"Психологиялық қызмет туралы" 2026 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 161-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған қабылдануы "Психологиялық қызмет туралы" 2026 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актінің жобасын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;

      3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей, тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік цифрлық объектіде орналастырып тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген Заңды іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты талдап, қорытындыласын және ай сайын, 5-і күнінен кешіктірмей жалпыға қолжетімді мемлекеттік цифрлық объектіде орналастырып тұрсын.

      Премьер-Министр О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
  2026 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 161-ө өкімімен
бекітілген

Қабылдануы "Психологиялық қызмет туралы" 2026 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі

Р/с
№

Құқықтық актінің атауы

Құқықтық актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Құқықтық актінің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам


1

2

3

4

5

6

1.

"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы
18 ақпандағы № 81 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Еңбекмині

2026 жылғы қыркүйек

Е. Ж. Тұяқбаев

2.

Психологиялық көмек алушының немесе оның заңды өкілінің хабардарлығы туралы келісімінің нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы

Еңбекмині

2026 жылғы қыркүйек

Е. Ж. Тұяқбаев

3.

Психологтардың әдеп кодексін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы

Еңбекмині

2026 жылғы қазан

Е. Ж. Тұяқбаев

4.

Психологтардың мемлекеттік тізілімін жүргізу, сондай-ақ психологтарды психологтардың мемлекеттік тізіліміне енгізу және одан алып тастау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы

Еңбекмині

2026 жылғы қазан

Е. Ж. Тұяқбаев

5.

Психологтың кәсіптік стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы

Еңбекмині

2026 жылғы қыркүйек

Е. Ж. Тұяқбаев

      Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:

      Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады