"Кредиттік рейтингтік қызмет туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын жетілдіру және цифрландыру, банкроттық, сондай-ақ мемлекеттік органдарды бағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2026 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 16 қыркүйектегі № 153-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған қабылдануы "Кредиттік рейтингтік қызмет туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын жетілдіру және цифрландыру, банкроттық, сондай-ақ мемлекеттік органдарды бағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2026 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;

      3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей, тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі мен қабылдануы туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік цифрландыру объектісінде орналастырып тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген заңдарды іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты талдап, қорытындыласын және ай сайын, 5-і күнінен кешіктірмей жалпыға қолжетімді мемлекеттік цифрландыру объектісінде орналастырып тұрсын.

      Премьер-Министр О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2026 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 153-ө өкімімен
бекітілген

Қабылдануы "Кредиттік рейтингтік қызмет туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын жетілдіру және цифрландыру, банкроттық, сондай-ақ мемлекеттік органдарды бағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2026 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі

Р/с
№

Құқықтық
актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға
жауапты
мемлекеттік
орган

Орындау мерзімдерi

Құқықтық актінің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам


1

2

3

4

5

6

1.

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2026 жылғы қазан

Д.Н. Сәлімбаев
 

2.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

ҰБ (келісу бойынша)

2026 жылғы қазан

Б.М. Жәленов

3.

"Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 5 Жарлығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

ЖАП (келісу бойынша)

2026 жылғы қазан

Ю.Ф. Энгель

4.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰЭМ

2026 жылғы қазан

А.Б. Қасенов
 

5.

"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2026 жылғы қазан

Д.О. Темірбеков

6.

Кредиттік рейтингтің болуы міндетті, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды айқындау өлшемшарттарын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰЭМ,
ҚНРДА (келісу бойынша),
Қаржымині

2026 жылғы қазан

А.Б. Қасенов
Н.А. Тұрсынханов
Д.О. Темірбеков

7.

Бюджеттің атқарылуы цифрлық теңге нысанында жүзеге асырылатын бюджет шығыстарының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2026 жылғы қазан

Д.О. Темірбеков

8.

Кредиттік рейтингтік қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2026 жылғы қазан

Н.А. Тұрсынханов

9.

Қазақстандық рейтингтік агенттіктің жарғылық және меншікті капиталының ең төмен мөлшерін, шетелдік рейтингтік агенттіктің меншікті капиталының ең төмен мөлшерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2026 жылғы қазан

Д.Н. Сәлімбаев
 

10.

Бір тұлғаның өз бетінше не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп шартқа (растайтын құжаттарға) орай немесе өзге де жолмен кредиттік рейтингтік агенттіктің шешімдерін айқындау мүмкіндігінің болуы жағдайын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2026 жылғы қазан

Д.Н. Сәлімбаев
 

11.

Кредиттік рейтингтік агенттіктерге шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2026 жылғы қазан

Н.А. Тұрсынханов

12.

Қазақстандық рейтингтік агенттіктің ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2026 жылғы қазан

Д.Н. Сәлімбаев
 

13.

Шетелдік рейтингтік агенттік сәйкес келетін объективтілік пен тәуелсіздік, ақпаратты ашып көрсету, рейтингтер сенімділігі өлшемшарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2026 жылғы қазан

Н.А. Тұрсынханов

14.

Борыштық бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастырудың эмитент үшін неғұрлым тиімді шарттарын айқындау және Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында және (немесе) "Астана" халықаралық қаржы орталығының қор биржасында оларға сұраныстың болмауы өлшемшарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2026 жылғы қазан

Н.А. Тұрсынханов
 

15.

Кредиттік рейтингтік агенттіктердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)
 

2026 жылғы қазан

Д.Н. Сәлімбаев
 

16.

Қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті, оның ішінде қазақстандық рейтингтік агенттіктің киберқауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2026 жылғы қазан

Н.А. Тұрсынханов
 

17.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулыларына қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздік, оның ішінде киберқауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2026 жылғы қазан

Н.А. Тұрсынханов
 

18.

Қаржы ұйымдарының киберқауіпсіздік жай-күйін бағалау және қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздік, оның ішінде киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою шараларын жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2026 жылғы қазан

Н.А. Тұрсынханов
 

19.

"Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 53 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2026 жылғы қазан

Н.А. Тұрсынханов
 

20.

"Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдағы осалдықтар туралы, оның ішінде үшінші тараптардан алынған, сондай-ақ ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар мен іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздіктің оқиғалары мен оқыс оқиғалары туралы ақпаратты беру қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 37 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2026 жылғы қазан

Н.А. Тұрсынханов
 

21.

"Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерінің болуы туралы, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың сақталуы туралы мәліметтерді Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына ұсыну қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 55 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2026 жылғы қазан

Н.А. Тұрсынханов
 

22.

Цифрлық қаржы активтерінің базалық активтерін сақтау жөніндегі ұйымға және цифрлық қаржы активтерінің эмитентіне шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2026 жылғы қазан

Н.А. Тұрсынханов
 

23.

"Орталық депозитарийдiң қызметiн жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 307 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2026 жылғы қазан

Н.А. Тұрсынханов
 

24.

"Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 254 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2026 жылғы қазан

Н.А. Тұрсынханов
 

25.

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2026 жылғы қазан

Д.Н. Сәлімбаев
 

26.

Қарыз алушы жеке тұлғаның банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы жолданымын қарау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2026 жылғы қазан

Д.Н. Сәлімбаев
 

27.

"Қарыздар мен салымдар бойынша анық, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнды) есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 44 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2026 жылғы қазан

Д.Н. Сәлімбаев
 

28.

"Орталық контрагенттің тәуекелдерді басқару жүйесіне, орталық контрагенттің тәуекелдері мониторингінің, оларды бақылау мен басқарудың шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 11 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2026 жылғы қазан

Д.Н. Сәлімбаев
 

29.

Бірінші санаттағы төлем ұйымдарының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісу бойынша)

2026 жылғы қазан

Б.М. Жәленов

30.

Бірінші санаттағы төлем ұйымдары үшін пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, олардың шекті мәндерін және есептеу әдістемелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісу бойынша)

2026 жылғы қазан

Б.М. Жәленов

31.

Бірінші санаттағы төлем ұйымдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісу бойынша)

2026 жылғы қазан

Б.М. Жәленов

32.

Бірінші санаттағы төлем ұйымдарына қадағалап ден қою шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісу бойынша)

2026 жылғы қазан

Б.М. Жәленов

33.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісу бойынша)

2026 жылғы қазан

Б.М. Жәленов

34.

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында бірінші санаттағы төлем ұйымдары үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісу бойынша)

2026 жылғы қазан

Б.М. Жәленов

35.

Мемлекеттік органдардың даму жоспарларының және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарларының мақсаттарына қол жеткізу бойынша және бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының нормативтік қаулысы

ЖАП (келісу бойынша)

2026 жылғы қазан

Ю.Ф.Энгель

36.

"Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2026 жылғы қазан

Д.О. Темірбеков

37.

"Банкрот мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидаларын бекіту және оны ұйымдастырушыны айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 178 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2026 жылғы қазан

Е.Е. Біржанов

38.

"Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның және бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған жойылуы мүмкін емес бұзушылықтар туралы хабарламаның нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы
8 сәуірдегі № 367 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2026 жылғы қазан

Е.Е. Біржанов

39.

"Егер салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор, мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға өтініш беруші болып табылса, уақытша басқарушыны таңдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 426 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2026 жылғы қазан

Е.Е. Біржанов

40.

"Кредиторлар талаптары тізілімінің нысандарын, оны уақытша әкімшімен және уақытша басқарушымен қалыптастыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 456 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2026 жылғы қазан

Е.Е. Біржанов

41.

"Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2026 жылғы қазан

Д.М. Кеңбеил

42.

"Оңалту және банкроттық саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 469 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 38 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бірлескен бұйрығы

Қаржымині,
ҰЭМ

2026 жылғы қазан

Е.Е. Біржанов
Е.Е. Сағынаев
 

43.

Цифрлық даму индексін айқындау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің бұйрығы

ЖИЦДМ
 

2026 жылғы қазан

Р.А. Коняшкин

44.

"Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 185 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2026 жылғы қазан

Д.О. Темірбеков

45.

"Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 258 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2026 жылғы қазан

Д.О. Темірбеков

46.

"Шығыстарға шолу жүргізу, мақсаттарды, тақырыптарды, объектілерді, өлшемшарттарды, көлемді (қамтуды), деңгейді, уақыт шеңберін, кезеңділікті айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 23 мамырдағы № 33 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ

2026 жылғы қазан

А.К. Әмрин

47.

"Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 22 маусымдағы № 321 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы

ӨҚМ

2026 жылғы қазан

Е.Қ. Нағаспаев

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ЖАП – Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы

      ЖИЦДМ – Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

      ӨҚМ – Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      ҚНРДА – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      ҰБ – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады