Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының кейбір мәселелері туралы" 2022 жылғы 26 қарашадағы № 5 және "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын мониторингтеу жөніндегі комиссия туралы" 2025 жылғы 19 мамырдағы № 879 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 17 қыркүйектегі № 1464 Жарлығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Жарлықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 5 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы туралы ережеде:

      14-тармақтың 6) тармақшасында:

      жиырма екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу кезінде анықталған құқық бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит материалдарын беру қағидаларын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен, экономикалық және қаржылық қылмыстарды тергеп-тексеру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі уәкілетті органдармен бірлесіп;";

      жиырма үшінші абзацтағы "әзірлеу және бекіту" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы жиырма төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "мемлекеттік органдардың даму жоспарларының және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарларының мақсаттарына қол жеткізу және бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      17-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) Жоғары аудиторлық палатаның ведомстволық бағынысты ұйымының қызметін бақылауды жүзеге асырады;";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Жоғары аудиторлық палата Төрағасының лауазымы материалдық-тұрмыстық және медициналық қамтамасыз ету, сондай-ақ көлік қызметін көрсету жағдайлары бойынша Премьер-Министрдің орынбасары лауазымына, ал Жоғары аудиторлық палата мүшесінің лауазымы вице-министрдің лауазымына теңестіріледі.".

      2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын мониторингтеу жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 19 мамырдағы № 879 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын мониторингтеу жөніндегі комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі".

      3. Осы Жарлық 2026 жылғы 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін осы Жарлықтың 1-тармағының алтыншы және жетінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады