Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының жекелеген мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 наурыздағы N 1308 Жарлығы.

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Шаруашылық басқармасы таратылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы" 2000 жылғы 21 сәуірдегі N 378 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 20, 218-құжат; 2002 ж., N 6, 40-құжат; 2003 ж., N 33, 323-құжат):

      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы туралы ереженің 4-тармағында "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Шаруашылық басқармасы," деген сөздер алынып тасталсын;

      2) "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы N 1167 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 33, 323-құжат):

      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Іс басқармасының құрылымы қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының


Президенті



  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2004 жылғы 17 наурыздағы
N 1308 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2003 жылғы 18 тамыздағы
N 1167 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

      Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының

      ҚҰРЫЛЫМЫ

      Басшылық

      Бюджеттік жоспарлау және қаржылық бақылау бөлімі

      Құқықтық қамтамасыз ету бөлімі

      Күрделі құрылыс және техникалық бақылау бөлімі

      Ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлім

      Бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімі

      Іс-шараларға қызмет көрсету және сыртқы байланыстар бөлімі

      Мемлекеттік құпияларды қорғау және кадр жұмысы бөлімі

      Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады