"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 24 қыркүйектегі № 839 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақ:

      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 147-7) және 147-8) тармақшалармен толықтырылсын:

      "147-7) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары әскери қызметшісінің кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындаудың және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу шығарудың қағидалары мен әдістерін бекітеді;

      147-8) тағайындау кезінде əскери қызметшілер мен азаматтық персонал адамдарына (жұмыскерлерге) қатысты психологиялық-физиологиялық жəне полиграфологиялық зерттеулер қолданылып, тексеру жүргізілетін әскери лауазымдар тізбесін бекітеді;".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады