ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
26-24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"26-24) цифрлық технологиялар саласындағы қызметтің басым түрлерінің тізбесін және өз өндірісінің өлшемшарттарын келісу;";
мынадай мазмұндағы 66-7) тармақшамен толықтырылсын:
"66-7) кредиттік рейтингі болуға міндетті, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды айқындау өлшемшарттарын әзірлеу;";
мынадай мазмұндағы 121-3) және 121-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"121-3) мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақыларын индекстеу қағидаларын әзірлеу;
121-4) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдарының жұмыскерлеріне бонустар төлеу, сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу тәртібі мен шарттарын әзірлеу;";
154-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"154-1) автоматтандыруға жататын және жатпайтын рұқсаттар тізбесін бекіту туралы цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен бірлескен бұйрықты бекіту;";
мынадай мазмұндағы 156-7), 156-8) және 156-9) тармақшалармен толықтырылсын:
"156-7) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен үлгілік біліктілік талаптары негізінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік заңды тұлғаларда басқарушылық функцияларды атқарумен байланысты лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;
156-8) мемлекеттік қызметшілер еңбек тәртіптемесінің үлгілік қағидалары негізінде еңбек тәртіптемесінің қағидаларын бекіту;
156-9) қызметтік куәлікті беру тәртібін және оның сипаттамасын бекіту;";
мынадай мазмұндағы 169-1), 169-2) және 169-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"169-1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне жаңа мемлекеттік көрсетілетін қызмет енгізілгеннен кейін цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны электрондық форматта көрсетуге ауыстыру бойынша шаралар қабылдау;
169-2) өзінің аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету тәртібін реттейтін заңнамасын сақтау жөніндегі қызметін үйлестіру;
169-3) мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетудің проактивті, композиттік және эксаумақтық түрлеріне көшіру бойынша шаралар қабылдау;";
202-1), 202-2) және 202-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"202-1) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің уақтылы қабылдануын қамтамасыз ету, сондай-ақ олардағы қайшылықтар мен олқылықтарды жою;
202-2) цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне автоматтандырылған қол қоюды қолдануды қоса алғанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті цифрлық және проактивті форматтарға көшіруді қамтамасыз ету;
202-3) мемлекеттік реттеуді немесе басшылықты жүзеге асыратын салаларда әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсетудің үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
272) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"272) цифрландыру саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бизнес-әріптестер тізілімімен интеграциялауға жататын цифрландыру объектілерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша әзірлеу және бекіту;";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Министрліктің бірінші басшысының және аппарат басшысының мәртебесі, өкілеттіктері";
19-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Министрлік ведомстволарының басшыларын лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
4) Министрлік басшысының орынбасарларын, аппаратының басшысын және Министрліктің аумақтық бөлімшелерінің (астанадағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы) басшыларын лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;";
мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:
"21-1. Министрліктің аппарат басшысының өкілеттіктері:
1) Министрлікке жүктелген міндеттердің іске асырылуын ұйымдастырады;
2) өз құзыреті шегінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) Министрліктің, оның ведомстволары мен олардың аумақтық бөлімшелерінің қызметін материалдық-техникалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
4) Министрліктің бірінші басшысымен келісілгеннен кейін тиісті нормативтік құқықтық актілермен бекітілген Министрліктің штат саны лимитінің шегінде Министрліктің штат санын және штат кестесін бекітеді;
5) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің уақтылы қабылдануын қамтамасыз етеді;
6) Министрліктің даму жоспарын іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
7) еңбек қатынастары мәселелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жоғары тұрған лауазымды адамдардың (органдардың) құзыретіне жатқызылған мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, орталық мемлекеттік орган аппаратының мемлекеттік қызметшілерін лауазымға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
8) еңбек қатынастары мәселелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге лауазымды адамдардың (органдардың) құзыретіне жатқызылған мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға қойылатын үлгілік біліктілік талаптары негізінде Министрліктің "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
9) Министрліктің тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
10) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
11) еңбек қатынастары мәселелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жоғары тұрған лауазымды адамдардың (органдардың) құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, Министрлік жұмыскерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
12) еңбек қатынастары мәселелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жоғары тұрған лауазымды адамдардың (органдардың) құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, Министрліктің мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу мәселелерін шешеді;
13) Министрліктің мемлекеттік сатып алу саласында жалпы басшылықты жүзеге асырады және Министрлік қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;
14) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
15) Министрліктің бюджеттік өтінімін дайындауды қамтамасыз етеді, бюджеттік өтінімді Министрліктің бірінші басшысына ұсынады, сондай-ақ бюджеттік процестің өзге де рәсімдерін орындайды;
16) Министрліктің бірінші басшысы мен оның орынбасарлары қабылдаған шешімдердің орындалу барысын бақылайды;
17) жеке-дара қолданылатын құқықтық актілерді қабылдайды;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
19) персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелерінен ұйымдастырушылық дербестігін және оның Министрлік аппаратының басшысына тікелей бағыныстылығын қамтамасыз етеді.".
2. Осы қаулы 2026 жылғы 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының алтыншы және жетінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |