"Пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджет жұмысын үйлестіру жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 2 қарашадағы № 152-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 23 сәуірдегі № 55-ө өкімі

      "Пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджет жұмысын үйлестіру жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 2 қарашадағы № 152-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджеттеу жұмысын үйлестіру жөнінде комиссия құру туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджеттеу жұмысы барысындағы мәселелерді қарау бойынша ұсыныстар тұжырымдау мақсатында:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджеттеу жұмысын үйлестіру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Комиссия жыл сайын, есепті қаржы жылынан кейінгі 31 наурыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджеттеу жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар беріп тұрсын.";

      көрсетілген өкімге қосымша осы өкімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген өкіммен бекітілген Пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджет жұмысын үйлестіру жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджеттеу жұмысын үйлестіру жөніндегі комиссия туралы ереже";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджеттеу жұмысын үйлестіру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Комиссия қызметінің мақсаты пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджеттеу жұмысын жетілдіру болып табылады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Комиссияның міндеттері блоктық бюджеттеу жұмысы мәселесі бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау, сондай-ақ пилоттық жоба шеңберінде қатысушыларды үйлестіру болып табылады.".

      Премьер-Министр О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2026 жылғы 23 сәуірдегі
№ 55-ө өкіміне қосымша

Пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджеттеу жұмысын үйлестіру жөніндегі комиссияның құрамы

Такиев Мәди Төкешұлы

–

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төраға
 

Темірбеков Дәурен Оденұлы

–

Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, төрағаның орынбасары

Ахметов Олжас Қалымтайұлы

–

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті директорының орынбасары, хатшы

Энгель Юлия Федоровна

–

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі (келісу бойынша)

Ахмедьяр Әлібек Ғазизұлы

–

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

Әмрин Азамат Кемеңгерұлы

–

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі

Жарасбаев Серік Маратұлы

–

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі

Ыбрайханов Ерболат Мақсұтханұлы

–

Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министрі

Алпысов Ермек Амантайұлы

–

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары

Қайыпов Тілепберген Ерсайұлы

–

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

Имашев Данияр Мұратұлы

–

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аппарат басшысы (келісу бойынша)

Жұмабаев Дархан Бақытжанұлы

–

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты Экономикалық бөлімінің меңгерушісі

Алдасүгірова Жанар Әлібиқызы

–

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Әлеуметтік сала бюджеті департаментінің директоры

Әшім Айгүл Әшімқызы

–

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Қаржы департаментінің директоры

Бейсембаев Олжас Жылқайдарұлы

–

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Бюджеттік процесс әдіснамасы департаментінің директоры

Муллабаева Гульором Фармановна

–

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Бюджет саясаты департаментінің директоры

Есдәулетова Әлия Аманбайқызы

–

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Инвестициялық саясат департаментінің директоры

Исмағұлов Сейілхан Қалиақбарұлы

–

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры

Қылышпаев Дінмұхамед Ғайдарұлы

–

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің директоры

Мақсұтов Нұрлан Мақсұтұлы

–

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Өңірлік даму департаментінің директоры

Молдаш Ғалымжан Өмірәліұлы

–

Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Қаржы департаментінің директоры

Мыңбаев Маханбет Бақытжанұлы

–

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Өңірлерді талдау және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаментінің директоры

Оспанов Әуесхан Алтайұлы

–

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық талдау және даму департаментінің директоры

Махметов Момыш Елтайұлы

–

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешен, табиғи ресурстар, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бюджеті департаментінің директоры

Хисматулин Вагиз Раилович

–

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Макроэкономикалық талдау және болжау департаментінің директоры

Құдайбергенов Олжас Әбдімәлікұлы

–

"Стратегиялық бастамалар орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас әріптесі (келісу бойынша)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады