенство отраслевой системы квалификаций, недостаток специалистов с практическим опытом строительства и эксплуатации АЭС, ограниченная материально-техническая и лабораторная база образовательных организаций, отсутствие системы лицензирования и сертификации эксплуатационного персонала, а также недостаточный уровень практической подготовки и ранней профориентации.
Задачами по решению указанных проблем являются: формирование институциональной и нормативной базы по подготовке кадров для атомной отрасли, подготовка квалифицированных профессиональных кадров для атомной отрасли, формирование материально-технической базы организаций, осуществляющих подготовку кадров для атомной отрасли, а также развитие международного сотрудничества по подготовке кадров для атомной отрасли.
Реализация Комплексного плана позволит сформировать устойчивую систему подготовки кадров, соответствующую международным требованиям, обеспечить атомную отрасль квалифицированными отечественными специалистами и снизить зависимость от иностранных кадров при строительстве и эксплуатации АЭС.


№
п/п
Наименование Форма завершения Ответственные исполнители Срок исполнения Объем финансирования Источники финансирования
1 2 3 4 5 6 7

Ожидаемые результаты:

Утверждение профессиональных стандартов в атомной отрасли, включающих не менее 20 (двадцать) карточек профессий.

Обновленные образовательные программы в высших учебных заведениях не менее 5 (пять).

Обновленная материально-техническая база высших учебных заведениях.

Подготовка, стажировка, повышение квалификации работников атомной отрасли в рамках программы "Болашак" с ожидаемым охватом порядка 100 (сто) человек к 2031 году.

Ежегодный охват не менее 1000 (тысяча) школьников и абитуриентов профориентационной работой по инженерно-техническим профессиям атомной отрасли.

Направление 1. Формирование институциональной и нормативной базы по подготовке кадров для атомной отрасли


Проведение детального анализа рынка труда и кадрового потенциала в целях определения потребностей

информация в Правительство Республики Казахстан

ААЭ (по согласованию), МТСЗН, МП, МНВО, КАЭС (по согласованию), НПП "Атамекен" (по согласованию)

2-квартал 2027 года

не требуется

не требуются


Планирование подготовки кадров с техническим и профессиональным, послесредним образованием в регионах, близлежащих к местам планируемого строительства АЭС

информация в ААЭ

МП, акиматы города Алматы, Алматинской, Карагандинской, Жамбылской, Павлодарской областей, областей Абай, Жетісу, Ұлытау, КАЭС (по согласованию)

2-квартал 2027 года

не требуется

не требуются


Разработка и утверждение профессиональных стандартов, включая актуализацию действующих и разработку новых карточек профессий

приказ ААЭ

ААЭ (по согласованию), МТСЗН, КАЭС (по согласованию), НЯЦ (по согласованию), ИЯФ (по согласованию), НПП "Атамекен" (по согласованию)

2-квартал 2027 года

не требуется

не требуются


Актуализация действующих, разработка и внедрение новых образовательных программ на основе профессиональных стандартов

утвержденные образовательные программы

МНВО, МП, ААЭ (по согласованию), ОВПО (по согласованию), КАЭС (по согласованию), НПП "Атамекен" (по согласованию)

4-квартал 2027 года

не требуется

не требуются


Создание казахстанско-российского консорциума высших учебных заведений ядерного образования для обеспечения кадровой потребности атомной отрасли

консорциальное соглашение

МНВО, ААЭ (по согласованию), ОВПО (по согласованию), ИЯФ (по согласованию), НЯЦ (по согласованию), КАЭС (по согласованию), подрядчик (по согласованию)

4-квартал 2027 года

не требуется

не требуются


Разработка и внедрение совместных и двудипломных образовательных программ ОВПО с отечественными и/или зарубежными научными организациями

утвержденные совместные образовательные программы

МНВО, ААЭ (по согласованию), ОВПО (по согласованию), ИЯФ (по согласованию), НЯЦ (по согласованию), КАЭС (по согласованию)

1-квартал 2029 года

не требуется

не требуются


Внесение в классификатор специальностей и квалификаций технического и профессионального, послесреднего образования новых специальностей и квалификаций

приказ МП

МП, ААЭ (по согласованию), КАЭС (по согласованию), ИЯФ (по согласованию), НЯЦ (по согласованию)

4-квартал 2028 года

не требуется

не требуются


Выработка предложений по совершенствованию механизма финансового обеспечения профессиональной практики обучающихся ОВПО на базе предприятий и организаций атомной отрасли

предложения в Правительство Республики Казахстан

ААЭ (по согласованию), ИЯФ (по согласованию), НЯЦ (по согласованию)

4-квартал 2027 года

не требуется

не требуются


Внесение предложений по повышению заработной платы, применению стимулирующих мер и улучшению социального обеспечения работников предприятий атомной отрасли

предложения в Правительство Республики Казахстан

ААЭ (по согласованию), МФ, МНЭ, МТСЗН, ИЯФ (по согласованию), НЯЦ (по согласованию), КАЭС (по согласованию)

1-квартал 2028 года

не требуется

не требуются


Проведение профориентационной работы среди школьников с целью популяризации инженерно-технических специальностей атомной отрасли

информация в ААЭ

МП, МНВО, ОВПО (по согласованию), ИЯФ (по согласованию), НЯЦ (по согласованию), КАЭС (по согласованию)

2027–2031 годы

не требуется

не требуются

Направление 2. Подготовка квалифицированных профессиональных кадров для атомной отрасли


Повышение квалификации и переподготовка кадров строительной отрасли для получения разрешительных документов, необходимых для осуществления деятельности на объектах атомной энергетики

план обучения

ААЭ (по согласованию), МНВО, КАЭС (по согласованию)

2027–2031 годы

в рамках выделенных средств*

внебюджетные средства


Выделение государственных образовательных грантов по востребованным для атомной отрасли группам образовательных программ в соответствии с потребностью в кадрах

приказ МНВО

МНВО, МФ, МНЭ, ААЭ (по согласованию), ИЯФ (по согласованию), НЯЦ (по согласованию), КАЭС (по согласованию)

2027–2031 годы

в рамках выделенных средств*

средства РБ


Целевая подготовка, повышение квалификации и переподготовка кадров атомной отрасли, в том числе в рамках международной стипендии "Болашак"

информация в ААЭ

МНВО, МФ, МНЭ, ЦМП (по согласованию), КАЭС (по согласованию)

2027–2031 годы

в рамках выделенных средств*

средства РБ


Стажировка, повышение квалификации и переподготовка профессорско-преподавательского состава ОВПО и педагогов колледжей, в том числе в рамках международной стипендии "Болашак"

информация в ААЭ

МНВО, МП, МФ, МНЭ, ЦМП (по согласованию), КАЭС (по согласованию)

2027–2031 годы

в рамках выделенных средств*

средства РБ


Обеспечение подготовки персонала АЭС совместно с генеральным подрядчиком

EPC-контракт

ААЭ (по согласованию), КАЭС (по согласованию)

4-квартал 2027 года

не требуется

не требуются


Подготовка кадров по обеспечению первичной готовности к реагированию на ядерные и радиационные инциденты

информация в Правительство Республики Казахстан

ААЭ (по согласованию), МНВО, МФ, МНЭ, МЧС, МО, ИЯФ (по согласованию), НЯЦ (по согласованию), КАЭС (по согласованию)

4-квартал 2029 года

в рамках выделенных средств*

внебюджетные средства


Реализация программ академической мобильности обучающихся и профессорско-преподавательского состава между отечественными ОВПО по направлениям подготовки, востребованным в атомной отрасли

информация в ААЭ

МНВО, ОВПО (по согласованию)

2027–2031 годы

не требуется

не требуются

Направление 3. Формирование материально-технической базы организаций, осуществляющих подготовку кадров для атомной отрасли


Актуализация требований к материальной базе ОВПО, занимающихся подготовкой кадров для атомной отрасли

информация в ААЭ

МНВО, ОВПО (по согласованию)

2027–2031 годы

не требуется

не требуются


Обеспечение модернизации и обновления материально-технической базы научных организаций (оснащение современными лабораториями и базами практик)

акт приема-передачи товаров (накладная)

ААЭ (по согласованию), МНВО, ИЯФ (по согласованию), НЯЦ (по согласованию), КАЭС (по согласованию)

2028–2031 годы

в рамках выделенных средств *

внебюджетные средства


Обеспечение модернизации и обновления материально-технической базы ОВПО (оснащение современными лабораториями и базами практик)

акт приема-передачи товаров (накладная)

ААЭ (по согласованию), МНВО, ОВПО

2028–2031 годы

в рамках выделенных средств *

внебюджетные средства


Обеспечение модернизации и обновления материально-технической базы ТиПО (оснащение современными лабораториями и базами практик)

акт приема-передачи товаров (накладная)

ААЭ (по согласованию), МП, ТиПО

2028–2031 годы

в рамках выделенных средств *

внебюджетные средства

Направление 4. Развитие международного сотрудничества по подготовке кадров для атомной отрасли


Проведение Международным агентством по атомной энергии (МАГАТЭ) миссии INEAS (Integrated Nuclear Education Advisory Services) – анализа системы ядерного образования

рекомендация МАГАТЭ

ААЭ (по согласованию), МНВО, МИД, КАЭС (по согласованию), ИЯФ (по согласованию), НЯЦ (по согласованию), ОВПО (по согласованию)

2-квартал 2027 года

в рамках выделенных средств*

в рамках программы технического сотрудничества с МАГАТЭ


Проведение МАГАТЭ миссии INMA (International Nuclear Management Academy) – разработки магистерских программ по ядерному менеджменту

рекомендация МАГАТЭ

ААЭ (по согласованию), МНВО, МИД, КАЭС (по согласованию), ИЯФ (по согласованию), НЯЦ (по согласованию)

4-квартал 2029 года

в рамках выделенных средств*

в рамках программы технического сотрудничества с МАГАТЭ


Анализ целесообразности открытия филиалов зарубежных высших учебных заведений по направлению атомной энергетики на базе ведущих казахстанских университетов

информация в ААЭ

МНВО, МИД, МФ, МНЭ

4-квартал 2028 года

не требуется

не требуются


Привлечение ведущих зарубежных специалистов, преподавателей и экспертов в сфере атомной отрасли для проведения семинаров и обучающих программ для студентов ОВПО

договор

МНВО, ААЭ (по согласованию), МФ, МИД, ОВПО (по согласованию), ИЯФ (по согласованию), НЯЦ (по согласованию), КАЭС (по согласованию)

2027–2031 годы

в рамках выделенных средств*

средства РБ

      Примечания:

      * объемы средств будут уточняться при утверждении бюджета на соответствующие финансовые годы в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;

      расшифровка аббревиатур:

      НПП "Атамекен" – Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан "Атамекен"

      ААЭ – Агентство Республики Казахстан по атомной энергии

      АЭС – атомная электрическая станция

      МНВО – Министерство науки и высшего образования Республики Казахстан

      МТСЗН – Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

      ОВПО – организации высшего и послевузовского образования: некоммерческое акционерное общество "Казахский национальный исследовательский технический университет имени К.И. Сатпаева", некоммерческое акционерное общество "Казахский национальный университет имени аль-Фараби", некоммерческое акционерное общество "Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева", некоммерческое акционерное общество "Алматинский университет энергетики и связи имени Гумарбека Даукеева", некоммерческое акционерное общество "Карагандинский национальный исследовательский университет имени академика Е.А. Букетова", некоммерческое акционерное общество "Восточно-Казахстанский технический университет имени Д. Серикбаева", некоммерческое акционерное общество "Шәкәрім университет", некоммерческое акционерное общество "Восточно-Казахстанский университет имени Сарсена Аманжолова", некоммерческое акционерное общество "Торайгыров университет", акционерное общество "Казахстанско-Британский технический университет"

      Комплексный план – Комплексный план по подготовке кадров для атомной отрасли Республики Казахстан на 2027 – 2031 годы

      МФ – Министерство финансов Республики Казахстан

      КАЭС – товарищество с ограниченной ответственностью "Казахстанские атомные электрические станции"

      МО – Министерство обороны Республики Казахстан

      МП – Министерство просвещения Республики Казахстан

      МИД – Министерство иностранных дел Республики Казахстан

      РБ – республиканский бюджет

      МЧС – Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан

      МНЭ – Министерство национальной экономики Республики Казахстан

      НЯЦ – республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Национальный ядерный центр Республики Казахстан" Агентства Республики Казахстан по атомной энергии

      ЦМП – акционерное общество "Центр международных программ"

      ИЯФ – республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт ядерной физики" Агентства Республики Казахстан по атомной энергии