"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нотариаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2026 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 15 шілдедегі № 114-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған қабылдануы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нотариаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2026 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;

      2) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей, тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген Заңды іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты талдап, қорытындыласын және ай сайын, 5-і күнінен кешіктірмей жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.

      Премьер-Министр О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2026 жылғы 15 шілдедегі
№ 114-ө өкімімен
бекітілген

Қабылдануы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нотариаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2026 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі

Р/с
№

Құқықтық актінің атауы

Құқықтық актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне
жауапты адам


1

2

3

4

5

6

1.

"Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині

2026 жылғы қыркүйек

Жақселекова Б.Ш.

2.

"Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині

2026 жылғы қыркүйек

Жақселекова Б.Ш.

3.

"Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 357 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині

2026 жылғы қыркүйек

Жақселекова Б.Ш.

4.

"Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің тізілімдерін жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 356 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині

2026 жылғы қыркүйек

Жақселекова Б.Ш.

5.

"Нотариаттық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 1529 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 60 бірлескен бұйрығының күшін жою

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бірлескен бұйрығы

Әділетмині, ҰЭМ

2026 жылғы қыркүйек

Жақселекова Б.Ш.,
Сағынаев Е.Е.

6.

"Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне аумақтық әділет органдары ұсынатын әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 238 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині

2026 жылғы қыркүйек

Жақселекова Б.Ш.

7.

"Нотариаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 28 мамырдағы № 62 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині

2026 жылғы қыркүйек

Жақселекова Б.Ш.

            Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      Әділетмині – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады