1. Қоса беріліп отырған қабылдануы "Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Қылмыстық-атқару кодекстеріне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне оларды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру, Қазақстан Республикасының сайлау және прокуратура туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2026 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;
2) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей, тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік цифрлық объектіге орналастырып тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген Заңды іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты талдап, қорытындыласын және ай сайын, 5-і күнінен кешіктірмей, жалпыға қолжетімді мемлекеттік цифрлық объектіге орналастырып тұрсын.
| Премьер-Министр | О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы | |
| Премьер-Министрінің 2026 жылғы 31 шілдедегі № 128-ө өкімімен бекітілген |
Қабылдануы "Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Қылмыстық-атқару кодекстеріне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне оларды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру, Қазақстан Республикасының сайлау және прокуратура туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2026 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі
Р/с | Құқықтық актінің атауы | Құқықтық актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган |
Орындау | Құқықтық актінің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | "Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 508 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы | ІІМ | 2026 жылғы шілде | А.С. Қайырбеков |
2. | "Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы | ІІМ | 2026 жылғы шілде | А.С. Қайырбеков |
3. | "Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк білім алуын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 516 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы | ІІМ | 2026 жылғы шілде | А.С. Қайырбеков |
4. | "Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 520 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы | ІІМ | 2026 жылғы шілде | А.С. Қайырбеков |
5. | "Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 622 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы | ІІМ | 2026 жылғы шілде | И.В. Лепеха |
6. | "Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы | ІІМ | 2026 жылғы шілде | А.С. Қайырбеков |
7. | "Қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы" Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 505 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы | ІІМ | 2026 жылғы шілде | А.С. Қайырбеков |
8. | "Қамаққа алу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден босатылатын адамдарды өздері таңдаған тұрғылықты жеріне немесе жұмыс орнына бару жолында тегін жол жүрумен, сондай-ақ тамақ өнімдерімен немесе ақшамен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 118 бұйрығы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы | ІІМ | 2026 жылғы шілде | А.С. Қайырбеков |
Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі Істер министрлігі.