Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Агломерациялардың тізбесі мен құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 19 маусымдағы № 486 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген агломерациялардың тізбесі мен құрамында:
"Бірінші деңгейдегі агломерациялар" деген бөлімде:
"Алматы агломерациясы (орталығы Алматы қаласында)" деген кіші бөлімде:
реттік нөмірлері 3 және 4-жолдар алып тасталсын;
реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
5 | Алатау қаласы |
";
реттік нөмірлері 14 және 15-жолдар алып тасталсын;
реттік нөмірлері 17 және 18-жолдар алып тасталсын;
"Астана агломерациясы (орталығы Астана қаласында)" деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 33-1-жолмен толықтырылсын:
"
33-1 | Нұрлы |
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |