"Қазақстан Республикасының Үкіметі ішкі нарықта шығаратын мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару, орналастыру, айналысқа жіберу, қызмет көрсету және өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 473 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 848 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі ішкі нарықта шығаратын мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару, орналастыру, айналысқа жіберу, қызмет көрсету және өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 473 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі ішкі нарықта шығаратын мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару, орналастыру, айналысқа жіберу, қызмет көрсету және өтеу қағидаларында:

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Қазынашылық міндеттемелермен операциялар бойынша салық салу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес айқындалады.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Орта мерзімді қазынашылық міндеттемелердің иелеріне Заңда белгіленген шектеулерді қоспағанда, орта мерзімді қазынашылық міндеттемелермен кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыруға жол беріледі. Бұл ретте инвестор орта мерзімді қазынашылық міндеттемелермен жасалатын барлық операцияны орталық депозитарий депоненті арқылы ресімдейді.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелер бойынша купон сомасын есептеу үшін есеп айырысу базасы – есеп айырысу айында 30 (отыз) күн/есеп айырысу жылында 360 (үш жүз алпыс) күн.";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелердің иелеріне Заңда белгіленген шектеулерді қоспағанда, ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелермен кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыруға жол беріледі. Бұл ретте инвестор ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелермен жасалатын барлық операцияны орталық депозитарий депоненті арқылы ресімдейді.";

      57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "57. Орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелердің иелеріне Заңда белгіленген шектеулерді қоспағанда, орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелермен кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыруға жол беріледі. Бұл ретте инвестор орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелермен жасалатын барлық операцияны орталық депозитарий депоненті арқылы ресімдейді.";

      70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "70. Ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелердің иелеріне Заңда белгіленген шектеулерді қоспағанда, ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелермен кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыруға жол беріледі. Бұл ретте инвестор ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелермен жасалатын барлық операцияны орталық депозитарий депоненті арқылы ресімдейді.";

      95-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "95. TONIA мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелердің иелеріне Заңда белгіленген шектеулерді қоспағанда, TONIA мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелермен кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыруға жол беріледі. Бұл ретте инвестор TONIA мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелермен барлық операцияны орталық депозитарий депоненті арқылы ресімдейді.";

      106-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "106. TONIA TCI индексіне индекстелген қазынашылық міндеттемелердің иелеріне Заңда белгіленген шектеулерді қоспағанда, TONIA TCI индексіне индекстелген қазынашылық міндеттемелермен кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыруға жол беріледі. Бұл ретте инвестор TONIA TCI индексіне индекстелген қазынашылық міндеттемелермен барлық операцияны орталық депозитарий депоненті арқылы ресімдейді.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады