Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының атом саласы үшін кадр даярлаудың 2027 – 2031 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.
2. Кешенді жоспарды орындауға жауапты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мүдделі ұйымдар:
1) Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етсін;
2) жыл қорытындысы бойынша, 15 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігіне Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі (келісу бойынша) жыл қорытындысы бойынша, 15 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасының атом саласы үшін кадр даярлаудың 2027 – 2031 жылдарға арналған кешенді жоспары Паспорт
1. | Атауы | Қазақстан Республикасының атом саласы үшін кадр даярлаудың 2027 – 2031 жылдарға арналған кешенді жоспары |
Р/с | Атауы | Аяқталу нысаны | Жауапты орындаушылар | Орындалу мерзімі | Қаржыландыру көлемі | Қаржыландыру көздері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Күтілетін нәтижелер: | ||||||
1. Кемінде 20 (жиырма) кәсіп карточкасын қамтитын атом саласындағы кәсіптік стандарттарды бекіту. | ||||||
2. Жоғары оқу орындарында кемінде 5 (бес) жаңартылған білім беру бағдарламалары. | ||||||
3. Жоғары оқу орнында жаңартылған материалдық-техникалық база. | ||||||
4. "Болашақ" бағдарламасы шеңберінде атом саласы қызметкерлерін даярлау, тағылымдамадан өткізу, олардың біліктілігін арттыру, күтілетін қамту көлемі – 2031 жылға қарай 100 (жүз) адам. | ||||||
5. Жыл сайын атом саласының инженерлік-техникалық кәсіптері бойынша кемінде 1000 (мың) оқушы мен талапкерді кәсіптік бағдар беру жұмысымен қамту. | ||||||
1-бағыт. Атом саласы үшін кадр даярлау жөніндегі институционалдық және нормативтік базаны қалыптастыру | ||||||
1. | Қажеттіліктерді анықтау мақсатында еңбек нарығына және кадрлық әлеуетке егжей-тегжейлі талдау жүргізу | Қазақстан Республикасы Үкіметіне ақпарат | АЭА (келісу бойынша), Еңбекмині, ОМ, ҒЖБМ, ҚАЭС (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) | 2027 жылғы 2-тоқсан | талап етілмейді | талап етілмейді |
2. | АЭС салу жоспарланған орындарға жақын орналасқан өңірлерде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадр даярлауды жоспарлау | АЭА-ға ақпарат | ОМ, Алматы қаласы, Алматы, Қарағанды, Жамбыл, Павлодар, Абай, Жетісу, Ұлытау, облыстарының әкімдіктері, ҚАЭС (келісу бойынша) | 2027 жылғы 2-тоқсан | талап етілмейді | талап етілмейді |
3. | Қолданыстағы кәсіп карточкаларын өзектендіруді және жаңасын әзірлеуді қоса алғанда, кәсіптік стандарттарды әзірлеу және бекіту | АЭА бұйрығы | АЭА (келісу бойынша), Еңбекмині, ҚАЭС (келісу бойынша), ҰЯО (келісу бойынша), ЯФИ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) | 2027 жылғы 2-тоқсан | талап етілмейді | талап етілмейді |
4. | Кәсіптік стандарттар негізінде қолданыстағы білім беру бағдарламаларын өзектілендіру, жаңасын әзірлеу және енгізу | бекітілген білім беру бағдарламалары | ҒЖБМ, ОМ, АЭА (келісу бойынша), ЖЖОКБҰ (келісу бойынша), ҚАЭС (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) | 2027 жылғы 4-тоқсан | талап етілмейді | талап етілмейді |
5. | Атом саласының кадрлық қажеттілігін қамтамасыз ету үшін ядролық білім беретін жоғары оқу орындарының Қазақстан – Ресей консорциумын құру | консорциумдық келісім | ҒЖБМ, АЭА (келісу бойынша), ЖЖОКБҰ (келісу бойынша), ЯФИ (келісу бойынша), ҰЯО (келісу бойынша), ҚАЭС (келісу бойынша), мердігер | 2027 жылғы 4-тоқсан | талап етілмейді | талап етілмейді |
6. | Отандық және/немесе шетелдік ғылыми ұйымдармен ЖЖОКБҰ бірлескен және қос дипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу | бекітілген бірлескен білім беру бағдарламалары | ҒЖБМ, АЭА (келісу бойынша), ЖЖОКБҰ (келісу бойынша), ЯФИ (келісу бойынша), ҰЯО (келісу бойынша), ҚАЭС (келісу бойынша) | 2029 жылғы 1-тоқсан | талап етілмейді | талап етілмейді |
7. | Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышына жаңа мамандықтар мен біліктіліктерді енгізу | ОМ бұйрығы | ОМ, АЭА (келісу бойынша), ҚАЭС (келісу бойынша), ЯФИ (келісу бойынша), ҰЯО (келісу бойынша) | 2028 жылғы 4-тоқсан | талап етілмейді | талап етілмейді |
8. | Атом саласының кәсіпорындары мен ұйымдарының базасында ЖЖОКБҰ білім алушыларының кәсіптік практикасын қаржылық қамтамасыз ету тетігін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу | Қазақстан Республикасы Үкіметіне ұсыныстар | АЭА (келісу бойынша), ЯФИ (келісу бойынша), ҰЯО (келісу бойынша) | 2027 жылғы 4-тоқсан | талап етілмейді | талап етілмейді |
9. | Атом саласы кәсіпорындары қызметкерлерінің жалақысын арттыру, әлеуметтік қамтамасыз етілуін жақсарту және оларға ынталандыру шараларын қолдану жөнінде ұсыныстар енгізу | Қазақстан Республикасы Үкіметіне ұсыныстар | АЭА (келісу бойынша), Қаржымині, ҰЭМ, Еңбекмині, ЯФИ (келісу бойынша), ҰЯО (келісу бойынша), ҚАЭС (келісу бойынша) | 2028 жылғы 1-тоқсан | талап етілмейді | талап етілмейді |
10. | Атом саласының инженерлік-техникалық мамандықтарын дәріптеу мақсатында оқушылар арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу | АЭА-ға ақпарат | ОМ, ҒЖБМ, ЖЖОКБҰ (келісу бойынша), ЯФИ (келісу бойынша), ҰЯО (келісу бойынша), ҚАЭС (келісу бойынша) | 2027–2031 жылдар | талап етілмейді | талап етілмейді |
2-бағыт. Атом саласы үшін білікті кәсіби кадр даярлау | ||||||
11. | Атом энергетикасы объектілерінде қызметті жүзеге асыру үшін қажетті рұқсат құжаттарын алу үшін құрылыс саласы кадрының біліктілігін арттыру және қайта даярлау | оқыту жоспары | АЭА (келісу бойынша), ҒЖБМ, ҚАЭС (келісу бойынша) | 2027–2031 жылдар | бөлінген қаражат шеңберінде* | бюджеттен тыс қаражат |
12. | Атом саласы үшін сұранысқа ие білім беру бағдарламарының топтары бойынша кадр қажеттілігіне қарай мемлекеттік білім беру гранттарын бөлу | ҒЖБМ бұйрығы | ҒЖБМ, Қаржымині, ҰЭМ, АЭА (келісу бойынша), ЯФИ (келісу бойынша), ҰЯО (келісу бойынша), ҚАЭС (келісу бойынша) | 2027–2031 жылдар | бөлінген қаражат шеңберінде* | РБ қаражаты |
13. | Атом саласының кадрын, оның ішінде "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде мақсатқа сай даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау | АЭА-ға ақпарат | ҒЖБМ, Қаржымині, ҰЭМ, ХБО (келісу бойынша), ҚАЭС (келісу бойынша) | 2027–2031 жылдар | бөлінген қаражат шеңберінде* | РБ қаражаты |
14. | ЖЖОКБҰ профессор-оқытушылар құрамының және колледж педагогтерінің, оның ішінде "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде тағылымдамадан өтуі, біліктілігін арттыру және қайта даярлау | АЭА-ға ақпарат | ҒЖБМ, ОМ, Қаржымині, ҰЭМ, ХБО (келісу бойынша), ҚАЭС (келісу бойынша) | 2027–2031 жылдар | бөлінген қаражат шеңберінде* | РБ қаражаты |
15. | Бас мердігермен бірлесіп АЭС персоналын даярлауды қамтамасыз ету | EPC келісімшарты | АЭА (келісу бойынша), ҚАЭС (келісу бойынша) | 2027 жылғы 4-тоқсан | талап етілмейді | талап етілмейді |
16. | Ядролық және радиациялық оқыс оқиғаларға ден қоюдың алғашқы дайындығын қамтамасыз ететін кадр даярлау | Қазақстан Республикасы Үкіметіне ақпарат | АЭА (келісу бойынша), ҒЖБМ, Қаржымині, ҰЭМ, ТЖМ, Қорғанысмині, ЯФИ (келісу бойынша), ҰЯО (келісу бойынша), ҚАЭС (келісу бойынша) | 2029 жылғы 4-тоқсан | бөлінген қаражат шеңберінде* | бюджеттен тыс қаражат |
17. | Атом саласында сұранысқа ие даярлық бағыттары бойынша отандық ЖЖОКБҰ арасында білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлық бағдарламаларын іске асыру | АЭА-ға ақпарат | ҒЖБМ, ЖЖОКБҰ (келісу бойынша) | 2027–2031 жылдар | талап етілмейді | талап етілмейді |
3-бағыт. Атом саласы үшін кадр даярлауды жүзеге асыратын ұйымдардың материалдық-техникалық базасын қалыптастыру | ||||||
18. | Атом саласында кадр даярлаумен айналысатын ЖЖОКБҰ материалдық базасына қойылатын талаптарды өзектендіру | АЭА-ға ақпарат | ҒЖБМ, ЖЖОКБҰ (келісу бойынша) | 2027–2031 жылдар | талап етілмейді | талап етілмейді |
19. | Ғылыми ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жаңғырту мен жаңартуды қамтамасыз ету (заманауи зертханалармен және практика базаларымен жарақтандыру) | тауарларды қабылдау-беру актісі (жүкқұжат) | АЭА (келісу бойынша), ҒЖБМ, ЯФИ (келісу бойынша), ҰЯО (келісу бойынша), ҚАЭС (келісу бойынша) | 2028–2031 жылдар | бөлінген қаражат шеңберінде* | бюджеттен тыс қаражат |
20. | ЖЖОКБҰ материалдық-техникалық базасын жаңғырту мен жаңартуды қамтамасыз ету (заманауи зертханалармен және практика базаларымен жарақтандыру) | тауарларды қабылдау-беру актісі (жүкқұжат) | АЭА (келісу бойынша), ҒЖБМ, ЖЖОКБҰ | 2028–2031 жылдар | бөлінген қаражат шеңберінде* | бюджеттен тыс қаражат |
21. | ТжКББ материалдық-техникалық базасын жаңғырту мен жаңартуды қамтамасыз ету (заманауи зертханалармен және практика базаларымен жарақтандыру) | тауарларды қабылдау-беру актісі (жүкқұжат) | АЭА (келісу бойынша), ОМ, ТжКББ | 2028–2031 жылдар | бөлінген қаражат шеңберінде* | бюджеттен тыс қаражат |
4-бағыт. Атом саласы үшін кадр даярлау жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту | ||||||
22. | Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) INEAS (Integrated Nuclear Education Advisory Services) миссиясы – ядролық білім беру жүйесіне талдау жүргізуі | МАГАТЭ ұсынымдары | АЭА (келісу бойынша), ҒЖБМ, СІМ, ҚАЭС (келісу бойынша), ЯФИ (келісу бойынша), ҰЯО (келісу бойынша), ЖЖОКБҰ (келісу бойынша) | 2027 жылғы 2-тоқсан | бөлінген қаражат шеңберінде* | МАГАТЭ техникалық ынтымақтастық бағдарламасы шеңберінде |
23. | МАГАТЭ-нің INMA (International Nuclear Management Academy) миссиясы – ядролық менеджмент бойынша магистрлік бағдарламаларды әзірлеу | МАГАТЭ ұсынымдары | АЭА (келісу бойынша), ҒЖБМ, СІМ, ҚАЭС (келісу бойынша), ЯФИ (келісу бойынша), ҰЯО (келісу бойынша) |
2029 жылғы | бөлінген қаражат шеңберінде* | МАГАТЭ техникалық ынтымақтастық бағдарламасы шеңберінде |
24. | Қазақстандық жетекші университеттер базасында атом энергетикасы бағыты бойынша шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашудың орындылығын талдау | АЭА-ға ақпарат | ҒЖБМ, СІМ, Қаржымині, ҰЭМ | 2028 жылғы 4-тоқсан | талап етілмейді | талап етілмейді |
25. | ЖЖОКБҰ студенттеріне арналған семинарлар мен оқыту бағдарламаларын өткізу үшін атом саласындағы шетелдік жетекші мамандарды, оқытушылар мен сарапшыларды тарту | шарт | ҒЖБМ, АЭА (келісу бойынша), Қаржымині, СІМ, ЖЖОКБҰ (келісу бойынша), ЯФИ (келісу бойынша), ҰЯО (келісу бойынша), ҚАЭС (келісу бойынша) | 2027–2031 жылдар | бөлінген қаражат шеңберінде* | РБ қаражаты |
Ескертпе:
* қаражат көлемі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған бюджетті бекіту кезінде нақтыланатын болады;
аббревиатуралардың толық жазылуы:
"Атамекен" ҰКП – "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
АЭА – Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі
АЭС – атом электр станциясы
ҒЖБМ – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ЖЖОКБҰ – Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары: "Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, "Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, "Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, "Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, "Шәкәрім университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, "Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, "Торайғыров университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, "Қазақстан-Британ техникалық университеті" акционерлік қоғамы
Кешенді жоспар – Қазақстан Республикасының атом саласы үшін кадр даярлаудың 2027 – 2031 жылдарға арналған кешенді жоспары
Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
ҚАЭС – "Қазақстандық атом электр станциялары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Қорғанысмині – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі
ОМ – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі
РБ – республикалық бюджет
ТЖМ – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
ҰЯО – Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
ХБО – "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы
ЯФИ – Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің "Ядролық физика институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны