1. Қоса беріліп отырған қабылдануы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол жүрісі және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2026 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;
3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей, тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік цифрлық объектіде орналастырып тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген Заңды іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты талдап, қорытындыласын және ай сайын, 5-і күнінен кешіктірмей жалпыға қолжетімді мемлекеттік цифрлық объектіде орналастырып тұрсын.
| Премьер-Министр | О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 21 қыркүйектегі № 156 өкімімен бекітілген |
Қабылдануы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол жүрісі және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2026 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі
Р/с | Құқықтық актінің атауы | Құқықтық актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган |
Орындау | Құқықтық актінің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | ҰҚК (келісу бойынша) | 2026 жылғы қыркүйек | М.Ғ. Ирменов |
2. | Шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға арналған цифрлық платформаның операторын айқындау туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ҰҚК (келісу бойынша) | 2026 жылғы қыркүйек | М.Ғ. Ирменов |
3. | Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің операторын айқындау туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ҰҚК (келісу бойынша) | 2026 жылғы қыркүйек | М.Ғ. Ирменов |
4. | Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсатты ресімдеу үшін төлемақы мөлшері мен жинау тәртібін айқындау туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ҰҚК (келісу бойынша) ТСМ | 2026 жылғы қыркүйек | М.Ғ. Ирменов, С.М. Жарасбаев |
5. | Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсатты ресімдегені үшін төлемақыдан түскен қаражаттың түсуі, бөлінуі, мониторингі, есептілігі және пайдаланылу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ҰҚК (келісу бойынша) ТСМ | 2026 жылғы қыркүйек | М.Ғ. Ирменов, М.Қ. Төлебаев |
6. | "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ІІМ | 2026 жылғы қыркүйек | И.В. Лепеха |
7. | "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЭМ | 2026 жылғы қыркүйек | С.Қ. Есімханов |
8. | "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | КМ | 2026 жылғы қыркүйек | Т.Т. Ластаев |
9. | "Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ІІМ СІМ ҰҚК (келісу бойынша) | 2026 жылғы қыркүйек | И.В. Лепеха, Ә.Ә. Бақаев, М.Ғ. Ирменов |
10. | "Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберу, сондай-ақ жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу туралы өзіне қатысты сот шешімі шығарылған шығарып жіберілетін адамды ішкі істер органдарының арнаулы мекемесінде ұстау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 сәуірдегі № 175 қаулысына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ІІМ | 2026 жылғы қыркүйек | И.В. Лепеха |
11. | "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Еңбекмині | 2026 жылғы қыркүйек | Н.Т. Төлеев |
12. | "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 862 қаулысына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | КМ | 2026 жылғы қыркүйек | Т.Т. Ластаев |
13. | "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ТСМ | 2026 жылғы қыркүйек | Р.С. Серіков |
14. |
"Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысына өзгерістер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | МАМ | 2026 жылғы қыркүйек | Е.Д. Кочетов |
15. | "Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым мен сақтандырушы, сақтандырушы мен сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу қағидаларын, Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабардар ету қағидаларын, Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру шарттарын жасасуды, сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасуды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдары мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 50 қаулысына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы | ҚРжДА (келісу бойынша) | 2026 жылғы қыркүйек | Н.А. Тұрсынханов |
16. | "Зейнетақы алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату қағидаларын, Зейнетақы алдындағы аннуитеттік сақтандыру шартына қойылатын талаптарды және сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейін, Зейнетақы алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы есебінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 98 қаулысына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы | ҚРжДА (келісу бойынша) | 2026 жылғы қыркүйек | Н.А. Тұрсынханов |
17. | "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың үлгілік шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 6 ақпандағы № 9 қаулысына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы | ҚРжДА (келісу бойынша) | 2026 жылғы қыркүйек | Н.А. Тұрсынханов |
18. | Медициналық көрсетілімдер бойынша механикалық көлік құралын басқаруға рұқсат берілген не оларды басқаруға медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды автоматтандырылған тіркеу мен есепке алу, сондай-ақ уәкілетті органдар пайдаланушыларының автоматтандырылған дерекқорына қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы | ДСМ | 2026 жылғы қыркүйек | М.Е. Рамазанов |
19. | Көлік құралдарының кепілін, тіркелген кепілдің өзгерістерін, толықтыруларын тіркеу және тоқтату қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы | ІІМ | 2026 жылғы қыркүйек | И.В. Лепеха |
20. | Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы | ІІМ | 2026 жылғы қыркүйек | И.В. Лепеха |
21. | Оқу ұйымдарының көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруы үшін рұқсат беру талаптарын және олардың осы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы | ІІМ, ЖИЦДМ | 2026 жылғы қыркүйек | И.В. Лепеха |
22. | Халықтың көші-қоны саласындағы цифрлық объектілердің жұмыс істеуі, оларды пайдалану қағидалары мен шарттарын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы | ІІМ | 2026 жылғы қыркүйек | И.В. Лепеха |
23. | Автомобиль жолдарын жөндеуді жоспарлаудың цифрлық жүйесін қалыптастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығы | КМ | 2026 жылғы қыркүйек | М.Қ. Қалиақпаров |
24. | Жол бойындағы сервис объектілерін дамыту жоспарын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығы | КМ | 2026 жылғы қыркүйек | М.Қ. Қалиақпаров |
25. | Бюджет қаражаты тартылмай бой көтеретін жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша конкурстар өткізу қағидаларын бекіту | Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығы | КМ | 2026 жылғы қыркүйек | М.Қ. Қалиақпаров |
26. | Диагностикалау және аспаптық зерттеп-қарау нәтижелері бойынша автомобиль жолдарын салуды, реконструкциялау мен жөндеуді қаржыландыру үшін жобаларды жоспарлау және іріктеу қағидаларын бекіту | Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығы | КМ | 2026 жылғы қыркүйек | М.Қ. Қалиақпаров |
27. | Автомобиль жолдарын паспорттау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығы | КМ | 2026 жылғы қыркүйек | М.Қ. Қалиақпаров |
28. | Жол активтерінің цифрлық платформасының жұмыс істеуі, оны толтыру және пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығы | КМ | 2026 жылғы қыркүйек | М.Қ. Қалиақпаров |
29. | Орташа жөндеу жүргізудің цифрлық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту | Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығы | КМ | 2026 жылғы қыркүйек | М.Қ. Қалиақпаров |
30. | Автомобиль жолдарын орташа және ағымдағы жөндеу кезінде объектіні пайдалануға қабылдау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығы | КМ | 2026 жылғы қыркүйек | М.Қ. Қалиақпаров |
31. | Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау үшін қажетті жол битумының көлемін қалыптастыру және бөлу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығы | КМ | 2026 жылғы қыркүйек | М.Қ. Қалиақпаров |
32. | Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде пилотсыз көлік құралдарының жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығы | КМ, ЖИЦДМ, ІІМ | 2026 жылғы қыркүйек | Ж.Ж. Тайжанов, Д.У. Мұсалиев, И.В. Лепеха |
33. | Озық әуе мобильділігі ережелерін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығы | КМ | 2026 жылғы қыркүйек | Т.Т. Ластаев |
34. | Азаматтық қашықтан басқарылатын авиациялық жүйелерді пайдаланушыны сертификаттау, сертификат беру және оларға қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығы | КМ | 2026 жылғы қыркүйек | Т.Т. Ластаев |
35. | Қалалық әуе мобилділігін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын және оларға қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығы | КМ | 2026 жылғы қыркүйек | Т.Т. Ластаев |
36. | Пилотсыз әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығы | КМ | 2026 жылғы қыркүйек | Т.Т. Ластаев |
37. | Авиациялық техниканы әзірлеуші және дайындаушы ұйымдарды сертификаттау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығы | КМ | 2026 жылғы қыркүйек | Т.Т. Ластаев |
38. | Бүркемелеу және хештеу әдістерін қолдану қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің бұйрығы | ЖИЦДМ | 2026 жылғы қыркүйек | Д.У. Мұсалиев |
39. | Дербес деректерді аса маңызды цифрлық объектілерден цифрлық жеткізгіштерге көшіру (жүктеп алу) қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің бұйрығы | ЖИЦДМ, ҰҚК (келісу бойынша) | 2026 жылғы қыркүйек | Д.У. Мұсалиев |
40. | "Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілері үшін киберқауіпсіздік зерттеушілерімен өзара іс-қимыл жасау бағдарламасын іске асыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің бұйрығы | ЖИЦДМ, ҰҚК (келісу бойынша) | 2026 жылғы қыркүйек | Д.У. Мұсалиев |
41. | "Байланыс желілерінде құқық бұзушылық белгілерін техникалық анықтау мақсатында абоненттер туралы қызметтік ақпаратты пайдалану жөніндегі" пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бұйрығы | ҰҚК (келісу бойынша), Бас прокуратура (келісу бойынша) | 2026 жылғы қыркүйек | М.Ғ. Ирменов, Ғ.М. Қойгелдиев |
42. | Қайырымдылықтың бірыңғай цифрлық ресурсын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығы | МАМ | 2026 жылғы қыркүйек | Е.Д. Кочетков |
43. | Мемлекеттік қайырымдылық платформасы арқылы қайырымдылық көмек көрсету тәртібін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығы | МАМ | 2026 жылғы қыркүйек | Е.Д. Кочетков |
44. | "Сертификатталмайтын әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының), уақытша әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) және қону алаңдарының пайдалануға жарамдылық нормаларын бекіту туралы" Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 2 ақпандағы № 43 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығы | КМ | 2026 жылғы қыркүйек | Т.Т. Ластаев |
45. | "Астық қабылдау кәсіпорындары есептілігінің үлгілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 27 қыркүйектегі № 06-1/545 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2026 жылғы қыркүйек | Е. Кенжеханұлы |
46. | "Астық нарығының мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 18-03/241 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2026 жылғы қыркүйек | Е. Кенжеханұлы |
47. | "Этникалық қазақтарды және олардың отбасы мүшелерін қандас мәртебесін алғанға дейін олардың қалауы бойынша, сондай-ақ қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы шеңберінде ішкі қоныс аударушылар қоныс аударған жағдайда уақытша орналастыру орталықтарына алғашқы қоныстандыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 328-ө-м бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы | Еңбекмині | 2026 жылғы қыркүйек | Э.Қ. Күзенбаев |
48. | "Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-ө-м бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы | Еңбекмині | 2026 жылғы қыркүйек | Э.Қ. Күзенбаев |
49. | "Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтары қызметінің қағидаларын және Уақытша орналастыру орталықтарының қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 330-ө-м бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы | Еңбекмині | 2026 жылғы қыркүйек | Э.Қ. Күзенбаев |
50. | "Қандастар мен олардың отбасы мүшелерінің Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығында тұру мерзімдері мен қағидаларын, сондай-ақ қандастар мен олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 331-ө-м бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы | Еңбекмині | 2026 жылғы қыркүйек | Э.Қ. Күзенбаев |
51. | "Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы | ІІМ | 2026 жылғы қыркүйек | И.В. Лепеха |
52. | "Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 160 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2026 жылғы қыркүйек | Е. Кенжеханұлы |
53. | "Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 187 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығы | КМ | 2026 жылғы қыркүйек | Т.Т. Ластаев |
54. | "Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығы | КМ | 2026 жылғы қыркүйек | М.Қ. Қалиақпаров |
55. | "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 367 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығы | КМ | 2026 жылғы қыркүйек | Т.Т. Ластаев |
56. | "Азаматтық авиацияның әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) пайдалануға жарамдылық нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 381 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығы | КМ | 2026 жылғы қыркүйек | Т.Т. Ластаев |
57. | "Азаматтық авиацияның әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 376 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығы | КМ | 2026 жылғы қыркүйек | Т.Т. Ластаев |
58. | "Теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығы | КМ | 2026 жылғы қыркүйек | Ж.Ж. Тайжанов |
59. | "Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығы | КМ | 2026 жылғы қыркүйек | М.Қ. Қалиақпаров |
60. | "Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 4-1/502 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2026 жылғы қыркүйек | Е. Кенжеханұлы |
61. | "Астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 4-1/546 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2026 жылғы қыркүйек | Е. Кенжеханұлы |
62. | "Астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 4-1/564 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2026 жылғы қыркүйек | Е. Кенжеханұлы |
63. | "Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 4-1/699 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2026 жылғы қыркүйек | Е. Кенжеханұлы |
64. | "Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 992 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы | ІІМ | 2026 жылғы қыркүйек | И.В. Лепеха |
65. | "Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің нысандары мен үлгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 1040 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы | ІІМ | 2026 жылғы қыркүйек | И.В. Лепеха |
66. | "Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне деректерді берудің нысандарын, көлемін және мерзімділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 23 маусымдағы № 274 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 506 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бірлескен бұйрығы | АШМ, Әділетмині | 2026 жылғы қыркүйек | Е. Кенжеханұлы |
67. | "Қабылдаушы тұлғалардың өздеріне келетін көшіп келушілер, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік жүріп-тұруы туралы ақпаратты ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы | ІІМ | 2026 жылғы қыркүйек | И.В. Лепеха |
68. | "Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне деректерді берудің нысандарын, көлемін және мерзімділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 23 маусымдағы № 276 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 348 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бірлескен бұйрығы | АШМ, Қаржымині | 2026 жылғы қыркүйек | Е. Кенжеханұлы |
69. | "Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне деректерді берудің нысандарын, көлемін және мерзімділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 23 маусымдағы № 275 және Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 20 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бірлескен бұйрығы | АШМ, МАМ | 2026 жылғы қыркүйек | Е. Кенжеханұлы |
70. | "Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік цифрлық тізіліміне деректерді берудің нысандарын, көлемін және мерзімділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 288 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2026 жылғы қыркүйек | Е. Кенжеханұлы |
71. | "Жол қауіпсіздігі және регламенттерді, нормативтер мен стандарттарды сақтау саласында әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 757 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы | ІІМ | 2026 жылғы қыркүйек | И.В. Лепеха |
72. | "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 24 қарашадағы № 11-1-2/555 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 1100 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірлескен бұйрығы | СІМ, ІІМ | 2026 жылғы қыркүйек | А.А. Бакаев, И.В Лепеха |
73. | "Әуе навигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау және сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ әуе навигациялық қызмет көрсетуді берушілерге қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 384 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығы | КМ | 2026 жылғы қыркүйек | Т.Т. Ластаев |
74. | "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 409 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығы | КМ | 2026 жылғы қыркүйек | Т.Т. Ластаев |
75. | "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 28 шілдедегі № 509 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығы | КМ | 2026 жылғы қыркүйек | Т.Т. Ластаев |
76. | "Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 25/нс бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бұйрығы | ҰҚҚ (келісу бойынша), ЖИЦДМ | 2026 жылғы қыркүйек | М.Ғ. Ирменов, Д.У. Мұсалиев |
77. | "Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелерін әзірлеу, бекіту, өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 923 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы | СжИМ | 2026 жылғы қыркүйек | А.А. Әбілдабеков |
78. | "Өлшемдерді орындау әдістемелерін және өлшемдерді орындаудың референттік әдістемелерін әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 932 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы | СжИМ | 2026 жылғы қыркүйек | А.А. Әбілдабеков |
79. | "Тіркеушіні айқындау бойынша ашық конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 25 қаңтардағы № 33 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2026 жылғы қыркүйек | А.С. Сұлтанов |
80. | "Темір жол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 612 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығы | КМ | 2026 жылғы қыркүйек | Ж.Ж. Тайжанов |
81. | "Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 258 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы | ІІМ | 2026 жылғы қыркүйек | И.В. Лепеха |
82. | "Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды рәсімдеу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 259 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы | ІІМ | 2026 жылғы қыркүйек | И.В. Лепеха |
83. | "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы | ІІМ | 2026 жылғы қыркүйек | И.В. Лепеха |
84. | "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы | Әділетмині | 2026 жылғы қыркүйек | Б.Ш. Жақселекова |
85. | "Дербес деректерді жинау, өңдеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 21 қазандағы № 395/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің бұйрығы | ЖИЦДМ | 2026 жылғы қыркүйек | Д.У. Мұсалиев |
86. | "Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 69-қе бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бұйрығы | ҰҚК (келісу бойынша) | 2026 жылғы қыркүйек | М.Ғ. Ирменов |
87. | "Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап-тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап-тексеруден өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-172 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы | ДСМ | 2026 жылғы қыркүйек | М.Е. Рамазанов |
88. | "Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актілерді, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актілерді тіркеудің, оларды тіркеуден бас тартудың және күшін жоюдың, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, мерзімдерін ұзарту туралы хабарламалардың, қатысушылар құрамын өзгертудің және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру және олардың нәтижелері туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 162 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Бас | БП (келісу бойынша) | 2026 жылғы қыркүйек | Е.Р. Өтегенов |
89. | "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 706 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығы | КМ | 2026 жылғы қыркүйек | Т.Т. Ластаев |
90. | "Дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 144/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің бұйрығы | ЖИЦДМ | 2026 жылғы қыркүйек | Д.У. Мұсалиев |
91. | "Дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисімен интеграциялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 8 шілдедегі № 236/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің бұйрығы | ЖИЦДМ | 2026 жылғы қыркүйек | Д.У. Мұсалиев |
92. | "Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 49 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы | Еңбекмині | 2026 жылғы қыркүйек | Э.Қ. Күзенбаев |
93. | "Меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 179/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің бұйрығы | ЖИЦДМ | 2026 жылғы қыркүйек | Д.У. Мұсалиев |
94. | "Меншік иесінің және (немесе) оператордың өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 199/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің бұйрығы | ЖИЦДМ | 2026 жылғы қыркүйек | Д.У. Мұсалиев |
95. | "Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидаларын, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 236 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы | Енбекмині | 2026 жылғы қыркүйек | Э.Қ. Күзенбаев |
96. | "Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 279 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы | Енбекмині | 2026 жылғы қыркүйек | Э.Қ. Күзенбаев |
97. | "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы | ІІМ | 2026 жылғы қыркүйек | И.В. Лепеха |
98. | "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 шілдедегі № 597 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 25 шілдедегі № 524 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бірлескен бұйрығы | ІІМ, Әділетмині | 2026 жылғы қыркүйек | И.В. Лепеха, Б.Ш. Жақселекова |
99. | "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 385-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығы | МАМ | 2026 жылғы қыркүйек | Е.Д. Кочетов |
100. | "Заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің атауын өзектендіру (түзету)" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 10 қазандағы № 726 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы | Әділетмині | 2026 жылғы қыркүйек | Б.Ш. Жақселекова |
101. | "Ақпараттық қауіпсіздік зерттеушілерімен өзара іс-қимыл бағдарламасының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 1 сәуірдегі № 185/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің бұйрығы | ЖИЦДМ | 2026 жылғы қыркүйек | Д.У. Мұсалиев |
102. | "Жеке басын куәландыратын құжаттарда, сондай-ақ үміткерлердің ұлтын растайтын басқа да құжаттарда тиісті жазба болмаған жағдайда, қандас мәртебесін және жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткер адамдардың ұлты қазақ екенін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 31 шiлдедегi № 282 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы | Еңбекмині | 2026 жылғы қыркүйек | Э.Қ. Күзенбаев |
103. | "Дербес деректер субъектілерін дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылғаны туралы хабардар етуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 9 тамыздағы № 481/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің бұйрығы | ЖИЦДМ | 2026 жылғы қыркүйек | Д.У. Мұсалиев |
104. | "Халықты тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 9 қыркүйектегi № 677 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы | ІІМ | 2026 жылғы қыркүйек | И.В. Лепеха |
105. | "Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтерді беру қағидаларын, олардың тізбесі мен нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 6 желтоқсандағы № 9 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының бұйрығы | ҚМА (келісу бойынша) | 2026 жылғы қыркүйек | У.Е. Раисов |
106. | "Жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілердің деректерді отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесіне беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 10 қаңтардағы № 4-н/қ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2026 жылғы қыркүйек | С.Қ. Есімханов |
107. |
"Жылу энергетикасының жай-күйін мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2026 жылғы қыркүйек | С.Қ. Есімханов |
108. | "Ашық диалогтың интернет-порталында жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 28 наурыздағы № 115-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығы | МАМ | 2026 жылғы қыркүйек | Е. Тоқтағұлов |
109. | "Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 118-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығы | МАМ | 2026 жылғы қыркүйек | Е. Тоқтағұлов |
110. | "Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 7 сәуірдегі № 143-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығы | МАМ | 2026 жылғы қыркүйек | Е. Тоқтағұлов |
111. |
"Ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын (бюджеттік бағдарламалар паспорттарын іске асыру туралы есептерді) жария талқылау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 18 сәуірдегі | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығы | МАМ | 2026 жылғы қыркүйек | Е. Тоқтағұлов |
112. |
"Ақпарат иеленушілердің ашықтық стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 18 сәуірдегі | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығы | МАМ | 2026 жылғы қыркүйек | Е. Тоқтағұлов |
113. | "Көлік құралдарының және (немесе) механикалық көлік құралдарының лизингі шарты шеңберінде жүзеге асырылатын күрделі шығыстардың құны мен нысанасын белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 6 мамырдағы № 157 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы | ӨҚМ | 2026 жылғы қыркүйек | К.Ж. Қажкенов |
114. | "Отын – энергетика кешені саласындағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 362 н/қ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2026 жылғы қыркүйек | Б.Н. Ілияс |
115. | "Отын – энергетика кешені саласындағы ақпараттық-қауіпсіздіктің салалық орталығын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 363 н/қ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2026 жылғы қыркүйек | Б.Н. Ілияс |
116. | "Жылумен жабдықтауды дамыту схемаларын әзірлеу және бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 493 н/қ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2026 жылғы қыркүйек | С.Қ. Есімханов |
117. | "Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 20 мамырдағы № 251 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы | ӨҚМ | 2026 жылғы қыркүйек | К.Ж. Қажкенов |
118. | Жеңіл рельсті көліктің қауіптілігі жоғары аймақта болу және онда жұмыстар жүргізу қағидаларын бекіту туралы | Астана қаласы әкімдігінің қаулысы | Астана қаласының әкімдігі | 2026 жылғы қыркүйек | Е.К. Өтебаев |
119. | "Метрополитеннің қауіптілігі жоғары аймақта болу және онда жұмыстар жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Алматы қаласы әкімдігінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 1/176 қаулысына өзгерістер енгізу туралы | Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы | Алматы қаласының әкімдігі | 2026 жылғы қыркүйек | А.Б. Сматлаев |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АШМ –Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Әділетмині – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
БП – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
ДМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
ЖИЦДМ – Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
КМ – Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі
Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
ҚМА – Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі
ҚРжДА – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
МАМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
ӨҚМ – Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
СжИМ- Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі
СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі
ТСМ – Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі
ҰҚК – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі