1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда "Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына Алатау қаласындағы сот жүйесінің жұмыс істеу ерекшеліктерін көздейтін заңнамалық өзгерістер мен толықтырулар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрылсын.
2. Жұмыс тобы 2026 жылғы 30 қарашаға дейінгі мерзімде "Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша ұсыныстар әзірлеп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
| Премьер-Министр | О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы | |
| Премьер-Министрінің 2026 жылғы 29 шілдедегі № 125-ө өкіміне қосымша |
"Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына Алатау қаласындағы сот жүйесінің жұмыс істеу ерекшеліктерін көздейтін заңнамалық өзгерістер мен толықтырулар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының құрамы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлік даму департаменті директорының орынбасары, хатшы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі басшысының орынбасары (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты Заң бөлімінің меңгерушісі
Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі Құқық бөлімінің меңгерушісі (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі Жергілікті соттардың жұмысын үйлестіру бөлімінің меңгерушісі (келісу бойынша)
"Alatau City Authority" арнаулы басқару ұйымының реттеуші комиссиясының төрағасы (келісу бойынша)
"Alatau City Authority" арнаулы басқару ұйымының бас атқарушы директоры (келісу бойынша)
"Alatau City Authority" арнаулы басқару ұйымының бас атқарушы директорының орынбасары – құқықтық және реттеу мәселелері жөніндегі бас директоры (келісу бойынша)
"Alatau City Authority" арнаулы басқару ұйымының институционалдық даму департаментінің директоры (келісу бойынша)
Тукулов Бахыт Азатқанұлы, "TKS Disputes" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарушы серіктесі (келісу бойынша)
Қалдыбаев Асқар Құралбайұлы, Каспий университетінің "Әділет" құқық мектебінің профессоры, "Тұран" халықаралық төрелік орталығының директоры, заң ғылымдарының кандидаты (келісу бойынша).