"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызметшілердің құқықтық жағдайын жетілдіру, қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2026 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 10 тамыздағы № 133-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған қабылдануы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызметшілердің құқықтық жағдайын жетілдіру, қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2026 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;

      3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей, тізбеге сәйкес құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген Заңды іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты талдап, қорытындыласын және ай сайын 5-і күнінен кешіктірмей, жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.

      Премьер-Министр О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2026 жылғы 10 тамыздағы
№ 133-ө өкімімен
бекітілген

Қабылдануы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызметшілердің құқықтық жағдайын жетілдіру, қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2026 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі

Р/с №

Құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен қабылдануына жауапты адам


1

2

3

4

5

6

1.

"Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Қорғанысмині

2026 жылғы тамыз

А.Д. Мұстабеков

2.

"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғыларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Қорғанысмині

2026 жылғы тамыз

Қ.А. Әбубәкіров

3.

"Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

БП

2026 жылғы тамыз

Ғ.А. Садырбеков

4.

"Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

2026 жылғы тамыз

А.С. Балтабеков

5.

"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ТЖМ

2026 жылғы тамыз

К.А. Тұрсынбаев

6.

"Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қорғанысмині

2026 жылғы тамыз

А.Д. Мұстабеков

7.

"Әскери қызметшiлердің, арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 733 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қорғанысмині

2026 жылғы тамыз

Ә.Қ. Бейсенов

8.

Құпия

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығы

Қорғанысмині

2026 жылғы тамыз

А.Д. Мұстабеков

9.

Әскери қызметшінің кәсіби құзыретін, негізгі көрсеткіштерін айқындаудың және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингті) есептеп шығару қағидалары мен әдістерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығы

Қорғанысмині

2026 жылғы тамыз

А.Д. Мұстабеков

10.

Әскери қызметшінің кәсіби құзыретін, негізгі көрсеткіштерін айқындаудың және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингті) есептеп шығару қағидалары мен әдістерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы

ТЖМ

2026 жылғы тамыз

К.А. Тұрсынбаев

11.

Әскери қызметшінің кәсіби құзыретін, негізгі көрсеткіштерін айқындаудың және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингті) есептеп шығару қағидалары мен әдістерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы

ІІМ

2026 жылғы тамыз

А.С. Балтабеков

12.

Әскери қызметшінің кәсіби құзыретін, негізгі көрсеткіштерін айқындаудың және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингті) есептеп шығару қағидалары мен әдістерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығы

БП

2026 жылғы тамыз

Ғ.А. Садырбеков

13.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерін, оның ішінде халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілгендердің лауазымдық айлықақысы мен сауықтыру жәрдемақысын есептеу үшін ақшалай қамтамасыз етудің және қызмет (жұмыс) өтілін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының бұйрығы

МКҚ

2026 жылғы тамыз

Ш.Л. Жақыпов

14.

Әскери атташелер мен әскери өкілдер аппараттары әскери қызметшілерінің лауазымдарын Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелер персоналына теңестіру туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірлескен бұйрығы

Қорғанысмині СІМ

2026 жылғы тамыз

А.Д. Мұстабеков
Е.Н. Ашықбаев

15.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілерін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 200 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы

ІІМ

2026 жылғы тамыз

А.С. Балтабеков

16.

"Азаматтық қорғау органдарының әскери қызметшілеріне ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 14 ақпандағы № 75 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы

ТЖМ

2026 жылғы тамыз

К.А. Тұрсынбаев

17.

"Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін азық-түлікпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 353 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығы

Қорғанысмині

2026 жылғы тамыз

А.Ж. Джумакеев

18.

"Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрін
ің бұйрығы

Қорғанысмині

2026 жылғы тамыз

А.Д. Мұстабеков

19.

"Ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілеріне өз мүлкін теміржол, автомобиль және ішкі су көлігімен республикаішілік тасымалдауға жұмсалатын шығыстарды мемлекет есебінен өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 26 тамыздағы № 69қе бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бұйрығы

ҰҚК

2026 жылғы тамыз

А.Т. Наймантаев

20.

"Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 406 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығы

Қорғанысмині

2026 жылғы тамыз

А.Ж. Джумакеев

21.

"Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен ішкі және халықаралық авиамаршруттармен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 562 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы

ІІМ

2026 жылғы тамыз

А.С. Балтабеков

22.

"Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 2 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бұйрығы

ҰҚК

2026 жылғы тамыз

А.Т. Наймантаев

23.

"Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 35 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығы

Қорғанысмині

2026 жылғы тамыз

А.Д. Мұстабеков

24.

"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне ақшалай ризық, жәрдемақы мен басқа да төлем төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 255 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығы

Қорғанысмині

2026 жылғы тамыз

Ә.Қ. Бейсенов

25.

"Шетелдік әскери оқу орындарында даярлау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 371 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығы

Қорғанысмині

2026 жылғы тамыз

А.Д. Мұстабеков

26.

"Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін ақшалай қамтамасыз ету және ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілеріне ақшалай үлесті, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 15 наурыздағы № 11/ҚБП бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бұйрығы

ҰҚК

2026 жылғы тамыз

А.Т. Наймантаев

27.

"Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әскери қызметшілеріне ақшалай үлес, жәрдемақылар мен басқа да төлемдер төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 3 наурыздағы № 200 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы

ІІМ

2026 жылғы тамыз

А.С. Балтабеков

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БП – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

      ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

      Қорғанысмині – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

      МКҚ – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі

      СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

      ТЖМ – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі

      ҰҚК – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады