"Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 25 қыркүйектегі № 842 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ережеде:

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Министрлікке Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Министрлікке заңдармен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.";

      14-тармақта:

      1) тармақшаның он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "қолданыстағы заңдарда көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;";

      2) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен, сондай-ақ мемлекеттік органдармен келісу бойынша олармен бірлескен актілер негізінде басқа мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен, сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылармен өзара іс-қимыл жасау;";

      15-тармақта:

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;";

      72-1), 72-2) және 72-3) тармақшалар алып тасталсын.

      108) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "108) лицензиарларды, лицензия беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу және оларды рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісу;";

      143) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "143) мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына бекітіп берілген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      146-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "146-1) астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың білім беруді басқару органдары бірінші басшыларының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын келісу;";

      149) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "149) әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемаларын қалыптастыру кезінде қолданылатын білім беруді басқару органдары (астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармалары, сондай-ақ оларға есеп беретін және олардың бақылауындағы аудандарда, қалаларда орналасатын білім бөлімдері) арасында функцияларды бөлуді әзірлеу және бекіту;";

      191) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "191) мынадай:

      мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;

      бастауыш білім беру;

      негізгі орта білім беру;

      жалпы орта білім беру;

      білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша әскерилер, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтар топтары бойынша техникалық және кәсіптік білім беру;

      білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша әскерилер, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтар топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім беру;

      рухани білім беру;

      кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру;

      мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдау үшін білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру;";

      213) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "213) меншік түріне, нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарының, білім беру ұйымдарының және бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің Қазақстан Республикасының бала құқықтарын қорғау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;";

      226) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "226) шетел азаматтарына асырап алуға берілген балаларды бақылауды жүзеге асыру;".

      2. Осы қаулы:

      1) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының жиырма бесінші абзацын;

      2) 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының отыз үшінші абзацын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады