"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Биотехнологиялар жөніндегі ұлттық кеңес (бұдан әрі – Кеңес) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Кеңес туралы ереже бекітілсін.
| Премьер-Министр | О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 24 қыркүйектегі № 160-ө өкіміне қосымша |
Биотехнологиялар жөніндегі ұлттық кеңес құрамы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы, хатшы
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі
Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице- министрі
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі
Локшин Вячеслав Нотанович | – | медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академигі, "Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының өмір және денсаулық туралы ғылымдар бөлімінің төрағасы (келісу бойынша) |
Әбдірайымов Ерғали Орынбасарұлы | – | ветеринария ғылымдарының докторы, профессор, "QazBioPharm" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамының бас директоры (келісу бойынша) |
Сарбасов Дос Жұрмаханбетұлы | – | философия докторы (PhD), профессор, "National Laboratory Astana" жеке мекемесінің бас директоры (келісу бойынша) |
Скиба Юрий Александрович | – | биология ғылымдарының кандидаты, профессор, "Ұлттық биотехнология орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директорының міндетін атқарушы (келісу бойынша) |
Барон Сергей Леонидович | – | "Қарағанды фармацевтикалық кешені" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісу бойынша) |
Тұрмұхамбетова Анар Ақылбекқызы | – | медицина ғылымдарының докторы, профессор, "Астана медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры – басқарма төрағасы (келісу бойынша) |
Орашев Төлеген Серікұлы | – | "Самғау" ғылыми-технологиялық бастамалар орталығы" акционерлік қоғамының бас директоры (келісу бойынша) |
Хак Хуэй Нг | – | философия докторы (PhD), профессор, "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының вице-президенті – медицина мектебінің деканы (келісу бойынша) |
Дүйсембеков Бақытжан Әлішерұлы | – | биология ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық аграрлық ғылымдар академиясы және Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы академигі, "Жазкен Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарма төрағасы (келісу бойынша) |
Ақылжанова Айнұр Рахметоллақызы | – | медицина ғылымдарының докторы, профессор, "National Laboratory Astana" жеке мекемесінің геномдық және дербес медицина зертханасының жетекшісі, өмір туралы ғылымдар орталығының директоры (келісу бойынша) |
Букаемский Максим Русланович | – | "Баймырза-Агро 2018" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісу бойынша) |
Әбдірахманов Сәрсенбай Қадырұлы | – | ветеринария ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академигі, "С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма мүшесі – зерттеу қызметі жөніндегі проректор (келісу бойынша) |
Ибраева Әнел Шәмілқызы | – | медицина ғылымдарының докторы, профессор, "С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының технологиялық паркінің басшысы (келісу бойынша) |
Тастамбек Қуаныш Талғатұлы | – | философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ғылым және инновациялық қызмет департаментінің директоры (келісу бойынша) |
Есекина Айман Серікқызы | – | "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар департаментінің директоры (келісу бойынша) |
Тұрыспеков Ерлан Кеңесбекұлы | – | биология ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академигі, "Өсімдіктер биологиясы мен биотехнологиясы институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының зертхана меңгерушісі (келісу бойынша) |
Масалимов Жақсылық Қайырбекұлы | – | философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, "Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының биотехнология және микробиология кафедрасының меңгерушісі (келісу бойынша) |
Сутула Максим Юрьевич | – | философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша) |
Ержебаева Раушан Сайлауқызы | – | биология ғылымдарының кандидаты, "Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өсімдіктер биотехнологиясы зертханасының меңгерушісі (келісу бойынша) |
Ульянов Вадим Александрович | – | философия докторы (PhD), "Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық - техникалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының жұқпалы аурулар биотехнологиясы және диагностикасы зертханасының меңгерушісі (келісу бойынша) |
Велямов Масимжан Тұрсынұлы | – | биология ғылымдарының докторы, профессор, "Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің биотехнология, сапа және тағам қауіпсіздігі зертханасының меңгерушісі (келісу бойынша) |
Жүсіпова Мәдина | – | "KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы инвестицияларды мониторингтеу қызметі – Task Force жобалар жөніндегі басшысы (келісу бойынша) |
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 24 қыркүйектегі № 160-ө өкімімен бекітілген |
Биотехнологиялар жөніндегі ұлттық кеңес туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Биотехнологиялар жөніндегі ұлттық кеңес (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Кеңес қызметінің мақсаттары ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету, стратегиялық тәсілдерді қалыптастыру және биотехнологияларды дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
3. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.
5. Кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет өткізіледі.
2-тарау. Кеңестің міндеттері
6. Қойылған мақсаттар шеңберінде Кеңеске мынадай міндеттер жүктеледі:
1) биотехнологиялар саласындағы мемлекеттік саясатты, заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар тұжырымдау;
2) Қазақстан Республикасының аумағында биотехнологияларды дамыту мәселелері бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда көзделген іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар тұжырымдау;
3) биотехнологияларды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру нәтижелерін қарау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау;
4) биотехнологиялар саласындағы негізгі бағыттарды айқындау жөнінде ұсыныстар тұжырымдау.
3-тарау. Кеңес қызметінің ұйымдастырылуы мен тәртібі
7. Кеңесті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары басқарады, ол оның қызметіне басшылық етеді, отырыстарында төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды және Кеңес шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Төраға болмаған кезде оның функцияларын Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі – төрағаның орынбасары атқарады.
8. Отырыстар басым тәртіппен бейнеконференцбайланыс арқылы, сондай-ақ Кеңес төрағасымен не оның орынбасарымен келісу бойынша бетпе-бет немесе аралас форматтарда өткізіледі.
9. Кеңестің отырысын өткізуге арналған кворум оның мүшелерінің кемінде үштен екісін құрайды.
10. Кеңестің шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.
Дауыстар тең болған жағдайда Кеңес төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
11. Кеңес отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады.
12. Кеңестің хаттамалық шешімдерінің материалдарын сақтауды Кеңестің жұмыс органы жүзеге асырады.