"Балалардың хал-ахуал индексін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 21-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 15 қыркүйектегі № 152-ө өкімі

      "Балалардың хал-ахуал индексін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 21-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен бекітілген балалардың хал-ахуал индексінде:

      5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) балаларға арналған бюджет – республикалық бюджеттен, астана, облыс, республикалық маңызы бар қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерінен қаржыландырылатын, балаларға арналған және балалардың қажеттіліктеріне бағдарланған бюджет шығыстары;";

      балалардың хал-ахуал индексіне қосымшада:

      "Отбасы және қоғам" бағытында:

      реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9.

Тұрғын үймен қамтамасыз етілген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге кезекте тұрған осы санаттағы Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы санына шаққандағы үлесі, %.
 

Сипаты

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санының тұрғын үйге кезекте тұрған осы санаттағы Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы санына арақатынасы

Есептеу формуласы


S – тұрғын үймен қамтамасыз етілген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге кезекте тұрған осы санаттағы Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы санына шаққандағы үлесі;
A – тұрғын үй алған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны;
P – тұрғын үй алуға кезекте тұрған осы санаттағы азаматтардың жалпы саны

Деректер типі

Статистикалық деректер

Дереккөз

ЖАО, ӨҚМ

      ";

      "Мемлекеттік саясат" бағытында:

      реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

12.

Балалардың қажеттіліктеріне бағытталған бюджет шығындарының үлесі, %

Сипаты

Балаларды қолдауға және дамытуға бағытталған астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) республикалық немесе жергілікті бюджеттік бағдарламалары/кіші бағдармалары бойынша нақты шығыстар сомасының республикалық/жергілікті бюджеттердің жоспарлы шығындарының жалпы көлеміне арақатынасы

Есептеу формуласы


S – балалардың қажеттіліктеріне бағытталған нақты шығындардың үлесі;
G – астана, облыс, республикалық маңызы бар қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерінің республикалық немесе жергілікті бюджеттік бағдарламалары бойынша балаларды қолдау мен дамытуға бағытталған нақты шығыстар сомасы;
F – республикалық бюджет пен астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалала, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерінің жалпы нақты шығыстар көлемі.
Балалардың қажеттіліктеріне арналған шығыстар мына бағыттар бойынша айқындалады: денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, қауіпсіздік, инфрақұрылым, мәдениет және спорт, сондай-ақ балалардың мүдделерін қозғайтын және мемлекет тарапынан қаржыландырылатын өзге де бағыттар.
Орталық мемлекеттік органдар – республикалық бюджеттік бағдарламалардың/кіші бағдарламалардың бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне балаларға арналған бюджет бойынша есептілікті ұсынады.
Балаларға арналған бюджет бойынша есептілікте мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:
балаларға арналған шығыстарды қамтитын бюджеттік бағдарлама/кіші бағдарламаның атауы;
балалардың қажеттіліктеріне бағытталған тиісті бюджеттік бағдарлама/кіші бағдарлама бойынша жоспарлы және нақты шығыстар сомасы;
бюджеттік бағдарлама/кіші бағдарлама бойынша бенефициарлар саны, бенефициар арқылы балаларды бөліп көрсету.
Балаларға арналған бюджет бюджеттік бағдарламалар/кіші бағдарламалар бойынша тікелей және жанама шығыстарды қамтуға тиіс.
Балаларға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде бюджеттік бағдарлама/кіші бағдарлама бойынша тікелей шығыстар толық көлемде ескеріледі.
Бюджеттік бағдарлама/кіші бағдарлама бойынша жанама шығыстар мына формула бойынша айқындалады:


Ei – бюджеттік бағдарлама/кіші бағдарлама бойынша балаларға арналған жанама шығыстар;
Eg – бюджеттік бағдарлама/кіші бағдарлама бойынша жалпы нақты шығыстар;
Nk – бюджеттік бағдарлама/кіші бағдарлама шеңберінде қаржыландырумен қамтылған балалар саны;
Nt – бюджеттік бағдарлама/кіші бағдарлама шеңберінде қаржыландырылатын бенефициарлардың жалпы саны

Деректер типі

Статистикалық деректер

Дереккөз

ЖАО, ОМО

      ";

      "Елдің әл-ауқаты" бағытында:

      реттік нөмірі 1-жолда орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      реттік нөмірі 14-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

14.

14-17 жастағы
100 000 балаға шаққанда кәмелетке толмағандар жасаған немесе олардың қатысуымен болған қылмыстық құқық бұзушылықтар саны, бірлік

Сипаты

Қылмыстылық деңгейіаудан, облыс, Қазақстан Республикасы халқының белгілі бір санына есептегенде тіркелген қылмыс саны. Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың таралу коэффициентін анықтау үшін формула мәніне 14-17 жастағы адамдар саны қосылады

Есептеу формуласы


C – 14-17 жастағы 100000 балаға шаққанда кәмелетке толмағандар жасаған немесе олардың қатысуымен болған қылмыстық құқық бұзушылық саны;
N – кәмелетке толмағандар жасаған немесе олардың қатысуымен болған қылмыстық құқық бұзушылықтар саны (жылына);
P14-17 – 14-17 жастағы адамдардың орташа жылдық саны

Деректер типі

Статистикалық деректер

Дереккөз

ҚР БП ҚСжАЕК

      ".

      Премьер-Министр О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады