Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
1) "Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 371 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 18, 186-құжат; 2004 ж., № 21, 263-құжат; 2005 ж., № 32, 426-құжат; 2009 ж., № 24-25, 207-құжат; 2010 ж., № 49, 439-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттік берілген лауазымды тұлғаларының тізбесінде:
"4. Барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру және өзге де қызметтер саласындағы мәліметтер" деген бөлімде:
он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Ішкі істер министрі, 14) Нақты адамдардың қылмыстық-атқару
Қаржы министрі жүйесінің, кеден және салық
органдары, сондай-ақ ішкі істер
органдары жедел бөлімшелерінің
кадрлық құрамына қатыстылығын ашатын
мәліметтер.";
ЗҚАИ-ның ескертпесі!2) тармақшаның күшін жою көзделген – ҚР Президентінің 18.09.2026 № 1469 (21.10.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
2) Қазақстан Республикасы Президентінің "Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 24, 173-құжат; 2011 ж., № 8, 95-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Өздеріне қатысты олардың қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізілетін орталық мемлекеттік органдардың тізбесінде:
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н. Назарбаев |